Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет58/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60

Осыдан кейінгі жылдары Қазақстан мен АҚШ қарым- қатынастары серпінді түрде дамып келеді. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстан экономикасының aca ipi инвесторы болып отыр. Вашинг­тон Қазақстанға Орталық Азиядағы түрақтылық пен қауіпсіздік түғыры, өзінің осы аймақтағы басты серіктесі ретінде қарайды. 1999 ж. желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев АҚШ-қа тағы да бес күндік сапар жасап, екі ел арасындағы байланысқа жаңа жол ашты. Екі мемлекет арасындағы келісім ба­рысында XXI ғ. басындағы басымдық беретін басты бағыттары айқындалды.

Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігіне он жыл толуына орай жіберген қүттықтау хатында АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақстан

Халықаралық қоғамдастық үшін аймақтағы түрақсыздық пен жанжалдарға қарсы шешуші рөл атқаратынын қуаттады. 2001 жы­лы желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми ca- пары барысында «Жаңа Қазақстан-Америка қатынастары туралы" бірлескен мэлімдемеге қол қойылды.

Сонымен қатар, Қазақстан үшін Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Ко­рея сияқты жэне басқа елдерімен ынтымақтастықтың да мэні өте зор.

Қазақстанға ортақ шекарасы, қалыптасқан шаруашылық, тари­хи жэне мәдени-этникалық байланыстары бар Орта Азиядағы — Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы қүрылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, кейіннен 1998 ж. 4- мемле­кет Тәжікстан қосылды. Осы елдер арасындағы жасалған Шартқа сәйкес Мемлекетаралық кеңес пен оның негізгі институттары — Премьер-министрлер кеңесі жэне олардың түрақты органы—Атқару комитеті қүрылды. Ортақ экономикалық кеңістік туралы шартқа қол қойылғаннан кейінгі жылдар ішінде көпжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттары, көкейкесті халықаралық күрделі мәселелер жэне республикалардың экономикалық интеграциясы бойынша 200- ден астам қүжаттар қабылданды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы — Орталық Азия экономикалық қауымдастығының 2005 жылға дейінгі интеграциялық даму стратегиясы. 2002 жылдың ақпан айынан бастап Орталық Азия экономикалық қауымдастығы жаңа келісілген қүжат негізінде "Орталық Азия ынтымақтастығы" болып қайта қүрылды.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған мәселелерінің бірі — елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. Бізбен солтүстікте бірнеше мың шақырым шекараласатын Ре­сеймен, оңтүстік-шығыста Қытаймен шекараны түрақтандырып бекіту өте қажет ic еді. Шекара — мемлекеттік егемендіктің басты белгілерінің бірі. Сондықтан бүл маңызды саяси проблема Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасындағы кездесулерде элденеше рет эңгіме арқауы болды. Осының нәтижесінде екі ел арасында 1992 ж. 15 мамырда Ұжымдык қауіпсіздік туралы шартқа жэне 1999 ж. 28 наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Бүл шарттар бойынша Қазақстан мен Ресей эрі қарай да аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту жэне қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сөйтіп сыртқы саясат саласында өзара бірлесіп әрекет етуі көзделген. Ресей мен Қазақстан арасындағы қауіпсіздік жэне сыртқы саясат мәселесі екі ел арасындағы 1998 жылы шілдеде қабылданған "Мэңгі достық жэне одақтастық туралы декларацияда", сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық туралы алдағы 10 жылға (1998—2007 жж.) арналған экономикалық бағдарламада өзінің даму көрінісін тапты. Осы келісімдер негізінде Қазақстан-Ресей шекара белдеулерінде дели- митациялау шаралары жүргізіле бастады. Ал 2000 жылы қаңтарда Мәскеуде өткен екі мемлекет басшыларының кездесуінде басты үш бағыт туралы келісім жасалды. Біріншісі — екі ел саясатындағы қарым-қатынастың сабақтастығы. Екіншісі — қауіпсіздік мәсе- лесіндегі ынтымақтастық. Үшіншісі — шекараны нақтылау мә- селесі.

Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасының жалпы үзындығы 15 мыңға жуық шақырымды қүрайды. Соның ішінде Қазақстанның Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекарасы ша- мамен 1050 шақырым, Ресей Федерациясымен — 7,5 мыңнан астам шақырым, Түркменстанмен — 400 шақырым, Өзбекстанмен — 1660 шақырым. Ресеймен шекараны делимитациялау мэселесі 1998 жылғы 6 шілдеде екі ел басшыларының бірлескен мәлімдемесінен жэне сол жылғы 12 желтоқсандағы мемлекеттік шекараны делими­тациялау жөніндегі хаттамадаи басталды. Алты жыл аралығындағы қүжаттарды әзірлеумен тыңғылықты айналысқан сарапшылар шекаралық сызықтың барлық нүктелері бойынша ортақ келісімге келді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей ирезидеиті В.Путии 2005 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан-Ресей мемлекеттік шека­расы туралы шартқа қол қойды. Шын мәнінде, тарихи деп бағалауға болатын осы қүжат бойынша екі ел үшін де айрықша маңызы бар шекара мәселесі халықаралық нормаларға сәйкес шешімін тапты. Елбасы атап өткендей, "қадым замандардан қазақ-орыс елдері ара­сында шекара бірінші рет заңды түрде тартылып отыр". Әлемдегі жерүстілік ең үзын саналатын, жалпы аралығы 7591 шақырымды қүрайтын бүл шекара сызықтары белгіленіп жэне мойындалып, екі мемлекет арасындағы мызғымас достықтың сенімді кепілі ретінде бағаланды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қытаймен арадағы шека­раны заңдастыруға кірісті. Өзара түсіністік пен мүдделілік бүрын- соңды болмаған табысқа қол жеткізді. 1994 жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Премьер-министрі Ли

Пэн екі ел арасындағы шекара сызығын заңдастырып, белгілеу (де­лимитация) жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Жалпы үзындығы 1718 шақырымға созылып жатқан желінің екі шағыи учаскесінен (бүрынғы Талдықорған және Семей облыстарыидағы) басқасы түгел заң жолымен бекітілді. Келесі кезектегі мэселелерді шешу үшіи делимитациялық комиссия қүрылды. Жоғары дәрежелі кездесу кезінде шекара мәселелерін толық реттеуге қатысты келіссөздерді одаи эрі жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жетті. Бүл бағытта 1996—1998 жж. үш арнайыкелісім болды. Соныңнәтижесінде 1999ж. қарашада Цзянь-Цземинь меи Н.Назарбаев шекаралық мәселелердің толық үйлестірілуі туралы ариайы коммюникеге қол қойылды. Сөйтіи, Қытаймеи шекараны межелеу иегізіиеи аяқталды.

Соиымеи қатар, Қазақстан бүл жылдары өзінің жақын көршілері — Қырғызстанмен, Өзбекстаимеи және Түркменстанмен арадағы шекара мэселелеріи ic жүзінде түпкілікті реттеуге қол жеткізді.

Шекара мәселесін Азия елдеріиде түрақты шешуде Шанхай ынтымақтастықүйымы (ШЫ¥) маңызды рөл атқарады. 1996 жылғы сәуірде Шанхайдағы кездесу кезіиде Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстаи басшылары шекараларды бүзбау, олардың арасындағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу келісіміне қол қойылды. Кейін бүл келісімге Өзбекстан қосылды.

"Шанхай келісімі" негізінде алты ел басшыларының жыл сайын- ғы кездесуі 1997 ж. Мәскеуде, 1998 ж. Алматыда, 1999 ж. Бішкек, 2000 ж. Душанбе, 2001 ж. Алматыда болып өтті. Онда аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері жан-жақты талқыланып, осының нәтижесінде Декларациялар қабылданды. 2002 жылғы маусымда Шанхай ынтымақтастық үйымының ке- зекті саммиті Санкт-Петербург қаласында болып өтті. Оның жүмысында ШЫ¥ қүрылымын орнықтыру ic жүзінде көрініс тап- ты. ШЫ¥-ның Секретариаты Пекинде, ал Аймақтық терроризмге қарсы қүрылымның штабпәтері Бішкекте орналасатын болды. Бүл кездесуде 3 қүжатқа — ШЫ¥ Хартиясына, аймақтық терроризмге қарсы қүрылым жөніндегі Келісімге жэне ШЫ¥-ға қатысушы мем­лекеттер басшыларының Декларациясына қол қойылды.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат — бейбіт- шілік, соғысты болғызбау. 1992 ж. Б¥¥ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Президент Н.Назарбаев Азияда өзара ынтымақ пен сенім шараларын орнықтыру туралы мәселе көтерді. Оған сәйкес 1993 ж. көктемде Алматыда осы мәселеге байланысты шақырылған бірінші бас қосуға оннан aca мемлекеттен өкілдер келген болса, сол жылғы тамыз айындағы кездесуге 17 елден сарапшылар тобы келді. Қазақстан Хельсинки процесіне қосылып, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі үйымның жүмысына қатысты (1992 ж.). Ал 1996 ж. 31 қыркүйекте Қазақстан Б¥¥-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.

Қазақстанның СШҚ-ГШарты мен ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы әлемдік маңызы бар оқиға. Мүның өзі елдің қауіпсіздігінің кепілдіктерін күшейтті. 1994—1995 жж. ба­сты ядролық державалар — АҚШ, ¥лыбритания, Ресей, ҚХР мен Франция Қазақстанға қауіпсіздіктің бірлескен жэне жан-жақты кепілдіктерін берді.

Қазақстан саяси-әскери одақ — НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бүл ынтымақтастық "Бейбітшілік үшін әріптестік" бағдарламасы аясында дамып, еліміздің қарулы күштері үшін кадрлар даярлауға қызмет етеді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен шекарасының түтастығын қорғау үшін өзінің жеке Қарулы Күштерін қүрудың зор маңызы болды. Оны іске асыру Елбасының 1992 ж. мамырдағы "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қүру туралы" жарлығымен басталды. 2000 ж. 10 ақпанда 1999—2005 жылдарға арналған жаңа әскери доктрина жэне үлттық қауіпсіздік стратеги- ясы қабылданды. Осы қүжаттарға сәйкес армия елдің ішкі жалпы өнімінің бір пайызынан кем емес көлемде қаржыландырылатыны көзделді. Доктрина негізінде Қазақстан жерінде әскери аумақтық қүрылымға көшіру жүзеге асырылып, елдің барлық аймағын қамтыған Оңтүстік, Шығыс, Батыс жэне Орталық әскери округтері қүрылды. Сөйтіп, біздің елімізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ең басты мәселе болып қала береді.

1992 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен ¥лттар ¥йымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейін елімізге басқа да халықаралық үйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негізгі валюта-қаржы үйымдарына — Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта қүру жэне даму банкіне, Еуропа жэне Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық үйымдарға мүше болып қабылданды. Нәтижесінде Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі арт- ты. Мысалы, 1992—1995 жж. халықаралық қаржы институтының

Қазақстанға бөлген қаржысының мөлшері 2 млрд. АҚШ доллары- нан асып түсті. Тәуелсіздік алғалы бері 800-ге жуық мемлекетара- лық жэне үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.

Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одан кейін ¥лыбритания, Италия, Канада, Нидер­ланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия жэне Оңтүстік Корея бар. Қазақстан АҚШ-пен экономикалық қарым- қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Американдық "Шеврон" компания- сымен Теңіз мүнай көздерін игеру жөніндегі ipi шартқа қол қойылды. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде 350-ден астам Қазақстан-Американ бірлескен кэсіпорны жүмыс істейді, сондай-ақ 100-ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген.

Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180- нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесінде сыртқа шығаратын жэне сырттан бізге алып келетін тауарлардың көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты. Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62% ТМД елдерінің үлесіне, 24% Еуропа елдерінің (35 ел), 13% Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді.

Біз ашық сыртқы сауда саясатын дэйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң саль- досы (Сальдо — белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма) 7 млрд. доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бүл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен ТМД-ның ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздың географиясы да біршама тарамдала түсті. Қазақстан тауар айналымының қүрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты. Осылайша біз әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына ендік (Қазақстан экономикалық, әлеуметтік жэне саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республи­касы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 ақпан 2005 ж.).

2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫ¥-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан ¥йымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік жэне ынтымақтастық жөніндегі үйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген әлемнің 56 мемлекетінің шешімі — еліміз қол жеткізген тағы бір ipi жетістік. Бүл — елба- сы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық зор беделінің ерен табысы, еліміздегі үлан-ғайыр оң өзгерістердің, біздегі демократияның айшықты нәтижесі. Біздің еліміз халықаралық мойындауда жэне өзінің дамуында жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. ЕҚЫ¥ — дүние жүзіндегі aca беделді халықаралық үйымдардың бірінен саналады. Қазақстан — ЕҚЫ¥-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші түркі елі, ол тарихи түрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ең соңында, ол бірінші азиялық ел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет