Лекциялар курсы қарағанды 2021 №1 лекция тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті және Фольклор туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата20.11.2022
өлшемі380,41 Kb.
#159025
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
8f876e4a344b73779598a0620a8d5e36
қазақ тілі нед тап, 9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», 1тапсырма, элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4
әдет-ғұрыптарға
қатысты туған айтыстар және 
ақындар айтысы
болып бөлінеді. Әдет-
ғұрып айтыстары: бәдік, жар-жар, қыз бен жігіт; ақындардың мысал айтыстары: мал мен 
иесі, өлі мен тірі, аң мен аңшы негізінде қалыптасқан. Айтыстың ең көркемі және 
әлеуметтік мәселелер көтеретіні ақындар айтысы болып табылады. Жұмбақ айтысы, дін 
айтысы, ру айтысы , ақындар айтысы. Халық ақындарының өзі айтысты үлкен екі салаға 
бөлген. 1) Түре айтысы. 2) Сүре айтысы.
1)
Түре айтысы: қайымдасу және қара өлең айтысы болып бөлінеді. Қайымдасу үлгісіне 
жар-жар, бәдік, мысал айтыстар жатады. Қара өлең сайсына «Қыз бен жігіт» айтысы 
енеді. Жұмбақ айтысы осы айтыс табиғатына жауап береді. 
2)
Сүре айтысы – кәдуелігі ақындар айтысы болып табылады. Бұған атақты 
ақындар:»Шөже мен Кемпірбай», «Жамбыл мен Құлмамбет», «Жаңақ пен бала ақын», 
«Шөже мен Орынбай», «Біржан – Сара айтыстары» жатады. 
Жұмбақ айтыстары: «Әсет пен Рысжан», «Нұржан мен Сапарғали», «Қожахмет пен 
Әубәкір», «Рысты мен он алты қыз» т.б. 
Қайымдасу: «Омарқұл мен Тәбия қыз», «Ұлбике мен Күдері қожа», Қыз бен жігіт 
айтысы: «Қыз Болық пен Әзілкем», «Ұлбике мен Араркелді», ӘКеншімбай мен Айсұлу» 
т.б. Ақындардың мысал айтысы: «Тоқты мен қасқыр», «Салпық пен ат», «Көкқұтан мен 
шымшық», «Темірбай ақын мен сиыр» т.б. 
Айтыс бір ғана уақыт жемісі емес. Қоғамдық өзгерістерге байланысты айтыста өзінше 
түлеп, жаңарып отыратындығы кеңес дәуіріндегі Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі туған 
айтыстар, колхоз-совхоз, облыс пен облыс арасындағы айтыстар дәлелдейді. Бұл кезең 
айтыстары негізінен айтыс дәстүріне жауап бермей, идеологияның ықпалында кетіп 
қалғандығын көрсетті. Айтыс шын мәнін де еліміздің тәуелсіздігі арқасында қайта түлеп, 
жаңаша бағыт алып дамып келеді. Ежелгі өзіндік дәстүріне бет бұрғандығын аңғартады. 
Бүгінгі ақындар айтысында көптеген әлеуметтік мәселелер көтеріледі. Бұл орайда, бүгінгі 
таңдағы тіл мен дін, жастар өмірі, экологиялық ахуалдар, ел байлығы мен келеңсіздіктер 
бүгінгі айтыста көтеріліп отырады. Бұл тұрғыдан келгенде, қазіргі айтыстағы, Әселхан 
Ерік Әзімбек, Қонысбай, Аманжол, Мелс, Бекжан, Мұхамеджан, Жадыра, Әсия т.б. 
айтыстарын атауға болады. Еліміз тәуелсіздігінен кейін қазақь елінде бірнеше 
халқыаралық айтыс өтті. Қытай, Моңғолия, Өзбекстан жерлерінен
қаңдастарымыз айтыста бағын сынады. Айтыс тапқырлықты, әп-сәтте қиыннан 
қиыстырып шебер өлең тудыруды қажет ететін киелі өнер. Айтыстың ежелгі 
қалыптасуына ықпал еткен «Мүшайра», «Назира» дәстүрлері. Шығысқа тән бұл дәстүрдің 
айтысқа айтысқа ықпалы айырықша болған. Айтыс негізінде жазба әдебиеті әсерінен 
тоқырауға ұшырап, суырыпсалмалық өнердің қайта түлеуі арқылы жаңғырды. Айтыста 
көркем бейнелі сөздерді талғампаздықпен қолдануды қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет