РКФСР қүрылғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автономиялықреспубликаларды қүруға дайындық жүмыстары басталды. Бо-льшевиктік үйымдар, Қазақстан жэне Түркістанның Кеңестерікеңестік бүкілқазақ, бүкілтүркістандық съездерін шақыруға дайын-дала бастады. 1918 ж. көктемінде еліміздің шығысында Түркістанавтономиялық Кеңестік социалистік республикасы қүрылды. Оныңқүрылуы 1918 ж. сәуірдің 20-нан 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің V съезінде іске асты. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік аймағы (бүрынғы Сырдария жэне Жетісу облыстары) Түркістан автономиясының қүрамына кірді. Бірақта 1918 ж. қаңтарда кеңестердің 3 — Бүкілресейлік съезі Ленин дайындаған "Еңбекшілер мен қаналушы халықтар қүқықтарының Декларация- сында" өзге үлттардың өзін-өзі билеу қүқы жоққа шығарылды. Осы- лайша, эуелі 1918 ж. 5 қаңтарында Бүкілресейлік қүрылтай жиналы- сы, одан кейін 5 ақпанда Ташкент кеңесі шешімімен Қоқанд қаласы шабуылмен алынып, Түркістан автономиясы күшпен таратылды. Қазақстанның қалған жерінде — Торғай, Орал, Ақмола, Семей облы- старында жэне Маңғыстауда қазақ кеңестік мемлекеттілігін қүруға дайындық жөніндегі күрделі жүмыс одан эрі жалғастырылды. Қазан төңкерісінен бүрын-ақ қазақ либералдық-демократиялық қозғалысының жетекшілері Қазақстанда кеңестердің бүкілқазақ съезін шақыруға дайындық жүмыстары кеңес өкіметін нығайту процесімен қатар жүргізілді. Мүның өзі шын мэнінде кеңестік мемлекеттікті қүру жэне оны бекіту үшін күрес екендігін көрсетті. Қазақ зиялылары мемлекет қүру процесінің кеңестік жолмен шешілуімен келісе алмады. Мүндай қарсылықтың себептері мы- нада еді: бірінші — қазақ знялылары әуел бастан тәуелсіз үлттық автономия қүруды жоспарласа, екінші — олар Қазан төңкерісін қабылдамады, сойтіп Кеңес үкіметін мойындамады, оны заңсыз орнағанүкіметдепесептеді. Сондықтанда„Алаш"зиялыларыүлттық мемлекет қүру үшін күрес жүргізді. Ә.Бөкейханов, А.Байтүрсынов, М.Дулатов, Е.Ғүмаров, Е.Түрмухамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғ.Бірімжанов қүрастырған бағдарламаның жобасы "Қазақ" газетінің 1917 ж. 21 қарашадағы санында жарияланды. Бағдарламаның жобасы он тармақтан түрды. Осы бағдарлама Қүрылтай жиналысына сайлауда "Алаш" партиясының ipi табысқа жетуін қамтамасыз етті жэне 1917 ж. 5—12 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпықазақтық съезде қазақ халқының эртүрлі топтарының өкілдерін біріктірді. Төралқа төрағасы Бақтыгерей Қүлманов жэне орынбасарлары Әлихан Бөкейханов, Әзімхан Кенесарин, Халел Досмүхамедов жэне Омар Қарашев басқарған съезд Қазан тоңкерісіне байланысты тез өзгеріп жатқан саяси жағдайдағы "Алаш" партиясының міндеттерін, қазақ автономиясын қүру жэне оның үкіметін қалыптастыру мәселелеріне бірінші кезекте коңіл боле отырып, қарастырды.
Съезде қазақ автономиясы қүрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстары жэне Закаспий облысы мен Алтай губерннясының қазақтар мекендеген аудандары ену-ге тиіс деп шешті. Съезд Уақытша үкімет қүлатылғаннан кейінқалалар мен селоларда, далада қазақтардың өмір сүруіне қауіп-қатертуғызған бей-берекеттік күннен-күнге күшейіп бара жатқандығынатап көрсетті. Сондықтан съезд қазақ халқын "аман алып қалумақсатымен" "Уақытша Халық Кеңесі" түріндегі бнлік қүру, оғанАлаш-Орда (алаш автономнясының үкіметі) деген ат беру жөніндешешім қабылдап жэне бүкіл қазақ халқына "бағынатын үкіметімізосы деп сеніп... басқа үкіметті мойындамай, өз үкіметінің эмірін екіқылмай орындау керектігі" баса ескертілді. Съезд қазақ милнция-сын қүру жоспарын жасады. Оның эрбір облыс бойынша белгілі бірсандық қүрамы, уездер бойынша үйрету мен жабдықтау шараларыбелгіленді. Милицияны қару-жарақпен қамтамасыз етуді орталықэкімшілік салық салу арқылы алынатын қаржы есебінен жүзегеасыруға тиіс болды.
¥лттардың өзін-өзі билеу қүқығын талап етуін заңды процессретінде түсінген "Алаш" азаматтары Кеңес өкіметімен келіссөздержүргізіп, үлттық автономия мәселесін шешуді қолға алды. Осымақсатта 1918 ж. наурызында Алашорда үкіметінің тапсыруыменХалел жэне Жаһанша Досмүхамедовтер Оралдан Мәскеуге барып,Халық Комиссары Кеңесінің төрағасы В.И. Ленинмен жэне ¥лтістері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездесіп, оларға1917 ж. желтоқсанда өткен екінші қазақ-қырғыз съезінің қаулысынтабыс етті. И.В. Сталин қаулымен танысқаннан кейін 19-20 наурызда Семейдегі Ә.Бөкейханов жэне X. Ғаббасовпен телефон арқылысөйлесті. Сөз Алашорда автономиясының мэртебесі туралы болды. Телефон арқылы сүхбаттасудағы И.Сталиннің сөзі "Сарыарқа"газетінің беттерінде қазақ тіліне аударылып жарияланды. Газетте:"Ресейдегі халықтардың қүқықтары туралы халық комиссарларышығарған белгілі ережесі бүл күнге үлт мәселесі тақырыбын кеңесөкіметінің негізгі қызмет жобасы етіп келеді. Үшінші советтер съезіосы ережені жалғастыруға қаулы қылды. Өзінің бізге тапсырыпотырған жалпықазақ съезінің қаулысы түгелімен жоғарғы жобағасай келеді. Бірақ жалғыз-ақ шарт қоямыз: егер сіздің съездің қаулысыөкілдеріңіздің совет өкіметін тануға қарсы болмаса болғаны. Үшіншісоветтер съезі советтік федерация жобасын жасап, бүл жоба Советтер съезініц бекітуіне салынсын деп қаулы қабылданды. Бүғанқарағанда енді сөзді қойып, іске кірісу керек, яғни түрмысы бір, сал-ты басқа халықтар жергілікті советтермен қосылып, автономия, фе-дерациялау, тегінде басыбайлы бөлініп кету секілді үлт ниеттерінжарыққа шығаруға съезд шақыратын комиссия кұруға тырысу керек. Біз ойлаймыз, жалпы қазақ-қырғыздың өкілдері тез қамданып, ыңғайлы уақытты өткізбей, жергілікті Советтермен бірігіп, әлгідей комиссияны қүрар. Сізден өтінетініміз, біздің осы жобамызды Алашорданың Кеңесіне салып жауап қайтарсаңыздар екен",— деген мазмүнда болды.
Бүл берілген Сталин сөзіндегі ең елеулі нэрсе оның жалпы қазақ- қырғыз съезі қаулысы мен Ресей халықтарының қүқығы туралы дек- ларацияның өзараүндес екендігін мойындауы еді. Міне, осы үндестік Кеңес өкіметіне Алашорданы мойындауға негіз болатындығын білдіріп, Сталин тек жалғыз ғана шарт қояды. Ол өз ретінде Алашор- даның Кеңес өкіметін мойындайтындығын мэлімдеуі болатын. И.Сталиннің сөзінен тағы бір жағдайды анық аңғаруға болады. Кеңес өкіметі "басыбайлы бөлініп кету секілді үлт ниеттерін жарыққа шығару" үшін ең алдымен оны мойындау қажеттілігін талап етті. Сонымеи бірге автономия алу мәселесі орталықта шешілетіндігін ескертті. Алашордашылар үшін мүндай жағдай қиындық тудырға- нымен олар И.Сталиннің үсынысын талқылап, автономияға қатысты оз шешімдерін мэлімдеді. Ол қаулы төмендегідей еді: 1918 жылы наурыздың 21-інде Алашорданың мүшелері үлт жүмысын басқарушы халық комиссары Сталиннің Алаш автономиясы туралы айтқан сөзінен кейін Кеңес окіметін Ресейдегі барлық автономиялы халықтардың кіндік өкіметі деуге қаулы қылып, төмендегі оз шарт- тарынбілдіріп: "Желтоқсанның 5-нен 13-інедейінОрынбордаболған жалпықазақ-қырғыз съезінің қаулысы бойынша тоқтаусыз Алаш автономиясын жариялайтындықтарын, Алаш автономиясының қүрамына: Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Сырдария, Ферғана, Жетісу, Бокей ордасы, Закаспий облысының Маңғышлақ уезі, Самарқанд облысының Жизақ уезі, Әмудария энделі (бөлімі), Алтай губерниясына қараған Бийскі, Барнауыл, Змеиногор уездеріндегі қазақтар мекендеген аудандар енуге тиіс-тін, Алаш автономиясын- да заң шығаратын, ел билейтін үкімет Алашорда болатындығын, Қазақ-қырғыз істері туралы елші ретінде совет окіметінің қасында болуға Алашорда мүшелері Халел һэм Жаһанша Досмүхамедовтар жіберілетіндігін ескертіп, жергілікті Советтердің бүйрығы бойынша үсталып, абақтыда жатқан Алашорданың мүшелерін тоқтаусыз босатып, мүнан былай оларды өтірік шағым, жаламен қуғын- сүргінге үшыратуды тоқтатуды" талап етті.
Өкінішке орай, ¥лт істері жөніндегі халық комиссары Алашорданың қойған талап-шарттарына тікелей ресми түрде жау- ап бермеді. Себебі, алашордалықтардың автономия қүру жөніндегіталаптары Кеңес өкіметінің мүддесіне қайшы келетін еді. ¥лтмәселесін пролетарлық диктатураның қүрамдас бөлігі ретіндеқарастыратын кеңес өкіметіне алаштықтардың үсынысы керағарболғандығын аңғару қиын емес. Сондықтан да 1918 жылдың 28наурызында Мәскеуден Семейдегі Қазақ комитетіне И.Сталин жэнемүсылмандар ici бойынша комиссар Вахитов қол қойған жедел-хат келді. Жеделхатта "қырғыз істері бойынша Комиссариат қүруүшін тез арада өкілдер жіберу" жөнінде айтылды. Мүның өзі Кеңесөкіметінің өлкедегі барлық істі өз қолдарына алғандығын көрсетті.
Осы жылдың 29-наурызында Семейге Х.Ғаббасовтың атынаМэскеудегі Алашорда үкіметінің өкілдері Халел жэне ЖаһаншаДосмүхамедовтерден жеделхат келді. Онда Кеңес өкіметініңтүтқынға алынған қазақ қайраткерлерін тегіс босату туралыоблыстық кеңестерге эмір бергендігі жэне Алашорда өкіметініңқойған талаптарына таяу арада жауап беруге уэде еткендігі айтылды. Жеделхатта ¥лт істері жөніндегі халық комиссариаты жанынанқазақ бөлімі ашылып, оның қүрамына қазақ халқының өкілдерінсайлау қүқығы Алашордаға берілетіндігі де айтылған. "Сырдария" газетінде жарияланған осындай мәліметтер шындыққа жана-сады. Оған дәлел ретінде Алашорда атынан РКФСР-дің ¥лт істеріжөніндегі халық комиссары И. Сталинмен Семейден тура телеграф сымы арқылы келіссөз жүргізген Халел Ғаббасовтың 1929жылғы қарашаның 10-ында ОГПУ-дің тергеушісіне берген жауабынкелтіруге болады. Онда былай делінген: "Келіссөздерде мен Советөкіметінің декларациясының идеяларына сэйкес қазақ халқыныңөзін-өзі билеу қүқығының кедергісіз жүзеге асырылуын талап еттім.Барлығы есімде жоқ, дегенмен де мен он төрт тармақтан түратынталаптар қойдым. Олардың жадымда қалған негізгілері: таратылғанқазақ мекемелерін қалпына келтіру, Совет өкіметі жағдайындағыүлттық автономияны қүру, қазақ халқының түтқынға алынғанқайраткерлерін босату. Сталиннің жауабының мазмүны Алашорда Совет өкіметін мойындағанда ғана Қазақстанның Қүрылтайсъезін шақыруға эрекеттер жасалады дегенге сайды... Біз Сталингетелеграф арқылы Совет өкіметін мойындайтынымызды мэлімдеп,сол кезде Москвада жүрген Досмүхамедовтерге Орталық үкіметалдында біздің мүдделерімізді қорғауды тапсырдық... Осылай-ша Халел жэне Жаһанша Досмүхамедовтердің Мэскеуге Кеңесүкіметі басшыларымен кездесулері мен телеграф арқылы Сталин-мен жүргізген келіссөздерінде кеңес үкіметінің үлттық түтастық негіздегі қазақ мемлекеттігін мойындамайтындығын, тек кеңестік негіздегі автономия беруге даяр екендігін көрсетіп берді. Қысқасы Кеңес үкіметінің бүл мэселе жөніндегі үстанымы: "Өзін-өзі билеу принципі социализм үшін күрес қүралы болу керек жэне социализм мүдделеріне бағындырылуытиіс",—дегенге сайды. Кеңес өкіметінің мүндай үстанымы Семей облысынан өзге де кеңестерге В.И. Ленин мен И. Сталиннің атынан жолданған жеделхаттардан айқын көрінді. Мәселен, Ақмола Кеңесі Мәскеуден келіссөздер жүргізу нэтижесінде орталықтан мынадай мазмүндағы жеделхат алған, онда: "Кеңес билігі большевиктердің қабылданған бағдарламасына сәйкес патша өкіметі кезінде қаналған барлық халықтарға автономия береді. Қазақ халқы өз территориясына лайық автономия қүруға дайында- ла берсін",— делінген.
Әйтсе де ic жүзінде Кеңес өкіметі Алашорда үкіметінің өзін де, талаптарын да мойындағысы келмеді. Сондықтан да Х.Ғаббасов 1918 жылдың 1 сәуірінде РКФСР Халық Комиссарлары мен ¥лт істері жөніндегі комиссариатқа жеделхат жолдап, қазақ халқының үлттық түтастық мүддесін көздейтін Алашорда өкіметін тез арада ресми түрде мойындауын тағы да талап етті. Кеңес өкіметі мүндай талаптарды жауапсыз қалдырды. Осылайша алаштықтардың Кеңес үкіметі шеңберінде біртүтас үлттық мемлекет қүруға талпынысы нәтижесіз аяқталды. Большевиктер Алаш партиясына үлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін қорғайтын, пролетарлық революция жолындағы кедергі есебінде қарады.
Алаш басшыларыныц Кецес үкіметімен жүргізілген келіссөз- дердіц нэтижесіз аяқталуына 1917 ж. күзінде қүрылған, жетекшісі Көлбай Тоғысов болған, өздерін "Қырғыз (қазақ) социалистік партиясы" деп атаған "Үш жүз" партиясы да ықпал жасады. Бүл негізінен үсақ-буржуазиялық социалистік партия еді. Партияныц саяси көзқарасы мен практикалық іс-әрекеті 1917 жылдыц күзінен 1918 жылдыц басына дейін елеулі түрде өзгерді. Әуелгі кезде «үшжүзшілер» социалист-революционерлер партиясымен одақтасу бағытын үстанса, 1918 жылдыц қацтарынан бастап Кецес үкіметін жер-жерде үйымдастырып, нығайту ісіне белсенді түрде араласып кетеді. 1918 жылдыц бас кезінен-ақ «үшжүзшілер» большевиктер- мен одақтасып, Алашордаға қарсы күресті.
2. Азамат соғысы және социалистік құрылыстың басталуы
Азамат соғысы үкімет үшін күрестің жалғасы болды, солсебепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дэлшекара болған емес. Кеңес үкіметінің белсенді әрекеттерінеқарамастан, Қазақстанда азамат соғысының ошақтары өте тез пайда болды: 1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтыңбасшылығымен ақ гвардия әскерлері Орынбордағы Кеңес күштеріншегіндіріп, билікті басып алды. Сол айда Жетісуда казак әскерлерікеңесінің "әскери үкіметі" жэне революцияға қарсы ошақ Оралда дақүрылды. Қүрылған облыстық әскери үкімет көп үзамай жергіліктікеңесті таратып, өкіметті басып алды. Сөйтіп, Верныйда жэне Оралқалаларында ақгвардия диктатурасы орнатылды. Бүл үш "әскериүкімет" Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қозғалыстың басты күшіболып табылды. Олар ақгвардиялық офицерлерге, ауыл-село ша-руаларына сүйенді жэне меньшевиктер мен "Алаш" партиясыныңжетекшілерінен қолдау тапты.