Әкімшіл-әміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біразкешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тэртіп зиялылардыбақылауын тоқтатпады. Мысалы, 1953—1954 жылдары М.Әуезовтің"Ақын аға", Қ.Шаңғытбаевтың "Намыс" жэне т.б. еңбектері басы-лымнан алынып, жариялануға тыйым салынды.
1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергі-лікті партия үйымдарына "Партия үйымдарының бүқара арасын-дағы саяси жүмысын күшейту жэне жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде" арнаулы жабық хат жолда- ды. Сөйтіп, түтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси түрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов "1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы" атты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана "Советтік шындықты бүрмалағаны үшін" жэне өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам түтқындалды. Мүндай келеңсіздіктер 60— жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959—1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы үсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім творчествосын қайта қарауға рүқсат сүрады. Бүған жауап ретінде республика ком- партиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, үлт мәселесін көтерушілермен күресті жан- дандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін үлтаралық тіл ретінде көтеру мэселесі өте маңызды болды.
Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев pec- публиканың барлық өміріне тікелей араласты. Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мэскеуге бағындырылды. Ақмола — Целиноградқа, Батыс Қазақстан — Орал облысына ай- налды.
¥лт саясатындағы бүрмалаушылықтар халық арасында, әсіресе, зиялылар мен жастар арасында түрлі наразылықтар туғызды. Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып, бүркемеледі. Осылайша, Теміртаудағы толқу — тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжа- нов, САқатаев, М.Тэтімов, М.Әуезов бас болып "Жас түлпар" атты үйым қүрды. Мақсаты — қазақ жастарының үлттық санасын ояту. Мүндай үйымдар кейінірек Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одес- сада, Ригада, Павлодарда, Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шым- кентте жэне басқа жерлерде пайда болды.
Қазақстанды орталықтан басқару үлттық егемендікті толығымен шектеді. Әсіресе, экономиканың эскери сүранысқа сай бейімделуі қоғамға теріс ықпалын тигізді. 1949 жылы 29 тамызда Семей, Павлодар жэне Қарағанды облыстарында салынған ядролық сынақ по- лигоны орны толмас адам өмірі мен экологиялық жэне қаржылықшығын әкелді. 1963 жылға дейін полигонда ашық ауада 113 жары-лыс жасалса, 1964 жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға дейін343 сынақ жасалды.
Н.С.Хрущев мемлекеттің "коммунизмге өтуіне байланысты"жаңа Конституцияның жобасын жасауды үсынғаннан кейін, 1961жылы Конституциялық комиссия қүрылады. Бүл комиссияның жо-балары 1977 жылы KCPOКонституциясын жасауда пайдаланыл-ды.
Сол жылдардағы коиституциялық заңдарда жазылғаи демократия талаптары ic жүзінде жүзеге аспады. ҚазКСР Жоғарғы КеңесіKCPO Кеңесіне бағыиды. Соиымеи бірге Жоғарғы Кеңес тек біриалатадаи түрды, яғни балама болмады. Конституцияда тэуелсіздеп көрсетілгенімен, қүқық қорғау, прокуратура органдары даорталыққа бағынды. Ал биліктің тармақтары: заң шығару, атқару,сот-тергеу, прокуратура Коммунистік партияға есеп беріп, бүйрық-жарлықтарын орындап отырған. Ешбір кеңестік заңда бүл процессзаңдастырылмағанымен, ic жүзінде экімшіл-эміршіл жүйе билікқүрды. Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдемалшақ еді. KCPO Жоғарғы кеңесіне 20 мың адамнан біреу, облыстықкеңеске 5—8 мың адамнан — біреу, аудандық кеңеске 1000 адамнан— 1 таңдау негізінде жүргізілді. Дауыс берушілер ic жүзінде депутаттарды көрмеді, білмеді. Дауыс беру тек сөз жүзінде жүргізілді.Депутаттарды халық таңдамады, жергілікті экімшілік органдар"тағайындады". Сайлаған депутаттар өз міндеттерін білмеді. Депу-таттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитеттеріне отінішретінде беріп отырды.
Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964 жылдыңқазан айында аяқталды. КОКП-ның Орталық Комитетінің Плену-мында 1-хатшы қызметіне Л.И. Брежнев сайланса, ал МинистрлерКеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды. Олардыңізін ала Қазақстан КП OK 1- хатшысы болып ДА. Қонаев сайлан-ды.
Соғыстың зардабы мәдениет саласының дамуында даүлкен қиын-шылық тудырды. Республиканың интеллигенция окілдері, мәдениетқайраткерлерінің соғысқа алынуы, мэдени мекемелер, оқу орындары мен мектептердің санының азаюы елдің мэдени даму үрдісінекедергі келтірді. Аталған кезеңде дүниеге келген шығармаларда текмайданда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен ауыл еңбеккерлерініңомірі бейнеленді. Олардың қатарына ЕМүсіреповтің "Қазақ солда-ты", Ә.Нүрпейісовтың "Курляндия", С.Мүқановтың "Сырдария", Ғ.Мүстафиннің "Миллионер" еңбектерін жатқызуға болады. Сонымен қатар республика әдебиеті жазушылар Ә.Нүрпейісовтың, Т.Ахтановтың, Б.Момышүлының, С.Мүқановтың, Ғ.Мүсіреповтің; ақындар Қ.Аманжоловтың, Х.Ерғалиевтің т.б. жаңа шығармалары- мен байыды. М.Әуезовтің "Абай жолы" романы дүние жүзіне таныл- ды. М.Төлебаевтың "Біржан мен Capa", Брусиловскийдің "Дударай", Қ.Қожамияровтың "Назугул" опералары Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді.
1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы ашылып, оның түңғыш президенті болып Қ.И.Сэтбаев сайланды. Ғылым Академиясының толық мүшелері болып көрнекті ғалымдар — М.Әуезов, Ә.Бектү- ров, М.И.Горяев, А.Қ.Жүбанов, Н.Г.Кассин, Н.Т.Сауранбаев, мүше- коррес-понденттеріне Н.О.Базанова, P.A. Барукаев, Ә.Х.Марғүлан, М.И.Усанович жэне т.б. сайланды. 50- жылдардың аяғында Қазақстан Ғылым Академиясының жүйесінде 50 ғылыми зерттеу институты жүмыс жасады. 1958 жылы Орталық Қазақстанның кешенді металлогендік эрі болжамдық картасын жасағаны жэне оның әдістемесін зерттегені үшін ғалымдар: И.И.Бек, Р.А.Борукаев, Г.Ц.Медоев, Д.Н.Казанин, Қ.И.Сэтбаев жэне басқалары Лениндік сыйлыққа ие болды.
Ал жоғары оқу орындарының қүрамына тоқталар болсақ, 50- жылдары 13 институт: Семейде — малдәрігерлік-зоотехникалық жэне медициналық, Қарағандыда — медициналық, политехникалық жэне педагогикалық, Атырауда, Қостанайда, Шымкентте жэне басқа жерлерде педагогикалық институттар ашылды.
Соғыстан кейінгі жылдарда мектепте білім беру ici тоталитарлық тэртіптің ықпалынан шықпады. Партия, комсомол жэне пионер үйымдары, мүғалімдер жас үрпақтың санасы мен мінез-қүлқын қатаң бақылауда үстады. Оқу-тәрбие процестерін саясаттандырумен қатар жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін жасанды жүргізу, оқушылардың оқуға немқүрайлы қарауы орын алды. Осының сал- дарынан 20 жылдың ішінде (1950—1970) қазақ мектептерінің саны 3891-ден 2577-ге дейін азайды, ал сабақ орыс тілінде жүретін орыс мектептерінің саны 1,5 мыңға көбейді. Қазақ тілі тек түрмыстық қолданыс дәрежесінде сақталса, орыс тілі негізгі мемлекеттік тіл ретінде қолданылды. Кітаптардың 95% орыс тілінде басылды, те- ледидар хабарларының 70% эфирде тек орыс тілінде жүргізілді. Кеңестік тэртіптің бүл қылмысының нәтижесінде қазақ халқының үлттық мәдениетінің аясы жылдан-жылға тарылып, тіпті үлттық аумаққа қауіп төнген жағдайлар орын алды.
Сонымен, қаралған жылдары республнкада интернационализмтүсінігі үстем идеологияға айналды. ¥лттық мәселелердің барлығытек интернационалдық тэрбиені жақсарту арқылы шешіледі деген түсінік негізінде үлыдержавалық шовинизм жатты. ¥лттықсалт-санадан гөрі кеңестік салт-сана үстемдікке ие болып, көбірекдэріптелді.
2. Халық шаруашылығын дамытудағы сәтсіз
реформалар
Согыстан кейінгі жылдары Кеңестер Одағында экономикалықсаясатты жаңартып, жаңа экономикалық даму жолына түсумэселелері төңірегінде эртүрлі пікірлер айтылды. 1947 жылғадейін Сталин халық шаруашылығының даму бағытына байланысты дәйекті шешім қабылдамады. ¥лы Отан соғысыныңаяқталуымен Кеңестер Одағы мен Батыс мемлекеттері арасындаорын алған алшақтық Сталиннің соғыстың алдыңғы жылдарықалыптасқан экономикалық жүйені қалауына эсер етті. Ендігіжерде кеңестік басшылар социалистік экономиканы нығайту не-гізі ретінде бірнеше бағыттарды белгіледі. Олар: ауыр өнеркәсіп,эскери өнеркэсіп кешенін дамыту; Одақтық республикалар эконо-микасын орталықтан басқару; еңбеккерлердің еңбек етуге ынта-сын арттырудың орнына мәжбүрлеу эдістерін қолдану.
Согыстан кейінгі алғашқы 1946 жыл ауыл шаруашылығы үшінқиын жыл болды. Согыстың ауыр зардаптары салдарынан Молдавия, Украина, орта қаратопырақты аудандарда, Төменгі Поволжье-де жэне т.б. аудандарда аштық орын алды. Қазақстанда орта есеп-пен 1 га-дан 4 ц. астық алынып, астық салынбаған аудандардағышығындар Қазақстан астығы арқасында толықтырылды. Осыжылғы жиналған астықтың 56% мемлекетке тапсырылған. Ауылшаруашылығындағы қиыншылықтардан арылу мақсатында 1946жылдың желтоқсанында KCPO Министрлер Кеңесі КСРО-ныңшығыс аудандарында егін егетін жер көлемін үлғайту жөніндеқаулы қабылдады. Осы қаулы негізінде егін егетін жер көлемін 10млн. га көбейту көзделді. 1950 жылы 1946 жылмен салыстырғандаҚазақстандағы егістік көлемі 1 млн. 173 000 га. артады. Осышаралардың нәтижесінен кейін Қазақстанда жиналған астықкөлемі біршама көтерілді. Бірақта егістік көлемі көбейгенімен егінегу сапасы томен күйінде қала берді. Осының салдарынан 1953жылы жоспарланған 8 млрд. пүт орнына 5,6 млрд. пүт қана астықжиналды.
Республиканыңмал шаруашылығыдаауыржағдайдаболды. 1951 жылдың өзінде ipi қара саны 4,5 млн. (1928 жылы 6,5 млн болған); жылқы 1,5 млн. (3,5 млн), түйе 127 мың (1 млн.) болды. Тез өсетін қой саны ғана 1928 жылғы санына жақындады: 1951 жылы 18036 мың қой болды (1928 жылы 18566 мың). Ауыл шаруашылығындағы қиын жағдайға қарамастан, республикадан жаудан азат етілген республикаларға көмек ретінде ақысыз 17,5 мың ipi қара, 22 мың жылқы, 350 мың қой жэне арнайы жеңілдетілген бағамен 500 мың мал жіберілді.
Ауыл шаруашылығы жүмысшыларының еңбекақысы өте төмен болды. Өйткені, мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасы өте төмен еді. Мысалы, астық бағасы өз қүнының сегізден бір бөлігін ғана жапты. 1946 жылы мемлекет 1 колхозға 143 000 сом ақша жүмсаса, 1950 жылы 170 000 сом ақша жүмсаған. Сондықтан колхозшының айлық еңбекақысы 40 сом болды, немесе тек 60% колхозшының бір күндік жүмысына 1 кг астық тиесілі болса, қалғандарынікі бүдан да төмен болған. Шаруаның колхоздан алған жалақысына күн көруі мүмкін болмағандықтан, оның негізгі күнкөріс көзі — өзінің ауласындағы жер болды. Осыған байланысты республика ауыл шаруашылығы халықтың азық-түлікке, өндірістің шикізатқа сүранысын қанағаттандыра алмады. Республика ауыл шаруашылығын дағдарыстан шығарудың 2 жолы болды. Бірінші жолы — өндірістік қатынастарды қайта қарау, нақтырақ айтқанда, осы уақытқа дейінгі жүргізіліп келе жатқан бағыттан бас тарту, жерді жеке меншікке беру, нарықтық қатынасқа көшу, осы арқылы ауыл еңбеккерлерінің өз еңбегінің нәтижесіне ынтасын арттыру. Екінші жолы — ауыл шаруашылығын дамытудың экстенсивті жолы, яғни осы уақытқа дейін жүргізіліп келген бағытты сақтай отырып, оны жеделдету жолы.
1953—1964 жылдары КОКП ОК-нің бірінші хатшысы жэне Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.С.Хрущев түсында ауыл шаруашылығының қатаң басшылығынан, орталық жоспарлауды колхоздар мен совхоздардың тәуелсіздігімен үштастыруға бағыт- талған талпынушылық байқалды. Оның негізі 1953 жылы КОКП ОК-нің қыркүйек Пленумының шешімдері болып табылады. ¥лттық табыс ауылдық жерлердің пайдасына бөліне бастады, салық саясаты өзгерді, ауылшаруашылық өндірісін сатып алу жэне дайындау бағалары көтерілді. Сталиндік қатаң бақылаудан бас тарту көп үзамай-ақ өз нәтижесін бере бастады.
Бірақ та бүл кезеңдегі аграрлық саясат түрақты болмады. 1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатыстытың жэне тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Қазақстанбасшылығы бүл бастаманы қолдай қоймады. Осыған байланысты,1954 жылы 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумындабірінші хатшы Ж.Шаяхметов, 2- хатшы Л.И.Афонов босатылып,олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К.Понаморенко жэнеЛ.И.Брежнев сайланды. Жергілікті жердің қазақ басшылары сынғаүшырап, үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1- хат-шылары ауыстырылды.
Бүрынғы Кеңестер Одағы, оның ішінде Қазақстанда тың жэнетыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен түрады: 1) 1954—1955жж. 2) 1956—1958 жж. 3) 1959—1965 жж. Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік облыстарда жүздеген совхоз орталықтарысалынды. Әміршіл-әкімшіл басшылыққа совхоздар тиімдіболғандықтан, тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа совхоз үйымдастырылса, 1955 жылдың соңына қарай олардың саны631-ге жетті. Ал 1958 жылдың ақпан айынан бастап колхоздарсовхоздарға, МТС-тар жөндеу станцияларына айналдырыла бастады. Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге респу-бликалардан 640 мың адам көшіріліп әкелініп, Қазақстанда 18 млн.га. тың жер, немесе бүрынғы Одақтағы жыртылған жерлердің 60,6%игеріліп, республикадағы егістік көлемі 22,4 млн. гектарға жетті.Осының арқасында 1956 жылы Қазақстан алғаш рет миллиард пүтастық алып, Ленин орденімен марапатталды. Қазақстанның эр аза-матына өндірілетін астық 2 мың кг жетті. Оған қоса тың астығысапалы болғандықтан негізінен экспортқа шығарыла бастады.