XVIII ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен жэне Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ipi қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ әскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға үшырап, кейін шегінуге мэжбүр болды. Абылай қазақ әскерлерін үйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі әскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртүтас ел екенін көрсетті. Абылай сүлтан бүл кезде қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан қүтқарып, елдің тыныштығын, халықтың түтастығын, мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігін сақтап қалуды мақсат еткен. Бүл мақсатты іске асыру барысында ол Ресей империясының 1740 ж. Орынборда (тамыздың 28-i) сүлтан Абылай «верным добрым и послушным ... и подданным быть ...» деп Ресей империясының өкіметіне, кейін Қытай мемлекетінің бодандығын қабылдауға мэжбүр болды. Тарихшы- ғалым H. Мүхаметқанүлы «XVIII ғасырдағы Чин патшалығы мен қазақтардың қарым-қатынасы» атты мақаласында былай деп жа- зады: «1755 ж. Орта жүз ханы Абылай Чин хандығының елшілерін күтіп алған кезде, оларға Чин хандығына бағынышты болу ниетін білдірді: «¥лы мәртебелі патшаның орталық ойпатты билеп отырғанын бүрыннан естуші едім, арада асқар тау, алып өзендер көп, жер шалғай болғандықтан тарту-таралғы апара алмадық. Міне, бүгін патшаның қүдіреті шалғайды шарлап, Ілені сапырып, Лама дінін көркейтті. Қазақтар мен жоңғарларға тыныштық орнатылды деп қуанып отыр. Мен шын ниетіммен мәртебелі патшаға қараймын». Ал бүл туралы А.Левшин былай деп жазады: «Жауын сүсымен де, күшімен де сескендіре отыра, ол өз қалауымен біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мэжбүр болғанымен шын мэнінде ешкімге де бой үсынбаған тәуелсіз басшы болды».
Екі ipi мемлекетпен дипломатиялық, сауда қарым-қатынастарын орнатып, кезінде жоңғарлар басып алған Алтай, Тарбағатай өңіріндегі қазақ қоныстарын қайтарып алды. Қазақтар жаппай ата- мекендеріне орала бастады. Жоңғарлармен күресте халықтың ба- сын біріктіруде ерекше рөл атқарды. Абылай сүлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ipi империя- ларды өз саясатымен санасуға мэжбүр ете отырып, ic жүзінде елдің дербестігін, жерінің түтастығын сақтап қалды.
Абылай өткір ойлы, терең білімді шешен адам болған. Бірнеше түрік халықтарының жэне де парсы, қытай, орыс тілдерін жетік білген. 1741 жылы Абылай сүлтан жоңғарлардың қоршауында қалып, түтқынға түседі. Түтқында болған екі жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бүл мемлекеттің күштілігі — мықты орталықтанған билікке бағынуында жэне де халықтың бірлігінде екенін түсінеді. Абылай сүлтан жэне де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам қалмақ түтқынынан 1743 жылдың 5-і қыркүйегінде елге қайтып оралады. Абылайдың түтқындағы екі жылдай уақыт ішінде өзінің қадір-қасиетін жоғалтпай жоғары үстауы, сөз жүйесіндегі тапқырлығы мен батылдығы жауларын таңқалдырған. Қалдан Це- рен Абылайдың даналағына бас иіп, оған жоғары мәртебелі сый- сияпат көрсеткен жэне де «ол (Абылай) заманынан жүз жыл бүрын ерте туды, бүкіл әлемді билеу қолынан келеді» деп тегіннен-тегін айтпаған болар. Осы мәселеге байланысты орыс деректерінде былай жазылған: «Он, Аблай, от зюнгарцев с великим награждением отпущен, а именно: дана ему палатка, шитая золотом шуба, крытая парчою золотою, палатка железная складная, панцырь и прочее». Жоңғарлардың қонтайшысы Қалдан Церен «Менің үлымды өлтір- ген сен бе?» — дегенде Абылай былай жауап берген екен «... балаң- ды өлтірген мен емес, халық, менің қолым халықтың бүйрығын орындаушы ғана». Бүл оқиға туралы Үмбетей жырау «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» атты жырында былай дейді:
«Өлтірем деп Қалдан хан Орайына Шарыштың, Сөзіне қарсы сөз айтып, Жауаптастың, қарыстың. Қапияда түтылдың, Қалмаққа бітеу жүтылдың, Шешендік жолын түтындың, Үш ауыз сөзбен қүтылдың ...»
XVIII ғ. 50- жылдары Жоңғар мемлекеті саяси дағдарысқа үшырап, элсіреп, ыдырай бастады. Бірақ, Абылай ол елді қырып шапқан жоқ. Себебі, Қытай империясымен Қазақ елінің арасында қалқан рөлін атқарған Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге әкеліп соғатынын Абылай жақсы түсінген. Сондықтан да ол қалмақ халқының Қытай басқыншыларына қарсы үлт-азаттық күресін қолдады. Бірақ, қалмақтар ауыз бірліктен айырылды, соның нәтижесінде 1756—1757 жылдары Цин империясы Жоңғар мемлекетін жойып, халқын қырып тынды.
XVIII ғ. орта кезінен бастап Абылай қазақ елінің ерікті, іргелі біртүтас ел болуын, атақонысына жайғасып, бейбіт еңбек етуін қалады. Ол елді отырықшылыққа көшіруді, Үш жүздің басын қосуды, туған Отанын жаудан қорғауды мақсат етті. Абылай хандық қүрған кезде ханның жанында Кеңес болған. Оған барлық жүздердің өкілдері қатысып, маңызды мәселелерді қарайтын жэне де бүкілқазақтық Қүрылтай шақырылып, соғыс пен бітім, қоныс пен жайылым, дау мен дамай, басқа халықтармен арадағы сауда мен дипломатиялық қарым-қатынас мәселелері қарастырылып отырды.
Ташкент, Ходжент, Сайрам, Шымкент, Созақ, Түркістан қалала- ры азат болған соң, яғни қазақ хандығына қайтадан қарағаннан кейін, Үш жүздің бірлігінің көрінісі ретінде ежелгі Түркістан қаласы қазақ мемлекетінің астанасы болып белгіленді.
Мемлекеттің тәуелсіздігін сақтау үшін, басқыншылардан елін қорғай алатын жауынгерлік қабілеті бар әскери күш жинап, оларды басқаратын тапқыр әскер басшыларын өзінің қасына жинай білген жэне де өзінің жоғары дәрежедегі қолбасшылық қасиеті бар екенін көрсете алған. Орыс казактары салып жатқан бекініс, қамал- қалалардың маңындағы жайылымды жерлерден айырылып қалмау үшін, орыс мүжықтарынан қазақтарға егіншілікті үйретуге әрекет етті.
Ал сауда-саттық жүргізу ісіне көп көңіл бөлгені де орынды еді. Бүрын айырбас сауда тек Орынборда ғана жүргізілсе, енді 1760- жылдары Троицкіде, Семейде, Қызылжарда жүргізілетін болды. Ертіс өзенінің сол жағын бойлай шығысқа — Қытайға қарай «Абылай жолы» атты сауда жолы салынды. Қазақ хандығы мен Қытай арасындағы сауда-саттық биік дәрежеге көтерілді. Тарбағатай мен Қүлжада жәрмеңкелер ашылып, олар қазақтарға малын, қолөнер бүйымдарын Қытай тауарларымен айырбастауға мүмкіншілік ту- дырды жэне Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріне де Қытаймен сауда қарым-қатынасын орнатуға жол ашты.
1771 жылы үш жүздің өкілдері жиналып Абылайды бүкіл қазақтың ханы етіп сайлайды. Оның хан атағын Қытай императоры да, орыстың ақ патшасы да бекітеді. Ресей патшасы Екатерина II Абылайды хандыққа бекіту, әйтпесе, оған әлдебір нүсқаулар беру үшін оны талай рет Петербургке, не Орынборға арнайы шақыртады, алайда Абылай хан ол шақыртуларға: «Мені үш жүзге хан қылып халқым сайлады, ендеше бүған қоса айрықша бір куэлік алудың қажеті жоқ»,— деп жауап берген. Шын мэнінде де Абылай ханның түсында қазақ мемлекеті өзінің ішкі, сыртқы саясатын ешкімге жалтақтамай дербес жүргізді. Ол өз мемлекетінің дербестігін бәрінен де жоғары санады.
Сондықтан, Цин империясы Жоңғар мемлекетін қырып-жойып, шауып тастағаннан бастап Абылай бірнеше елшілер жіберіп, Қытай мемлекетімен бейбіт саяси қатынас орнатуға тырысты. Қытай империясы бірнеше қайтара шапқыншылық жасап, қазақ жерін жаулап алмақшы болды. Қытай мемлекетін жеңу оңай емес екенін түсінген Абылай хан онымен бейбіт келісімге келіп, сауда-саттыққа жол ашып, оны Ресей империясына қарсы қолданған. Қытаймен бейбіт қарым-қатынасты өрбіте отырып, Абылай Ресеймен де қалыптасқан саяси жэне экономикалық қатынасты үзбеген. Ресей империясы қазақ жерінің шекарасына бекіністер, қамал-қалалар салып, оларды орыс казактарымен толық жайғастырып жатқанда жэне де Жайықтың, Ертістің тағы басқа өзендердің жағасына қазақтар малын жаюына тыйым салу жөніндегі жарлықтарын шығарғанда Ресеймен жағдайды шиеленістіруге бармай, мәселені дипломатиялық жолмен шешуге тырысты. Ресей патшалығының отаршыл, басып алу саясатының қүрбаны болу қаупі түрғанын сезді.
XVIII ғ. 70- жылдары Түркістан аймағында түратын қазақтарды қырғыздар шауып, мал-жандарын айдап әкетіп отырады. Қазақтар Абылайдан өздерін қорлықтан қүтқарып, қорғауды талап етеді. 1779 жылы Абылай әскерлері қырғыздарды талқандап, басшысы — Ca- дырбаланы түтқынға алады. Қырғыздар келісімге келіп, бітім жаса- уды өтінеді. Сосын, Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ қалалары босатылады, ал 1781 жылы Ташкентті бағындырады, оны алым- салық төлеп түруға міндетті етеді. Абылай хан «... өзі әулет басы ретінде рубасыларының ғүрпы бойынша өмір сүру үшін Түркістанда қалды. Сонда 1781 жылы дүние салып, мүрдесі Қожахмет Яссауидің мешіті алаңына жерленді»,— дейді Ш. Уәлиханов.
Абылай хан мемлекеттің, қазақ халқының жағдайын шүғыл түзеді. Абылай кезеңі тарихта ең бір елеулі кезең болды. Жау қуылды, халық өз жерінде емін-еркін түрмыс қүрды, бірлікке, үйымшылдыққа негізделген хандық билігі қүрылды. Солай бола түрса да Абылай хан көзі тірісінде қазақ елінің мемлекетінің түрақты болуының тарихи жағдайын жасап үлгермеді. 1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін еліміздің түтастығы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздігінен айырыла бастады.
Абылай хан — XVIII ғасырдағы тарихымыздың aca ipi түлғасы. Ол туралы орыс ғалымы A. Левшин былай дейді: «Абылай тәжіри- бесі, ақыл-айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны, күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың боғда ханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз түсындағылардың бәрінен де басым еді. Ол үстамды, досына мінэйім мінезді, жауына қатал, қаһарлы кісі еді. Сондықтан жүртты өзіне тарта, ерте білетін еді».
Бүл жерде Абылай ханның XVIII ғасырдан күйі жеткен санау- лы күйшілеріміздің бірі екенін айта кеткен жөн болар. Себебі, қазақ қоғамында күйдің алар орны айрықша, ең мол дерек көзі күй тілінде жэне күй аңыздары түрінде сақталған. Абылай ханның күйлерінің тақырыбы нақтылы өмір қүбылыстарына арналған жэне де ел қамы мен халық тағдыры жөнінде толғанған ойларын сипаттайды. Абылай ханның күйлері туралы Ш. Уәлиханов, A. Затаевич сияқты ғалым- зерттеушілер кезінде жазған. Олар: «Ақ толқын», «Бүлан жігіт», «Дүние қалды», «Қайран елім», «Қоржын қақпай», «Жетім торы» т.б. «Бүл күйлердің бэрі күні осы уақытқа дейін Абылай үрпақтарына сонау бір даңқты кезеңдерді елестетеді» дейді Ш.Уәлиханов.
Абылай ханның алға үстаған саясаты, мақсаты — қазақ халқының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тәуелсіздігі еді. Алайда ол дүние салғаннан кейін қазақ мемлекеті қайта бөлшектеніп ыды- рай бастады. Ресей империясы қазақ жерін отарлауды қызу қолға алды. Оны іске асыру эртүрлі жолдармен іске асты, яғни әскери шеп бекіністер салу, қазақ жерін тартып алу, хандық билікті жою, рухани отарлау жэне т.б.
Абылай кезінде қазақ хандығының саяси жэне экономикалық жағдайы жақсарды. Қазақ халқы бірлікке, тәуелсіздікке, бейбіт өмірге үмтылды. Абылай сүлтан болған кезінде ақыл-айласымен, сабырлы салмақтылығымен маңайына Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, Байдалы би, Сасық билерді, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақүлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай т.б. ба- тырларды, Бүхар жырау, Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау сияқты сыншы-жырауларды топтастыра білді. Абылай ел арасында aca зор беделге ие болған. Қазақ халқының басқа халықтармен терезесі тең дамуы үшін жан аямай арпалысқан хан. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Абылай деген ат тәуелсіздік, бостандық, бірлік, ерлік, азаматтық, мемлекеттік тэрізді үғымдармен бірге айтылатын бол- ды.
3. Кіші жүз қазақтарының патша үкіметінің отарлау шараларына қарсы күресі
XVIII ғасырдың 30- жылдары Кіші жүзді өзіне тәуелді еткен соң патшалық Ресей біртіндеп қазақ даласындағы отарлау саяса- тын тереңдете бастады. Оның барысында елдің шаруашылығы күйзеліске үшырап, саяси жағдайлар шиеленісе түсті. Мүның барлығы Қазақстанның эр өңірінде халықтың наразылығын ту- дырып, көтеріліске шығуға итермеледі. Ал, Кіші жүз өңірінде қалыптасқан жағдайлар қазақтардың E. Пугачев бастаған көтері- ліске қатысуына себеп болды. Өзін "III Петрмін" деп жариялап, лақап ат жамылған E. Пугачев пен оның төңірегіндегілер қазақ даласында болып жатқан мәселелерден біршама хабардар еді жэне олар қазақтардың көтерілісті қолдайтынын түсінген болатын. Сондық- тан, ол жағдайларды өз мүддесіне пайдалануға тырысып, 1773 жылдың 6 кыркүйегінде қазақтарға "қамқор" болатынын білдіріп манифест жазып, 200 адамнан түратын қазақ жасақтарын жіберуді сүрайды. Пугачевтың жазған мүндай үндеулері қазақтар арасынан біршама қолдау тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |