Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет33/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60

Кеңес үкіметінің солақай саясатының нәтижесінде Республи- каны сүрапыл аштық жайлады. Бөкей губерниясында — 100 мың, Оралда — 400 мың, Семей губерниясында — 500 мың, Орынбор — 445, Ақтөбеде — 360 мың адам ашықты. Көшпелілер арасында өлім ересек түрғындардың 30 процентін қамтыса, ал кейбір аудандарда халықтың 75 проценті қырылған. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы соншалық, бүрынғы бірнеше болысты біріктіріп, бір болыс үйымдастыруға тура келді. Жалпы зерттеушілер 2 млн 300 мыңнан aca адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді.

Мүсылман зиялы қауымы арасынан мүндай сорақылыққа қарсы шыққан T. Рысқүлов болды. Ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, қүрамына бірнеше комиссариаттардың өкілдерін кіргізіп, арнайы үйым қүруды талап етеді. Түрікатқару комитеті T. Рысқүловтың та- лабын қолдап, аштықпен күресті өздерінің қызмет жағдайына сәйкес республиканың азық-түлік, жер шаруашылығы, денсаулық сақтау, қаржы, темір жол комиссариаттарына жүктейді. Аштықпен күресті тікелей басқаратын ерекше Орталық комиссия үйымдастырылады. Оның төрағасы болып T. Рысқүлов тағайындалады. Бүл үйым алғаш жүмысқа кіріскенде көптеген объективті қиындықтармен қатар, өзі тектес азық-түлік ісіне қатысы бар басқа үйымдар тарапынан жасалған қасақана іріткі салу әрекеттеріне кездесті. Рысқүлов жал­пы Орталық комиссияның қүрылуының өзін "дені дүрыс қүбылыс емес", үкіметтің қүрамында аштықпен күресуге міндетті толып жатқан "экономикалық органдар бола түра, мүндай ерекше үйым қүруға мэжбүр болудамыз" дейді.

Өткір пікір таластардан кейін, яғни T. Рысқүловтың aca зор еңбегінің арқасында Түрікатқару комитеті мен XKK-i бүл Орталық комиссия қорына қүнсызданған болса да 42 млн. сом қағаз ақша бөледі. Орталық комиссияның облыстар мен уездерде, болыстар мен қалаларда жергілікті мекемелері мен бөлімшелері ашылады, олардың басына сауатты мамандар отырғызылады.

Аштықпен күрес комиссиясының жүмысына есеп берген баянда- масында T. Рысқүлов Түркістан өлкесінің байырғы халықтарының сүрапыл аштыққа үшырап, қатты қырылуына революциядан бүрынғы патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен әсіресе, рево­люциядан соң орнаған кеңес өкіметінің шовинистік саясаты басты себепкер болғандығын ашық атап көрсетеді.

Қазақ Орталық Атқару Комитеті (ҚОАК) де аштыққа үшыраған аудандарға өз тарапынан көмек көрсету шараларын үйымдастырды. ҚОАК-ті жанынан аштыққа үшырағандарға көмек көрсету үшін ко­миссия қүрылады. Республикалық комиссияны ҚОАК-нің төрағасы Мендешев басқарды. Қазақстандағы ауыр жағдайды ескере отырып, КазАКСРОАК-і ашыққандарғакөмекберушіОрталықКомиссияның шешіміне сэйкес, бүл аудандардың түрғындарын астық, картоп т.б. мемлекеттік салықтардан босатты.

Қазақ қоғамын жайлаған аштықты Орталықтағы Кеңес үкіметі мойындамады. Республиканың кейбір басшылары мен орыс жүртшы- лығы негізінен өлкенің көшпелі түрғындарын қамтыған сүрапыл аштықты "кездейсоқ, түтқиылдан тап болған зобалаң" ретінде бағалады. Өлке халқының мүндай нәубетті бүрын-соңды басынан кешпегендігі Орталық үкіметті ойландырмады да. Мүндай жағдай Кеңес өкіметінің өзі жүргізіп отырған саясатқа еш күмэн келтірмей, оны толық дүрыс деп есептегендігінің айғағы еді.

Республиканың экономикасындағы ауыр дағдарыс, яғни мем- лекеттің күштеу саясатына негізделген азық-түлік саясаты 1920— 1921 жылдары шаруалардың Кеңес үкіметіне қарсы стихиялы қарулы көтерілістерінің тууына әкелді. Көктем-жаз айларында басталған шаруалардың наразылықтары "Азық-түлік салғырты жойылсын!", "Большевиктерсіз Кеңестер үшін!", "Ерікті саудаға жол берілсін",— деген үрандармен басталып, қарулы көтерілістерге үласты. Өскемен, Павлодар, Семей, Петропавл, Қостанай, Көкше- тау, Ақмола, Атырау, Орал, Шымкент уездерінде ашық түрдегі көтеріліс кеңінен орын алды.

1921 жылы наурызда Қазан төңкерісінің орталықтарының бірі болған Кронштадта матростар көтеріліске шықты. Кронштадтықтар негізінен Ресей селоларынан келген, флотта әскери міндетін өтеп жүрген шаруалар еді. Олар Азамат соғысының аяқталуына бай- ланысты армияны таратуды, шаруаларға жер мен онда өндірілген өнімді пайдалануға бостандық беруді, ақшаның түрақтылығын қамтамасыз етуді жэне жүмысшыларға жалақы төлеуді талап етті.

Бүл жэне Қазақстанды да қамтыған басқа да көтерілістер үйым- дасуы жэне қару-жарақпен қамтамасыз етілуі нашар болғандықтан Қызыл Армия әскерлерінің күшімен талқандалды. Қазақстандағы көтерілісшілердің кей бөліктері Қытайға өтіп кетті. Елде көтеріліс- ке қатысқаны үшін мыңдаған адамдар түтқындалып, олардың 932-сі сотқа тартылды. Кеңес үкіметі бүл қарсылықтардың бэрін "контрреволюциялық баскөтерулер" деп бағалады.

Алайда большевиктер өздерінің биліктен айырылып қалу қаупінің күшейгенін, осыған орай шаруашылық саясаттың мүлде жаңа принциптеріне көшу қажеттігін айқын сезді. Партияның X съезі (8 наурыз, 1921 ж.) көтерілісшілерді айыптағанмен, экономикалық саясатты өзгертуге мэжбүр болды. Съезд ша- руашылық мүддені іске қосудың жаңа жүйесін жасаудың ша- раларын белгіледі, яғни «Соғыс коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады.

Партияның X съезінде қабылданған жаңа экономикалық саясаттың мэні неде?

Кеңес үкіметі мемлекеттің қолында ipi өндіріс орындарын, банкті қалдырып, жеке капиталды өндіріске ендіруге рүқсат берді. Мемлекеттік жерлер, кішігірім мемлекеттік кәсіпорындар белгілі мерзімге жеке шетел үйымдары мен түлғаларға жалға берілді. Сау­да бостандығы жүзеге асырылды, яғни мемлекеттің бақылауымен жеке саудаға рүқсат берілді. Сауда негізінен ауыл мен қаланың ортасындағы негізгі байланыс көзіне айналып, сонымен қатар мемлекеттік жэне кооперативтік сауда да дамуы тиіс болды. Жеке ауыл шаруашылық қожалықтарына, жеке меншіктегі кішігірім кәсіпорын иелеріне жалдамалы еңбекті пайдалануға рүқсат берілді. Еңбекке деген міндеткерлік жэне еңбек армиялары жойылды. Өндіріс орындарын жүмысшы күшімен қамтамасыз ету еңбек бир- жалары арқылы жүзеге асырылатын болды. Елдегі ақша жүйесін нығайту, ақысыз қызмет көрсетуді жою, еңбекке ақшалай жалақы төлеу міндеттелді.

Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндет- тердің ішіндегі ең маңыздысы — азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды. Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің өзін қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді. Азық-түлік салығының ендірілуі, яғни белгіленген мөлшердегі ғана салықты өтеуге байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен пайдалану қүқығына ие болды. Бүл ендірілген салық жүйесіндегі өзгеріс өндіруші шаруа қожалықтарына өте қолайлы болды. Себебі, олар өндірілген өнімнің белгілі мөлшерін ғана мемлекетке тапсырып, қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа қажеттерін өтеуге мүмкіндік алды. Осыған байланысты енді шаруа қожалықтары егістік көлемін үлғайтуға, сөйтіп өнімді көп өндіруге, яғни еңбек өнімділігін арттыруға ынталы болды.

Енді осы жаңа экономикалық саясаттың қазақ өлкесінде ендірілу эдістері мен жолдарын қарастырып көрейік. РКФСР XKK- нің арнайы декреті бойынша бірыңғай азық-түлік салығы мал шаруашылығымен айналысатын аудандарға да ендірілді. Қазақстан ауылы мен деревнясында жаңа экономикалық саясаттың алғашқы азық-түлік салығы науқаны өте қиын жағдайда жүргізілді. Оның себебі, ЖЭС ендірілген жылы да партия, кеңес жэне азық-түлік ор­гандары азық-түлік салғырты саясатын жалғастырды да, ол бойын­ша дайындалған өнімдерді Орталыққа жіберу жөніндегі Еңбек жэ­не Қорғаныс кеңесінің тапсырмасын орындаумен айналысты. Мы­салы, көшпелі мал шаруашылығы аудандарында алғашқы бірыңғай азық-түлік салығы 131,9% көлемінде орындалды. Бүл әрине, соғыс коммунизм саясатының эрі қарай жалғасуы болды.

Сөз жүзінде ЖЭС ендірілгенімен Кеңес үкіметі ic жүзінде баяғы қарқынмен экономикаға өзінің бақылауын жүргізуді тоқтатпады. Бірнеше ай бойы мемлекет қала мен деревня арасындағы айырбасты кооперация арқылы бақыламақ болды. 1921 жылы 7- сәуірде мем­лекет өзінің арнайы декретімен кооперацияға фабрика-зауыттық өнімдерді ауыл шаруашылық өнімдеріне айырбастауды міндетті тапсырма етіп берді. Бірақ бүл мәселені жүзеге асыру өте қиын болды. Оның себебі мемлекеттің бақылауымен жүргізіліп отырған тауар айырбасы жеке саудамен жарысқа түсе алмады. Оның үстіне мемлекеттік тауар айырбасы ЖЭС-тың принциптеріне сай келмеді, яғни сауда бостандығына кедергі келтірді. Мүндай жағдай халықтың жаңадан ендірілген шаруашылық саясатына деген сенімсіздігін ту- дырды.

Жоғарыдағы аталған кемшіліктер біртіндеп азық-түлік ca- лығы саясатының кең ендірілуі барысында жойыла бастады. 1924—1925 жылдары ауыл шаруашылық салығынан КазАКСР бүкіл шаруашылығының 32,7%-і босатылса, 1925—26 жылдары — 33,8% босатылған еді. Әсіресе, 1924—1925 жылдары мал өсіруші шаруашылықтың 72%-ке жуығы алым-салықтан босатылды. Көшпелі жеке қазақ шаруашылықтарына 3—5 жылдық мерзімдерге жеңілдіктерге негізделген несиелер берілді. Сонымен қатар мемле­кет тарапынан ауылшаруашылық машиналары мен қүралдарын са­тып алуға негізделген несиелер де белгіленді. Осының бэрі үсак тауар өндірушінің материалдық қүштарлығын арттырды, оның өз шаруашылығындағы қорларына иелік ету еркіндігін күшейтті.

ЖЭС-тің аясында нарықтық қатынастардың күшеюі сауданың дамуына ықпал етті. Ал ол болса ақшаның түрақтануына әсерін тигізді. Осы жағдайға байланысты ЖЭС-тің алғашқы кезінде ендірілген салықтың натуралды түрін партияның XII съезі (1923 ж. сәуір) ақшалай түрде де өтеуге мүмкіндік берумен алмастырды. Ал 1924 жылы салықты өтеудің тек ақшалай түріне толық көшірілді.

Осы жылы ақпан айында Кеңес үкіметі ақша реформасын жүргізіп, кеңестік ортақ жаңа ақша өлшемі түрақты сомды енгізді. Осы жағдайлар Қазақстанда жәрмеңкелік сауданың кең өрістеуіне жол ашты. 1926 жылы Қазақстанда 128 жәрмеңке жүмыс істеді. Бүл кездегі ipi жәрмеңкелер қатарына — Ойыл, Қоянды, Қарқара, Темір, Көкшетау, Атбасар жэрмеңкелерін жатқызуға болады. Осы кездегі жэрмеңке саудасының жалпы айналымы 20—23 млн. сом­ды қүрады. Сондай-ақ, осы өркендей бастаған жәрмеңкелік сауда да ауыл шаруашылығының дамуына ықпалын тигізді.

Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы қүрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте күрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты қазақ автономиясы қүрамында жер саяса- тын жүргізуші жетекші орган — Жер комитеті қүрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-нің Жер комитеті қабылдаған бүл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына (пересе­ленческий фонд) тартып алынып, пайдаланылмай түрған Семей, Ақмола, Торғай жэне Орал облыстарындағы бос жатқан жерлер, олардың 1917 жылға дейін алынғанына қарамастан қазақтарға қайтарылады. 1921 жылы 19 сәуірде Жер комитеті кезінде патша үкіметінің Сібір жэне Орал казак әскерлерінің тартып алған жерлерін қазақтарға қайтару туралы шешім қабылдады. Осы декретке сай қазақтар Ертіс өзені бойында 177 мың, Орал өзені жағалауында 208 мың десятинадан астам жерлерді қайтаруға тиіс болды.

1922 жылы 26 тамызда Федералды Жер комитеті мен БОАК-ті "Қазақстанда негізгі еңбекпен жерді пайдалану туралы" заң қабыл- дады. Ол заң 31 тамызда күшіне енді. Бүл заң бойынша эркімнің өз жерінде қалуға жэне ол жерді пайдалануға қүқығы болды. Жер заңға сәйкес қүжатталған жағдайда ғана оны пайдаланушы сол жердің иесі болады. Ал даулы жерлерге заңға негізделген съездің немесе жер органдарының шешімі қажет болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет