Лекциялардың тезістері шымкент 2022 ж. Ф 08-19 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет32/43
Дата16.10.2022
өлшемі5,45 Mb.
#153335
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
3.Білімді толық меңгеру теориясы
Б.Блумның білімді толық меңгеру теориясы (Learning for mastery, 1970) жақсы оқитын оқушы мен нашар оқитын оқушы нәтижелерінде 90% айырмашылық болатынын түсіндіретін негізгі үш факторды анықтайды. Бірінші фактор оқушылардың жаңа тапсырмаларды шешуді меңгеріп, оқу үдерісіне бейімдей алатын түрлі білімі мен қабілеттерін диагностикалауды болжайды. Бұл нәтижелердің қорытынды айырмашылығын 50%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Екінші фактор болашақта оқуды ынталандыруға ерекше әсер ететін, алғашқы келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған эмоционалдық қолдау көрсетуді болжайды. Нәтижесінде жетістік қорытындысының айырмашылығын 25%-ға дейін қысқарту мүмкін болады. Үшінші фактор оқу ортасы мен уақытты есепке ала отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде жеке қолдау мен марапаттауды ұсынады. Осылайша, қорытынды нәтиженің 25% ерекшелігі қысқаруы мүмкін. Білімді толық меңгеру теориясы жиынтық бағалау кезінде балдарды есептеу әдістемесі мен баға қою механизмін анықтаудың негізі болып табылады. Тоқсандық жиынтық бағалау мен бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудағы балдардың түрлі әсер етуі тоқсанның соңына дейінгі қорытынды бағаны жақсартуға мүмкіндік береді. Тоқсан барысында оқушылар алғашқы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық жұмыста төмен балл алса, онда қорытынды нәтижені жақсарту мүмкіндігі сақталады.
Ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес етістіктердің тізімі

1

Білу


Аудару, есте сақтау, айту, көрсету, аяқтау, қайталау, ойнату, әңгімелеу, еске түсіру және т. б.

2

Түсіну


Талқылау, анықтау, айту, сұрау, түсіндіру, тұжырымдау, түрлендіру, көрсету және т. б.

3

Қолдану


Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, анықтау, сахналау, іске қосу, зерттеу, эксперимент жүргізу, кескіндеу, түсіндіру, сүйену, салыстыру, жоспарлау, көрсету, жобасын жасау, шешу, пайдалану және т. б.

4

Талдау


Талдау, топтастыру, есептеу, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, талқылау, ажырату, зерттеу, тәжірибе, түсіндіру, шығару, реттеу, күмәндану, анықтау, таңдау, бөлу, тексеру және т.б.

5

Синтез


Топтастыру, жинау, қосу, құру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, қорыту, біріктіру, ойлап табу, өзгерту, ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ұсыну, топтастыру, жазу, орнату, ауыстыру және т. б.

6

Бағалау


Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, сендіру, шешу, негіздеу, түсіндіру, өлшеу, алдын ала саралау, ұсыну, бөлу, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау, кеңес беру, сараптау, пікір білдіру, зерттеу, шығару.

Педагог білім алушылармен бірге бағалау өлшемдерін талқылап, қажет болған жағдайда оларды толықтыра алады.


Егер педагог кейбір білім алушыларға қандай да бір дағдыларды дамыту үшін көп уақыт қажет екенін байқаса, оқытудың осы мақсатын басқаша бағалауға шешім қабылдау және білім алушылардың жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеу кезінде түзетулер енгізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет