Лекциялар курсы Редакциясын басқарған


 Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру



Pdf көрінісі
бет63/78
Дата04.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#109053
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78
Байланысты:
тарих тарих

3.  Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. 
 
Большевиктер  20-шы    жылдары  ЖЭС-ті  ұзақ  мерізімді    саяси  стратегия  деп  есептеді. 
Сондықтан,  олар  ЖЭС  аясында  шаруа  қожалықтарын  біртіндеп  кооперативтендіру  арқылы 
ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды  көздеді.  Шаруалар кооперациясы 
мемлекеттік тұрғыдан еріксіз  күштеу  арқылы емес, керісінше экономикалық  қажеттіліктен 
туындайтын қозғалыс болу керек  еді. 
Алайда,  большевиктер  қазақ  ауылында  әлеуметтік  теңсіздікті  жою  мақсатында 
шабындық және жайылымдық жерлерді бөліске салды. Ф. Голощекин: “Жайылымдық жерді  
бөлу  деген  не?“  дей  отырып,  бұл  науқанға  зор  екпін  беру  үшін  және  өз  төңірегіндегі  
большевиктерді жігерлендіру үшін   “Бұл кіші Қазан“ – деді.  


 
139 
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті-і (ҚОАК) және Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК) 
1926  ж.  20  мамырда  “Жерге  орналаспай  жерді  пайдаланатын  көшпелі  және  жартылай 
көшпелі  аудандардың  шабындық  және  егістік  жерлерін  уақытша    қайта  бөлу  туралы”  заң 
қабылдады. Оған сол кездегі Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы және Орталық Атқару 
Комитеті төрағасы қызметін уақытша атқарушы Н. Нұрмақов қол қойды. 1927 ж. 3 ақпанда  
бұл  заңға  ішінара  толықтыру  енгізілді.  Онда  шабындық  және  жайылымдық    жерлер  жан 
басына  қарай  бөлінетінін,  мұндай  бөлініс  мүмкін  болмаған  жағдайда  үй  басына  қарай 
бөлінетіні туралы атап көрсетілді. Бұл жұмысты жоғарыдан жүргізу  Қазақстанның Егіншілік 
халық комиссариатына    тапсырылды  және    бұған  жоғарғы  қарқын беру  үшін  губерниялық, 
уездік  және  округтік  атқару  комитеттері    жанынан  ерекше  жедел  “бестіктер“,  ал  болыстық 
атқару  комитеттері  мен  ауылдық  кеңестер  жанынан  “үштіктер“  ұйымдастырылды. 
Конституциялық  тұрғыдан    мұндай  заңсыз  құрылған  бұл  “бестіктер“  мен  “үштіктер“ 
құрамдары  жергілікті  атқару  комитеттері  мен  ауылдық  кеңестерде  бекітілді.  Шабындық 
және  жайылымдық  жерлерді    бөлу  науқанына  байланысты    құрылған  бұл  төтенше  және 
заңсыз органдар кеңес үкіметінің басқа да шараларын жүзеге асыруда  таптырмас әдіс болды. 
Қазақстанда большевиктер 1926-1927 жылдары  1250 мың десятина жайылымдық және  1360 
мың десятина шабындық   жерлерді бөлді.  Бөлінген шабындық жердің  61,6 %-ін кедейлер, 
8,8%-ін ауқаттылар алды. Ал  жайылымдық   жердің 59,3%  кедейлерге, 31,7% орташаларға 
және 9% ауқатты қожалықтарға берілді.  
Ф.Голощекин  алғаш  “Кіші  Қазан“  төңкерісін    бір  ғана  әлеуметтік-саяси  науқанмен, 
яғни  шабындық-жайылымдық  және  егістік  жерлерді    қайта  бөлумен  аяқтай  аламын  деген 
пікірде  болды.  Большевиктер  жерге  орналастыру  жөніндегі  бұл  шара    әсіресе  ауылдағы  
байға өте тиімді болып отырған жерді дәстүрлі қауымдық (рулық) пайдалануды   жояды деп 
есептеді.  
Алайда  Ф.Голощекин  бастаған  Қазақстан  большевиктерінің  қазақ    қоғамына 
байланысты  жүргізген  бұл  шаралары    қазақ  ауылында  Кеңес  өкіметінің  жеңісін  қамтамасы 
ете алмады. Оның себебі  бұл реформа  алғашқы кезден-ақ  қате тұжырымдарға негізделген 
еді.  Біріншіден,      қазақтың  дәстүрлі    шаруашылық  жүйесі  сақталып  отырған  жағдайда 
шабындық және жайылымдық  жерлерді жәй  бөліске салу еш  нәтиже бермеді. Екіншіден, 
шабындық  және  жайылымдық  жерді  бөлудің  өзі  дәстүрлі  егін  шаруашылығы  жүйесіндегі 
заңдылықтар  жетегінде  қалып  қойды,  яғни  шабындық  және  жайылымдық  жерлерді    бөлу 
шаруа  қожалығындағы  отбасы  мүшелерінің  санына  байланысты  жүргізілді.  Ал  қазақтың 
дәстүрлі  шаруашылығында,  керісінше,    жерді  малдың  санына  қарай  иемденді,  яғни 
көшпелілер  үшін    жайылымға  сұраныс  мал  басының  санына    және  оның  құрамына 
байланысты  болды.  Үшіншіден,  жартылай  көшпелі  аудандардағы  жер  бөлінісі  нәтижесінде 
жерге  ие  болған  шаруалар  үшін  бұл  кезеңде  ол  жерлерден  келер  пайда  жоқ  еді.  Себебі 
ауылдағы    кедей  шаруалардың  қожалықтары  ғана  емес,    тіпті  орта  шаруа  қожалықтары  да 
бұл кезеңде ауыл-шаруашылық құрал саймандарына, егетін тұқым және т.б. заттарға өте зәру 
болды. Мысалы, 1928 жылы республикада 1927 жылғы есеп бойынша 800 мың қазақ шаруа 
қожалықтары  бар болғаны 124 мың  өте  қарапайым еңбек құралдарына ие болды. Олар 54 
мың соқа, 0,5 мың тұқым себетін  машина, 13,5 мың шөп шабатын шалғы,  9,4 мың тырма 
т.б. Бұл еңбек құралдары сан жағынан алғанда көлге тамған тамшыдай ғана  еді және оның 
сапасы  да  өте  төмен  болды.  Тіпті  әлеуметтік  тұрғыдан  келгенде  Петропавл  округінде    еш 
құрал-сайманы жоқ щаруа қожалығының  мөлшері 95,5%,  ал  орта шаруа қожалықтары 83,2 
%    болса,  Павлодар  округінде  99,45%  және  85,8  5%,  Қызылорда    округінде  72,95%    және 
69,15%    болған.  Шаруашылық    құралдардың  жетіспеуі,    әрине,    кедей    қожалықтарын    өз 
үлесінен  бас тартып, бөлінген  жерлерді бұрынғы иесіне  қайтаруға мәжбүр етті.  
1927  жылы  желтоқсанда  ірі  бай  шаруашылығын  тәркілеу  жөніндегі  заң  жобасын 
әзірлейтін арнайы комиссия құрылды. 1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің 
бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылады.  Осы жылдың тамыз айында Өлкелік 
комитет    тәркілеу  науқанына  тікелей  басшылық  жасайтын  комиссия  ұйымдастырды.  
Комиссияның  төрағасы  болып  Е.  Ерназаров  тағайындалды,    оның  құрамына  О.  Исаев,  Н. 


 
140 
Нұрмаков, Г. Тоғжанов, О. Жандосов және т. б. кірді. 1928 жылдың  27 тамызында Орталық 
Атқару  комитеті  мен  Халық  Комиссарлары  Кеңесінде  тәркілеу  жөніндегі    заң  жобасы 
қабылданды.    Республиканың  барлық  аудандарына    тәркілеуді  өткізу  жөнінде  нұсқаулар 
жіберілді.  
Заң  бойынша  малы,  дүние-мүлкі  тәркіленіп,  өзі  жер  аударылуға  тиісті  ірі  байларға: 
көшпелі  аудандарда  ірі  қараға  шаққанда    400-ден  астам  малы  бар,    жартылай  көшпелі 
аудандарда 300-ден астам малы  бар, отырықшы аудандарда 150-ден астам малы барлар және 
бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары  жатқызылды. 
1928  жылы  тамыздың  30-да  Қазақ  АКСР  ХКК-нің  “Қазақстанның  көшпелі,  жартылай 
көшпелі  және  отрықшы  аудандарын  белгілеу  туралы”  арнайы  қаулысы  қабылданып,  соған 
сәйкес  аудандар  белгіленді.    Науқанды  1928  жылдың  1  қарашасында  аяқтау  жоспарланды, 
яғни  бір  ай  ішінде  бітіру  керек  деп  шешті.  Кейінірек  ол  тағы  10  күнге  ұзартылды.  1928 
жылғы 30 тамыздағы қаулыға  сәйкес сонымен қатар  тәркіленгендерді жер аударуға тиісті 
аудандар да анықталды.  
Тәркілеуге байланысты декретте әсіресе, көшпелі аудандардағы шаруа қожалықтарына 
деген қаталдық айқын болды. Осы көшпелі аудандағылардың малы тәркілеу мөлшерінен аз 
болған  күннің  өзінде  де,  егер  бұл  адамдар  ауылда  ықпалды  болса,  кеңестендіруге  қауіпті 
элемент  ретінде  жер  аударылуға  тиіс  болды.  Тәркілеу  туралы  ереже  бойынша    жер 
аударылғандардың бәрі сайлау құқығынан айырылды.  
Байларды  тәркілеуді  жүзеге  асыру  үшін  комиссиялар  құрылды.  Уәкілдер  бастаған 
комиссия  мүшелері  тәркілеу  барысында  кеңес  үкіметінің  нұсқауларын,  яғни  байларды 
тәркілеу туралы ережені өрескел бұрмалады. Ауыл белсенділері жоғарыдан келген уәкілдің 
қолдауымен тіпті ауқатты адамдарды да қыспаққа түсірді. 
Республика  көлемінде  барлығы  696  “бай-феодалдар”  тәркіленді.  Қазақ  қоғамында  ірі 
байлардың  көп  болмағанын  осы  1928  жылғы    жүргізілген  тәркілеу  барысы  мен  оның 
нәтижелері  көрсетіп  берді.  Алдын-ала  жасалған  жоспар  бойынша  үкімет  жоғарыдағы 
байлардан  225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді. Бірақ үміт ақталмады, барлығы 
144474 бас мал ғана тәркіленді: бұл белгіленген жоспардың 64%-і  ғана. Оның себебі алдын-
ала    жасалынған  малдың  есебі  дұрыс  емес  еді.    Қазақстан  басшылығы  кейіннен    оны 
мойындауға  мәжбүр  болды.  Барлық  тәркіленген  малдың  10,2%    отрықшы  аудандардан, 
83,3%  жартылай  көшпелі  аудандардан  және    6,5%    көшпелі  аудандардан  еді.  Тәркіленген 
малдың 118919 басы жеке  шаруашылықтарға (74,3%) және колхоздарға (25,7%) таратылып 
берілді. Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды.      
Көптеген  қазақ  партия-кеңес  қайраткерлері  тәркілеуге  қарсы  шықты.  Олар  қазақ 
қоғамынның экономикалық деңгейінің төмен екенін, сондықтан да  әлеуметтік сілкіністерге 
бармай, ауқатты шаруа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді 
ұсынды.    Ал  большевиктер  болса  бұл  пікірлерге  құлақ  аспай,  таптық  принциптерінен 
ауытқымай,  сол  мақсатқа  жету  жолында  күшпен  тәркілеу  идеясын  жүзеге  асырды.  Қазақ 
байларын  тәркілеу  Қазақстандағы    күшпен  ұжымдастыру  саясатының  бастамасы  болды. 
Байларды тәркілеуден қазақ кедейлері материалдық жағынан да,  рухани жағынан да ештеңе 
ұтқан  жоқ.  Керісінше,  байлардың  малын  тәркілеу  «қайыршыланған»    ауылдар  халқының 
өсуіне әкелді. Қазақстандағы ауқатты шаруа қожалықтарын тәркілеу мал шаруашылығының 
даму қарқынын тежеді. 
Қазақстанда  большевиктер  ауыл  шаруашылығын    социалистік  жолмен  қайта  құру 
тәжірибесінде тәркілеу саясатымен шектелмеді. Шаруа қожалықтарын біртіндеп, ерікті түрде 
коперативтендіру  арқылы  социалистік  ірі  ауыл  шаруашылық  ұжымына  біріктіру    туралы  
1927  жылы  желтоқсанда  өткен  партияның  ХУ  съезінің  шешімдерін  жүзеге  асыруға  кірісті. 
Алайда  үкімет  біртіндеп    құрылып  жатқан  колхоздарға  материалдық    жағынан  көмекті 
күшейту шарасының орнына, керісінше  нұсқаулар беру арқылы күштеу әдістерінің кең етек 
алуына жол ашты. Орталық билік колхоз құрлысындағы  біртіндеп өз-бетінше жүріп жатқан  
қозғалысты    жоспарлы  іс-әрекетке    ұластырды.  Үкімет  органдарының    жоспарлаған 
межелерін  партия  ұйымдары  да  қайта  талқылады,  соның  нәтижесінде    жоспардың  өзі 


 
141 
бірнеше  рет  өзгерістерге  ұшырады.  Ал  енді  бес  жылдық  жоспарды    белгілеу  кезінде  
мемлекеттік жоспарлау комитеті  бұл жоспардағы санды тағы  ұлғайтты. 
Жергілікті  жерлерде  жоғары  басшылық  белгілеген  межеден  асып  түсу  үшін  күрес  
басталды.  Оның  күшеюіне  Қазан  революциясының  12  жылдық  мерекесіне  орай  «Правда» 
газетінде  жарияланған  Сталиннің  “Ұлы  бетбұрыс  жылы”    деген  мақаласы  түрткі  болды. 
Сталин  “шаруалар    жаппай  мақтау  тұтып  келген  жеке  меншік  туын  лақтырып  тастап,  
ұжымдастыру  релсіне    көшуде”  деген  пікір  айтты.  Ал  1929  жылы    10-17  қарашада  өткен 
Б(б)КП Орталық Комитетінің пленумында  Молотов та келесі жылы тек “ұжымдастырылған 
облыстар  ғана  емес  ұжымдастырылған  республикалар  туралы  да  айтуға  болады”    деген 
көзқарасты білдірді. 
1930  жылы  5  қаңтарда  БК(б)П  Орталық  Комитеті  «Ұжымдастыру  қарқыны  және 
мемлекеттің  колхоз  құрылысына  көмек  шаралары  туралы»  қаулы  қабылдады.    Қаулыда 
Орталық  комитет  жаппай  ұжымдастыруды  жүзеге  асыру  үшін  елдің  аудандарын  үш  топқа 
бөлді:  Бірінші  топқа  осы  ұжымдастыруға  белгілі  мөлшерде  даяр  деп  есептелінген  таза 
астықты  аудандар  жатты.  Оларға    Орта  және  төменгі  Волга,  Солтүстік  Кавказ  аудандары 
кірді. Ол аудандарда  шаруа қожалықтарын социалистік жолмен қайта құруды 1931 жылдың 
көктемінде  аяқтау  белгіленді;  Екінші  топқа    елдің  Украина,  Орталық  қара  топырақты 
облыстар,  Сібір,  Орал,  Қазақстанның    астықты  аудандары  жатты.    Бұл  аудандарда 
ұжымдастыруды  аяқтау  мерзімі  бір  жылға  ұзартылды,  яғни  шаруа  қожалықтарын 
ұжымдастыруды  1932 жылдың көктемінде аяқтау қажет болды; Елдің бүкіл басқа өлкелері 
мен облыстары үшінші топқа енді. Бұл жерлерде шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды 1933 
жылдың  көктемінде,  яғни  бірінші  бесжылдықтың  аяғына  қарай  аяқтау  жоспарланды.  
Көшпелі қазақ ауылдары осы үшінші топқа жатқызылды.  
Алайда  Қазақстанда  ұжымдастыру  елдің  басқа  аймақтарымен  салыстырғанда    баяу 
жүргізілуі  тиіс  деген  пікірге  Ф.И.Голощекин  мүлде  қосылмады.  Ол  Қазақстанның  кенже 
дамыған  аймақ  екеніне  қарамай,    ұжымдастырудың  жоғары  қарқынын  мақтаныш  етті. 
Голощекин    Жер  халық  комиссариатының  комиссары  Яковлевке  (ол  Бүкілодақтық 
ауылшаруашылық  ұжымдары  кеңесінің  төрағасы)  және  РКФСР  ХКК  төрағасының 
орынбасары  Т.  Рысқұловқа  жіберген    жеделхатында  1929-1930  жылдары  республикада 
ұжымдастыруды  күшейту үшін  жоспардың қайта қаралғанын,  сөйтіп 1930 жылдың күзіне 
қарай  ұжымдастырумен  350  мың  шаруашылықтың    қамтылатынын    көрсетті.  Осыған 
байланысты бүкіл республикадағы ұжымдастыру жоспары қайта қаралды. 
Қазақстанда 1928 жылы шаруа қожалықтарының тек 2 проценті ғана ұжымдастырылса, 
1930  жылы    50  проценті,  1931  жылдың  қазанында  65  проценті  ұжымдастырылды,  яғни 
ұжымдастыру  қарқыны  жеделдетілді.  1931  жылы  республикадағы  122  ауданның  78 
ауданында ұжымдастырумен 70-тен 100 процентке дейін шаруа қожалықтары қамтылды.  
Шаруа  қожалықтарын  ұжымдастырудың  жеделдетілген  қарқыны  күштеп  жүзеге 
асырылды.  Ұжымдастыруды  жүзеге  асыру  барысында  еріктілік,  қоғамдастыру  принциптері 
толық  бұрмаланды.  Ұжымдастыруға  байланысты  жүргізілген  шараларда  кімнің  осы  шараға 
қарсы  екенін  айқындау  бірінші  орынға  қойылды.  Кімде-кім  қарсы  болса,  ол  тіптен  кедей 
шаруа  болса  да,  тап  жауы  қатарына  жатқызылды.  Ұжымдастырылған  шаруашылықтарға 
жұмыс күші болып саналатын малды ғана қоғамдастырудың орнына, барлық малды түгелдей 
алу  шаралары  жүргізілді.  Күштеу,  зорлық-зомбылық  көрсету  арқылы  ұжымдастыру 
шаралары  тездетілді.  Күштеп  ұжымдастырушылар  қазақ  қоғамындағы  дәстүрлі  мал 
шаруашылығының  ерекшелігін    мүлде  еске  алмады.    “Асыра  сілтеу  болмасын,  аша  тұяқ 
қалмасын”,  “Қайдан тапсаң онан тап, қаптың түбін қақ”,  “Социализмде  сотқа тартылмаған 
адам болмайды” деген ұр да жық ұрандар  елдің түбіне жетті.  
Алайда  ұжымдастыруды  жүзеге  асыру  барысында    жіберілген  зорлық-зомбылықтар 
Орталық Комитеттің 1930 жылы 14 наурызда  қабылдаған “Колхоз қозғалысындағы партия 
бағытын  бұрмалаушылықпен  күрес  туралы”  қаулысында      партия  бағытын  бұрмалау    деп 
қана  бағаланды.  Большевиктік  орталық билік  ауыл шаруашылығында  жүргізіліп жатқан 
шаралардың  бәрін  дұрыс  деп  есептеп,  кемшіліктерді  жіберіп  отырғандармен  күресу  қажет 


 
142 
деді.      Ол  кемшіліктердің  жалпы  жүргізіп  отырылған  саясаттың  қателігінен  екендігі,  яғни 
үкіметтің шешімдері мен солақай нұсқаулары нәтижесінде  болып жатқаны мойындалмады.  
Күштеп  ұжымдастыру  науқаны  кезінде  ауылда  әлеуметтік  жіктеу  саясаты  өте  жоғары 
қарқынмен жүргізілді.  КСРО ОАК мен ХКК-нің 1930 жылы 1 ақпанда қабылдаған “Жаппай 
ұжымдастыру  аудандарындағы  ауыл  шаруашылығын  социалистік  қайта  құруды  нығайту 
және  кулактармен  күрес  шаралары  туралы”  қаулысы    негізінде  ауқатты  шаруа 
қожалықтарына  қарсы  ашық  террор  басталды.    Шаруа  қожалықтарынан  бай-кулактарды 
бөліп  алып,    оларды  тап  ретінде  жою  жүзеге  асырылды.  Бай-кулактарды  үш  топқа  бөліп 
жазалады. Бірінші топқа контрреволюцияшыл белсенділер жатқызылды. Ондай топқа енген 
шаруалар  бірден  тұтқындалып,  олардың  ісі  сотқа  берілді.  Екінші  топқа  ірі  кулактар 
жатқызылды.  Бұл  топқа  енген  шаруаларды  да  бірден  ұстап,  солтүстікке  немесе  жаппай 
ұжымдастыру  аудандарынан  алыс  аудандарға  жер  аударды.  Ал,  үшінші  топқа  кулактар 
отбасылары жатты. Оларды сол ұжымдастыру  аудандарындағы  колхоздар бөлген жерлерге  
қоныстандырды. 
Енді осы шаралардың жүзеге асырылуы барысында жазалануға белгіленген топтармен 
қатар сол үкім шығарылып, жазаға тартылғандар  арасында орташалар,  тіптен кедейлер де  
болған.    1928-1929  жылдарда  бай-кулактар  есебіне  алынып  жазаға  тартылғандар,  яғни 
қудаланғандар есебі 54 625 болды.  1931 жылы 5500 шаруа  бай-кулак ретінде аласталды. Ал 
енді  1928  жылғы  тәркілеу  кезіндегі  қазақ  қоғамындағы  бай-феодалдар  саны  тек  696    ғана 
болғанын ескерсек, бұлардың да кімдер екені  белгілі.   Бұл сандарды нақты деп айту қиын, 
себебі  жауапқа  тартатын  органдардың  саны  өте  көп  болды.  Мысалы,  1932  жылы  Юстиция 
Халық Комиссары өзінің өте құпия хатында барлық жауапқа тартылғандардың бар болғаны 
37,3 проценті кулактар екенін, ал қалғаны  қатардағы еңбекшілер екенін мойындаған. 
Күштеп  ұжымдастыру  саясаты  халықтың  наразылығын  тудырды.  Сол  жылдары  өлке 
басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем 
алғанын,  Алтайдан  Маңғыстауға  дейінгі  аймақты  түгел  қамтығанын,  бұл  туралы  Кеңес 
өкіметі  басшыларының  хабардар  болғанын  көрсетеді.  Бір  ғана  1929  жылдың  өзінде  
Қазақстанда 30-дан астам үлкенді-кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең 
көлемде  болған  көтерілістерге  Тақтакөпір,  Бостандық,  Батпаққара  көтерілістері  жатады.  
1929-1930 жылдар аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Ф. 
Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929-31 жж. өлкеде барлығы 372 көтеріліс 
болып, оларға 80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бұл наразылықтардың негізгі себебін 
байлар  мен  дін  басыларының  кеңес  үкіметіне  қарсы  халықты  ұйымдастыруынан  деп 
көрсетті. Кеңес үкіметі бұл көтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды. 
Кеңес  үкіметі  сонымен  қатар  көшпелі  және  жартылай  көшпелі  қазақ  қожалықтарын 
жаппай отырықшылыққа көшіріп, бұрын болмаған әлеуметтік тәжірибеге жол берді. Мұның 
бірден-бір  себебі  астық  мәселесін  күрделендірген  гипердинамикалық  индустриалды  даму 
жоспары  болды.  Өндірісте  істейтін  миллиондаған  жұмысшылар  мен  қызметкерлерді 
тамақпен  қамтамасыз  ету  міндеті  тұрды.  Ал  Қазақстанда  астықты  аудандарды  ұлғайту 
мәселесі  егін  егуге  қолайлы  жерлерді  жайылымға  пайдаланып  отырған  көшпелі 
шаруашылықпен  қарама-қайшы  келді.  Міне,  осы  кезде  көшпелі  және  жартылай  көшпелі 
қазақ  қожалықтарын  жаппай  отырықшылыққа  көшіру  жүзеге  асырылды  және  ол 
ұжымдастырумен қатар жүрді. Отырықшылыққа көшетін қазақтарды үймен қамтамасыз ету 
мәселесі  өте  қажет  және  бірінші  тұрған  міндет  деп  санамады.    Керісінше  олардың  өз  киіз 
үйлерін пайдалануға болады деп есептеді.   
Большевиктер  жүргізген  күштеп  ұжымдастыру  мен  солақай  отырықшыландыру 
саясаты  қазақ  ауылына  үлкен  соққы  болды.  Әсіресе,  мал  шаруашылығы  қатты  күйзеліске 
ұшырады.  Ұжымдастыру  мен  отырықшыландыру  кезінде  дәстүрлі  мал  шаруашылығының 
ерекшелігі  есепке  алынбай,  түгел  қауымдастырылған  мал  шығынға  ұшырады.  Сонымен 
қатар,  малдың    көп  бөлігі    үкіметтің  ет  салығын  орындауға  жұмсалды.  О.  Исаев  Қазақстан 
өлкелік  комитетінің  YІ  Пленумында    1929  жылы  Қазақстанда  40  млн.  бас  мал  болғанын, 
содан 1933 жылы 4  млн. ғана мал қалғанын мойындауға мәжбүр болды. 


 
143 
Ұжымдастыру  саясатының  зардаптары  қазақ  халқының  басына    үлкен  апат  әкелді. 
Күшпен  ұжымдастырылған  және  материалдық    жағынан  өте  әлсіз    шаруашылықтар 
күйзеліске  ұшырап,  нәтижесінде  1932-33  жылдары  халық    аштыққа  ұшырады.  Сол  кездегі 
мәліметтерге  қарағанда  аштық  жайлаған  аудандарда    халық  баудай  түсіп  қырылған. 
Аштықтан  өлген  адамдарды  жинап,  көмуге  мүмкіндік  болмаған.    Аштықтың  салдарынан 
адам  етін  жеу  фактілері  де  өте  көп  болған.  Осындай  жантүршігерлік  көріністер  туралы 
мәліметтерді  зерттеушілер  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  архив  қойнауынан  алып  жариялады.  
Аштыққа  ұшыраған  қазақтар  босқын  болып,  елден  шет  аймақтарға  үдере  көшті. 
Қазақстаннан  шет  аймақтарға  кеткен  қазақ  босқындарының  ауыр  да  жанкешті  тұрмысы 
туралы  да  деректер  жеткілікті.  Зерттеушілер  1930-1932  жылдары  шетелге  кеткен  қазақтар 
санын, қайтып келгендерді шығарып тастағанда 1,3 млн. адамға жеткізеді.  
Қазақтардың аштықтан қырылуы және шет аймақтарға үдере көшуі нәтижесінде  халық 
саны  күрт  азайды,  яғни  демографиялық  апатқа  әкелді.  Мысалы,  1937  жылдың  басында  
халық  шаруашылығы  есебінің  бастығы    М.  Саматовтың  Л.  Мирзоянға  берген  мәліметі 
бойынша  1930 жылдың 1 маусымы мен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында халық саны 2 
есеге кеміген.   
Қазақ  халқының  ауыр  жағдайын    Қызыл  крест  және  Қызыл  жарты  ай  қоғамының  
баяндама  хаттарынан  және  Ресейдің  басшы  мемлекет  қайраткері  ретінде  жергілікті 
жерлерден  Мәскеуге  келіп  түсіп  жатқан  басқа  да  мәліметтерден  хабардар  болған  Т. 
Рысқұлов, көп кешікпей-ақ Сталинге хат жазады. Аштыққа байланысты жоғарғы партия мен 
үкімет  басшыларына  жазылған  хаттар  қатарын  О.  Исаевтің  және  “Бесеудің  хаты” 
толықтырады. 
Ауыл  шаруашылығын  күштеп  ұжымдастырудың  осындай  зардаптары  сталиндік 
басшылықты біраз сескендірді. 1932 ж. 17 қыркүйекте “Ауыл шаруашылығы туралы” қаулы 
қабылданып, Қазақстан мал шаруашылығындағы “кемшіліктерді түзеу”  бағыты белгіленеді. 
Алайда қаулы өлкелік комитеттің жүргізген саясатын айыптамады, тіпті,  ол қаулыда аштық 
туралы бір сөз жоқ. Қаулы егіншілік аудандарында жеке меншікте 2-3 бас  сиыр, 10-20 бас 
қой,  ал  мал  шаруашылығы  аудандарында  100  бас  қой,  8-10  бас  ірі  қара,  3-5  түйе,  8-10 
жылқыға дейін ұстауға рұқсат берді. Қазақстанда 624 ферма таратылды.  Жойылған  товарлы 
фермалардан  216370  бас  мал    колхозшылардың  өзіндік  шаруашылықтарына    пайдалануға 
берілді.  Колхоздар  мен  совхоздардан  680  мың  бас  мал  шаруалардың  жеке  меншігіне  
сатылды.    
Екінші  бесжылдық  жоспарды  орындау  кезінде,  яғни    1933-37  жылдары  Кеңес  үкіметі 
ауыл  шаруашылығында    ұжымдастыруды  аяқтау,  ауыл  шаруашылығын  қайта  құру, 
колхоздарды ұйымдық-шаруашылық жағынан нығайту міндеттерін белгіледі. Бұл шараларды 
жүзеге  асыру  үшін  большевиктік  партия    республика  ауыл  шаруашылығын  саяси  нығайту 
қажет деп, колхоздар жанынан  саяси бөлімдер құрды.  1935 жылы үкімет колхоздарға жерді 
мәңгі  пайдалануға  берді.  Осы  жылы  ТОЗ-дардан  ауылшаруашылық  артельдеріне    көшіру 
басталды да, 1937 жылы бұл процесс толық аяқталды. 
Алайда,  бұл  жүргізілген  шаралар  колхоздарды  нығайта  алмады.  Ауылшаруашылық 
өндірісінің  өнімділігін  арттырып,  мал  шаруашылығын  өркендете  алмады.  Керісінше 
ауылшаруашылық  артельдерінің  жер  пайдалану  тәртібін  бұзу  орын  алды.  Колхозшылар 
тарапынан колхоз меншігіндегі жерлерден үй маңындағы жерлерді кеңейту кең өрістеді. Үй 
маңындағы  жерлерді  кеңейту  көптеген  колхоз  мүшелерінің  кохоз  ісіне  деген  селқостығын 
күшейтті.  Осыған  байланысты  кеңес  үкіметі  колхоз  жерлерін  тиімді  иелену  мәселесін 
көтеруге  мәжбүр  болды.  Колхоздарды  одан  әрі  нығайту  шарасының  бір  бөлшегі  ретінде 
ауылшаруашылығы  артелдерінің  тәртібін    бұзушыларға  қарсы  күресті  бастады.  Үй 
маңындағы жерлерді өлшеп, артық жерлерді колхозға қайтарды.  
Большевиктер  шаруашылыққа  тікелей  араласуды  тоқтатпады.  Мал  шаруашылығының 
артта  қалуын  тікелей  араласу  жолымен  шешуді  көздеді.  1939  жылы  8  шілдеде  БК(б)П 
Орталық  комитеті  “Колхоздарда  қоғамдық  малды  дамыту  шаралары  туралы”  қаулы 
қабылдайды.  Осы  қаулыда  колхоздарда  екі-үш  товарлы  фермалар  (оның  ішінде  біреуі  ірі 


 
144 
қара мал, екіншісі қой немесе басқа түліктен)  құру белгіленеді. Осыған орай колхоздардар 
мал санын арттыруға ынталанады деген есеппен  жаңа ет өткізу жүйесін белгілейді.  Алайда, 
бұл  негізінен колхоздарды күштеп малдың ұстауға тиімсіз түрлерін  дамытуға итермелеген 
шаралар  болды.  Колхоздардың  еріктілігі  шектелді,    әкімшілік  басқару  жүйесі  одан  әрі  күш 
алды.   
Сонымен,  Кеңес  үкіметінің  ауыл  шаруашылығын  социалистік  жолмен  қайта  құру 
жолында  жүргізген  шаралары    тиімді  нәтиже  бермеді.    Керісінше,  бұл  реформалар 
шаруалардың  еңбекке  деген  ынтасын  жойды.  Соған  қарамай    большевиктер    ауыл 
шаруашылығын  социалистік  жолмен  алға  қарай  дамыту  мақсатында  ылғи  әртүрлі  жаңа 
шаралар жүргізіп отырды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет