1756 ж. патша жарлығы бойынша қазақтарға қысқы уақыттаЖайықтың оң жағалауына мал жаюға тыйым салынған болатын. Патшаның бүл жарлығы Жайық орыс-казактарының мүддесітүрғысынан қабылданғанды. "Игельстром реформасының" жүргі-зілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық арасындағы жерлер-ге көшіп-қонуға патша үкіметінен рүқсат алған соң, кейінірек,1801 жылы ол қосөзен аралығында Нүралы ханның баласы Бөкейсүлтанның басқаруымен жеке иелік қүрылды. Бөкей сүлтан тек1812 ж. ғана патша үкіметінен "хан" атағын алып, ол басқарғаниелік Бөкей ордасы немесе Ішкі Орда деп атала бастайды. БөкейОрдасы Ресей империясының шекаралық өңірінің "Ішкі" жағындаорналасқандықтан "қуыршақ мемлекет" рөлін атқарды. Бөкейхандығының қүрылуы сол кездегі Кіші жүздегі саяси-экономикалықжағдайдың нэтижесі. Бөкей Ордасы қүрылғаннан кейін Жайықтыңоң жағалауына 5 мыңға жуық үй көшіп-қонса, кейін Орынборшекаралық комиссиясының есебі бойынша Бөкей хандығыныңсаны 10 235 үйге жеткен. Бөкей хандығының шекарасы бірте-бірте анықталған соң, оның көлемі шығыстан батысқа қарай 350шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді алыпжатты. Бірақ бүл жерге қоныстанған қазақтарға патшалық Ресейдіңотаршылдық саясаты өзіндік зиянын тигізді. Оларға Орал казак-орыс әскерлері жиі-жиі шапқыншылықтар жасап отырды, біртіндепәскери бекіністер салына бастады. 1813—1815 жылдары Плинин,Фокеев, Сламихин бекіністері салынды. Қараөзен мен Сарыөзенніңбойы шекаралық аймаққа айналды. Жайық өзенінің бойы біртіндепОрал казак-орыс әскерлерінің меншігіне қарады. Соның салдары-нан қазақтардың жайылымдық жерлері тарылып, шаруашылықтарыкүйзеліске үшырады. Сонымен қатар, Орал казак-орыстары қазақ-тардың ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын өлтіріп, мал-мүліктерін тонап кетіп отырды. Патша өкіметінің жергілікті әкім-шілігі мүндай озбырлықтарға қарсы шара қолданбай, керісінше көпжағдайда мәселеден жалтарып кетіп отырды.
1815 ж. Бөкей қайтыс болған соң оның орнын басар Жэңгір, Әділгерей, Меңдігерей атты үш үлы қалады. Хан тағының мүрагері Жэңгір оңсолын танып, ел басқаруға араласқанша Ішкі Орданы Бөкейдің інісі Шығай биледі. 1824 ж. Жэңгір арнайы жарлықпен хан тағына отырған соң Ішкі Ордадағы қоғамдық түрмыс пен әлеуметтік-саяси қүрылымдарға, жер қатынасына, салық саясаты- на өзіндік өзгерістер енгізбек болды. Бірақ көшпелі жэне жартылай көшпелі халық ханның бүл "жаңалықтарына" дайын болмады.
Жер қатынасында әділетсіздіктер орын алды. Жэңгірдің ағасы Меңдігерей Бөкейханов ханның төңірегінде жүрген сүлтандар Мүсағали, Шыңғали Ормановтар, Балқы Қүдайбергенов т.б. шү- райлы жерлерді иеленді. Сонымен қатар Ішкі орданың халқы Орал казак-орыстарынан да қатты қысым көрді. Жайық өзенінің жаға- лауына адам жолатпады. Қазақтарға Жайықтан балық аулау түгілі cy ішуге, мал суғаруға рүқсат етпей, өзенге он шақырым жақындауға тыйым салынып, ол жаққа жайылып бара қалған малдарды айдап алып, иеленіп кетіп отырды.
Ішкі Орданың қазақтары 1846 жылға дейін патша үкіметінің алдында міндеткерліктер жүктеп, ешқандай салық төлемеді. Ордадағы салықтың түрлерін негізінен ханның өзі белгілеп отырды. Олардың ішінде ханның пайдасына алынатын "зекет", "соғым" сияқты салықтар болды. 1825 ж. "зекет" салығынан 115 мың сом пайда түскен. "Соғым" салығынан жылына 6000 сом пайда тауып отырған, бүл салық кейде 800—1000 бас мал түрінде алынып түрды. 1836 ж. Ішкі Орда халқы ханның "зекет" салығына 18000 қой, 800 өгіз, 1000 жылқы, 700 түйе, одан басқа да салықтар жинағанын ай- тып Орынбор комиссиясына шағымданады.
Жэңгір хан 1833 ж. өзінің қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов- ты Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген рулардың басқарушысы етіп тағайындайды. Жаңа тағайындалған басқарушы қарапайым халықты қатты қанауға үшыратты. Ол қазақтарға жерді "жалға" беру дегенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мэжбүр болды. Оған қоса Қарауылқожаның отбасы үшін эр шаңырақ 2 сом, ал ауыл старшындары бір жылқыдан төлеуге міндеттелді. Одан басқа да қосымша міндеткерліктер халықты әбден күйзелтті. 1835 ж. Исатай ханға арызданбақ болғанда, сүлтан Шөке Нүралиев ханмен сөйлесемін деп Беріш руына қарасты елден 264 түйе, 127 жылқы, 19222 сом ақша жинап алып, халықтың шағымын аяқсыз қалдырады. Қ.Бабажановты тағайындау қарсаңында жэне одан кейін де ханға айтылған арыз-шағымдар ескерусіз қалған еді.
Мінеки, осындай жер қатынасындағы әділетсіздіктер, Оралказак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардантүскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырды.Бүл жағдайлар 1836—38 жылдары халықтың көтеріліске шы-ғуына әкеліп соқты. Көтеріліске Исатай Тайманүлы мен Махам-бет Өтемісүлы жетекшілік жасады. Көтеріліс алғаш эр жердеүйымдаспаған наразылықтар түрінде байқалса, кейіннен біріккенкүшке айналып, ашық қарсылыққа үласты. Көтерілістің негізгіқозғаушы күші бүқара халық болды. Бөкей хан 1812 жылы Жайықбөлімінің старшыны Жабал Бегалин қайтыс болған соң орнынаИсатайдың жақын серігі M. Өтемісүлын тағайындайды. Махамбетжасынан ақын ретінде қалыптасып, эрі татар жэне орыс тілдерінүйренеді. Ол Жэңгір ханның баласы Зүлқарнаймен бірге Орынбор-да да түрады. Жэңгір хан Махамбетті сарай ақыны жасауға тырыса-ды, бірақ арадағы қарым-қатынас өзгеруіне байланысты Махамбет1828—1829 жылдары өз ауылына кетіп қалады. Одан соң шекаралықүкімет тарапынан "Еділ арқылы қүпия өткені үшін" деген айып-пен қамауға алынып, екі жылдай қалмақ қамалында болады. 1831ж. онда тырысқақ (холера) эпидемиясы басталғанда қашып кетеді.1834 ж. Жэңгір хан Махамбетті старшындыққа тағайындайды, бірақбүл тағайындауды Шекаралық комиссия бекітпейді.
1835 ж. Исатай бастаған көтерілісшілер халық арасындаүгіт-насихат жүмыстарын жүргізіп, орын алған әділетсіздікпенозбырлықты әшкерелеп, хан билігіне бағынбауға шақырады. Исатай мен Махамбеттің бүл әрекеттерін Қарауылқожа "елді бүлдіріп"жатыр деп Жэңгір ханға бірнеше рет хат жазады. 1836 жылдыңақпан айында көтерілісшілердің Жэңгір ханға қарсы белсенді күресібасталады. Жэңгір хан енді Исатайды алдап Жасқүстағы ордасы-на шақырады, бірақ Исатай бүл шақырудан бас тартып, ханныңшақыруын алып келген шабармандарды соққыға жығып қайтарыпжібереді. 1836 ж. наурызда хан Қарауылқожаға қол жинап Исатаймен Махамбетті жэне оларды қолдаған көтерілісшілердің белсендімүшелерін түтқындауға бүйрық береді. Қарауылқожа адай, беріш,табын т.б. рулардан 522 жігіт жинап, Исатайдың ауылына аттана-ды. Мүны естіген Исатай 200 жігітпен Қарауылқожамен соғысуғаәзірленеді. 4-сәуір күні Қарауылқожа жасағымен Исатайдыңауылының маңындағы Қиялы моласының жанына келеді де,Исатайға Сағыр Баршығаев пен Қабық молданы елшілікке жіберіп,хан мен императорға бағынуды талап етеді. Осыдан соң Исатай 200жігітімен қолдарына ту алып, Қарауылқожаның жасағымен кездесіп,
Исатай Қарауылқожаны жекпе-жекке шақырады. Қарауылқожа Исатай батырдың айбынынан сескеніп, хан бүйрыгын орындаудан бас тартып, жинаған жасағын ауылдарына қайтарады. Қарауылқожаның Исатайдан соғыссыз жеңілуі ел арасына тез тарап, Исатай батырдың беделі одан эрі өсе түседі. Осы жағдайдан соң Жэңгір хан ашула- нып, қайткенде Исатайдан кек қайтару жағын ойластырып, Орынбор экімшілігіне Исатай мен Махамбет Күшік Жапаров деген адамды өлтірді деп жала жауып, сотқа шақыртады. Бірақ сотта екеуі де өздерінің кінәсіз екенін дәлелдеп шығады. Халық толқуы шекаралық комиссия мен ханды қатты алаңдатқан болатын. Исатай батыр ел ішінде беделді бір топ адаммен Қарауылқожаның үстінен ханға шағымданып, жағдайды тексеруді сүрайды. Қарауылқожа да көтерілісшілердің үстінен ханға арызданады.
1836—37 жж. көтерілісшілер ханға өздерінің талаптарын айтып, өкілдерін жіберумен болады. Сонымен қатар Исатай ел ішіндегі түрлі мәселелерді шешіп, халық казактар мен байлардың жерлерін бөліске салып, Жайықтың арғы бетіне өтуге шақырып отырады. 1837 ж. наурызында Шекаралық комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа шақыртады, бірақ олар сотқа барудан бас тартады. Орынбор генерал-губернаторы Перовский жіберген атаман Покатилов бастаган Жайық казак әскерінің отряды да оларды түтқындай ал- майды. Бүл түста көтерілісшілердің саны 3 мың адамга жеткен еді. 1837 ж. қыркүйегінде Исатай мен Махамбет бастаган көтерілісшілер Қарауылқожаның ауылы мен басқа да би-сүлтандардың ауылдарына шабуыл жасайды. Одан кейін хан ордасын шабуылдауды ойластырып, қазан айының басында ордага 12 шақырымдай жерге келіп op- наласады. Исатай хан ордасына жақындаган түста қол астында 2000 жігіт болады. Алдымен ханга өз талаптарын айтып хат жазып, оның орындалуын күтеді. Жэңгір хан болса Исатаймен келіссөз жүргізу арқылы уақыт үтады да, Орынбор генерал-губернаторлыгына жа- сырын хат жазып, көмек сүрайды. Бүл жагдайды білген Исатай да Орынборга хат жолдап, жауап күтеді.
Орынбор генерал-губернаторы Перовский қазан айының 17- сінде подполковник Геккені Жэңгір ханга көмекке жіберіп, күшпен тэртіп орнатып, Исатай мен Махамбетті түтқындауды тапсырады. Қазан айының 30-да Гекке хан ордасына жетеді. Оган жолда атаман Покатиловтың 400 казак отряды қосылады. Гекке хан ордасына келген соң қосымша күш жинау үшін, уақыт үту мақсатында Исатаймен келіссөздер жүргізеді, бірақ одан нәтиже шықпайды. Бүдан кейін Гекке губернаторга хат жазып, өздерінің көтерілісшілермен соғысуға даяр еместігін жэне полковник Меркульевтің отрядынаТеректікұмдағы Исатайдың ауылына шабуыл жасау керектігін ай-тады. Қараша айының 7-де Меркульевтің отряды Исатайдың ауылына шабуыл жасап, батырдың отбасын түтқындайды. Бүл суыт xa-барды естіген Исатай дереу ауылына көмекке аттанады. 8 қарашадаИсатайдың жігіттері Меркульевтің отрядын қоршап алады да ауыладамдарын босатуды талап етеді. Меркульев соғысуға күштің теңеместігін байқап, ауыл адамдарын босатуға мэжбүр болады. Осыжағдайдан кейін Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің мэніөзгеріп, ол тек ханға қарсылық емес, енді ханға қолдау көрсеткенОрынбор экімшілігіне де қарсылық сипатына ие болды.
Меркульевтің отряды Геккенің отрядымен Бекетай ауылыныңмаңында қосылып, Тастөбеге қарай бағыт алады. Тастөбеге 4шақырымдай қалғанда 500-ге жуық көтерілісшілер тобыменкездеседі. Исатай батыр Меркульевтің отрядынан қүтқарып алғанелді қорғау үшін жан-жақтан жігіттерін жинауға тырысады. БірақГекке бастаған 2000 жазалаушы солдат көтерілісшілердің бір-біріне қосылмауына күш салады. Жазалаушы отряд саны жағынанбасымдылық танытса да көтерілісшілер бірінші болып шабуылбастайды. Алдымен мергендер тобы мылтық атады, Геккенің отряды оларды зеңбіректен атқылайды. Зеңбіректен дүрыс нәтижеболмаған соң Геккенің солдаттары шабуылға кошеді. Оларғакөтерілісшілер қарсы шығып, солдаттардың арасын біршама сиретіптастайды. Мүны байқаған Гекке көтерілісшілерге жақындап келіпзеңбіректен қайта оқ атуды бүйырады, онысы нысанаға дэл тиіп,көтерілісшілерден көп адам шығынға үшырайды. Сол уақытта сол-даттар тағы да шабуылға шығады. Осы шайқаста Исатай оң қолынанжараланады да, баласы Жақия 50—60 адаммен бірге қаза табады.Тастөбе маңындағы шайқаста көтерілісшілер Геккенің отрядынанжеңіледі. Жеңілістен кейін Исатайдың жігіттері Ішкі Ордаға шағынтоптармен тарай бастады.