Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет16/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60

Осыдан кейін, кыркүйектің 20-сына қарай Нүралы хан 1000-ға жуық қазақ жасағымен Жайық қалашығының жанына келеді, бірақ,

Пугачевқа көмек көрсетуден тартынып, көп үзамай кері қайтып кетеді. Пугачев 1773 жылдың 20 қыркүйегінде қазақтарға арнап тағы да манифест жазады. Одан соң, Пугачев Жайық қалашығына шабуыл жасап оны ала алмайды да, онда аз ғана отрядын қалдырып, негізгі күшін алып Орынборға қарай кетеді. Жол бойында Черноре- ченск, Татищев бекіністерін басып алады.

Қазақ жасақтары Жайық қалашығына, Озерная, Сахарная, Ko- жехаров, Красногор дистанциялық бекіністеріне шабуылдар жа- сайды. 1773 жылдың 5 қазанында Пугачевтың көтерілісшілері Орынборды қоршауға алған түста Досалы сүлтан бастаған қазақ жасақтары Пугачевтың өтініші бойынша Орынборды қоршауға алуға қатысады. Досалы сүлтанның үш баласы Пугачевты қолдап көтеріліске қатысқан болатын. Орынборды қоршау 5 айға созылып, оның барысында 2000-дай қазақ жасағы қолдау көрсетті.

1774 жылдың тамыз айында старшын Дайыр сүлтан бастаған 50 қазақ жасағы Пресногорьков бекінісін шабуылдады. Қүлсары батыр бастаған қазақтар редутке шабуыл жасап, оған старшындар Алгабай, Птек жэне Дэуітбай тархан қатысты.

Пугачев көтерілісіне қазақтардан басқа башқүрттар, қалмақтар, т.б., қатысқан еді. Бүл көтерілісті басуга патша экімшілігі жақсы қаруланган жазалаушы әскер жіберді. Жазалаушы әскер Қазан маңында көтерілісшілерді басып-жаншыган соң, Пугачев бастаган көтеріліс жеңіліс тапты. 1775 жылдың көктемінде жазалаушы әскер көтеріліске қолдау көрсеткен қазақ ауылдарына шапқыншылықтар жасады. Бүган шыдамаган қазақтар далага ішкерілей көшіп кетіп, бас саугалайды.

Ал, 1775 жылдың жазына қарай Кіші жүз өңірінде "Көрінбейтін адам" немесе Көктемір туралы аңыз тарайды. Бүл аңыздың тара- луы барысында күйеуі Сейдалы сүлтанның қолдауына сүйенген Сапура Мэтенқызы "Көрінбейтін адам" атынан үндеу таратып, жа- нына жасақ жинап, күзге қарай көтеріліске шықты. 1776 жылдың көктемінде Сейдалы сүлтан бастаган көтерілісшілер отряды жа­залаушы әскердің қүрамында болган башқүрттарга шабуыл жа­сады. Сапура Мәтенқызы бастаган көтерілістің өрістеуі барысын­да оган қатысушылардың саны 10 мыңга дейін жеткен болатын. Көтерілісшілер Гурьев пен Кулагин бекінісінің аралыгындагы жерлерге топтасып Ресейге қарсы күресуді ойластырады. Жогаргы Орал, Op, Елек, Орынбор бекіністеріне шабуылдар жасайды. Бірақ, уақыт өте келе көтерілісшілер арасында өзара келіспеушіліктер ту- ындап, Досалы сүлтан Ресейді қолдап кетеді. 1776 жылдың жазын- да жазалаушы әскердің күшімен көтеріліс аяусыз басып тасталды. Сапура Мәтенқызы бір топ жақтастарымен далаға ішкерілей ене отырып, жасырынуға мэжбүр болады.

Бүл көтерілістерден кейін, патша өкіметі 1775 жылы жергілікті басқару ісіне қайта үйымдастыру жүргізді. Орынбор губерниясы таратылды. Кіші жүз жэне Орта жүз аумағының бір бөлігін Сим­бирск жэне Уфа генерал-губернаторлықтарының қүрамына берді. Орынбордың обер-комендантына Кіші жүздегі патша экімшілігінің жергілікті мекемелерінің іс-шараларын тікелей жүргізу тапсы- рылып, ол үшін Шекара істері комиссиясы қүрылды. Патшалық үкімет орындары қазақ сүлтандарын өзінің сенімді тірегіне айнал- дырып, олардың көмегімен қазақтардың толқуларын болғызбауға үмтылды. Өз тарапынан Нүралы хан мен сүлтандар патша үкіметіне адалдығын дәлелдеуге бар күшін салды. Патшалық үкімет орында­ры сыйлықтар үлестіру, айлық тағайындау, шен беру жолымен дала аристократиясымен одақты нығайтуға үмтылды.

Кіші жүз жерлеріне салынған бекіністердегі казак-орыс әскер- леріне жергілікті халық есебінен жер бөлініп беріле бастады. Бүл жағдай жайылымдық жерлердің тарылып, мал шаруашылығының күйзеліске үшырауына алып келді. Сонымен қатар, бекіністерге орналасқан казак-орыстар қазақ ауылдарына шабуылдар жасап, мал- дарынайдап,адамдарынбайлапәкетіпотыратынболды. Орынбордың әскери губернаторы Н.Вахметьев патшаға жазған мәлімдемесінде: "Шеп бойындағы барлық бастықтардың қолдауымен рүқсат етілген жазалау шаралары қазақтарды аздырып-тоздырып, талан-таражға үшыратуы сондай, барымта деп алынған малдың мыңынан жүзі иесінің қолына қайтып тимейді. "Шекараға жете алмай өлді" де­ген сылтаумен мал барымта басшысының т.б. қолында қалып от­ырды. Сөйтіп осы жаман әдет арқылы дүние-мүлік жинап, байып алғандар көп»,— деп көрсетеді. "Шекара барымтасы" деген шабу­ылдар бүкіл бекініс линияларының бойында қолданылып түрған. Мүндай шабуылдар кейде тіпті ойдан шығарылған сылтаулар арқылы да жасалған, оның үйымдастырушылары Жайықтағы казак- орыс әскерінің атамандары. Бүл шабуылдардың көп болатын себебі, шабуылға қатысқандар олжа түсіріп, ауқаттанып отырғандығын Орынбор экімшілігінің өзі де мойындайды.

Бүл келеңсіз қүбылыстарға қоса хан мен патша үкіметінің салған түрлі салықтары, көрсеткен зорлық-зомбылықтары халықты әбден титықтатқан еді. Патшалық Ресейдің жергілікті экімшілік орын- дарына арқа сүйеген Нүралы хан мен оның туысқан сүлтандары 70-жылдардың екінші жартысында халықты қанауды күшейтті. Нүралы хан Кердері руынан бір жылда — 100 жылқы, Тама руынан — 60 жылқы, Табын руынан — 50 жылқы тартып алған.

  1. жылғы жарлық бойынша қазақ ауылдарының Жайықтан өтуіне хан шекаралық үкімет органдарынан рүқсат алғаннан кейін ғана жол берілді. Нүралы мен оның ең жақын туыстары қоныстарға билік ету қүқығын пайдаланып, қиянат жасады, Орал казак әскерлерінің старшиналарымен сөз байласты. Әскери стар- шиналар өзеннен өткені үшін ақы төлемеген ауылдарды тонады, ал қазақтарды түтқынға алып, айдап әкетті. Сол кезде хан мен оның жақындастары түтқындарды сатып алу үшін халықтан қаражат жинады. Бүл қаражат Орал әскерінің старшиналарымен бөлісілді. Сөйтіп, "түтқын іздеу" қаржысы ханның, шекаралық экімшілік пен казактардың үстем топтарының түрақты табыс көзіне айналды.

Осындай әлеуметтік-саяси себептер С.Датүлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтеріліске шығуына негіз болды, Яғни, 1783 жылдың көктемінде Жайық казактарының қазақтардың 4 мыңнан aca жылқысын айдап әкетуі елдің ішіндегі жағдайды одан эрі шиеленістіріп, көтерілістің басталуына әкеп соғады. Көтеріліс алғаш Кіші жүздің батыс өңірін Тама руын қамтып, кейін Орал мен Жем өзендерінің арасына қоныстанған басқа да руларға таралды. Көтеріліске елге жастайынан ақылдылығымен, шешендігімен та- нымал болып бала би атанған халық арасында беделі зор, ықпалы күшті Байбақты руының старшыны С.Датүлы жетекшілік жасады.

  1. жылы көтерілісшілер қазақ ауылдарына шабуыл жасаған казак-орыс атамандарының бірі Чагановтың отрядын талқандап, оның өзін түтқынға алып, кейін Хиуа хандығына қүлдыққа са­тып жібереді. Осы жағдайдан кейін көтерілісшілерге қарсы Орал қаласынан әскер шығып, 1783 жылдың желтоқсанында күтпеген жерден С.Датүлын қолға түсіреді. Бірнеше ай түрмеде отырған Сы- рымды қүдасы Нүралы хан 1784 жылы кепілдікке 70 жылқы, 350 рубль ақша төлеп босатып алады. 1784 жылдың мамырында елге оралған Сырым өз жасағымен Орал әскерлеріне қайта шабуыл бастайды. Бірақ, оның бүл әрекеті Нүралы хан тарапынан қолдау таппайды. Нүралы оған керісінше қарсы болып, көтерілісті басуға әкімшіліктен қосымша әскер жіберуді сүрайды. Нүралы ханның бүл ісіне риза болмаған Сырым, онымен араздасып, енді көтеріліс тек Жайық казактарына ғана емес, Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сүлтандарға да қарсы бағытталады.

  2. жылы көтеріліске Байбақты, Табын, Шекті, Шеркес руларының адамдары да қатысты, кейін көтеріліс одан эрі қанат жайып — Барақ, Тіленші, Оразбай, Айшуақтың баласы Жантөренің иеліктерін, Жоғарғы Орал бекінісі мен Елек қалашығына дейінгі аралықты қамтыды. 1784 жылдың күзінде көтерілісшілердің саны 1000 адам болса, 1785 жылы Сырым батырдың жасағында — 2700, Барақ батырда — 2000, Тіленші батырда — 15000 адамға жеткен. 1785 жылдың көктемінде Сырымның жасағы Антоновск форпосты- на, Сахарная қалашығына, Орал бекіністеріне шабуылдар жасап, оларға көп шығын келтіреді.

1785 жылдың наурызында көтерілісті басуға Орынбор қаласынан Елек өзенінің жоғарғы ағысын бойлай генерал-майор Смирновтың отряды, Сарайшық бекінісінен Пономарев пен Колпаков басқарған Жайық казактары аттанады. Бүл отрядтар көтеріліске қатысушы ауылдарға ойран салып, тонап, Қаракөл маңындағы ауылдардан 112 адамды түтқындап алып кетеді. Майор Назаровтың отрядына Сырымға көмекке келе жатқан Айшуақтың баласы Аппақ бастаған сарбаздар қарсылық көрсетіп, осы шайқаста Аппақтың өзі де ерлікпен қаза табады. Назаровтың отряды Табын руының ауылда- рына шабуыл жасаған кезде Айшуақтың екінші баласы Жантөрені соққыға жығып, балалары көтеріліске белсенді қатысқаны үшін Айшуақ сүлтанды түтқындап, 2124 жылқысын қоса айдап кетеді. Осыдан Айшуақ 1787 жылға дейін түрмеде отырады.

Айшуақ сүлтанның түтқындалып, балаларының біреуі өліп, біреуінің соққыға жығылуы, старшындардың патша экімшілігіне бағынбауы, Кіші жүз руларының көпшілігі Нүралы ханды мойын- дамай көтерілісшілер жағына шығуы, хан билігінің дәрменсіздігін, дағдарысқа үшырағандығын байқатты. Бүл жағдай Ресей өкіметін де қатты ойландырды. Енді олар Кіші жүз старшындарымен тікелей байланыс жасау жағын ойластырады да, генерал-губернатор ОА.Игельстром Орынбор шекаралық комиссиясында қызмет істейтін ахун (ахун — мүсылмандық діни лауазым) М.Қүсайыновты елшілікке жібереді. Елшіліктің алдына: көтеріліс жасаушы рулардың старшындарымен тікелей байланыс орнату, көтерілістің себептерін анықтау, көтерілісшілердің қоятын талаптарын білу, көтеріліс тоқтатылса берілетін жеңілдіктерді түсіндіру сияқты т.б. міндеттер жүктеледі. Кіші жүздегі жағдаймен танысқан Қүсайынов, 1785 жылдың жазында көтерілісшілер мен старшындардың қатысуымен өткен жиналыста патша экімшілігінің қоятын талаптарынан хабар- дар етеді.

Ал көтерілісшілер өз тарапынан патша экімшілігіне мынадай та- лаптар қояды: 1) Еділ мен Жайық арасындағы қоныстарды қайтару;

2) Орал казак-орыс әскерлерінің жазалау отрядтарын жіберуді тоқтату; 3) I Іұралы ханды тақтан түсіру. Елшіліктен қайтып кел­ген М.Қүсайынов патша II Екатеринаға көтерілісшілердің та- лаптарын ескертіп, хабарлама жолдайды. 1785 жылдың күзінде тағы да старшындар мен көтерілісшілер қатысқан жиналыс өтіп, оған қатысушылар Нүралы ханды тақтан түсіру жөніндегі шешімдерін күшінде қалдырып, бүдан былай оны хан ретінде мойындамайтындықтарын білдіреді.

Орынбор генерал-губернаторы арқылы осы жагдайлармен танысқан патша II Екатеринадан "кіші жүз үш бөлікке бөлініп, билер мен сүлтандар арқылы басқарылсын" деген нүсқау келеді. Осыдан кейін генерал-губернатор О.А.Игельстром Кіші жүзді басқарудың империялық басқару жүйесіне жақын жобасын жасайды. Оның жо- басы бойынша Кіші жүздегі хандық билік жойылып, елді басқару Орынбор шекаралық сотына беріледі, ол генерал-губернаторга багындырылады. Тарнхта "Игельстром реформасы" деген атпен қалган бүл реформа, жалпы империядагы саяси жагдайга байланы­сты жэне жергілікті жерде түрлі қарсылықтарга үшырап, толықтай іске аспайды.

Билер мен сүлтандардың Сырым бастаган болігі болмаса, барлыгы бірдей хандық биліктің жойылуын қолдамаган еді. Хандық билік жойылганмен, патша экімшілігі Кіші жүзде өздеріне түтастай тәуелді басқару жүйесін қүра алмады. Бүл реформаның бір пайда- лы жагы, оны жүргізу барысында Жайық казак-орыс әскерлерінің қазақ ауылдарына шабуыл жасауына тыйым салынды. Қазақтарга Еділ мен Жайық аралыгындагы жерлерге кошіп-қонуга мүмкіндік беріліп, Жайықтан өтуге 45 мыңнан aca шаруашылыгы бар 17 py басы рүқсат алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет