Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет38/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60

Сталин басшылығымен қазақ зиялыларына тағылған айыптау ай- дарлары "үлтшылдықпен" шектелмеді. Сонымен қатар қазақ байла- рын тэркілеу саясатын қолдамай, керісінше қазақ қоғамы сілкіністен гөрі көмекке зэру деген көзқарастағы қазақ қайраткерлерінің пікірлерін айыптау кең етек алды. 1929 жылы партиялық үштіктер арыз айту бюросының қызметін күшейтіп, барлық салада партия нүсқауымен "оңшыл жэне солшыл оппортунистік уклонмен" күресу жүмыстарын өте қарқынды түрде жүргізді. 7 партия конференция- сында "солшыл жалаудың тасасына жиі-жиі жасырынатын оңшыл- байшыл ағым делінетінмен" күресуге партия үйымдарын шақырады. Қазақстанда "оңшыл ағымға" Голощекиннің ауылда "Кіші Қазан" төңкерісі қажет деген пікіріне қарсы шыққан С.Сәдуақасов жэне оның пікірлестері жатқызылды.

Ал енді Қазақстанда қазақ кеңес жэне партия қайраткерлерін троцкизмге айыптау Троцкийдің 1928 жылы Алматыға жер ауда- рылуына байланысты деуге болады. Алайда троцкистік оппозицияға қазақ қайраткерлерін жатқызу көңілге мүлде қонымсыз еді. Себебі, қазақстандық саяси қайраткерлер троцкизм түрмақ элі толық марксизм-ленинизм идеяларын толық меңгермеген еді. Осыған қарамастан 7-партия конференциясында С.Сэдуақасов, Сүлтанбеков жэне Мүстамбаевтар "троцкистік оппозицияның төңірегіне топ- тасқан негізгі ядро" ретінде айыпталды.

Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған айыптаулардың ішінде большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы бағытталған күресі ең қатал жэне ымырасыз болды. Егерде 1920 жылдардың орта кезіне дейін большевиктер Алаш зиялыларына қарсы күресте эртүрлі ай- ыптаулармен ғана шектелсе, одан кейінгі кезеңде ол өте-мөте қатал жаппай саяси қуғынға үласты. Алаш зиялыларына қарсы күрестің жандаиуыиа 1925 жылы 29 мамырда Сталиниің Қазақ өлкелік пар­тия комитетінің бюросына өлкелік "Ақ жол" газетінің үстанған бағытын айыптап арнайы жазған хаты себеп болды. Ол хатта газет бетіндегі жарияланған мақалалардың бүл кезде шет елде эмиграци- яда жүрген M. Шоқайдың ойымен "үндес жэне пікірлес екенін, яғни алашордашыл, үлтшыл идеяларды жаңғыртатыны" атап көрсетілді. Сондай-ақ алдағы уақытта осындай көзқарастағы партияда жоқ зиялы қауым өкілдерін жастарды тәрбиелеуге жібермеу ескертілді. Көп кешікпей-ақ, 1926 жылы болған партия конференциясында Ф. Голощекин басында A. Байтүрсынов, Ә. Бөкейханов, M. Дулатов сияқты қазақ зиялылары түрған үлттық қозғалысты "реакцияшыл, тіптен контрреволюцияшыл" деп бағалады.

Кеңес өкіметінің өлкедегі эртүрлі айыптау науқаны жап­пай саяси қуғын-сүргінге үласты. Қуғын-сүргінді үйымдастыру кезеңі 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың ортасы бол- ды. Большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы саяси қуғынды бастауының негізгі себебіне тоқталсақ, ол мынандай жағдайға бай­ланысты болды. Большевиктер ipi байларды тәркілеуге байланысты бас көтерулерді үйымдастырушылар деп қазақ интеллигенциясын айыптап, оларға қарсы шабуылды бастады. Соның нәтижесінде 1928- жылдың аяғында қазақтың ipi ағартушылары, әдебиетшілері, эртүрлі саладағы зиялылары жэне Алашорда қайраткерлері A. Бай- түрсынов, M. Жүмабаев, M. Дулатов, Ж. Аймауытов, X. Ғаббасов жэне т.б., барлығы 44 адам қуғындалып, түтқындалды.

1930 жылдың қыркүйек, қазан айларында үлттық интел- лингенцияның екінші бір тобы (40-қа жуық адам), қүрамында X. жэне Ж. Досмүхамедовтер, М.Тынышпаев, Ж. Ақпаев, Ә.Ермеков жэне өзге де зиялы қауым өкілдері бар, түтқындалды. Көп кешікпей олардың 15-і (X. жэне Ж.Досмүхамедовтер, М.Тынышпаев, ЖАқпаев, К.Кемеңгеров жэне басқалары) Ресейдің Орталық қара топырақты ауданына жер аударылды. Мүндай іс-әрекеттердің барлығы большевиктердің өздеріне идеялық жағынан қарсылық көрсете алатын зиялылардан қүтылу жолы екенін байқатады.

Болшевиктік тэртіп нығайған сайын қоғамдық өмірді толық бақы- лауға алу күшейді. 1930 жылдардың ортасындағы қоғам мүшелеріне қарсы үйымдастырылған қуғын-сүргін — жазалау саясатын жаппай халыққа қарсы бағытталған террор деуге болады. Жаппай қуғын- сүргінді үйымдастыру үшін большевиктер социализм жеңісі күш алған сайын тап күресі шиеленіседі деген түжырымды желеу етті. Елді жаулардан тазарту процесі кезінде большевиктер неше түрлі "террористік үйымдардың" бетін ашты. Әртүрлі қыспақ пен қысым жасау нәтижесінде террористік үйым мүшелері өздерінің күнэларын мойындап шыға келді. Мысалы, 1936 жылы тамызда троцкистік- зиновьевтік террористік орталық жөнінде ашық процесс болды. Бүл ic бойынша Г.Е.Зиновьев, Б.Каменев, Г.Е.Евдокимов, барлығы 16 адам жауапқа тартылды. Жауапқа тартылғандарға С.М.Кировты өлтіруді үйымдастырды жэне оны жүзеге асырды, Сталиннің өміріне қастандық даярлады, диверсия, шпиондық әрекет жасады деген кінэлар тағылды.

Жаппай репрессия толқыны Қазақстанды да қамтыды. Қазақ- станда бір жылдың ішінде үш ic қарастырылды. Олар Үржар, Пресновка жэне Қарағандыдағы "контрреволюциялық үлтшыл- фашистік залалдық үйымдардың" істері болды. Ең алғашқы ic Қарағандыдағы сот ici болды. Ондағы айыпталушылар тізімінде округтік партия үйымының хатшысы M. Гатаулин, мүшелері

А. Асылбеков, H. I Іұрссйітов болды. Олардың негізгі кінэсі — батылдылығы мен принципшілдігі. Сонымен қатар Гатаулин 1932 жылы Сталинге жазылған "Бесеудің хаты" авторларының біреуі болып табылады. Олар 1937 жылы қарашада өткен сот процесінде өздерінің "Мэскеудегі "троцкистік орталықпен" қалай байла- ныс орнатып, олардың тапсырмасын Қазақстанда қалай жүзеге асырғандарын" мойындады.

Кейін халық жауларын түсті металлургиядан, темір жол транспор- тынан, жерхалкомынан, байланысхалкомынан жэне т.б. жерлерден анықтап, жауапқа тарта бастады. Партия кеңес қайраткерлерінің тізімін Н.Нүрмақов (БОАК президиумының жауапты қызметкері), Т.Рысқүлов (РКФСР XKK төрағасының орынбасары) Мәскеуде үсталып бастаса, кейін ол тізімді Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы A. Асылбеков, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы Н.Нүрсейітов жалғастырды. Өлкенің партия жэне кеңес қызметкерлерін айыптап жауапқа тарту ша­ралары нәтижесінде көрнекті қайраткерлер: K. Сарымолдаев, У. Қүлымбетов, Г. Тоғжанов, А. Лекеров, А. Розыбакиев, Ж. Садуақасов, И. Қүрамысов жэне т.б. үсталып, ату жазасына немесе лагерьлерге үзақ мерзімге айдалды.

Тіпті орталықта не болып жатқанын білмейтіндер тағылған айыптардың еш дәлелсіздігіне қарамай жазаланды. Мәселен, 1938 жылы 27 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрамдық бес азамат "Киров жолдасқа қастандық жасаушылармен ауыз жаласқан саяси қылмыскерлер" болып шығады. Жауап алу барысында Сай- рамда "буржуазияшыл-үлтшыл топтың" 12 мүшесі анықталып, ол топ "облыстық үйыммен", облыс "республикалық топпен байланы­сты", ал олардың барлығы "Мәскеумен тоғысты" деген қорытынды жасалады жэне үштіктің шешімімен "қылмыскерлер" атылады.

Тергеу ісінің материалдары көрсеткендей айыпталушыларға байланысты қылмыстық-процессуалдық кодекс дөрекі бүрмалан- ған. Оның бүрмаланғанын төмендегідей дэлелдер көрсетеді: тергеу жүмысы қылмыстық ic қозғау туралы қаулысыз жүргізілген жэне айыпталушылар ешбір негізсіз жэне прокурордың рүқсатынсыз қамалған. Айыпталушыдан жауап алдын ала кінэлі адам ретіндегі көзқарас түрғысынан алынған жэне көптеген айыпталушыларға ешбір белгілі кінэ тағылмай, олар айлап тергеусіз ОГПУ-дің түрмелерінде жатқан. Ал тергеу аяқталған соң айыпталушылар тергеу материалдарымен таныстырылмаған. Айыпталушылар қорғаушы пайдалану қүқығынан айырылған. Ic осындай деңгейде, ешбір бекітілусіз, сот емес органдарға жіберілген жэне олар сырттан үкім шығарған.

Жаппай репрессия саясаты нәтижесінде қазақ халқының ең таңдаулы азаматтары, тіпті, олардың ішінде кеңес өкіметін орнатуға қатысқан A. Айтиев, C. Арғыншиев, T. Рысқүлов, H. Сырғабеков сияқты қайраткерлер де атылып кетті.

Жалпы сталиндік қуғын-сүргін көлемі элі толық анықтала қой- ған жоқ. Кей деректерде 1937—1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмелерге түсіп, 22 мыңы атылды десе, басқа деректер 1930—50 жылдары 100 мыңнан астам адам репрессияға үшырады, оның ішінде 20 мыңнан астамы атылғанын айтады.

Большевиктік жаппай репрессия саясаты кезінде жекелеген адамдар ғана емес, кішігірім халықтар да қуғын-сүргінге үшырап, жазықсыз жапа шекті. Ондай жапа шеккен халыққа корейлер жата- ды. Қазақстандық корейлердің негізгі бөлігі кезінде Қиыр Шығыс өлкесінен жер аударылды. Олардың жер аударылу себептерін KCPO XKK-i мен БК(б)П Орталық комитеті бірігіп шығарған "Корей хал- қын Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық аудандарынан көшіру тура­лы" қаулысы бір ауыз сөзбен: "Қиыр Шығыс өлкесіне жапон шпи- онажының еніп кетуіне жол бермеу мақсатында..." — деп жауап береді. Қаулыда оларға өздерімен бірге заттарын, дүние-мүліктерін ала кетуге рүқсат етілді. Тіпті, оларға шет елге кетуді қалайтындарға кедергі жасамау, шекарадан өтуді оңайлату тэртібіне жол беру қажеттілігін де көрсетті. Көшкенде қалдырып кетуге мэжбүр болған дүние-мүліктің жэне егіс алқабының шығынын оларға қайтару шарасы да атап көрсетілді. Алайда айтылғандар тек сөз жүзінде қалды. Көшкен корейлер тек киім-кешек пен азық-түліктерін ғана алып шыға алды. Олар сонымен бірге шекара әскерлерінің жэне НКВД-нің тікелей бақылауында болды. Корейлер Қазақстанға кел­ген соң да күдікті саналып, бақылауға алынды жэне қуғын-сүргінге үшырады.

Қазақстан картасында Карлаг деген ерекше тәртіптегі Қарағанды еңбекпен түзеу лагері пайда болды. Тоталитарлық тэртіп туындатқан тағы бір лагерь — Алжир деп аталды. Жаппай репрессияға үшыра- ғандардың отбасы да қуғындалды. Алжир лагерінде осы қуғынға үшырағандардың әйелдері үзақ жылдар бойы мерзімдерін өтеп отыруға мэжбүр болды. Кеңес үкіметі жүргізген қуғын-сүргін са­ясаты нәтижесінде осы қуғынға үшырағандарды орналастырып, оларды бақылайтын басқару органы ГУЛАГ пайда болды.

Елдегі осындай қуғын-сүргін мен қорқыныш күш алып түрған жағдайда KCPO жаңа Конституциясының жобасы талқыланып, 1936 жылы 5 желтоқсанда қабылданды. Конституция елде социа­лизм орнағанын жария етті. KCPO жаңа Конституциясы одақтас республикалар санын көбейту мүмкіндігін арттырды. Соған сәйкес Закавказ республикасы таратылды. Азербайжан, Армян, Грузин республикалары енді KCPO қүрамына тікелей енді. Қазақ жэне Қыр-ғыз автономиялық республикалары одақтас республикаларға айналды. Қазақ республикасының мэртебесінің өзгеруіне байла­нысты жаца Конституция жасау қажет болды. 1937 жылы 3 ақпанда жаца Конституция жобасын ҚазОАК-ніц Президиумы қолдады. 1937 жылы 21—26 наурызда Алматыда Қазақстан кецестерініц X съезі өтті. 1937жылы 26наурыздасъездҚазақКСР-ныцКонституциясын бекітті. Мемлекеттік биліктіц ец жоғарғы органы торт жылға сайла- натын Қазақ KCP Жоғары Кецесі болды. Жоғарғы Кецес озініц Пре- зидиумын сайлады жэне республика үкіметі — Халық Комиссар- лар Кецесін (XKK) қүрды. Конституцияда республика аумағыныц түтастығы негізделді. Қазақ КСР-ныц эрбір азаматы KCPO азаматы болып табылды.

Сонымен, қорыта айтқанда, 20-жылдардыц аяғы мен 30-жылдары экімшіл-эміршіл большевиктік тэртіп қоғамдық-саяси омірдіц барлық саласында үстем болды. Әсіресе, Қазақстанда бүл тэртіптіц оте үсқынсыз, қатыгез формалары үжымдастыру мен 1937—1938 жылдардағы саяси репрессия кезецдерінде күш алды. Кецес үкіметі, яғни халықтыц үкіметі, сол халықтыц озіне қарсы қуғын-сүргінді үйымдастырып, жазықсыз ату-асу жазаларын қолданды. Елде боль­шевиктер басшылығымен халыққа қарсы жаппай "үлкен террор" үйымдастырылды.

13-тақырып ҚАЗАҚСТАН EKIHLUIДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖӘНЕ ҮЛЫ OTAH СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА

жшттшттшшшшшшшмшшжжм'

  • Қазацстандыцтардың маіідандагы ерліктері

  • Республика экономикасын согыс мүддесіне багындыру

  • Халыцтың тылдагы ерлігі

1. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері

30- жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік жэне халықаралық қатынастарын шиеле- ністірді. Бүл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі — Германияда орнаған фашистік тэртіп еді. Батыс мемлекеттері тара­пынан үйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашнстік мемлекеттер — Герма­ния мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ қүруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды.

Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польша- ны жаулап алуымен басталды. Франция мен Англия Германияға қарсы соғыс ашқанын хабарласа, KCPO осы жылы Германиямен 10 жылдық бейбіт келісімге қол қойды. Бүл қүжат тек 1989 жылы алғаш жарияланды. Қүпия келісімге сай 1939 жылы Германия мен KCPO Еуропадағы билік жүргізу аймақтарын бөліп, жаулап алу шараларын бір мезгілде бастайды. Осының нәтижесінде Германия Польшаны басып алғаннан кейін, Кеңестер Одағына Польшаның 12 млн. халқы орналасқан 200 000 шаршы км. жері өтті. Кейінірек бүл аумақ Украина, Белоруссияға қосылды. 1940 жылы Германия Францияны басып алғаннан кейін Литва, Латвия, Эстониядағы мемлекеттік билікті Кеңестер Одағы иеленіп, Литва, Латвия, Эсто­ния Кеңестік Социалистік Республикалары қүрылды. Қызыл Ар­мия Прибалтикаға кіргеннен кейін Кеңестер үкіметі Румынияға бүрын Ресей империясының қүрамында болған Бессарабия аумағын қайтару туралы ультиматум жіберді. Нәтижесінде Буковина мен Бессарабияның жарты бөлігі Украина КСР-іне, Бессарабияның қалған бөлігі Молдавия КСР-не берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет