Қазақстандықтар жау тылындағы партизан қозғалысына да белсе- не қатысты. 1941 жылы KCPO OAK мен БКП(б) ОК-нің 1941 жылдың 29 маусымындағы дерективасында жау басып алған аумақтарда жау армияларының бөлімшелерімен күресу үшін партизан отрядтарын қүру көзделді. Осы жылдың 18 шілдесінде БКП(б) OK "Германия әскерінің тылында күрес үйымдастыру" туралы қаулы қабылдап, партизан қозғалысын үйымдастырды. 1941 жылдың жазынан бастап жаутылындажабдықталабастағанпартизанүйымдарықүрамындағы жауынгерлер саны 1943 жылдың соңында 1 миллионға жетті. 1942 жылдың мамырында Қызыл Армия мен партизан қозғалысының үштасуын қадағалайтын Орталық, кейінірек республикалық жэне облыстық партизан қозғалысы штабтары қүрылды.
Енді партизан қозғалысы қатарында жаумен шайқасқан қазақстандықтар қүрамына тоқталайық. Украина аумағындағы партизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық жаумен шайқасты. Атап айтсақ, М.И.Шукаевтың партизан отряды қүрамында 79 қазақ, ¥лы Отан соғысының Батыры СА.Ковпактың партизан отрядында 70 қазақстандық болды. Ленинград облысы аумағындағы партизан бірліктері қүрамында 220, ал Белоруссия аумагында 1,5 мыңға тарта қазақстандықтар жаумен шайқасты. Қазақстандық партизандар жа- умен шайқаста үлкен ерлік танытты. Мысалы, 1941 жылы Киев облысы, Македон селосында жасырын партизан орталығы қүрылады. Бүл орталыққа соғысқа дейінгі жылдары Павлодар облысында оқытушы қызметін атқарған Қасым Қайсенов коммунистік жолда- мамен жіберіледі. 1942 жылы Қ.Қайсенов Чапаев атындағы партизан отрядтарының командирі сайланып, Украина аумағында жаумен шайқаста үлкен ерліктер көрсетті. Қ.Қайсеновпен қатар Украина аумағында Қарағанды облысынан Д.И.Сагаев, Талдықорған облысынан П.С.Шленский, Қызылордадан — Байдаулетов, Шымкент облысынан — Ж.Омаров, алматылық — А.С.Егоров жэне т.б. қазақстандықтар эртүрлі партизан қүрылымдары қатарында шайқасты. Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке "Халық Қаһарманы" атағы берілді.
Белоруссия аумағын жаудан азат етуге де қазақстандық партизандар үлкен үлес қосты. Тек 1941 жылы Брест облысындағы Ста- росельск орманында 9 қазақстандық партизан жаумен шайқасты. Белоруссия аумағында ерлікпен шайқасқан отандас партизандар: Ф.Озмитель, ЕОмаров, Н.Қайсеитова, Н.Салықов, Х.Исмағүлов, Н.Сыдыкова, М.Стрельников, И.А.Булаев, И.Данияров, И.А.Ере- щенко, К.Темірханов, Е.Балабеков, Т.Жүмабаева жэне т.б. Смоленск облысында қүрылған партизан бірлестіктерінің қүрамы 45 үлт өкілінен түрды. Соның ішінде 2-Кляжнянск партизан брига- дасында 19, С.Лазо атындағы партизан полкінде 40, ерекше партизан бірлестігі "Тринадцать" қүрамында 48 қазақстандық болды. Смоленск облысында қазақстандық партизандар А.Шарипов, Ж.Агадилов, И.Өтебаев, М.Мүқанов, А.Төлегенов, Қ.Ахметов жэне т.б ерлікпен көзге түсті.
Жаумен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін қазақстандық партизандар эртүрлі мемлекеттік марапаттарды иеленді. А.С.Егоров пен Ф.Ф. Озмительге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Согыстан кейінгі жылдары орталық партизан штабының шешімімен тәжірибелі партизандарды шетел мемлекеттері аумағын аттандырды. Оларға партизан отрядтарын үйымдастыру тапсырыл- ды. Осы мақсатпен Қ.Қайсенов Румыния мен Чехословакияны, ал А.С.Егоров Словакияны, С.О.Төлешов, Н.Супронов, Сарсенгалиев, А.Г.Акимин — Польшаны жаудан азат етуге ат салысты. Жүздеген қазақстандық соғыс түтқындары Франция, Италия, Бельгия, Югос- лавия, Греция жэне т.б. Еуропа мемлекеттері халықтарының азаттық күресіне белсенді қатысты. Соңғы мәліметтерге сай, тек Франция, Бельгия, Италия аумақтарындағы партизан қүрылымдары қатарында 180 қазақстандық болған.
Согыстың алдында Розенберг идеясы бойынша, Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Иран, Ауғанстан аумақтарын біріктіріп ислам пан- түріктік "Гросс Туркестан" немесе "Пантуркестан" мемлекетін қүру көзделеді. Бірақ та "Гросс Туркестан" идеясы жүзеге аспа- ды. Оның орнына рейх 26 жаяу батальон, 111 рота жэне жүк тасу- шылар колоннасынан түратын Түркістан легионын қүруды жо- спарлады. 1942 жылы қүрылған Түркістан легионы қүрамында неміс әдебиеттерінде 1 миллион, тарихшы Payx 650 000 адам, ал қазақстандық мамандар 180 000 — 250 000 адам болған деген мәлімет береді. Түркістан легионын қолдаушы қазақ зиялысы — М.Шоқай Түркістан легионы қүрамындағы эскери қүрылымдарды қажет деп таппаған. М.Шоқай фашистер лагерінде зардап шеккен жандарды қайтадан майданға жіберу адамгершілікке жатпайды, керісінше, оларды Германия зауыт-фабрикаларына жіберіп, болашақ Түркістан мемлекетіне маман-кадрларды даярлау идеясын үсынады. Өкінішке орай, М.Шоқай 1941 жылы 27 желтоқсанда қайтыс болып, бүл идеясы жүзеге аспайды. Фашистер Түркістан легионы қүрамындағы бір батальонды 1942 жылы алғаш рет Воронеж майданы маңында қызыл Армияға қарсы соғысқа қатыстырады. 193 легионер соғыспай Қызыл Армия жағына шығып кетеді, ал батальон басшысы Бақыт Байжановты фашистер түтқындайды. Өйткені, легион қүрамына эскери түтқындардың басым бөлігі фашистік концлагерьлерден шығу мақсатымен ғана кірген. Олардың көбі жергілікті парти- зандармен байланысып, фашистерге қарсы партизан қозғалысы қүрамында соғысады. Майданға түскен жағдайда Қызыл Армия жағына өткен. Өкінішке орай, бүл жағдай ескерілмеген. Отанында олар "РКФСР Қылмыстық істер кодексінің" 58-1 б, 58-3, 58-9, 59-10, 58-11 баптарымен жазаланып, "сатқын" деген лақапқа ие болып, үрім-бүтақтарына дейін қудаланды. Француз тарихшысы Клод Дельпла түркістандықтар партизандық қозғалыстарға көптеп тар- тылып, үлкен ерліктер танытты дейді. Ал, неміс тарихшысы Патрик фон Мюллер олардыц қиын тағдырын аяп, свастика мен қызыл жүлдыз арасында қалғандар деген сипат береді.
Қорыта келе, ¥лы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар ca- нына тоқталайық. Согыстыц алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам түрды. Согыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. Сталиндік тэртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тәжіри- бесін пайдаланып, арнайы қүрылыс батальондарын да қүрды. Бүл батальондар Орта Азия жэне Қазақстанның жергілікті халқынан жэне қуғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан әскери комиссариат арқылы еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша эрбір төртінші қазақстандық қорғаныс жэне майдан объктілеріне тартылған. Республиканың мобилизациялық деңгейі тіиті Гермаииядаи да жоғары болды, Германия халқының 12% мобилизацияланса, Қазақстанда халықтың 24% мобилизацияланған. Мобилизацияланған халықтың 50—60% қазақ үлтынан еді. Қорғаныс, көмір, ауыр өнеркәсіп жүмысшылары соғысқа тартылудан босатылса, Қазақстан түрғындары түгелімен дерлік армияға шақырылды. Өйткені Қазақстанда шаруалар басым болды.
¥лы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бүл қолға қару алып, үрыс даласында қаза тапқандардың саны. Егер осы түстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағүрлым жоғары. Бүл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі.
Кеңестер Одағының қүрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы — ортақ Отанын қорғауда қазақ үлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
2. Республика экономикасын соғыс мүддесіне бағындыру
Соғыстың алғашқы айларында Кеңестер мемлекеті соғысқа дейінгі жылдары салынған өндіріс қуатының көп бөлігінен айы- рылды. Бүл жағдаймен бір мезгілде мемлекет экономикасын эскери өмірге бейімдеу іс-шаралары жүзеге асырылды. Қысқа мерзім ішінде республика халық шаруашылығын соғысқа бейімдеп қайта кұру қиын болды. Бірінші кезекте елдің қорғаныс мүқтажына жүмыс істейтін халық шаруашылығы материалдық жэне адам pe- сурстарымен қамтамасыз етілді. Халық шаруашылығы салала- рында негізінен эйелдер, қариялар, жасөспірім балалар еңбектенді. Соғыс уақытының талабына сай жүмыс күні үзартылды жэне еңбек демалыстары жойылды. Барлық азық-түлік пен шикізат қорлары майданға жіберілгендіктен, халық азық-түлік жэне өнеркәсіп өнімдерімен белгіленген мөлшерде ғана қамтамасыз етілді.
Соғыстың алғашқы күндерінде KCPO үкіметі жанынан эвакуация жөніндегі Кеңес қүрылды. Ал, Қазақ KCP Халық Комиссарлар Кеңесі жанынан эвакуациямен келген халықты, өнеркэсіп орындарын орналастыру жөніндегі бөлімдер ашылды. 1941 жылдың жа- зынан бастап Қазақстанға көшірілген халықты экелген эшалондар келе бастады. Қазақ Республикасына эсіресе, 1941 жылғы тамыз- желтоқсан айларында халық көп келді. 1941 жылдың аяғында тылға көшірілген 12 млн. халықтың 386492-сі Қазақстанға орнала- стырылды. Бүл көрсеткіш 1942 жылы 532,5 мыңға өсті. Жергілікті өкімет үйымдары эвакуациямен келген халықтың мүқтажын қанағаттандыруға бағытталған шараларды жүзеге асырды.
Соғыстың алғашқы айларынан бастап Қазақстанға батыс аудандардағы өнеркәсіп орындары көшіріле бастады. 1941 жылы 28 қыркүйекте Ақмолаға ең алғашқы Мелитополь станок зауыты көшіп келді. Петров атындағы мүнай жабдықтарын жасайтын за- уыт Гурьевке, Пархоменко атындағы шахта жабдықтарын жасайтын зауыт Қарағандыға көшірілді. Қазақстан аумағына көшірілген өнеркәсіптер жоспарлы түрде шикізат көздеріне жақын жерлерге орналастырылды. Ақтобе ферросплавл зауыты Запорожье фер- росплавл зауыты жабдығын, Өскемен қорғасын мырыш комбинаты, Орджоникидзе түрлі-түсті металл зауытын, Ворошилов ауыр машина жасау зауытын Алматы авторемонт зауыты қабылдады. Алматыдағы қүрылысы толық аяқталмаған авторемонт зауыты Луганск ауыр машина жасау зауытын, республикамыздың оңтүстігі Украинаныц 14 қант зауытын қабылдады.
Өнеркәсіп орындарын кошірудің екі кезеңі болды: 1941 жылдың соңынан 1942 жылдың басына дейін, 1942 жылдың басынан күзіне дейін. 1941 жылдың күзінде Қазақстанға УКСР-нен, БКСР- нен, Ленинград пен Москвадан өнеркәсіп орындары көшірілді. Тек Украинадан 70 шақты зауыт, фабрика, электростанция, депо, механикалық шеберханалар келді. Олардың ішінде Қазанның XX жылдығы атындағы станок жасайтын зауыт, № 24 зауыттың
Харьковтік үшак цехы, Днепропетровск вагон жөндеу зауыты, "Трансвязь" электромеханикалық зауыты, Пархоменко атындағы Луганск машина жасау зауыты, Киев ет комбинаты жэне т.б болды. Мәскеу жэне Мәскеу облысынан рентген, Дзержинский атындағы электротехникалық зауыт, Курчатовск мехзауыты, "Изолит" зауыты, "Красный факел" зауыты көшірілді. Тек Гурьев арқылы 1942 жылы тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанға 24 000 тонна эр түрлі өнеркәсіп жабдықтары көшірілді.
Жеңіл өнеркәсіп орындары да Қазақстан, Орта Азия аумақтарына көптеп көшірілді. Атап айтқанда, Киев, Азов, Артемов аяқ-киім фабрикалары негізінде Семей аяқ-киім фабрикасы, "Парижская коммуна" аяқ-киім фабрикасы негізінде Қарағанды, Қызылорда, Алматы аяқ-киім фабрикалары қүрылды. Қазақстанға 53 жеңіл өнеркәсіп орындары көшірілді. 20 шақты машина жасайтын, металл өңдейтін, аз литражды двигатель, радиоприбор, таразы, тігін ма- шинасын жасайтын зауыттар әскери жабдық, қару-жарақ шығаруға негізделіп қайта қүрылды. Көшірілген өнеркәсіп орындарымен бірге республикаға 3200 тау-кен мамандары, 200 Донбасс шахтасының қүрылысшылары, Воронеж, Луганскіден 2000 машина жасаушы мамандар, 1000 теміржолшылар, 7000-ға тарта инженер-техник мамандары қоныс аударды. Жау уақытша басып алған жерлердегі өнеркәсіп орындары Қазақстанға көшіріліп, орналастыру шаралары 6 айға созылды.
Отанға төнген қауіп Кеңестер Одағының барлық үлттары мен халықтарын тығыз біріктірді. Согыстың алғашқы күндерінен бастап Қазақстан еңбекшілері жоғары үйымшылдық көрсетіп, Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін еңбектенуді басты мақсаты деп шешті. 1941 жылдың 16 тамызында БКП (б) ОК-мен KCPO XKK По- вольжье, Орал, Батыс Сібір, Қазақстан жэне Орта Азия аудандары- на 1941 жылдың 4- тоқсанына жэне 1942 жылға арналған жоспарды бекітті. Бүл жоспар бойынша әскери техника, жабдықтар, оқ-дэрі өндіруді үлгайту жэне металлургия, көмір салалары өнімдерін асыра өндіру, стратегиялық шикізат шыгаруды арттыру көзделді. Өйткені 1941 жылдың өзінде жау KCPO аумагының көп бөлігін жаулап алды. Жаулап алынган аумақтарда өндірілетін шикізат ендігі жерде Қазақстанда бірнеше рет көп мөлшерде өндірілді. Донецк, Москва түбіндегі көмір бассейндерінен көмір өндіру мүлдем тоқталды. Сондықтан согыс мүддесіне көмір өндірудің барлық ауырлыгы Қараганды көмір бассейніне түседі. Қараганды көмір бассейні согыс жылдарында алдагы жылдармен салыстырганда көмірді төрт ece артық өндірді. Соғыс жылдары 18 жаңа шахта ашылды. 1945 жылы конструктор С.С.Макаров әлемдегі ең алғашқы көмір комбайнын Қарағанды жерінде ойлап тапты. Қарағанды көмірі Орал, Орск- Халиловск, Поволжье өнеркәсіп орындарын, темір жол транспор- тын отынмен қамтамасыз етті.
Достарыңызбен бөлісу: |