Қаратай, Арынғазы, Жоламан Тіленшіүлы
бастаған көтерілістер
XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басында Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай күрделі болды. Мүнда Орта Азиялық үш мемлекет — Хиуа, Бүхара жэне Қоқанның мүдделері қақтығысқа түсті. XIX ғ. басына қарай күшейген Қоқан хандығы, енді Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуды көздейді. Оның негізгі себебі: өзінің қазынасын толықтыру, мал шаруашылығын дамыту, сонымен қатар, Ресей мен Қытайды байланыстыратын Орта Азиядағы керуен жолдарына бақылау орнату жэне мүсылман халықтары түратын аумақты иеле- ну еді.
1810 жылы Оңтүстік Қазақстанды жаулап алған уақыттан бастап 1865 жылы Ресей империясының қол астына өткенге дейін қоқандықтар ¥лы жүз аумағында экімшілік қадағалау жүргізіп Ақмешіт, Жаңа-Қорған, Күміс-Қорған, Шым-Қорған, Шолақ, Созақ жэне т.б. бекіністерді салды. Бүл кезеңде Хиуа мен Бүхара Қоқанға қарағанда әлсіздеу болды да онымен тайталасқа түсе алмады.
Қоқан хандығының қол астына ¥лы жүздің көп рулары: Бестамғалы (35 мың үй), Сыйқым (5 мың үй), Шымыр (9 мың үй), Жа- ныс (7 мың үй) қарады. Жоғарғы экімшілік билік Ташкент экімінде (наместник) болды. Оның екі көмекшісі: 1) Саркар (мырзабасшы) салық жинаумен жэне азаматтық істермен; 2) батыр басшы (әскери басшы) эскери ic жэне көшпенділер мэселесімен айналысты. Билерге артықшылықтар беріліп салықтан босатылды, олардың кейбіреулері "датқа" лауазымын алды. Бүқара халықтың негізгі бөлігі "зекет" салығын (шариғат бойынша мүліктің 1/4 бөлігі) төлеп түрды. Қоқан бекіністерінің төңірегінде түратын қазақтар бекіністердің жөндеу жэне кеңейту жүмыстарына тартылып, эскерді азық-түлікпен қамтамасыз етуге тиіс болды. Сонымен қатар, қазақтар әскери міндеткерліктер атқарып, олар қарсылық көрсеткендерді тыныш- тандыру жорықтарына да қатыстырылып отырды.
Қоқандықтардың қазақтарға түрлі салықтар салуы қарапайым адамдарға үлкен ауыртпалық түсіріп, ішкі әлеуметтік қайшылық- тарды тереңдетіп, халық ішінде кедейлердің көбеюіне экеліп соқ- ты. Қоқандықтар билік жүргізген түстағы ауыр жағдайлар елдің есінде қатты сақталып қалды. Ол туралы Ш.Уәлиханов: "Қазақтар- дың арасында «әзірейіл барда жаным бар деме, қоқандықтар барда малым бар деме» — деген мәтел пайда болды",— деп көрсетеді. Қазақ халқы қоқан билігіне қарсы наразылықтар көрсетіп отырды. 1810 ж. Ташкент өңірінде түратын қазақтар салық төлеуден бас тартты. Қоқан ханы Әлім бек қарсылық көрсеткендерді тыныштандыруға жэне Сайрам, Ташкент, Түркістанды бағындыру үшін 12 мың әскер жіберді. Қоқандықтардың қолына түскен төңіректегі қазақтар тонаушылыққа үшырады. Қоқандықтар Түркістанды басып алуы кезінде оның билеушісі Тоқай Төре Бүхараға қашуға мэжбүр болды. Бүхараның эмірі Тоқай Төреге Бүхарадағы соғысқа жарай- тын қазақтардан жасақ жинап алуға рүқсат берді. Жасақ жинап жарақтанған Тоқай Төре алдымен Созаққа бекініп, одан кейін Түркістанды қоршауға алды. Оған қарсы қоқандықтар Ташкенттен 300 жауынгермен Базар бахадүрді аттандырды. Олар жолда Тоқай Төреге көмек көрсеткен 1000 отбасынан түратын қазақ ауылына шабуыл жасап, ауылды тонап, көп пайда түсіріп, адамдарын түтқындап алып кетті. Түнде Тоқай Төре Созақты тастап қашуға мэжбүр болды. Одан кейін қазақтардың қарсылығы біраз уақыт басылды. Тоқай Төре уақытша Бүхараны паналады, ал кейін ол Бүхара эмірінің ба- лалары билікке таласқан түста өлтірілді.
1821 ж. ТентектөреніңбастауыменқазақтардыңҚоқанүстемдігіне қарсы көтеріліс болды. Көтерілісшілердің саны 12 000-ға дейін жетті. Олар Сайрам, Шымкент, Әулие-Ата қалаларын алып, бірнеше бекіністі қоршады. Көтеріліске Түркістан, Шымкент, Сайрам, Әулие-
Ата төңірегін мекендеген қазақтар қатысты. Көтерілісшілерге қарсы Абул-Қалым-Аталық басқарған әскер жіберілді. Тентек төре эскерін екіге бөлді. Бір бөлігі Тентек төренің басшылығымен Сай- рамда, ал екіншісі Шымкентте бекінді. ¥заққа созылған қоршаудан кейін көтерілісшілер қаруын тастауға мэжбүр болды. Тентек төре жеңілісті мойындап, қоқандықтарға "баж" немесе "жол" салығын, "зекет" төлеуге жэне Қоқанға баласын сыйлықтармен жіберуге келісім берді.
¥лы жүз қазақтарының 1810—1820 жылдардағы қоқандықтарға қарсы күресте жеңілуінің негізгі себептері: қоқандықтардың әскери басымдығы, көтерілісшілердің арасында ауызбірліктің болмауы, Бүхара эмірінің көмегіне арқа сүйеген көтеріліс жетек- шілерінің беделінің төмен болуында еді. Дегенмен де, бүл ¥лы жүз қазақтарының өз еркіндігі мен тәуелсіздігі жолында қоқан үстемдігіне қарсы шыққан үлт-азаттық күресі болатын.
1822—1842 жж. Қоқан хандығының тағына Омар ханның кіші баласы Мадалы хан (Мүхамед Әли) отырды, оның түсында жеке- ленген облыстар мен Ташкентті өз алдына билеген Күшбегілердің рөлі күшейді. ¥лы жүздің басып алынған аумағының бір бөлігі жэне Сырдарня бойындағы қазақтар Ташкент Күшбегіне жылына 20 мың алтын ақша төлеп түруға міндетті болды. Салық төлеушілерді қанау бүрынғыдан да күшейе түсті. Одан кейінгі жылдары қоқан билеушілерінің өзара қырқыстары ¥лы жүз қазақтарының одан эрі зардап шегіп, кедейлене түсуіне әкеліп соқты. Қүдияр хан (1845— 1875 жж.) түсында қазақтар ғана емес, Қоқан хандығының жергілікті диқандары да қанауға түсті.
1797 жылғы Есім ханның өлімінен кейін Кіші жүздің бір топ сүлтанының Қаратай сүлтанды хан сайлау жөніндегі үсынысына қарамастан жэне оның ел арасындағы беделінен сескенген патша экімшілігі Айшуақты хан тағына отырғызады. Бүл шешімге келіспеген Қаратай халық арасында ханды сайлау туралы үгіт жүргізе бастайды. 1805 жылы Жантөрені хан сайлағанға дейін патша әкімшілігімен бейбіт қатынас үстады.
1806 жылы Қобда өзенінің жағасында болған съезд Ресей экімшілігінің шешіміне қарамастан Қаратай сүлтанды хан сайлай- ды. Осылайша Қаратайдың Жантөреге қарсы күресі біртіндеп Ресей үкіметіне қарай бағытталады. Күрес барысында Қаратай транзиттік сауда жолдарының бэрін өзіне қаратып Ресейдің Орта Азиямен cay- дасын шектейді. Герценберг пен Бородиннің жазалау экспедициясы- на қарамастан Қаратайдың жанына топтасқан Кіші жүз жасақтары төменгі Орал шептеріне жорықтар жасайды. Қаратай 1809 жылы Жантөре ханды өлтіргеннен кейін 1812 жылға дейін Хиуада жасырынуға мэжбүр болады.
Жантөренің өлімінен кейін Ресей Айшуақтың үлы Шерғазыны хандыққа бекітеді. Ресей экімшілігінің ондай шешіміне риза болмаған Қаратай өзінің қарулы қарсылығын 1816 жылы Орданың Батыс бөлігіне басқарушы-сүлтан болып тағайындалғанға дейін жалғастырады. Транзиттік сауда мәселесі алаңдатқан Ресей Қаратаймен осындай келісімге барған еді. Сөйтіп, 1816—17 ж. келіссөздер нәтижесінде Қаратай сүлтан өзінің қарсылығын тоқтатты.
1816 жылдан 1821 жылға дейін Арынғазы Хиуаға қарсы азаттық күресін жүргізді. 1815 жылы Арынғазының әкесі Әбілғазы хан өлгенде ол 30 жасқа толады. Оған дейін Кіші жүздің иеліктерінде қайраткерлік танытқан Арынғазы ел арасында біршама бедел жинаған болатын. 1816 жылы ел ішінде тэртіп орнату мақсатында старшындардың билігін шектеп, сүлтандардың өз білгендіктерін істеуін тоқтатқан еді. Сондай-ақ, ол билер соты мен молдалардың да өкілеттілігін шектеді. Арынғазының ел арасында беделінің өсуіне байланысты старшындардың көпшілігі оны Кіші жүзге хандыққа бекітуді сүрап патша экімшілігіне өтініш білдіреді. Арынғазы болса, хиуалықтардың үстемдігін біржола жойып, сонымен қатар бір хандық қүруды жоспарлайды. Бір хандық қана қүру Ресейдің келісімінсіз мүмкін емес-ті. Сондықтан, Ресеймен жақындасуды ойлаған Арынғазы Орынбор генерал-губернаторы Эссен мен Шекаралық комиссия төрағасы А.Веселицкийдің қолдауына сүйене отырып, патшадан қолдау көрсетуді сүрау үшін 1821 жылы Санкт- Петербургке аттанады. Бірақ, оның үміті ақталмайды. Бүхар мен Хиуа хандықтарының өкілдерімен кездесу үйымдастырамыз деген желеумен патша экімшілігі оны шақырып, түтқындап, Калугаға жер аударады. Ол 1833 жылы сонда қайтыс болады.
XIX ғасырдың 20—30 жылдары патшалық Ресейге қарсы Саржан Қасымүлы мен Жоламан Тленшіүлы бастаған көтерілістер болды. XIX ғасырдың 20 жылдары патшалық Ресей жаңа бекіністер салу үшін қазақтарды тағы да өз жерлерінен ығыстыра бастады. Кіші жүздің табын руы мекендеген суы мол, жайылымдық жері кең Жаңа- Елек ауданын орыс шенеуніктері тартып алды. Оған қарсы Жоламан Тіленшіүлы Табын руын бастап көтеріліске шықты.
Жаңа-Елек шебі 29 бекіністен түрды. Орал, Елек, Берденкі жэне Қүрат өзенінің бойындағы аудандардың ең жақсы деген 7 мың деся- тина жеріне Ресей үкіметі Орынбор жэне Орал орыс-казактары мен шаруаларын орналастыра бастады. Жоламан батыр алғашында жер мәселесін бейбіт түрде шешуге тырысты. Ол Орынбордың әскери губернаторы Эссенге 1822 ж. 6 тамызда жэне 1823 ж. 3 қыркүйекте хат жазып, онда 1810 жылға дейін қазақтар бүл жерлерді ешқандай кедергісіз еркін пайдаланғанын, Ресей Елек өзенінің бойын алғаннан кейін форпостар салып жэне Кіші жүз қазақтарына бүл жерлерді пайдалануға тыйым салғаннан соң жағдайдың қиындай түскендігін ескертеді. Сонымен қатар, губернатордан эскери бекіністерді алып тастауын, «Санк-Петербургтегі біздің елшілерді қайтарып», Сібірге жер аударылып Орынбор түрмесінде жатқан қазақ Түленбай Қүндықовты өз түтқынында жатқан есаул Падуровқа айырба- стап, босатуды талап етеді. Бүл хаттар жауапсыз қалды, ал Орынбор Шекаралық комиссиясы Жоламанға келесі келісімдерді Шер- ғазы хан арқылы жүргізуі керектігін айтады. Бүл жағдай Жоламан Тіленшіүлын қанағаттандырмады, сондықтан ол қарулы көтеріліске шықты. Жоламанның отряды шекара заставаларына, аға сүлтандардың қыстаулары мен әскери бекіністерге шабуылдар жасады. Жазалаушы отрядтардың батыр мен оның жауынгерлерінің соңына түсуі сәтсіз болды. Жоламан батырға патша экімшілігінің қолдауына сүйеніп жазалаушы отрядтың барлық операцияларына бірге қатысып, белсенділік көрсеткен Шерғазы ханның жасағына да қарсы күрес жүргізуіне тура келді.
1835 ж. Жаңа-Елек шебінің Op жэне Троицк аралығындағы бар- лық жерлерінен айрылған Жағалбайлы, Жаппас, Алшын, Арғын, Қыпшақ руларының қазақтары қатысқан түста көтеріліс кең қанат жайды. Өз жерлерінен айырылған қазақтар шекаралық аймақтарда көшіп-қонуына тура келді жэне ол үшін салық төлеуге мэжбүр болды. Қазақтардың қарсылықтары аға сүлтандардың ауылдарына, керуен жолдарына, бекіністерге жиі шабуылдар түрінде көрініс тап-
1838 ж. ортасында Елек қалашығынан Op жэне Троицк бекінісіне дейінгі шекаралық шеп маңында көшіп-қонып жүрген қазақтар көтеріліске тартылып, көпшілігі Торғай мен Ырғыз өзендерінің бойындағы аудандарға көше бастады. Көтерілісті басуға жэне көшіп кеткендерді қайтаруға патша үкіметі Ордан полковник Мансуровтың, Орынбордан полковник Падуров, Елек жақтан полковник Гекке басқарған үш отряд жіберді. Бірақ бүл үш отрядтың да әрекеті сәттіз аяқталды.
Жоламан батыр Орал казак әскерінің генерал-майоры Боро- динге: "Мен сүраған жерлерді қайтарып берсеңдер дос боламыз, егер берілмесе жау боламыз",— деп хат жазды. Осылайша, Жола- ман батыр XIX ғасырдың 20—30 жылдары патша үкіметі тартып алған Кіші жүз қазақтарының жерлерін қайтаруға бағытталған көтеріліске жетекшілік жасады жэне Кенесары Қасымүлы бастаған көтеріліс шыққан түста Кіші жүз қазақтарын Кенесарыға қосылып өз тәуелсіздігі мен еркіндігі жолында күреске шығуға шақырды.
1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғының» енуі, одан кейін ол заңды түсіндіру үшін жүргізілген үгіт, 1824 ж. Қарқаралы уезіне полковник Броневскийдің экспедициясының келуі — сүлтан Cap- жан Қасымүлы бастаған көтерілістің шығуына түрткі болды. 1824 ж. 8 ақпанда сүлтандар мен билердің белсенді қатысуымен бірінші Қарқаралы приказы, одан соң Көкшетау приказы қүрылды. 1824— 1836 жылдары Қарқаралы жэне Көкшетау уездерінің көтеріліске шыққан елін Кенесары Қасымүлының ағасы Саржан сүлтан басқарды. Саржан Қасымүлы приказдарды жоюды, қазақ жерлерінен әскерді әкетуді, қазақтарға бүрынғы еркіндігін қайтаруды талап етті. Саржан Қасымүлы бастаған көтерілістің негізгі мақсаты — патша үкіметі тартып алған жерлерді қайтару, Қазақ хандығын қайта жаңғыртуға үмтылыс болды. 1825—1826 жылдары оған Қаракесек, Жағалбайлы, Шора болыстарының Қожан, Тал, Айдабол, Байдәулет руларының қазақтары қосылды.
1826 ж. тамызда Саржан Қасымүлы өз отрядымен Қарқаралы при- казына жорық жасады. Бірақ жүзбасы Карбышевтің басқаруымен дер кезінде келген отряд приказдың талқандалуына жол бермеді. Нашар қаруланған көтерілісшілердің шегінуіне тура келді. Саржан Қасымүлының біраз әріптестері қолға түсті. 1832 жылдың басында ол Ресейге сенімді қызмет етіп отырған Қарқаралы уезіндегі билердің ауылына бауырлары Есенгелді жэне Ержанмен бірге шабуыл жасады. Саржанды үстауға жүзбасы Потаниннің отряды жіберілді. Сүлукөл сайының маңында шайқас болып, Потаниннің отрядының тегеурініне шыдамаған Саржанның отряды шегінді. Бүл сәтсіздік Саржанды осы 1832 ж. патша үкіметіне қарсы бірге күресу үшін Ташкент күшбегіне одақ қүруга итермеледі. Батыс-Сібір генерал- губернаторы Вельяминов бірнеше отряд жіберіп, бүл қарсылықты басып тастады. Бірақ Саржан күресті тоқтатпады. 1833 ж. шагын отрядымен Ресей билігіне қарасты билер мен сүлтандардың ауылдарына, сауда керуендеріне, бекеттерге шабуыл жасап түрды. ¥лы жүз қазақтарының бытыраган күштерін жэне Сырдария бойындагы Ташкент күшбегіне багынышты қазақтарды өз жагына тартып Ресейге қарсы күреске біріктіруге тырысты. 1836 ж. Ташкент күшбегі бүл туралы біліп қойып өзімен келіссөз жүргізуге келген Саржан, Есенгелді, Ержан Қасымүлдарын жэне 20 сарбазымен қоса өлтірді. Ресей патшалығының Саржан Қасымүлының өлімінен кейін даладағы толқулар басылады деген үміті ақталмады.
3. И. Тайманұлы мен M. Өтемісұлы бастаған көтеріліс Достарыңызбен бөлісу: |