Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет18/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60

Қазақ қоғамдық-саяси өмірінде ерекше орынға ие болған топ- тың бірі батырлар болды. Алғашқыда батырлар тайпалар мен рулардың әскер басшылары болса, кейін жоңғарлармен жэне Орта Азиялық жаулаушылармен болған күресте батырлардың әлеумет- тік рөлі ерекше жоғарылап py ақсақалдары деңгейіне көтерілді. Ш.Уәлиханов: "Батырлар — қазақтарда рубасы сүлтандардан кейін атақты эрі маңызды адам ... Ол ел арасында ықпалды, берген кеңесі елде эрқашанда салмақты болды",— деп көрсетеді.

XIX ғасырдың ортасында қазақ қоғамында тауар-ақша қатынасына байланысты жаңа әлеуметтік топ — байлар пайда болды. Қазақтардың арасында ipi сауда қатынастарын жүргізетін бірқатар байлар болды. Олар заттарды сатып қана қоймай, басқа адамдарға несиеге өсіммен ақша берді. Мысалға, Ахмет Жантөрин сауда жасап қана қоймай, белгілі бір табыс үшін қандай да бір ша- руамен айналысамын деген қазақтарға несиеге ақша беріп отырған. Байлар сүлтандар мен рубасылар арасынан да, «қара сүйектер» орта- сынан да шықты. Байлар белгілі келісім бойынша жүмысшыларды жалдап отырды. Байлар керуендік саудамен де айналысқан. Кейде байлардың өзі керуенбасы болып қызмет етіп, қазақ даласында сауда жасаған, бірақ көбінесе түйелерін қарапайым қазақтарға белгілі бір ақыға беріп, олардан ақыны ақшалай, кейде заттай алып отырған. XIX ғасырдың басында байлардың шығуы қазақ қоғамында жаңа экономикалық қүбылыс болды.

Егіншілер, жатақтар мен бақташылардың болуы ішкі қазақ қоғамында әлеуметтік теңсіздік патшалық Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатының белсенділігімен де күшейе түскен еді.

XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ қоғамында қүл ретіндегі адамдар санаты да болды, бірақ олар маңызды рөл атқармады да, жойылып кету шағында түрды. Қүлдар негізінен соғыста қолға түскен жэне базарлардан сатып алынып отырған. Олар көбінесе үй шаруашылығына пайдаланылды. Кейіннен олар қоғамның толық мүшесі болды немесе төлеңгіттерге айналып отырды.

XVIII ғасырда төлеңгіттер хандар немесе сүлтандардың әскери қызметшісі болды. Олар кейде жауапты дипломатиялық жүмыстарды да орындады. Төлеңгіттердің әлеуметтік жағдайының өзгеруі XIX ғасырда қазақ мемлекеттігінің жойылуымен байланы­сты болды. Төлеңгіттер енді өз қожайындарының оққағары неме­се жасақтары ретінде қызмет етті. Төлеңгіттер сүлтандарды жэне олардың мүлкін қорғауға, жол сапарда бірге жүруге, шабармандық сияқты т.б. қызметтерді де атқарды. XVIII ғасырда төлеңгіттерді тек қана «ақ сүйектердің» түқымдары сүлтандар ғана иелене алса, XIX ғасырдың I жартысында сүлтандар бүл қүқықтарынан айырылып, енді төлеңгіттерді билер мен старшындар да иелене алды.

Осылайша, XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында қазақ қоғамы екі қарама-қарсы топ — сүлтан, би, бай, батыр бір жағында болса, екіншісі — қарапайым шаруа, оның ішінде кедейленген егіншілер, жатақтар мен бақташылар болды.

Егер бүрын жасы келген, алдына барып ақыл сүрайтын адам — ақсақал атанса, енді XIX ғ. I жартысында билікке ие болған басшы-сүлтандар мен аға сүлтандар да ақсақал атанды. Әйелдердің ep адамдармен қатар тең қүқылары болмады. XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуде қазақ қоғамында рулық-патриархалдық қатынастардың сақталып қалуы қоғамның одан эрі дамуына, бірігуіне, орталықтандырылған мемле­кет қүруына тежеу жасады.

Қазақ хандығының ішкі жэне сыртқы саяси жағдайын жете білуге тырысқан патша өкіметі хандық билікті сақтай отырып, қазақтардың ішкі істеріне араласа бастайды. 1781 ж. Орта жүзге Уэли хан (1781—1819 жж.) болып бекітілді. Ресей экімшілігі сүлтандар мен py басшыларының өздерінің хандарына, оның ішінде Уэли ханға қатысты да өтініштері мен арыз-шағымдарын қарастыруға тыры­сты. Сондай-ақ қазақтардың саяси, сот жэне рухани өміріне бай­ланысты шараларды даярлаумен де айналысты. Мысалы: ханның жанынан ақсақалдар Кеңесін қүру; билер соты; қазақ балалары үшін мектеп ашу; шекара жанындағы қазақтарды тікелей басқаруды үйымдастыру; қазақ жерлеріне әскери-ғылыми-барлау экспедиция- ларын жіберу т.б. Ал, 1819 ж. Уэли хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүзде жаңадан хан сайланбады.

Ресей қазақ даласын отарлауды табанды түрде жүргізе оты­рып, саяси сахнадан Әбілқайыр ханның үрпақтарын ығыстырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюға әрекет жасады. 1797 жылы Ресей үкіметінің қолдауымен хан сайланған Айшуақтың халық арасында беделі төмен болатын. Оның түсында ел ішіндегі қарым- қатынас шиеленісіп, саяси билік қатты дағдарысқа үшырайды. Ресей үкіметінің сенімін ақтамаған Айшуақтың орнына оның ба­ласы Жантөре хан (1805—1809 жж.) сайланады. Осы кезде Орын­бор губернаторы Жантөреге қатысты екіүшты саясат үстанады. Ол бір жагынан халық өкілдері сайлаган ханмен санасуына тура келсе, екінші жагынан оның ел арасындагы беделінен сескеніп, оган қарсы кейбір сүлтандарды жасырын айдап салып отырды. 1808 жылдың соңына қарай Жантөре ханның жагдайы қиындай түсті. Кіші жүздің хандыгы бүрынгы біртүтастыгынан айры- ла бастады. Біртіндеп билігі әлсірей бастаган Жантөре хан Ресей үкіметінен қолдау табу мақсатында Жайық шебіне жақындап ба­рып қоныстанады. 1809 жылдың күзінде қарсыластарының бірі Қаратай сүлтан 200 жігітпен оның ауылына шабуыл жасап, ханның өзін өлтіріп кетеді. Жантөре өлген соң Ресей үкіметі оның орнына

Әбілқайырдың түқымы дарынсыз Шерғазыны хан тағайындайды. Бірақ, оны халық жиналысы мойындамайды да, орнына ел арасын­да ықпалы күшті Арынғазы сүлтанды хан сайлайды. Арынғазы тез арада Кіші жүздегі билікті бір орталыққа бағындырады. Хандық билікті жоюға мүдделі патша үкіметі Арынғазының хандық билікті күшейту әрекетіне мүмкіндігінше кедергі жасауға тырысты. 1821 жылы Санк-Петербургке келген Арынғазы ханды патша үкіметі қамауға алады да, Сібірге жер аударып жібереді. Бүдан кейін Кіші жүзде хан тағайындау ici жүзеге асырылмады. "Игельстром рефор­масы" жүргізілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы жерлерге көшіп-қонуға рүқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы қосөзен аралығында екінші хандық — Бөкей Ордасы (Ішкі Орда) қүрылған еді. Бүл жағдайдың барлығы Кіші жүздегі түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастардың шиеленісуіне әкелді.

Осылайша, XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басында Орта жэне Кіші жүздің аумағы Ресей империясының ықпалында, ¥лы жүздің аумағы Қоқан хандығының қол астында болды.

XIX ғ. 20—30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан эрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының жэне Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар эрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір- біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды.

1822—1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта жэне Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір әскери губерна­торы М.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор әскери губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз аумағына таралды.

«Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз аумағы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал- губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік- батыс Сібірде түратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді қүрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ қүрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Қүсмүрын (1834 ж.), Көкпекті(1838 ж.).

Әр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал- губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қыр- ғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар түрды жэне оларды сүлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сүлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сүлтандар басқарды. Бір болыстың қүрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, эр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рүқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рүқсат алуы керек болды.

Жаңа экімшілік бөлініс қазақтардың дәстүрлі жер қатынасын күйретті де рулық қауым қүлдырады. Сонымен қатар, оған аға сүлтандарға, болыс сүлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де әсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына, омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді жэне егер- де ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дүрыс пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік қүқығын иеленуге де мүмкіндігі болды. Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір экімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылай- ша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей жэне Өскемен уездері Том губерниясына берілді.

1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш санатқа бөлінді:

  • қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, үрлық, барымта, билікке бағынбау);

  • арыз-шағымдар («қазақтардың әдет-ғүрып заңдары» бойынша билер шешетін екінші кезектегі істер);

  • облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың сүлтандар мен билерге, болыстарға т.б.).

Сонымен қатар Жарғы салық жүйесін енгізді, ол бойынша эр қожалық өкіметке 100 бас малдан 1 бас мал салық төлеуге тиіс бол­ды. Жарғыны қабылдаған қазақтар бірінші бес жылда салықтан бо- сатылды. Қазақтарға керуендерді, пошта жолдарын күзету, байланыс жолдарын қадағалау сияқты жэне т.б. міндеткерліктер жүктелді.

Жарғының арнайы бір параграфы аға сүлтандардың, болыс- басқарушы сүлтандардың жэне округтік приказ шенеуніктерінің мэртебесін жэне жылдық жалақысын белгіледі: аға сүлтандарга жылына 1200 сом, тілмаштарға — 800 сом, болыс сүлтандарына — 150 сом.

Жарғы бойынша қазақтарға өз округтерінің ішінде жэне оның сыртында да тауарларын шығарып сатуға рұксат етілді. Жарғының жеке баптары сауат ашу мәселесін қарастырды.

1838-1856 жылдары сібір қазақтарының облысын басқаруды рет- теуүшін бірнеше «Ереже...» қабылданды жэне отаршыл экімшіліктің қазақ даласына тереңдеп жылжи түсуіне мүмкіндік берді. Патша экімшілігі шенеуніктерінің жергілікті жағдайды дүрыс білмеуі, экімшіліктің Орта жүздегі хандық билікті жою үрдісін тездетуге үмтылуы, басқарудың жаңа қүрылымын енгізуі қазақ қоғамының жікшілдікке үшырауына жэне үкіметке қарсы көңіл-күйдің пай­да болуына әкеліп соқты. Ол қазақ халқын өз мүддесін қорғауға шығарып, Қазақстанның барлық аймақтарында үлт-азаттық көтерілістер орын алды.

1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаган «Орынбор қыргыздары туралы» Жаргы кіші жүзде жүзеге асырыл- ды. Бүл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның аумагы: Батыс, Орта жэне Шыгыс болып үшке болініп, Орын­бор генерал-губернаторлыгына багынды. Бүл бөліктердің басында ага сүлтандар түрды. Бірінші ага сүлтандар: Қаратай Нүралыүлы, Темір Ералыүлы, Жүма Қүдаймендеүлы болды. Ага сүлтандардың жанына Ресейдің «көзі мен қүлагы» саналган 200 адамнан түратын казак-орыс отрядтары берілді. Сүлтандарга жылына 1200 сом жалақы төленді. 1824 ж. Жаргы бойынша қүрамында торага, төрт кеңесші жэне төрт ауқатты қазақтан түратын шекаралық комиссия қүрылды.

1822 ж. Жаргыдан айырмашылыгы Кіші жүздегі ауыл стар- шындарынан бастап ага сүлтандарга дейін сайланбайтын бол­ды, оларды шекаралық комиссияның үсынысымен Орынбор генерал-губернаторы тагайындады. 1831 ж. дистанциялар мен старшындықтар үйымдастырыла бастады. Батыс бөлікте — 8, Орта- да — 20, Шыгыста — 28 дистанция қүрылды. 1837 ж. 1 сом 50 тиын күміс ақшамен түтін салыгы енгізілді. Сүлтандар, старшындар жэне молдалар салықтан босатылды.

1844 ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабылдан- ды да, ол бойынша орыс шенеуніктерінен жергілікті экімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың py- тайпалық бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше қарекет етуі мүмкін болмай қалды.

Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айналды- py үшін хандық билікті, яғни, қазақ мемлекеттілігін жойып, орнына орыстың әкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы басқарылды, ал Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822— 1824 жж. Ресей империясы Орынбор жэне Сібір ведомстваларының территориясында түратын Кіші жэне Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады. Осы жэне одан кейін жалғасқан XIX ғасырдың 30—50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан эрі отарлау үшін жағдай жасады. XIX ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы түтастай Ре­сей империясына бағынышты болды жэне жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.

2. ¥лы жүз қазақтарының қоқандықтарға қарсы күресі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет