Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет42/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60

Сонымен қатар, қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қамқорлық көмек көрсетті. Қазақстан жаудан азат етілген Орал облысының 10 қаласын, 35 ауданын, Ленинград облысының 12 қаласын, Калинин облысының аудандарын қалпына келтіруге көмектесті. Сол сияқты Москва, Курск облыстары, Солтүстік Кав­каз, Белоруссия, Украина жэне т.б. республика түрғындарына көмектесті. Қазақстан комсомолдары қамқорлыққа алған Сталин- градта трактор зауыты мен "Красный октябрь" зауытын қалпына келтіру жүмыстарына 1943 жылы 1439 қазақстандық комсомол аттанды. Түрксіб теміржолшылары батыстағы темір жолдарды қалпына келтіру үшін 20000-нан астам мамандарды жіберді.

Жауды жеңуге республиканың зиялы қауым өкілдері де үлкен үлес қосты. Олардың қатары Кеңес Одағының батыс аудандары- нан уақытша көшірілген ғылым мен өнер қайраткерлері негізінде толықтырылды. Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ipi ғылым инсти- туттары көшіп келді. Олардың ішінде KCPO Ғылым Академиясының физиология ииституты, Украина Ғылым Академиясының физика- механика институты, Мәскеу, Ленинград, Киев институттары бол­ды. Осы жылдары Қазақстанда И.П.Вернадский, В.А.Обручев, И.И.Мешанинов, А.И.Бах, Л.С.Берг, А.Е.Фаворский, Б.Д. Греков, С.Н.Бернштейн жэне т.б. атақты ғалымдар жүмыс істеді. Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссиядан 100-ден аса жазушылар уақытша көшіп келді. Олардың ішінде А.Толстой, С.Маршак, С.Михалков, К.Паустовский, М.Зощенко, О.Форш, С.Сергеев-Ценский, Л.Квитко сияқты атақты жазушылар болды. Согыс жылдары партизан-ақын Ж.Саинның топтамасы, Қ.Аманжоловтың "Ақын өлімі туралы аңызы", М.Әуезовтың "Абай жолы" эпопеясының бірінші кітабы, С.Мүқановтың "Өмір мектебі", Г.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ғ.Мүстафиннің "Шығанақ" повесі, Ж.Жабаевтың "Ленинградтық өрендерімі" дүниеге келді.

Сонымен бірге Қазақстанға 20-дан aca театрлар мен музыкалық мекемелер, өнер қайраткерлері көшірілді. 1941—1945 жыл­дары Алматының біріккен орталық киностудиясында кеңес киноматографиясының алтын қорына енген фильмдер түсірілді. Олар: "Секретарь райкома", "Они защищают Родину", "Воздуш­ный извозчик", "Два бойца", "Фронт", "Жди меня", "Парень из на­шего городка" т.б. Согыс жылдары Қазақстанда 500-ге тарта кино қызметкерлері мен әртістер еңбектенді. Мысалга, С.Эйзенштейн, Ф.Эрмлер, Г.Рошаль, Э.Тиссе, Н.Черкасов, Г.Александров, С.Васи- льев, И.Пырьев, Л.Орлова, Н.Крючков, В.Марецкая жэне т.б. Орта- лық киностудия қызметкерлерімен бірігіп, М.Әуезов, Г.Мүсірепов, Ә.Тэжібаевтің қатысуымен "8- гвардиялық", "Абай өлеңдері", "Жау- ынгер үлы", "Саган, майдан" фильмдері түсірілді.

Согыс жылдары KCPO Ғылым Академиясының Қазақстандық бөлімінде астрономиялық обсерватория, тіл, эдебиет пен тарих, химия-металлургия, топырақтану мен ботаника, зоология жэне өлкетану институттары ашылды. Қ.И.Сәтбаев бастаган қазақстан- дық галымдар қара, түсті жэне жиі кездесетін металдарды, тау пай- далы қазбаларын, су жэне гидроэнергетикалық ресурстарды соғыс қажетіне қолдану бағытындағы ғылыми жүмыстар жүргізді.

Соғыс жылдары Қазақстанға жоғары оқу орындары көшіріліп, көптеген орыс-қазақ, қазақ-украина мектептері, балалар үйі мен интернаттар ашылды. Олардың ішінде — Мәскеу авиация институ­ты, Мәскеу түсті металл жэне алтын институты, біріккен Украина мемлекеттікуниверситеті болды. Сонымен бірге соғыс жылдарыАл- маты мемлекеттік шет тілдер институты, Шымкент технологиялық институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ашылды.

Кеңес халқының ¥лы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фа­шизм қаупінен қүтқарды. Қазақ халқының бүл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі эрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап "Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!" деген үранмен соғысқа аттанған ерлердің op- нын эйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерле- рінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін та- нытты.

14-тақырып СОҒЫСТАН КЕЙІНГІЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН (1946—1970 жж.)

*mmsmmmmmmmmms^^

1. Қоғамдық-саяси және мәдени өмірдегі өзгерістер

Қоғамдық-саяси жүйеде 20-жылдардың ортасында орныққан қатаң экімшіл-эміршілдік жүйе 40—50 жылдары шарықтай түсті. Бүл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тап­ты. Адамның табиғи қүқығын шектеу, үлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық-саяси жэне мэдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды. Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бүзып, мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы "Звезда" жэне "Ленинград" журналдары туралы қаулысы бүл қүбылыстың нақты дәлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жүмысын атал- мыш қаулының аясында жүргізді.

Мәскеу мен Ленинградта "Лениградтық ic", "Дәрігерлер ici" жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы "Бекмаха- новтың ici" үйымдастырылды. Е.Бекмаханов соғыс жылдары А.П.Кучкин, A.M. Панкратова, Б.Д. Греков, H.M. Дружинин жэне тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ KCP тари- хын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп үзамай сынға алынып, әсіресе, кітаптағы үлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген "Қазақстан XIX ғасырдың 20—40 жылдарында" деген көлемді еңбегі де сынға үшырады. 1950 жылы "Правда" газетіндегі "Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік түрғыдан жазу үшін" деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыптал- ды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық

Комитеті "Правда" газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, "Бекмахановтың буржуазиялық-үлтшылдық көзқарасын айыптады". Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4 желтоқсанда 25 жылға сотталды.

Е.Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жүбанов, Х.Жүмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов, Е.Смайлов, жазушы Ю.Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә.Марғүлан, Ә.Әбішев, С.Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси жэне буржуазиялық-үлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды.

1948 жылы "космополитизммен", яғни шетел мемлекеттерінің мэдениетіне коңіл болушілермен күрес науқаны басталды. Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шәңгерей, О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес эдебиетшілері — Б.Кенжебаев, Т.Нүртазин, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов үлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым Ака- демиясының президенті Қ.Сәтбаев "Едіге батырға" алғысоз жазғаны үшін "үлтшыл" атанса, М.Әуезов 1945 ж. жарық көрген "Абай омірінің жэне творчествосының биографиялық очеркі" еңбегінде Абайды "феодалдық ақындар Шортанбай, Мэшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегені үшін" қудаланады. Екі зиялыға да осын­дай орынсыз кінэлар тағылғаннан кейін, Мәскеуге қоныс аударуға мэжбүр болды. "Космополиттер" қатарына белгілі шығыстанушы, академик В.В.Бартольд та енгізілді. Оған "араб, иран, қытай мәдениеттерін жоғары көтерген" деген мағынадағы кінэ тағылды. Сонымен қатар 1946 жылы А.Маметованың "Абай Қүнанбаев" атты әдеби еңбегіне де космополиттік деген кінэ тағылып, басылым- нан алынды. 1952 жылы баспадан С.Мүқановтың "Балуан Шолақ", С.Мүқанов алғысөз жазған ҚАманжолов пен Х.Бекхожиннің "Батырлық эпосы", Қ.Сатыбалдиннің "Әлия", М.Хакимованың "Мэншүк" еңбектері қайтып алынды.

Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген үғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе түншықтырып тастады. 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады. Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ KCP Ғылым Академиясының тарих, археология, этнография институтын, тіл жэне мэдениет институтын, Кеңестік жазушылар Одағын "үлтшылдардан" тазалау саясаты тоқтатылды. 1953 жылы мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар, жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі, Сталиннің жеке басына табыну мэселелері төңірегінде алғашқы пікірлер ай- тыла бастады. Кезінде ОГПУ, НКВД-ні басқарып, әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Бе­рия ату жазасына кесілді. "Үштіктер", "Бестіктер", "Ерекше кеңес" жойылып, ГУЛАГ МҚК-не берілді. Л.П.Берияның қылмыстық ic- эрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияланды- py жолындағы маңызды кезең болды. Бірақ бүл — әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын.

Сотталған адамдар бүрынғыша лагерьлерде отырды, ал адам қүқығының аяққа басылуына Сталиннің өзі сияқты қатысы болған көптеген саяси қайраткерлер жоғарғы өкімет орындарын- да отыра берді. 1954 жылы Қазақстандағы тың жэне тыңайған жерлерді игерудің басталуы республикадағы қоғамдық өмірге үлкен эсерін тигізді. Тың жерлерді игеру науқаны барысында кад- рлар өрескел түрде алмастырылды. Он жылдың ішінде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы алты рет өзгертілді. Бірінші хатшы Ж.Шаяхметовтың орнына KCPO мәдениет министрі П.Понаморенко тағайындалды. Ал үкімет басындағы Н.Оңдасынов орнына Д.Қонаев келді. 1955—1957 жыл­дары Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің екінші хат­шысы қызметін атқарған Л.И.Брежнев П.Понаморенконың орнына көтерілді. Кейінгі басшылар: Н.И. Беляев (1957—1960), ДА.Қонаев (1960—1962), И.Юсупов (1962—1964) болды. Бүл науқан барысын­да тағайындалған басшылардың көбі қазақ тарихын, үлттық табиғи ерекшеліктерін білмейтін. Сондықтан науқан нәтижесі экологиялық, демографиялық, рухани зардаптар алып келді.

1956 жылы 14 ақпанда Мәскеуде КОКП-ның XX съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комите- тінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін эшкерелеп, талдау жасауға тырысты. "Жеке басқа табынушылық жэне оның салдары" туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жар­ты жылдан кейін, 30 маусымында "Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою" жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің XX съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу" туралы баяндамасының толық мэтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді.

Тарихта "жылымық" деп аталып жүрген 1954—1964 жыл­дары біршама басшылықтың үжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес жэне қоғамдық үйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бүл шаралар біршама ой еркіндігін туғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерьлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қай- раткерлері ақталды. 1930—1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953—1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, ¥лы Отан соғысы жылдары жау басып алған аумақтарда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мүқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрущев пен оның төңірегін- дегілердің Сталиндік тэртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз сотталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Pe- сейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік үлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтаңдақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтүрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жүмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов жэне т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси эділ баға берілген жоқ. ¥лттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау жэне тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта қүрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-эрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға үшыраған башқүрттар, қалмақтар, шешендер, ингуш- тар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта қүруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тыйым салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет