Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет35/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60

Мүнай өндірісінен де Қазақстан алдыңғы орынға шықты. 1940 жылы мүнай өндірудің көлемі 700 мың тоннаға жетті. Мүнай өндіруден Қазақстан Одақ көлемінде 3 орынға шықты. Ембі мүнай орны игерілді. Сағыз жэне Қүлсары мүнай орындары ашылды.

Қазақстанда химия өндірісі қалыптасты. 1933 жылы қарашада Ақтобе химия комбинаты мен Аралсульфат комбинаты да іске қосылды. 1928—1940 жж. темір жолдардың өсуі 50 процентке ap- тып, оның үзындығы 6581 км-ге жетті.

Қазақстан 20-жылдардың аяғы мен 30 жылдары, өте қысқа мерзімде аграрлы елден индустриялы елге айналды. Большевиктер өлкені индустрияландыруды өте жоғарғы қарқынмен жүргізді. Мы- салы: Одақ көлемінде мүнай өндіру 1926—1940 жж. 3 ece көбейсе, Қазақстанда — 5,9 ece көбейді; көмір өндіру Одақ бойынша 5,7 ece артса, Қазақстанда ол 77,4 есеге артқан; электр қуатын өндіру Одақ көлемінде 23,7 ece артса, Қазақстанда — 486 ece артқан, яғни одақтық көлемнен 20 еседен артық болған; темір жолдар салу Одақ бойынша 1,4 есеге, ал Қазақстанда — 3,1 есеге артқан.

Қазақстанда индустрияландырудың өте кең көлемде жэне жоғарғы қарқында жүзеге асырылуы инженер-техникалық ма- ман кадрларды қажет етті. Әсіресе, 1933—1934 жылдары өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы жаңа қүрал-саймандармен, машиналармен қамтамасыз етілді. Оларды игеру үшін маман кад- рлар қажет болды. Бүл мәселені шешу үшін қысқа мерзімді кур- стар, фабрика-зауыт мектептері, техникалық минимум үйірмелері ашылды. Өнеркәсіп орындары шоғырланған қалаларда орта мамандандырылған оқу орындары ашылды. Жоғары дәрежедегі маман кадрларды даярлау үшін республикада Қазақ мемлекеттік университеті, Тау-металлургия институты сияқты алғашқы жоғары оқу орындары ашылды. 1933—1937 жылдары жоғары оқу орында­ры мен техникумдар 13 мың маман кадрларды даярлады. Соны­мен қатар республиканың өндіріс орындары үшін маман кадрлар­ды Рессейдің орталық аудандарындағы жоғары оқу орындарында даярлады. Алайда айта кететін бір жэй, Кеңес үкіметі өте күрделі инженер-техникалық маман кадрлар даярлайтын жоғары оқу орын- дарын республикада ашпады. Бүл мәселеде республика орталыққа тәуелді болды.

Қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өндіріс орын­дары салынбады. Өлкені индустрияландыру барысында өнеркәсіп өндірісінің жүрегі болып саналатын машина жасау бағыты, оның жетекші салалары: станок жасау, автомобиль шығару, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мүлде қамтылмады. Республи- каны индустрияландыру тек шикізаттық бағытта болды.

Осындай сипатта жүргізілген өлкені индустрияландыру саясатының қазақ халқы үшін салдары да болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық дәстүрі толық өзгерді, өнеркэсіп саласының өркендетілуі ауыл шаруашылығы өнімдеріне қарағанда өнеркэсіп өнімдері үлесінің көбеюіне экелді. Екіншіден, қала халқы санының артуына, қалалардың урбанизациялануы мен күшеюіне әкелді. Қала халқының жартысы дерлік (47,5 %) 50 мыңнан астам халқы бар қалаларда жинақталды. 1928—1939 жж. Қазақстан қалалары түрғындарының санының көші-қонымның нәтижесін- дегі механикалық өсуі 1,8 млн адамнан асты. Үшіншіден, көші- қонымның нәтижесінде демографиялық өзгерістер болды, яғни Қазақстан көп үлтты республикаға айналды. Большевиктер өлкеге жүмысқа басқа үлттардың алдыңғы қатарлы өкілдерін экелді деуге болмайды. Себебі, кеңес үкіметі эртүрлі қылмысы үшін сотталып, түрмеде отырғандардың еңбегін арзан жүмыс күші ретіиде иайдалаиды. Сонымеи қатар индустрияландыру саяса­ты республикада жергілікті үлт өкілдерінің санының азаюына да әсер етті. Төртіншіден, индустрияландыру саясаты нәтижесінде өлкедегі үлтаралық қарым-қатынас шиеленісті. Оның себебі, Орталықтан әкелінген еуропалық үлт өкілдерінен шыққан пар­тия, кеңес қызметкерлері мен жүмысшылар қазақ қызметкерлері мен жүмысшыларына менмендікпен жоғарыдан қарады. Мүндай көзқарас туралы фактілерді қүжаттардан көруге болады. Больше­виктер, сонымен қатар ipi өндіріс орындарының басшылығына жергілікті үлт өкілдерін жібермеуге тырысты. Орталық үкіметтің нүсқауын бүлжытпай орындайтын адамдарды орталықтан жіберіп отырды.

Қорыта айтқанда, большевиктер индустрияландыру саясатын жүзеге асыру нәтижесінде өлкенің экономикалық даму үрдісіне толық өзгеріс әкелді. Бүрынғы кезеңде жетекші орында болған ауыл шаруашылығы, әсіресе, көшпелі мал шаруашылығы жэне оның өнімдері эрі қарай дамытылмай, дағдарысқа үшырады. Оның себебі, большевиктік саяси басқару жүйесі өлкенің экономикалық даму- ының бағытын өзгертті, яғни халық шаруашылығының жетекші саласы етіп өнеркәсіп өндірісін белгіледі жэне оның қарқынын жеделдетті. Кеңес үкіметі экономикалық дамудың объективті заңдылықтарын мүлде жоққа шығарды. Халық шаруашылығының барлық саласы әкімшіл-әміршіл большевиктік басқару эдісіне бағынышты болды. Өлкенің бүл кездегі өнеркэсіп өндірісінің да­муы шын мэніндегі индустриялық даму жолымен жүргізілмеді. Кеңес өкіметі республиканы тек шикізат көзі етіп пайдаланды. Сөйтіп, большевиктер патшалық Ресейдің өлкені экономикалық түрғыдан отарлау саясатын одан эрі жалғастырды.

3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ркымдастыру



Большевиктер ЖЭС аясында шаруа қожалықтарын біртіндеп кооперативтендіру арқылы ауыл шаруашылығын социалистік жол- мен қайта қүруды көздеді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік түрғыдан еріксіз күштеу арқылы емес, керісінше экономикалық қажеттіліктен туындайтын қозғалыс болу керек еді.

Алайда, большевиктер қазақ ауылында әлеуметтік теңсіздікті жою мақсатында шабындық жэне жайылымдық жерлерді бөліске салды. Ф. Голощекин: "Жайылымдық жерді бөлу деген не?" дей отырып, бүл науқанға зор екпін беру үшін жэне өз төңірегіндегі большевиктерді жігерлендіру үшін "Бүл кіші Қазан" — деді.

Қазақстан Орталық Атқару Комитеті (ҚОАК) жэне Халық Комиссарлар Кеңесі (XKK) 1926 ж. 20 мамырда "Жерге орна- ласпай жерді пайдаланатын көшпелі жэне жартылай көшпелі аудандардың шабындық жэне егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы" заң қабылдады. Оған сол кездегі Халық Комиссар- лары Кеңесінің төрағасы жэне Орталық Атқару Комитеті төрағасы қызметін уақытша атқарушы H. Нүрмақов қол қойды. 1927 ж. 3 ақпанда бүл заңға ішінара толықтыру енгізілді. Онда шабындық жэне жайылымдық жерлер жан басына қарай бөлінетінін, мүндай бөлініс мүмкін болмаған жағдайда үй басына қарай бөлінетіні ту­ралы атап көрсетілді. Бүл жүмысты жоғарыдан жүргізу Қазақстан- ның Егіншілік халық комиссариатына тапсырылды жэне бүған жоғарғы қарқын беру үшін губерниялық, уездік жэне округтік атқарукомитеттері жанынан ерекше жедел "бестіктер", ал болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер жанынан "үштіктер" үйымдастырылды. Конституциялық түрғыдан мүндай заңсыз қүрылған бүл "бестіктер" мен "үштіктер" қүрамдары жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерде бекітілді. Шабындық жэне жайылымдық жерлерді бөлу науқанына байланысты қүрылған бүл төтенше жэне заңсыз органдар Кеңес үкіметінің басқа да ша- раларын жүзеге асыруда таптырмас эдіс болды. Қазақстанда боль­шевиктер 1926—1927 жылдары 1250 мың десятина жайылымдық жэне 1360 мың десятина шабындық жерлерді бөлді. Бөлінген шабындық жердің 61,6 %-ін кедейлер, 8,8%-ін ауқаттылар алды. Ал жайылымдық жердің 59,3% кедейлерге, 31,7% орташаларға жэне 9% ауқатты қожалықтарға берілді.

Ф.Голощекин алғаш "Кіші Қазан" төңкерісін бір ғана әлеуметтік- саяси науқанмен, яғни шабындық-жайылымдық жэне егістік жерлерді қайта бөлумен аяқтай аламын деген пікірде болды. Боль­шевиктер жерге орналастыру жөніндегі бүл шара, әсіресе ауылдағы байға өте тиімді болып отырған жерді дәстүрлі қауымдық (рулық) пайдалануды жояды деп есептеді.

Алайда Ф.Голощекин бастаған Қазақстан большевиктерінің қазақ қоғамына байланысты жүргізген бүл шаралары қазақ ауылында Кеңес өкіметінің жеңісін қамтамасыз ете алмады. Оның себебі, бүл реформа алғашқы кезден-ақ қате түжырымдарға негізделген еді. Біріншіден, қазақтың дәстүрлі шаруашылық жүйесі сақталып отырған жағдайда шабындық жэне жайылымдық жерлерді жэй бөліске салу еш нәтиже бермеді. Екіншіден, шабындық жэне жайылымдық жерді бөлудің өзі дәстүрлі егін шаруашылығы жүйесіндегі заңдылықтар жетегінде қалып қойды, яғни шабындық жэне жайылымдық жерлерді бөлу шаруа қожалығындағы отбасы мүшелерінің санына байланысты жүргізілді. Ал қазақтың дәстүрлі шаруашылығында, керісінше, жерді малдың санына қарай иемден- ді, яғни көшпелілер үшін жайылымға сүраныс мал басының саны­на жэне оның қүрамына байланысты болды. Үшіншіден, жартылай көшпелі аудандардағы жер бөлінісі нәтижесінде жерге ие болған ша­руалар үшін бүл кезеңде ол жерлерден келер пайда жоқ еді. Себебі, ауылдағы кедей шаруалардың қожалықтары ғана емес, тіпті орта шаруа қожалықтары да бүл кезеңде ауылшаруашылық қүрал сай- мандарына, егетін түқым жэне т.б. заттарға өте зэру болды. Мыса­лы, 1928 жылы республикада 1927 жылғы есеп бойынша 800 мың қазақ шаруа қожалықтары бар болғаны 124 мың өте қарапайым еңбек қүралдарына ие болды. Олар 54 мың соқа, 0,5 мың түқым себетін машина, 13,5 мың шөп шабатын шалғы, 9,4 мың тырма т.б. Бүл еңбек қүралдары сан жағынан алғанда көлге тамған тамшыдай ғана еді жэне оның сапасы да өте төмен болды. Тіпті әлеуметтік түрғыдан келгенде Петропавл округінде еш қүрал-сайманы жоқ ша­руа қожалығының мөлшері 95,5%, ал орта шаруа қожалықтары 83,2 % болса, Павлодар округінде 99,45% жэне 85,8 5%, Қызылорда округінде 72,95% жэне 69,15% болған. Шаруашылық қүралдардың жетіспеуі, әрине, кедей қожалықтарын өз үлесінен бас тартып, бөлінген жерлерді бүрынғы иесіне қайтаруға мэжбүр етті.

1927 жылы желтоқсанда ipi бай шаруашылығын тәркілеу жөніндегі заң жобасын әзірлейтін арнайы комиссия қүрылды. 1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жо­басын бірнеше рет қарап, нақтылады. Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия үйымдастырды. Комиссияның төрағасы болып E. Ep- назаров тағайындалды, оның қүрамына О. Исаев, H. Нүрмаков, Г. Тоғжанов, 0. Жандосов жэне т. б. кірді. 1928 жылдың 27 тамызын- да Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегі заң жобасы қабылданды. Республиканың барлық аудандарына тэркілеуді өткізу жөнінде нүсқаулар жіберілді.

Заң бойынша малы, дүние-мүлкі тэркіленіп, өзі жер аударылуға тиісті ipi байларға: көшпелі аудандарда ipi қараға шаққанда 400- ден астам малы бар, жартылай көшпелі аудандарда 300-ден астам малы бар, отырықшы аудандарда 150-ден астам малы барлар жэне бүрынғы сүлтандар мен хандардың үрпақтары жатқызылды.

1928 жылы тамыздың 30-да Қазақ AKCP ХКК-нің "Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі жэне отырықшы аудандарын белгілеу туралы" арнайы қаулысы қабылданып, соған сәйкес аудандар белгіленді. Науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспар- ланды, яғни бір ай ішінде бітіру керек деп шешті. Кейінірек ол тағы 10 күнге үзартылды. 1928 жылғы 30 тамыздағы қаулыға сәйкес, со­нымен қатар тәркіленгендерді жер аударылуға тиісті аудандар да анықталды.

Тәркілеуге байланысты декретте әсіресе, көшпелі аудандардағы шаруа қожалықтарына деген қаталдық айқын болды. Осы көшпелі аудандағылардың малы тәркілеу мөлшерінен аз болған күннің өзінде де, егер бүл адамдар ауылда ықпалды болса, кеңестендіруге қауіпті элемент ретінде жер аударылуға тиіс болды. Тәркілеу тура­лы ереже бойынша жер аударылғандардың бэрі сайлау қүқығынан айырылды.

Байларды тәркілеуді жүзеге асыру үшін комиссиялар қүрылды. Уәкілдер бастаған комиссия мүшелері тэркілеу барысында кеңес үкіметінің нүсқауларын, яғни байларды тәркілеу туралы ережені өрескел бүрмалады. Ауыл белсенділері жоғарыдан келген уэкілдің қолдауымен тіпті ауқатты адамдарды да қыспаққа түсірді.

Республика көлемінде барлығы 696 "бай-феодалдар" тәркіленді. Қазақ қоғамында ipi байлардың көп болмағанын осы 1928 жылғы жүргізілген тәркілеу барысы мен оның нәтижелері көрсетіп берді. Алдын ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлар- дан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді. Бірақ үміт ақталмады, барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді: бүл белгілен- ген жоспардың 64%-і ғана. Оның себебі, алдын ала жасалынған малдың есебі дүрыс емес еді. Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мэжбүр болды. Барлық тәркіленген малдың 10,2% отырықшы аудандардан, 83,3% жартылай көшпелі аудандардан жэне 6,5% көшпелі аудандардан еді. Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға (74,3%) жэне колхоздарға (25,7%) та- ратылып берілді. Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз қүрылды.

Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тэркілеуге қарсы шықты. Олар қазақ қоғамының экономикалық деңгейінің төмен екенін, сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай, ауқатты ша­руа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді үсынды. Ал большевиктер болса бүл пікірлерге қүлақ аспай, таптық принциптерінен ауытқымай, сол мақсатқа жету жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге асырды. Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен үжымдастыру саясатының бастамасы бол­ды. Байларды тәркілеуден қазақ кедейлері материалдық жағынан да, рухани жағынан да ештеңе үтқан жоқ. Керісінше, байлардың малын тәркілеу «қайыршыланған» ауылдар халқының өсуіне әкелді. Қазақстандағы ауқатты шаруа қожалықтарын тәркілеу мал шаруашылығының даму қарқынын тежеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет