1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібіртүрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ep азаматтарын тылжүмысына алу туралы жарлығы шығады. Бүл жарлық 1916 жылғыүлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің баскезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялынаразылықтар басталып, көп үзамай қарулы көтеріліске үласты.Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жүмыстарғаалынатындардың тізімін тікелей жасаған болыс басқарушылары,ауыл старшындары жэне патша экімшілігінің басқа да төменгі билікиелері үшырады. Ic жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақор-лық пен бүрмалаушылыққа жол ашқан болатын. Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды, село жэне ауыл басқарушыларын, байырғы түрғындардан шыққан төменгі шендіполицейлерді, имамдарды, молдалар мен мүдәристерді, үсақ кредит мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлерді, жоғары жэне орта оқу орындарындағы оқушыларды, үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян жэне қүрметті азамат қүқықтарын пайдала- натын адамдарды әскерге алудан босатты.
Стихиялы қозғалыс бірте-бірте үйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске үласып, оның ipi ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бүл көтерілістің басты мақсаты үлттық жэне саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бүрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі күші үлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жүмысшы табының өкілдері, қолөнершілер бол- ды.
Сонымен бірге көтерілістің үлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.
Қазақстанның эртүрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте үйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (бас- шылары: Бекболат Әшекеев, ¥зақ Саурықов, Жэмеңке Мэмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай жэне Мүқан ¥зақбаевтар жэне т.б.) жэне Торғайда (басшылары — Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин жэне басқалар) оның ipi ошақтары пайда болды.
Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде — стихиялық наразылық көріністері, 2) тамыз — оның қарулы көтеріліске үласуы жэне 3) қыркүйек-қазан — көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі жэне жеңіліс та- буы деген кезеңге бөлуге болады.
М.Тынышбаевтың мәліметі бойынша, 25 маусымдағы патша жарлығы Жетісу қалаларында 8 шілдеде белгілі болған. Облыстың жекеленген уездерінде жүмысшыларды шақыру туралы телеграм- малар одан бүрын, 2 жэне 3 шілдеде келіп түскен. Шілде айының бас кезінде-ақ толқулар Верный уезінің батыс жэне оңтүстік бөліктерін қамтып, оларда көтерілісшілерге Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Аққоз Қосанүлы жэне басқалар басшылық етті. Соғыс ошағы үлғайып, халық наразылығы үдеп кетуіне орай, патша үкіметі ендігі түста көтеріліс қимылдарын басу үшін іс-шаралар қолданудыүйғарды. Нэтижесінде 17 шілдеде Жетісуда жэне Түркістан өлкесіндесоғыс жағдайы жарияланып, патша үкіметі мүнда ipi әскери күштералып келді. Әскери гарнизондарды нығайтып, Жетісудағы қонысаударушы халықтың ауқатты топтарынан қазақ жэне қырғызкөтерілісшілерін жазалау үшін қарулы отрядтар қүрды. Жетісу облысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараныңтаулы алабында, Самсы, Кастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш,Қүрам елді мекендері аудандарында, JIenci уезінің Садыр-Матайболысында жэне басқа жерлерде патша жазалаушыларымен ipiқақтығыстар болады.
Осындай жағдайда Верный уезінде Б.Әшекеев Жетісудыңбытыраңқы көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шараларқолданып, 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде эртүрліболыстар өкілдерінің съезін шақырады. Съезде тыл жүмыстарынаадамдар алу туралы жарлық шығарған үкімет орындарына қарулықарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім шығарды. Өзжақтастарымен Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайына орнығып алғанБ.Әшекеев қарулы қарсылыққа дайындала бастады, сонымен біргекөтерілісшілердің қатарын жаңа күштермен толықтыру жөніндешаралар қолданды. Алайда, бүл әрекеттер айтарлықтай жетістіктербермей Б.Әшекеев басшылығымен орын алған Жетісудағы үлт-азаттық көтеріліс басылып-жаншылады. 7 қыркүйекте Верныйқаласында Верный әскери гарнизонының соты болып, көтерілісбасшыларының бірі Б.Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға acyтуралы үкім шығарды. Соттың үкімін облыстың әскери губернаторы Фольбаум нақ сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, яғни 1916жылғы 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жердеорындалады.
Сотсыз жэне тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сотүкіміменТүркістан өлкесінде 1917 ж. 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жүмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуғакесілді. Патша өкімет орындары қудалаған 300 мың қазақтар менқырғыздар немесе Жетісудың байырғы түрғындарының төрттенбірі Қытайға қашуға мэжбүр болды.
Дэл осындай көтерілістің ipi ошақтарының бірі — Торғай өңіріболды. Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетеді. Бүл кезде Торғай уезінегізінен қыпшақ жэне арғын рулары шоғырланған 13 болыстантүратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген Қайдауыл, Аққүм, Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа болы-старын, сондай-ақ негізінен арғындар мекендеген Тосын, Майқарау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды. Көтерілістің етек жаюы барысында Әбдіғаппар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы етіп жарияланса, Шолақ Оспанов арғын көтерілісшілерінің ханы болып сайланады. Кейіннен 1916 жылы 21 қарашада 13 болыс (6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) өкілдерінің қүрылтайында халық арасындағы атақты Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынов көтеріліске шыққан Торғай уезінің ханы болып сайланады. Қүрылтайға қатысушылардың келісімімен Кенесары Қасымовтың серігі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерілісшілердің сардарбегі болып тағайындалады. Орталық Ресейден келген жэне көп кешікпей көтерілісшілерге қосылған, осы жерлерде туып-өскен Әліби Жан- гелдин көтерілісшілердің "рухани көсемі" болды. Ондаған мың үйымдаспаған көтерілісшілерден Ә.Жанбосынов, А.Иманов жэне олардың ең жақын серіктері ондықтарға, жүздіктерге жэне мыңдықтарға бөлінген тэртіпті жасақ қүрды. Әрбір қолды басқаруға тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. Cap- дарбек жанында әскери кеңес жүмыс істеді.
22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың қол Торғай қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылып, қоршау кезінде генерал-лейтенант А.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы қалаға қарай үш бағытта бет алды. 16 қарашада А.Иманов бастаған 12 мың адамға жуық сарбаздар Түнқойма пошта станциясына шабуыл жасайды. Көтерілістің негізгі көпшілігі адам күшін сақтау үшін қарашаның екінші жартысында Торғайдан 150 шақырым жерге жетіп, Батпаққара ауданына шоғырланады. Осы жерден жылғы қарашаның екінші жартысынан 1917 жылғы ақпанның ортасына дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалады. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте шайқастар болды. Шайқас
жылғы ақпанның екінші жартысына, яғни ақпан революциясы- на дейін созылды.
Қазақ халқының 1916 жылғы үлт-азаттық көтерілісі Торғайдан өзге барлық аймақтарда қатаң басып-жаншылды. Семей жэне Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 атты әскер жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады, ал Торғай көтерілісшілеріне қарсы патшалық өкімет орындары 17 атқыштар ротасын, 18 казак жүздігін, 4 атты әскер эскадронын, 18 зеңбірек, 10 пулемет жэне басқаларды әкеп төкті. Осыған қарамастан, Торғай облысында көтеріліс патша үкіметі қүлатылғаннан кейін ғанатоқтады.
Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығымен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ: ауылдың феодалдық-байшыл билеуші тобы мен жергілікті экімшіліктің белгілі бөлігіпатша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзегеасырушылар болды; қазақ интеллигенциясының радикалды ба-тыл іс-қимылға бейім өкілдері (мысалы, Т.Бокин, Ж.Ниязбеков,Т.Рысқүлов, Ә.Жангелдин, С.Меңдешев, Б.Алманов, Ә.Жүнісов т.б.)халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты.
Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан Ә.Бөкейханов,А.Байтүрсынов, М.Дулатов сияқты либерал-демократиялық зия-лылар өкілдерінің жетекшілері халықты жарлықты орындауғақарсы шықпауға үгіттеп, оны орындамаған жағдайда қазақтарқантөгіске үшырауы мүмкін деп санады жэне осыған байланысты үлкен алаңдаушылық білдірді. Осынау алмағайып кезеңде«Алаш» қайраткерлері халықты жаңа аласапыраннан қорғаштап,қайткен күнде оны аман сақтауға тырысты. Сондықтан да оларқарулы көтеріліске қарсы болып, қазақтарды патша жарлығынорындауға шақырды. Біріншіден, олар Ресейге төнген сыртқықатердің бодан болып отырған қазақтарға да толық қатысы бар депсанады. Бүдан сырт қалуға болмайды,— деп есептеді. Екіншіден,ic жүзінде қарусыз қазақтардың түрақты орыс армиясына қарсыбас көтеруін болдырмауға талпынды. Қарусыз халық өкіметтің жазалау шараларының қүрбаны болады деп қауіптенді. Үшіншіден,соғыс Ресей үшін жеңіспен біткен жағдайда қазақтардың хал-күйіжеңілдеп, үлттық автономия қүрылатынына үміт артты. Империя-мен ақылға қонымды келісім тактикасын үстанып, халқының аманболуын бірінші кезекке қойған «Алаш» көсемдері тыл жүмыстарынашақыруды кейінге қалдыра түрып, тиісті эзірлік жүмыстарынжүргізуді үсынды. Көтеріліс барысында орын алған қанды қырғын,жүздеген мың адамдардың қаза табуы бүлардың қауіптерінің негізсіземестігін дәлелдеді.
Жеке-жеке бүрқ еткен толқулар көп үзамай қарудың күшіменжанышталып, жүмысшыларды реквизициялаумен майданға жө-нелту басталды. Сол кезде "Қазақ" газетінің редакциясы тылжүмыстарына жөнелтілген қазақтардың мүқтаждықтарына қыз-мет көрсетуді үйғарды жэне осы мақсатпен барлық қазақ зиялы-ларына реквизицияланғандар жүмыс істейтін майдандарға өзеркімен барып, оларда бүратаналар бөлімін кұруға шақырды. Зиялылар (көпшілік бөлігі мұғалімдер) бүған үн қосты жэне көп кешікпей Минскіде земство одағының жанынан бүратаналар бөлімі қүрылды.
Қазақ зиялылары майдан тылында еңбек еткен қазақ жігіттерінің сөзін сөйлеп, мүңын жоқтады. Ә.Бөкейханов, М.Дулатов т.б. бастаған қазақ зиялылары Минскіде, тағы басқа тыл жүмысына шақырылғандар көптеп шоғырланған қалалар мен елді мекендер- де болып, оларға қолдан келген көмектерінің бэрін көрсетті. Олар шақырылғандардың қүқықтарын қорғау жэне олардың майдан өңірі аудандарындағы түруы мен жүмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар туғызу жөнінде нақты қадамдар жасады. Ал мүның өзі кеңес зама- нында көп жылдар бойы айтылып та, жазылып та келген Алашорда 1916 жылғы көтеріліс кезінде үлттық мүддеге сатқындық жасады деген пікірдің сыңаржақ түжырым екендігін көрсетеді. Алаш көсемдері көтерілісшілерге де, майданның қара жүмысына шақырылғандарға да ешқандай сатқындық жасаған жоқ.
1916 жылғы үлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында көтерілістің жалпы жүрт таныған басшыла- ры Ә.Жанбосынов, А.Иманов, Ж.Мәмбетов, ¥.Саурықов, Б.Әшекеев, О.Шолақов, А.Жүнісов, С.Қанаев көтерілісшілердің саяси көсемдері Т.Бокин, Т.Рысқүлов, С.Меңдешев, Ә.Жангелдин, БАлманов жэне басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нүрмүхамедов, Кенесары Қасымов жэне бас- қалар жүргізген тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді. К.Қасымов басшылық еткен үлт-азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын эртүрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды. 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі өлкенің бірқатар аудандарында (негізінен, Қазақстанның оңтүстігінде жэне оңтүстік- шығысында) оған қазақтармен қатар қырғыз, үйғыр, өзбек жэне басқа да халықтар өкілдерінің де қатысуы болды.
Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы үлт-азаттық көтеріліс түтас алғанда Ресей империясындағы саяси жэне элеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан эрі асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі эскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, шығыстың отар халықтарының импералистік езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл үлт-азаттық қозғалысының қүрамдас бөлігі болды.
3. Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан
буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері
Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тэн дағдарыстыңсалдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясыныңнәтижесінде патша үкіметі қүлатылды. Ол Ресей халықтарының,оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктікқүрылысқа жэне отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің же-ңісімен аяқталды.