Бүл кезде ауыл шаруашылығы секторының қүрамында едәуір үйымдық өзгерістер енгізіліп, колхоздардың есебінен совхоздардың саны көбейді. 1960 жылы республикада 879 совхоз бен 1355 колхоз болса, 1985 жылы колхоздар есебінен совхоздар саны 2140-қа өсіп, 388 колхоз қалды. Сөйтіп, меншіктің кооперативтік-колхоздық түрінің үлес салмағы едәуір төмендеді. Бірақ, осыған қарамастан колхоздық меншіктің одан эрі жетілуін байқауға болады. 1971—1985 жылдары совхоздардың өнімі көбеймей бір орында түрып қалса, колхоздарда ол орта есеппен 200 мың сомға дейін өсті.
Мал шаруашылығының жем-шөп базасы нығайтылды, жем- шөптік дақылдар егілетін алқаптар үлғайтылды. Дегенмен, мүның барлығы тек экстенсивтік шаруашылық негізінде іске асырылды. Атап айтқанда, жемшөптік дақылдар егілетін алқаптар сегізінші бесжылдықтағы 6678,4 мың гектардың орнына IX бесжылдықта 8824,6 мың гектарға дейін жеткізілді. 1985 жылы жоспарланған 50 млн. қойдың орнына тек қана 35 млн. қой болды. Оған шопанның ауыр еңбегіне немқүрайды қарау, малды күтіп бағудағы қазақтың еңбек дәстүрін елемеу, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан, сын- нан өткен технологиясының жоғалып кетуі үлкен әсерін тигізді.
Бір айтып кететін жағдай, бүл жылдары мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру басталды. Сондай-ақ ет жэне сүт өндіретін кешендер мен мал бордақылайтын алаңдар салынды, малды өсіріп, күтетін мамандандырылған шаруашылық бірлестіктері, қүнажындар өсіретін фермалар қүрылды. Жалпы қуаты 23 мың ipi қара малды жедел өсіріп, бордақылайтын төрт кешен: Алматы облысы бойынша 10 мың басқа арналған "Жетіген", Шығыс Қазақстан облысында 5 мың басқа есептелген "Ждановский", Орал облысында 5 мың басқа арналған "Правда" газеті атындағы, Ақмола облысында 3 мың басқа арналған "Шалқар" кешендері жүмыс істеді. Қарағанды облысында шошқа өсіріп бордақылайтын "Волынский" кешені қатарға қосылды. 1976 жылдың басына қарай 575 мың бас ipi қара мал, 418 мың шошқа, 1,7 миллионнан астам қой өнеркәсіптік негізде күтіп бағылды.
Бірақ, осы жылдарда ауыл шаруашылығында келеңсіз жағдай- лар қалыптаса бастады. Мал аурулары көбейіп, нәтижесінде мал саны азайып кетті. Азық-түліктік астық өндіру жөнінен одақта алдыңғы орындардың біріне шыққан республика жыл сайын жемге арнап басқа жерлерден миллиондаған тонна астық сатып алып отырды. Мүнда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау, халыққа сату ici сүранысты қанағаттандырмады. Көліктің, элеваторлардың, қоймалардың жетіспеушілігінен, жолдың нашарлығынан жыл сайын жиналып алынған өнімнің 20%-тен 40%-ке дейінгісі ысырап болды. Ауыл түрғындарының еңбегі тиісінше бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп кетуге мэжбүр болды.
Аграрлық сектор саласында енгізілген жаңа сатып алу бағасы көбінше өнімнің өзіндік қүнын ақтамады. Зиянмен жүмыс істейтін шаруашылықтардың саны артты. Егер 1970 жылы ондай шаруашы- лықтардың үлес саны совхоздардың 26%-ін, колхоздардың 4%-ін қамтыса, 1985 жылы совхоздардың 53% , колхоздардың 49% зи- янмен жүмыс істеді. Ауыл, село еңбекшілеріне еңбекақы төлеуде теңгермешілік күшейді, адамдар көбінесе ақшаны жүмыстың нэтижесі үшін емес, жүмысқа шыққаны үшін алды. Еңбекте ақы төлеу оның өнімділігінің өсуінен басып озды.
Республиканың жергілікті жерлеріндегі ауыл шаруашылығы өндірісін үтымды үйымдастыру, оның тиімділігін арттыру бағытындағы кейбір ізденістер басшы органдар тарапынан қолдау таппады. 80- жылдардың басында жүргізілген сан- сыз көп қайта қүрулар, экспернменттер — бағаның, интеграция мен мамандандырудың жаңа түрлерін жэне т.б. енгізу ауыл шаруашылығының берекесін кетірді. Әбден болдырған ауыл шаруашылығы қатаң экімшілік бақылауға алынып, аяғында келіп дағдарысқа үшырады. Істің жағдайын жаңа шешімдер қабылдау жолымен өзгертуге тырысу елеулі нәтиже бермеді.
XX ғ. 70 жэне 80 жж. бірінші жартысында Қазақстанда халық- тың әлеуметтік жағдайын көтеруде бірсыпыра істер атқарылды, жүмысшылар мен қызметшілердің орташа айлық табысы едәуір өсті. 70-жылдардың I- жартысында халық шаруашылығының өнді- рістік салаларында жаңа еңбекақы белгіленді, ең төменгі жалақы 70 сомға жеткізілді. Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы көбейді, халықтың төмен айлық алатындары орташа айлық алатындар дәрежесіне көтерілді. Осы жылдары халықты қоғамдық түтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі жәр- дем, зейнетақы жэне стипендия төлеуге, тегін білім алуға, денсаулық сақтауға, мэдени жэне түрмыстық қызмет көрсетуге жүмсалды. 1971 жылы колхозшылар үшін де жүмысшылар мен қызметкерлерге белгіленгендей зейнетақы белгілеу тэртібі енгізілді. 1972—1974 жж. соғыс жэне еңбек мүгедектеріне айлық орташа зейнетақы 33 %-ке көбейтілді, ал 1975 ж. Отан соғысының мүгедектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілді.
Алайда, бүл шаралардың халықтың түрмыс дәрежесін көтеруге ықпалы аз тиді. Өйткені, мемлекеттің жэне кэсіпорындардың бағаны көтеруі, тауарлар сапасының нашарлауы, тапшылықтың өсуі, еңбекақы төлеудегі теңгермешілік жэне т.б. халықтың түрмыс жағдайының төмендеуіне әкеп соқтырды. Оған ақшаның қүнсыздануы әсер етті, тек 1970—1986 жж. қүнсыздану 20%-ке өсті. Әлеуметтік саладағы ең өткір проблеманың бірі түрғын үй про- блемасы болды. Халық санының өсуіне байланысты түрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аяғына дейін шешілмеді, оған үй салуға бөлінген қаржының азаюы себеп болды, түрғын үй қүрылысының жоспары орындалмады. Тек, 11- бесжылдықта ғана республикада жоспарланған 1,2 млн. шаршы метр түрғын үй пайдалануға берілмеді, мектеп, аурухана, балалар бақшасын салу жоспары орындалмады.
Сөйтіп, тоқырау кезіндегі келеңсіз процестер әлеуметтік сала- ны мықтап шарпыды. Әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға қаржы бөлудің "қалдықтық принциптері" қалыптасты, яғни ол салаға таза өндірістік мақсаттардан артылған қаржы ғана бөлінді.
Қорыта келгенде, 70—80-жылдары республика экономикасында түтастай Одақтың халық шаруашылығына тэн үйлесімсіздіктердің бэрі көріне бастады. Бүл ең алдымен басқарудың әкімшілік- эміршіл әдістерінің эбден орнығуы еді. Экономикалық ынталан- дыруды жоққа шығара отырып, қалыптасқан жүйе экономиканы экстенсивтік даму жолында үзақ үстап қалды. Мемлекеттік меншіктің ic жүзінде ведомстволық меншікке айналдырылуы өндіріс қызметкерлерін қүрал-жабдықтарынан алыстатуға алып келді. Еңбекақы төлеу жүйесі еңбектің нэтижесімен байланыс- тырылмады. Кәсіпорындардың ешқандай дербестігі болған жоқ. Халық шаруашылығы иесіздіктен, жаңа техника мен технологияны нашар енгізуден үлкен зиян шегіп жатты. Экономикалық ведомство- лар түріндегі орталықтың эміріне бағыну республикадағы жағдайды одан эрі қиындата түсті. 80- жылдардың ортасында республика эко- номикасы дағдарыс жағдайына үшырады.
2. Қоғамдық-саяси өмірдегі келеңсіз
құбылыстардың етек алуы
XX ғ. 70—80-жылдары республиканың қоғамдық-саяси өмірінде де күрделі жағдай қалыптасты. КОКП-ның әлеуметтік-экономикалық саясаттағы қателері үлттық қатынастарға да әсерін тигізбей қойған жоқ. Брежневтік басшылық бүл салаларды мүлтіксіз эрі ешқандай проблема жоқ деп санады. ¥лт мәселесін шешудегі табыстарды асы- pa бағалау кемелденген социализм түжырымдамасынан туындады. Нақ осы кезеңде үлт мәселесіндегі проблемалар шешілуінен гөрі шапшаңырақ қордаланды.
1922 ж. федералдық мемлекет ретінде қүрылған KCPO ic жүзінде біртүтас мемлекетке айналып кетті. Оның қүрамындағы Одақтас республикалардың қүқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. ¥лттардың өзін-өзі билеуі ic жүзінде үмыт болды. КСРО-дан еркін шығу қүқы болғанымен бірде-бір халық оны пайдалана алмады. Бүл жерде нақты өмір шындығы есепке алын- бады, саяси демократияның бүрмаланғандығы салдарынан бүлайша ерік білдірудің өзі мүмкін емес еді.
¥лттық проблеманың бэрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдалды. Бүл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді, интернационализм идеяларын насихаттаумен шектелді. Осы мағынада алғанда интернационалдық тэрбие үлттық саясаттың орнына жүрді немесе бүтіндей оны ауыстырды.
Түрі үлттық мәдениет, оқу мен тәрбие ic жүзінде аударма болды. 70—80 жж. үлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана кобірек дэріптелді. Қоғамдық-саяси омірде еуропоцентризм басым еді. KCPO халықтары мен үлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің рөлін асыра бағалау етек алды. Біздің тарихымыздың бөліп алуға бол- майтын бөлігі болып табылатын көшпелілік өркениеті мен шығыс мәдениетінің бүкіл қабаты жауып тасталды, адамдардың тарихи ca- насын жою процесі жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісіне дейінгінің бэрін үмытуға табандылықпен мэжбүр етілді. Бүған керісінше Кеңес дэуірінің тарихы барынша дәріптелді. Ресми органдар мен насихат қазақ халқының жэне Одақтың басқа халықтарының нағыз тарихы тек 1917 жылдан басталады деп жүртты сендірді.
Шүғыл интернационалдандыру, үлттық мүдделерді есепке ал- май бюрократтық жэне күштеп қудалау әдістерімен біртүтас совет халқының қалыптасуын шапшаңдатуға тырысу үлт саяса- тында өрескел ағаттықтар мен елеулі қателіктер жіберуге әкеліп соқтырды. Ал шынайы интернационализм "өз" үлтыңның да жэне басқа үлттардың да үлттық мүдделерін түсініп, мойындамайын- ша мүмкін емес еді. ¥лтшылдық ең алдымен үлттық мүдделерді кемсітуден пайда болады.
Қазақстанда тіл саясатында да кемсітушілік орын алды. Орыс тілін республикада қазақтардың 60%-і меңгерсе, қазақ тілін орыстардың 1%-нен де азы меңгерді. Қазақ тілі тек түрмыстық ca- ламен шектеліп, ic жүргізуде, мемлекеттік, дипломатиялық, әскери омірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың 95% орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70% эфирге орыс тілінде шықты. Бүрынғы КСРО-дағы империялық тіл саясаты ең алдымен орыс тілін білмейтін адамдардың әлеуметтік ocy мүмкіндіктерін шүғыл тарылта беру мақсатын көздеді.
¥лт саясатындағы бүрмалаулар, саяси ахуалдың қаталдан- дырылуы, еркін ой-пікір айтуға өкіметтің тозбеушілігі, эсіресе, зия- лылар арасында наразылық туғызды. Ол түрліше көрінді. Студент- тер, шығармашылық жэне ғылымн интеллигенция арасында респу- бликаны орыстандыру саясаты айыпталды, қазақ тілінің жағдай- ына, республиканың егемендік қүқының жоқтығына алаңдаушы- лық білдірілді.
Партиялық-мемлекеттік қүрылым қызметінің 70—80-жж. ба- сындағы өзекті бағыты бүрынгыша үлтшылдыққа, жершілдіктің көріністеріне жэне патриархалдық қүрылысты дэріптеуге қарсы күрес болды. Өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Өмір сүріп түрған жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай кел- меген өз көзқарастарын эдебиет пен өнер шығармаларында бейне- леген интеллигенцияның өкілдері қудалауға үшырады. Мысалы, ақын О.Сүлейменовтың "АзиЯ" деген талантты кітабы осындай қасіретке үшырады. О.Сүлейменовтың оппоненттері "Молодая гвардия", "Москва", "Звезда" жэне басқа журналдардағы мақалаларында кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмэн келтірді. Ол үлтшылдық, пантюркистік шығарма жэне орысқа қарсы деп айыпталды.
Кеңестік билік ғалымдар арасындағы ой-пікір бостандығына барынша тыйым салып отырды. Мысалы, 1976 жылы философия институтының авторлар үжымы даярлаған "Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы" деген кітапты басып шыгаруға тыйым салды. Антрополог О.Исмагүловтың "Қазақстанның этностық геногеография- сы" деген кітабы идеялық түргыдан зиянды деп табылды. Авторга әдістемелік қате жіберген, ру-тайпалық факторларды бүгінгі заман- мен байланысты біржақты баяндаган деген айып тагылган. Кейінірек бүл айыптың бэрі алынып тасталды.
1979 жылы жазда Ақмолада болган оқига үлттық қатынастардагы үлгая түскен қарама-қайшылықтардың көрінісі еді. Ол үлттық қатынасты түпкілікті халықтың мүдделерін есепке алмай орталықтың эміршілдік әдіспен реттеуінің мезгілі өткенін көрсетті. Қазақстанда 1979 жылы неміс автономиясын қүру эрекеті жэне оган қазақ түргындарының қарсы шыгуы республиканың саяси тарихындагы маңызды оқигалардың бірі. Қазақстанда неміс авто- номиялы облысын қүру туралы шешім 1979 жылы көктемде КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мэжілісінде республиканың үкіметі мен Жогаргы Кеңесінің келісімінсіз қабылданды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың куэлік етуіне қараганда, қазақ жерінің қақ ортасы- нан неміс автономиялық облысын ашу туралы шешім қабылдауга
KCPO Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ю.Андропов мүрындық болған көрінеді. Бүл автономиялы облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды жэне Көкшетау облыстарының бірсыпыра аудан- дары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы жасалмақ болып белгіленді.
Автономиялы облыс қүру туралы мәлімет республикаға тез та- рап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. Маусымның 16 күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қатарындағы қазақ жаста- ры қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ жэне орыс тілінде "Қазақстан бөлінбейді!", "Неміс автономиясы болмасын!" жэне басқа үрандар жазылған транспоранттар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын қүру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. 19 маусымда Ақмолада тағы бір демонстрация болды. Оны аудандардан келген соғыс жэне еңбек ардагерлері бастады. Оған 2 мыңнан 4 мыңға дейін адам қатысты. Демонстрацияға қатысушылар облыс басшыларына автономияны қүруға қарсы үндеу тапсырды. Ақмоладан кейін шағын митингілер мен демонстрация- лар Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |