Бұл өлеңдердің қай-қайсы болсын белгілі бір әуен, мақал арқылы орындалады. Сөз
бен саздың үндестігі және фольклордың синкреттілігі осы жерден анық аңғарылады.
Жалпы қазақ халық өлеңдері негізінен лирикалық, тарихи және драмалық өлеңдер болып
ерекшеленеді. Лирикалық өлеңдер негізінен алғанда тұрмыс-салт өлеңдеріне өте жақын
екендігімен танылады. Бірақ лирикалық өлең сандаған тақырыптарды қамтып, адамның
ішкі жан дүниесіне үңілумен дараланады. Тарихи өлеңдер – белгілі бір болып өткен
оқиғаға деген ақынның сол сәттегі көзқарасы. Ашу-ызасы арқылы жедел туатын жанр.
(Елім-ай, Сарыарқамен қоштасу, Еділмен қоштасу, Аманат т.б.).
Өлеңдік қорға бай
халық шығармашылығы қара өлең, ән өлеңдер арқылы
дараланады. Бұлардың айтушылары ақындар екендігі, оның он бір буынды болып
келетіндігі негізге алынады. Шумақтар төрт тармақтан тұрып, алғашқы екі тармақ және
соңғы тармақтай ұқсасқа құрылады.. Соңғы тармақтар белгілі бір айтылатын ойды
тиянақтайды. Жалпы халық лирикасынан сол өлең тудырған ұлттық эстетикалық
дүниетанымы көрінеді. Халықтың ғибраттық өлеңдеріне терме-толғауларды жатқызамыз.
Аты
айтып тұрғандай көпті көрген, ақыл-ойы терең тілге шешен ақын-жыраулардың
өмірде жиған-терген, көрген-білгенін саралай келіп, жақсы мен жамандықты салыстыра
жырлап, үлгі насихат мақсатында айтылатын жыр үлгісінде келетін халық ауыз
әдебиетінің бір жанры.
Негізгі әдебиет:
1.[1.8:1]; 2.[1.8:3]; 3.[1.8:30]; 4.[1.8:26]; 5.[1.8:27]
Қосымша әдебиет:
1.[1.8:1]; 2.[1.8:2]; 3.[1.8:4], 4.[1.8:5]
№6 лекция тақырыбы:
Мақалдар мен мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
ҮІ апта. 5 кредит- сағат.
Лекция тезисі:
Қазақ жұмбақтарын мазмұны жағынан қарағанда,
өзге де көп
халықтардағы сияқты бірнеше үлкен тақырыптарға бөлуге болады: бірінші-жаратылыс,
екінші-адам, үшінші-жасанды зат, төртінші-еңбек, бесінші-білім жайында т.б. болып
жіктеле береді. Мұның өзі халқымыздың дүние тану, ой-өрісі, тапқырлығын дәлелдей
түседі. Оның нақты дәлелін төмендегі жұмбақтар анықтай түседі: «Жылт-жылт еткен,
жырадан өткен» (су), «Үлпершекке қан құйып, үріп талға байладым» (қарақат), «Асты
тақта, үсті тақта, ортасы жасыл мақта» (пісте), «Зер-зер кілем, зер кілем, көтерейін десем
зор кілем» (жер), «Ай далада ақ отау» (жұмыртқа) т.б. Бұл жұмбақтардың бәрі бір затты
бір заттқа ұйқастырып көркем сурет береді. Жұмбақ мереке, сауық үстінде айтылатып
қана қоймай, ол тер ой шығармасы түрінде де айтылады. Айталық; бір кезде даналықты,
кемеңгерлікті жұмбақпен сынау әр жұрттың салты болған.
Оның ішінде шешен, дана
болатын жігітті сынау елдің ескі әдеттерінің бірі. Күйеу таңдаған сұлу бойжеткендер де
жігіттерд жұмбақ арқылы сынаған.
Бұл ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. «Жалпы алғанда, - дейді академик М.
Әуезов, - жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді».
Онда халқымыздың ой – қиял дамуының, ізденістерінің ізі жатыр. Жұмбақтан халықтың
ойлау жүйесін танимыз.
Қазақ мақал-мәтелдері ерте дәуірден қалыптасып, ауыз екі сөйлеу тілімізде дамып
келе жатқан жанр. Оның басты дәлелі көне дәуір ескерткіштеріндегі Қорқыт
мұраларынан, М.Қашғаридің «Дивани лұғата-ат түрік», «Кодекс Куманикусте» қазіргі
қазақ мақалдары жиі ұшырасады. Қазақ мақал-мәтелдері ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан
бастап, баспа жүзінде жарық көре бастаған. Бұл істе орыс ғалымдары: В.В.Радлов,
М.Терентьев, Ф.Плотников, Н.И.Гродеков, А.В.Васильев, Н.Н.Пантусов, В.Катаринскмй
т.б. елеулі жұмыстар жүргізеді. Сондай-ақ, даңқты тұлғаларымыз Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар қазақтың даналық ой-қорытындыларын
мақал-мәтелдер
арқылы пайымдауға тырысқан. 1876 жылы Ақмола облыстық ведомостволарында жүз
елуге жуық қазақ мақалы басылған. Бұлар төмендегі тақырыптарды қамтыған:
1) Құдайға, дінге көзқарас; 2) Ұят, ар, адамшылық туралы; 3) Үкімет тағайындаған ел
басшылары, заң туралы; 4) Дүние, қоғам туралы; 5) Үй іші, туысқандық туралы; 6) Жеке
адамдар туралы; 7) Табиғат, әлемге көзқарас туралы.
Бұндай істер сол кезеңдегі шығып тұрған газет-журналдарда жалғасып жатқан. Ең
көп қазақ мақалдарын жинақтаған В.Катаринский болатын. Оның жинақтаған мақалдары
20-дан астам тақырыпты қамтыған, халықтың өткенін танып білуге құнды жинақ деп
бағалауға болатын еңбек еді. Бұл мәселеде Ә.Диваев, М.Ж.Көпеевтердің істері
айтарлықтай. Қазақтың мақал-мәтелдері бұдан кейін 1935,1951,1957 жылдары бірнеше рет
жинақ болып жарық көрді.
Қазақтың мақал-мәтелдерінің пайда болуын түсіндіретін ертегі, аңыз, әңгімелер де
бар. Мысалы: «Күшік пен мысық», «Аяз би», «Жан-жануарлардың жылға таласуы», т.б
«Сөздің – көркі мақал» екендігін айғақтайды. Мақал мен мәтел өзінің мазмұн-мағынасы
жағынан бір-бірінен айырмашылықтары бар екендігімен ерекшеленеді. Мақал-тура,
нақтылы іске жасалған сөз түйіні. Мысалы. «Өнер алды – қызыл тіл», «Еңбек түбі –
береке», «Еңбегіңе қарай өнбегі», «Ат - ер қанаты» т.б. мәтел
- көбіне ойды тұспалдап
ишарлай, топшылау арқылы жеткізеді. Мысалы: «Соқыр тауыққа бәрі бидай», «Қызым
саған айтам, келінім сен тыңда», «Шабан үйрек бірінші ұшар»,т.б. Мақал-мәтелдер
ақындардың өлең жолдары арқылы тарап, халықтың күнделікті өмірінде қолдану
барысында мақал мен мәтелге айналып кетеді. Бұған ұлы Абай, Ыбырай және т.б.
өлеңдері мақал-мәтелге айналып кеткендігі дәлел болады. Мақал мен мәтел халықтың
еңбек және әлеуметтік өмір тәжірбиесінен алынған білімнің жиынтығы. Мақалдар аз сөзге
көп мағына сіңірген, тәрбиелік жағынан өсиет, ереже,
этикалық, моральдық нормалар
іспеттес. Күнделікті өмір және жазба әдебиетінің өзінде мақал-мәтелдер араласпаса сөздің
дәмі кірмейді.
Қазақ фольклорының бір саласын – жұмбақтар құрайды. Жұмбақтардың жиналуы
көне дәуірлерден басталып, орыс ғалымдары В.В.Радлов, А.Лют, П.М.Меморанский,
Ә.Диваев т.б. еңбегімен жалғасқан. Алғаш рет Т.А.Сейдалин мен С.А.Жантөрин 1875
жылы –«Қыз Болық пен Елентай» атты жұмбақ айтысты орыс тілінен аударып,
бастырады. Бұл айтыс жұмбақтарын 1885 жылы «Қырғыздың эпикалық поэзия
нұсқалары» атты жинақта П.Н.Распопов екінші рет бастырған. Қазақ жұмбақтарын
ғылыми түрде зерттеп, көп жинақтаған А.Лют- «Қырғыз хрестоматиясы» атты 1883 жылы
Ташкентте шыққан кітабында 130 жұмбақ жарияланған. ХІХ ғасырдың екінші
жарытысында П.М.Меморанский, Ә.Диваев, М.Иванов, А.В.Васильев
қазақтың
жұмбақтары мен жұмбақ айтыстарын сол кездегі газет-журналдар бетіне шығарып
отырған. Бұлардың ішінде Қожахмет пен Әубәкір, Сапарғали мен Нұржан және қыз бен
жігіттің жұмбақ айтыстары бар.
Қазақ жұмбақтарын мазмұны жағынан қарағанда, өзге де көп халықтардағы сияқты
бірнеше үлкен тақырыптарға бөлуге болады: бірінші - жаратылыс, екінші - адам, үшінші -
жасанды зат, төртінші - еңбек, бесінші - білім жайында т.б. болып жіктеле береді. Мұның
өзі халқымыздың дүниетану, ой-өрісі, тапқырлығын дәлелдей түседі. Оның нақты дәлелін
төмендегі жұмбақтар анықтай түседі: «Жылт-жылт еткен, жырадан өткен» (су),
«Үлпершекке қан құйып, үріп талға байладым» (қарақат), «Асты тақта, үсті тақта, ортасы
жасыл мақта» (пісте), «Зер-зер кілем, зер кілем, көтерейін десем зор кілем» (жер), «Ай
далада ақ отау» (жұмыртқа) т.б. Бұл жұмбақтардың бәрі бір затты бір заттқа ұйқастырып
көркем сурет береді. Жұмбақ мереке, сауық үстінде
айтылып қана қоймай, ол тер ой
шығармасы түрінде де айтылады. Айталық; бір кезде даналықты, кемеңгерлікті
жұмбақпен сынау әр жұрттың салты болған. Оның ішінде шешен, дана болатын жігітті
сынау елдің ескі әдеттерінің бірі. Күйеу таңдаған сұлу бойжеткендер де жігіттерді жұмбақ
арқылы сынаған.
Жаңылтпаштар аты айтып тұрғандай адамды жаңылдыру мақсатында туған бірыңғай
дауыссыз немесе дауысты дыбыстырға құралған өлең үлгісінде келетін халық ауыз