Тәуелсіз Қазақстанның алдына қойып отырған басты мақсаттары-ның бірі — адамдардың жақсы түрмысын ic жүзінде қамтамасызететін қоғам орнату. Осы орайда эрбір адамға кәсіпкерлік еркіндікпен мүмкіндік туғызып, жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуінқамтамасыз ету, зейнетақыны жэне жәрдемақыны арттыру бүгінгікүннің қажеттілігінен туындап отыр. Әлеуметтік саладағы бастыміндеттер: үлттық байлықты көбейту, халықтың түрмыс-тіршілігіжөнінен дүние жүзіндегі озық дамыған елдермен арамыздағы арттақалушылық пен алшақтықты азайту, яғни технологиялық дамудағыжэне түрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту.
Алайда, қоғамдық қатынастардың өзгеруімен жэне нарықтықэкономикаға көшумен байланысты халықтың түрмыс жағдайытөмендеп кетті. Еліміздің экономикасының қүлдырауымен байланысты еңбекақы, зейнетақы, жэрдемақы бүл жылдары тиісінші дэрежеде өспей, тауарларды ырықтандыру деңгейінен ондаған ece артта қалып қойды. Халықты жүмыспен қамту проблемасы күрделенді. 1991 жылдан бастап республикада жүмыссыздық басталды. Әсіресе, ауылдық жерлерде кеңшарлардың таратылуына байланысты жүмыссыздық көбейді. Жастар жүмыс іздеп қалаға шүбырды. Қалаға келгенде де олар қарық болған жоқ. He баспана, не дайын жүмыс пен табыс жоқ, сенделіп жүріп, азын-аулақ саудамен, рэкетпен, үрлық-қарлықпен шүғылданып, мыңдаған қазақ жастары қылмыскерлер қатарын көбейтті.
Қазақстанның элеуметтік саласындағы басты мәселелердің бірі — зейнетақымен қамтамасыз ету. Соңғы кезде елімізде зейнеткерлердің қатары едәуір өсіп, олардың саны 2002 жылы 3 млн. адамға жетті. Үкімет зейнетақы мәселесін шешу үшін үш бағытта бірқатар жүмыс жүргізді. Бірінші — зейнетақының бүрынғы қарыздарын жабу, екінші — зейнетақыны уақытында төлеу, үшінші — зейнетақы жүйесін реформалау. Бүл үш бағытта жүргізілген ic- шаралар бірсыпыра қайтарымын беріп, 1999 жылдың зейнетақы қарызын төлеуде бірқатар шаралар іске асырылды. Әсіресе, 7-8 ай бойы зейнетақыларын ала-алмай келген ауыл түрғындарына ерекше көңіл бөлінді. Зейнетақыны одан эрі арттыру бағытында шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, зейнетақының ең төменгі мөлшері 1998 жылы 3 мың теңге болса, 2000 жылы 4 мың теңгеге жетті. 2000—2002 жылдары зейнетақы төлемдерінің ең аз мөлшері үш мэрте артып, 23 пайызға өсті. 2003 жылдың басында Президенттің жарлығымен ең төменгі зейнетақы көлемі 5 мың теңгеге жетті. 2004 жылдың қаңтарынан төменгі зейнетақы мөлшері 5800 теңгені, ал орташа зейнетақы мөлшері — 8335 теңгені қүрады.
Елімізде реформалау нәтижесінде аралас эрі ерікті жинақтаушы зейнетақы жүйесі қүрылып, ол өзінің тиімділігін көрсетті. 1,5 милли- оннан астам зейнеткер ынтымақты негізде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етілді. Зейнетақы индексациялаумен бірге 2003 жылы оны саралап өсіру жүзеге асырылды. Жеке жинақ принциптеріне негізделген қамтамасыз етудің бір ғана түрі — жинақтаушы зейнетақы жүйесі ойдағыдай дамытылуда. 2004 ж. бір мемлекеттік жэне 15 жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қорларындағы 6,5 млн. азаматтың жеке есепшоттарында 415,2 млрд. теңге зейнетақы жинақталды. Оның ішінде 115,7 млрд. теңгесі инвестициялық кірістен түскен. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары түрақты түрде көбеюде, оның көлемі 2008 жылдың басында 1,1 триллионтеңгеден асып түсті.
Сөйтіп, біз зейнетақы жүйесін реформалауды табысты жүргіздік.Базалық зейнетақы төлемдерін есепке алғанда, ең төменгі зейнетақыкөлемі 1998 жылдан бері 4,3 ece, ал зейнетақы төлемдерінің орта-ша көлемі 3,3 ece көбейді. 1,6 миллионнан астам адам мемлекеттікзейнетақыны республикалық бюджеттен алады (Егемен Қазақстан.15.12.2008).
Халықтың түрмысындағы маңызды көрсеткіш — түрғын үйменқамтамасыз ету. Бүрын да, қазір де түрғын үй адамдардың ең басты мүқтажы болып отыр. 90- жылдары республикада түрғын үйсалу төмендеп кетті. Тек Қазақстан экономикасының 2000 жылдан бастап ілгерілеуімен байланысты түрғын үй қүрылысы соңғыжылдары қайтадан көтерілді. 2002 жылы үй қүрылысына 29,4млрд. теңге инвестициялық қаржы жүмсалды немесе 2001 жылменсалыстырғанда 7,9%-ке артты. Жаңадан 1402,7 мың шаршы метрдіқамтитын 11,2 мың пәтер іске қосылды. Үй қүрылысы, әсіресе,Алматы мен Астана қалаларында кең өріс алды. 2004 жылғыкөктемдегі Президенттің халыққа жолдауында республикадағы ap-зан үй қүрылысын кеңейту, үзақ мерзімге 9-10 пайызбен берілетінипотекалық несиелер, жинақтаушы түрғын үй банкілерініңкөмегімен мүмкіндігі төмен отбасыларын түрғын үймен қамтамасызету бағдарламасы жарияланды жэне оны іске асыру үшін Үкіметқазір қарқынды жүмыстар жүргізуде. 2005—2007 жылдары 19млн. шаршы метрден астам түрғын үй пайдалануға берілді. Бүлжоспардағыдан 22 процентке артық. Осы уақыт ішінде елімізде 44мыңнан астам пәтер салынды. Бюджеттік қаржы есебінен 6 мыңнанастам коммуналдық пәтерлер салынды.
Қазақстан үкіметі кейінгі жылдары халықтың эл-ауқатынжақсарту, соныңішінде еңбекшілер мен қызметкерлердің жалақысынарттыруға назар аударуда. Экономиканың көтерілуі әлеуметтікміндеттердің үлкен кешенін шешуге мүмкіндік берді. Тек 2002жылы орташа айлық 54%-ке, немесе 1999 жылғы 9400 теңгеден 18мың 500 теңгеге дейін көбейді, ең төменгі жалақы көлемі 5 мыңтеңгені қүрады. Бүл жылдары үкімет, әсіресе, бюджеттегі меке-мелер қызметкерлерінің жалақысын көтеруге көңіл бөлді. 2002жылы тек мүғалімдердің жалақысы 35%-тен астам көбейтілді. Бүлмүғалімдердің орташа айлық жалақысының мөлшерін 2000 жылғы7 мың теңгеден 9300 теңгеге дейін үлғайтуға мүмкіндік берді.
Мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындап келеді. Мемлекеттік бюджет есебінен зейнеткерлерді, мүгедектерді, асыраушыларынан айырылған жэне басқа да санаттағы түрғындарды элеуметтік жағынан қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Олардың барлығы 3,5 миллион (немесе барлық түрғындардың 23,6%) адамнан асады. 2004 жылы 1999 жылмен салыстырғанда әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары 1,5 ece көбейді. Бүл қазақстандықтардың кірісін айтарлықтай арттыр- ды, оған мынадай өсім индикаторлары дәлел болады. 1999—2004 жылдары ең төменгі жалақы көлемі 2,5 ece (2605 теңгеден 6600 теңгеге дейін); төменгі зейнетақы көлемі — 1,9 ece (3000-нан 5800 теңгеге дейін); орташа жалақы — 2 ece (11864-тен 26048 теңгеге дейін); орташа зейнетақы көлемі — 2 ece (4104-тен 8529 теңгеге дейін); күнкөріс шегі — 1,5 ece (3394-тен 5394 теңгеге дейін); орташа мемлекеттік әлеуметтік жэрдемақы көлемі — 1,3 ece (3441-ден 4670 теңгеге дейін) өсті (Назарбаев H. Жаңа кезең — жаңа экономика. // Егемен Қазақстан, 16.12.2004).
Түтастай алғанда, 90- жылдардың аяғымен салыстырғанда 2007 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға шығындар 3 еседен астамға өсті.
Халықтың денсаулығын сақтау жэне оның деңгейін көтеру мақсатында Президенттің жарлығымен 2002 жыл — Денсаулық жылы деп жарияланды. Денсаулық жылының аясында ауылдағы көптеген медициналық мекемелер жөндеуден өтті. Денсаулық сақтау саласының 88 нысаны жаңадан салынды. 2002 жылдың тағы бір ерекшелігі жеке Денсаулық сақтау министрлігі, Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау жэне Фармация комитеті қүрылды. Жалпы, 2000—2002 жылдары денсаулық сақтау саласынреспубликалық бюджеттен қаржыландыру екі еседен астамға, жергілікті бюджеттен — 50%-ке дерлік үлғайды. Ал 2007 жылы ғана республика бойынша 23 денсаулық сақтау нысаны салынды.
Соңғы он жылда (1997—2007) мемлекеттің денсаулық сақтау саласына шығыны 13 ece өсіп, 2007 жылы 338,5 миллиард теңгені қүрады. 1991 жылдан бері денсаулық сақтаудың 290 нысаны салы- нып немесе қайта жөнделіп, оларға 100 миллиард теңгеден астам қаржы жүмсалды. Соңғы бес жылда алғашқы көмек көрсету буынын қүрал-жабдықтармен жэне медициналық техникамен жарақтандыру 3 есеге жуық өсті. Егер осыдан 10 жыл бүрын 1200-ге жуық ауылдық елді мекен медициналық қамтамасыз етусіз қалса, қазіргі уақытта ауылдықтар жер-жерде медициналық көмекпен қамтылып отыр. Түрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетуді қаржыменқамтамасыз ету көлемі кепілдендірілді жэне 2003 жылдан бастапөткен кезең ішінде мемлекеттің осыған бағыттаған шығыны 3 есегеартты (Егемен Қазақстан. 15.12. 2007). Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2010 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарла-масы табысты жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Президенті H. Назарбаевтың 2005жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында (ЕгеменҚазақстан, 2005 ж. 19 ақпан) атапкөрсеткеніндей: Бүкілдүниежүзілікбанктің жіктемесі бойынша қазіргі уақытта Қазақстан кірісі ортадеңгейдегі елдердің тобына кіреді. Егер өмір сапасының негізгікөрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда (1995-2005 жж.) қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 ece; ал ортаайлық жалақысы 6 есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 25 ece;зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 ece; жеке түлғалардыңбанктердегі депозиттері мен бір кісінің жасайтын салымыныңкөлемі тиісінше 35 жэне 37 ece өскенін көреміз. Экономикамыздыңқарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануынедэуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мүның өзі экономикамыздыңайтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды.
Түтастай алғанда, 1997 жылдан 2007 жылдың аяғына дейінгікезеңде еңбекақының ең төменгі мөлшері 4,5 еседен астамға өсті,орташа айлық номиналды еңбекақы 8,5 мың теңгеден 50 мың 800теңгеге дейін — 6 есеге жуық артты. Барлық соңғы жылдар бойында орташа еңбекақы деңгейі жонінен Қазақстан ТМД-да көшбасшыелдердің бірі болып табылады. 2002 жылдан бастап реформалаужүзеге асырылып, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысынөсіру үрдісі қалыптасып келеді. Оның деңгейін жүйелі арттырудыңарқасында 2007 жылы бюджетшілердің еңбекақысы 2,5 еседенастамға артты. Мемлекеттік элеуметтік жэрдемақының орташакөлемі 1998 жылдан бері 3 есеге жуық ості. Бүгінде 630 мыңдайадам мемлекеттік элеуметтік жәрдемақы алады.
Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылынаорта есеппен 10 пайызға осіп отырды. Бүл өте үлкен де жедел өсуболып саналады (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан.— Егемен Қазақстан,7.02.2008).
Еліміздегі элеуметтік ахуал да түрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, 2008 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің білім беру-ге, денсаулық сақтауға жэне әлеуметтік қамсыздандыруға арналғаншығындары 5 еседен астам үлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бүл көрсеткіш осыдан бес жыл бүрынғыға қарағанда екі есеге артық.
Ал осы жылдар ішінде Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болды. Қазіргі кезде автомобиль қүрастыратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер де қүрастыратын бес кэсіпорын жүмыс істейді. Бүгінде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де қүрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсібі, қүрылыс индустриясы жэне басқа салалар серпінді дамуда.
Сөйтіп, қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, элеуметтік мэселелерді шешуде біршама жүмыстар атқарылды жэне елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бэсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тэуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, элеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.
4. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы
Қазақстан Республикасының егемендігінің жариялануы жэне мемлекеттік тэуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің жэне социалистік саяси жүйенің ыдырауы демократиялық принцип- тер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты. Жаңадан қүрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси эр алуандық, халықтың эртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделері мен қүқықтарын қорғау, түрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. 1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық үйым қызмет істеп түрды.
1991 жылы тамыз айында Мәскеуде мемлекеттік төңкеріс жасауэрекеті болды. Оған КОКП Орталық Комитетінің кейбір жетекші-лері қатысты. Мүның өзі партияның, оның басшы органдарыныңбеделін түсірді. Бүл жағдай Қазақстан Компартиясының жүмысынатеріс эсерін тигізді. Сөйтіп, 1991 жылғы қыркүйек айында өткенреспублика Компартиясының төтенше съезінде оның қызметітоқтатылды. Өзін Компартияның ісін жалғастырушымыз деп санай-тын Қазақстан социалистік партиясы қүрылды. Оның қүрамындасол кезде 50—60 мың мүшесі болды. 1992 жылы наурызда Қазақстансоциалистік партиясының кезекті съезі өтті. Съезд республикадағысаяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай жэне партияның таяудағыміндеттері, партияның бағдарламасы мен жарғысына өзгерістер ментолықтырулар енгізу сияқты мәселелерді талқылады.