Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет23/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60
Рухани мәдениеті: Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы — қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша эрбір қазақ азама- ты өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мүны балаларына үйрету эрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мүндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы "жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары" дейді. Py, тайпа жэне жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде қүрметтеліп "шежірешілер" деп аталды. Ерте заман- да шежіре ауызша түрде үрпақтан-үрпаққа жеткізілсе, XVIII—XIX ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: "Көшен-Қарауыл шежіресі" (XVIII ғ.), "Жэңгір хан шежіресі" (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған "¥лы жүздің шежіресі" жэне т.б.

Сол сияқты XVIII ғасыр "ақындар поэзиясы ғасыры" деп аталған. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте қүнды мүралары — ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен түрмысы, мінез-қүлық өлшемі, сол дэуірдің рухы бейнеленді. Олар халық басына келген қайғыға да, жүрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды. XVIII ғасырда та- нымал болған Ақтамберді, Тэттіқара, Үмбетей, Бүқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде үшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын XVIII ғасырдағы атақты жырау Бүқар Қалқаманүлының (1668—1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау жэне нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, эртүрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Тэттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры — жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бөгенбай — халық қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал Тэттіқара ақын қатардағы жа- уынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырады.

XIX ғасырда қазақ әдебиеті үлттық дарынды түлғалардың көптігімен де, бір-біріне үқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленді. Бүл дэуірде айтыс өнері дамып, даңқты ақындар Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шерни- яз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты эйгілі ақындар қатары Capa, Ырысжан, Үлбике, Тэрбие, Ақбала жэне басқалар сияқты ақын қыздардың есімдерімен толықты деуге болады. Түрі мен мазмүны жағынан айтыстар бір-біріне үқсамайды. Олардың кейбіреулерінің негізгі мазмүнында халықтың өмірі, оның шаруашылық-түрмыстық проблемалары, рулық қоғамдастықтың ерекшеліктері сөз бол­са, Біржан мен Capa айтысында қазақ әйелдеріне жеке бостандық беру мәселесі көтеріледі. Мүндай айтыстармен қатар бірін-бірі қалжыңмен қағыту, танысу, амандасу, көңіл көтеретін әзіл-оспаққа қүрылған айтыс түрлері де аз кездеспейді.

Осы кезеңнің музыкалық мәдениетінде Махамбет Өтемісүлы (1804—1846) өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836—1838 жыл- дардағы Исатай Тайманүлы бастаған шаруалар көтерілісінің бел- сенді қатысушысы ғана емес, көтерілістің "жаны" мен "жылнама- шысы" болды. Оның "Исатай көтерілісі", "Исатайдың өлердегі сөзі" сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.

Сол сияқты Шернияз Жарылғапүлы (1817—1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы үлт-азаттық күресінің жыр- шысы жэне ту көтерушісі болды. Жалынды жырларымен халықты күреске үндеді.

Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі түлға саналған зар- заман ақындары да қазақ әдебиетінде өзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдері — Дулат Бабатайүлы (1802—1874), Шортанбай Қанайүлы (1818—1881), Мүрат Мөңкеүлы (1843—1909). Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар бол­ды. Ахмет Байтүрсыновтың "Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында" деп түжырымдағаны сияқты, бүл ақындар да қара басын күйттеген ақын емес, халқының үні мен елдің мүңын жеткізуші болды. Зар-заман ақындары өмір сүрген кезең патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен кезі еді. Мәселен, Мүрат Мөңкеүлы "Үш қиян", "Сарыарқа", "Әттең, бір қатты дүние-ай" сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы түрса, Ду­лат Бабатайүлы "Бейшара менің қазағым", "0, Сарыарқа, Сарыарқа" өлеңдері арқылы қазақтың ауыр түрмысын бейнелейді.

XVIII—XIX ғасырларда ақын-жыраулық поэзиямен қатар шығыстық ақындық дәстүр үлкен орын алды. Қазақтың дастанда- ры араб-парсы әдебиетімен, фольклорымен байланыста болды. Абай қазақтың классикалық әдебиетіне дастандар алып келді. ("Ескендір", "Масғүт", "Әзімнің эңгімесі")- Абай (Ибраһим) Қүнанбайүлы (1845—1904) өзі туған ортадан шоқтығы биік түрды. Оның пікірінше, эрбір ойлы адам қоршаған өмір шындығына өзінің саналы көзқарасын қалыптастыруға тиіс. Абайдың бүкіл шығармашылығы әрекетсіздік пен жалған үятқа деген ымырасыздық идеяларына толы. Ол ел ішінде бірлік пен татулық болғанда ғана қоғамның негізгі күштері — ғылым, алдыңғы қатарлы идеялар, мәдениет толық көлемде дами алады жэне бүкілхалықтық игілік әкеледі деп санады. Қоғамды алға дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Яғни, бүл даму егіншілікті, қолөнерді, сауданы дамытумен тығыз байланыстырылды. ¥лы ақын:

Егіннің ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап, мал ізде"

деген болатын. Сол сняқты ақын орыс әдебиеті жэне мэденнетімен таныс болды. М.Ю. Лермонтов, А.С.Пушкин, Н.Крылов шыгарма- ларын аударумен шүғылданды. Орыс әдебиеті үлгілерін қазақ халқы арасына түңғыш таныстырушы болып, олардың өскелең идеяларын насихаттады.

Осы кезеңнің дара түлғаларының бірі ретінде Ш.Уэлихановты (1835—1865) атаймыз. 1856 жылы Ш.Уәлиханов екі экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі — дипломатиялық тапсырма бойынша Қүлжаға сапар. 1857 жылы Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны "Ma- насты" көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш.Уэлиханов тарихи деректермен қатар көненің көзі — ерте заман бүйымдарының қүнды үлгілерін жинады. "Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі", "Қытай империясының батыс провинциясы жэне Қүлжа қаласы", "Қырғыздар туралы жазбалар" деген тарихи-этнографиялық ту- ындылары жоғарыда аталған сапарларының нәтижесі болатын. Ш.Уэлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аудартып, 1857 жылдың ақпанында ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады. Оның ғылыми мүрасы Қазақстанның жэне көп үлтты Ресейдің, басқа да халықтардың проблемаларының өзекті түстарын қамтиды. Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын зерттеуге де үлкен үлес қосты.

А.Қүнанбаев пен Ш.Уәлиханов XIX ғасырдағы екі үлкен білім жүйесінің өкілдері болды: діни (мүсылмандық) жэне зайырлы (орыстық). Мектеп пен медреселерде діни білім беріліп, молдалар мен мүғалімдер даярланды. Медреселерде теологиялық діни білім философия, тарих, әдебиет, астрономия, медицина, математика, лингвистика пәндерін оқытса, зайырлы оқу орындары қазақтарды Ресейге қызмет ету мен орыс мәдениетіне қызығушылық жолдары- на салды. Олар отарлау аппараттарына шенеуніктер, аудармашылар, оқытушылар, әскерилер, дәрігерлер даярлады.

Орынбордағы зайырлы оқу орындарының бірін 1857 жылы та- нымал жаңашыл-педагог, ағартушы Ы.Алтынсарин аяқтайды. Ы.Алтынсарин (1841—1889) бастамасымен жэне тікелей қатысуымен Қазақстанда халықтық азаматтық мектептер желісінің қүрылуына қол жеткізілді. Ол, әсіресе, қолөнер жэне ауылшаруашылығы училищелерін ашуға көп күш-жігер жүмсап, байырғы халық apa- сынан Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті ма- мандар даярлауға ерекше мэн берді. Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап "Қырғыз (қазақ) хрестоматия- сы" жэне "Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық" атты оқу қүралдарын жазды. Орыс кластарына қазақ тілінен сабақ беріп, ол үлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту, қазақ әдеби тілін қалыптастыру жолында жемісті еңбек етті.

XIX екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуы- на Қүрманғазы Сағырбайүлы, Дэулеткерей Шығайүлы, Тэттімбет Қазанғапүлы, Ықылас Дүкенүлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты музыкалық аспаптар арқылы түрлі эпостарды, тарихи дастандарды, аңыз- эңгіме мен жырларды орындап отырды. Аталған композиторлардың дүниетанымы тарихи түрғыда шектеулі бола түрса да, олардың шығармаларында әлеуметтік қайшылықтар бейнеленді. Біржан Қожақүлы, Мүхит Мералиев, Ақансері Қорамсаүлы, Жаяу Мүса Байжанүлы, Қүлтума Сармүратүлы сияқты жэне тағы басқа көптеген ақын, энші, композиторлардың шығармашылық жэне орын- даушылық шеберлігі арқасында қазақ эн мәдениетінің классикалық үлгілері дамып, жоғары дәрежеге көтерілді.

Материалдық мәдениеті: Қазақтардың XVIII—XIX ғасырлар- дағы материалдық мэдениетінің күйі қоғамның экономикалық даму деңгейімен анықталды. Оның даму барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бүл жағынан алғанда егіншілік, сауда- саттық, көрші халықтардың ықпалының маңыздылығы да аз болған жоқ.

Отырықшы халықтар өмірінде жер шаруашылығы үлкен рөл атқарса, көшпелі халықтарда мал шаруашылығы маңызды болды. Қазақ көшпенділерінің салт-дәстүрі, діни-наным сенімі, түрмысы көшпенділік өмірмен тікелей байланысып жатты. Көшіп-қону мал өсірушілерге маусымдық жақсы жайылымдарды пайдала- нып отыруға мүмкіндік берді. Көшіп-қону көбінесе меридиан (оңтүстіктен солтүстікке) бағытымен жүрді. Ipi рулар мен олардың бөлімшелерінің қоныстары негізінен бір аумақта болды. Әрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Қазақтың мал шаруашылығының өріс, қоныстары жылдың төрт маусымына қарай қыстау, көктеу, жайлау жэне күзеу деп төртке бөлінді. Жаздық жайылым қазақтардың ортақ пайдалануында болып келсе, көктеу мен күзеу бір орында болды. Қыстауда малшылар қүйма кесектен қаланған үйлерде қыстады, жылдың басқа мезгілдерінде киіз үйлерде түрды.

Киіз үй — көктем, жаз жэне күз мезгілдерінде қоныстан-қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы қүрама үй. Оның қабырғасы айқыш сағанақтардан көктелген керегеден түрғызылды. Кереге жиналма- лы болып бөлек-бөлек қанаттан жасалды. Ал керегеден жоғары си- дам жіңішке ағаштан жүмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылды. Уықтардың аяғы дөңгелене жайыл- ған керегенің аша басына айқастыра байланып, үшы (қаламшасы) шаңырақтың көзіне шаншылды. Шаңырақ — үй күмбезінің төбесі эрі терезесі. Үй ағашының сыртынан арнаулы киіздер, қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түңлік жабылды. Үйдің ортасында ошағы, оң жағында төсек, оның түсында түскиіз үсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады. Үйдің төріне жүкаяқ қойылып, оның үстіне көрпе-жастық жиналады. Үйдің сол жағына кебеже, қазан-аяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, ол шимен қоршалған.

Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек қүралдары ке- рек болған жоқ. Жылқы үстау үшін қүрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-қүйрығынан түсау мен шідер жасалды, қүлын мен бота байлауға жуан арқан мен ноқта пайдала- нылса, мал суғаруға науа мен қауға пайдаланылды. XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қыста шөп дайындауға арнал- ған шалғылары біртіндеп тарала берді. Ал, XIX ғасырдың орта шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет