Лекциялардың тезістері шымкент 2022 ж. Ф 08-19 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


-тақырып. Білім алушылардың ерекше қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ағымдағы бақылауды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар



бет35/43
Дата16.10.2022
өлшемі5,45 Mb.
#153335
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
13-тақырып. Білім алушылардың ерекше қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ағымдағы бақылауды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
13 дәріс


Мақсаты: білім алушылардың ерекше қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ағымдағы бақылауды жүргізу туралы білімдерді қалыптастыру.


Жоспары:
1. Орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізу тәртібі
2.Оқу процесінде сараланған тапсырмаларды қолдану.

Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады. Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуіне, оны түзетуіне құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау теориясы аясында оқушыларды қолдау үдерісінің негізі төмендегідей үш сұрақтан тұруы қажет:


«оқушылар оқудың қай сатысында тұр?»,
«өз оқуында олар қайда ұмтылады?» және
«соған жету үшін оларға қандай көмек көрсету қажет?», бұл сұрақтар оқудағы үш қатысушымен тікелей байланысады (мұғалім, сыныптас және оқушы), бұл 1-кестеде көрсетілген (Уильям және Томсон, 2007).
1-кесте Қалыптастырушы бағалау аспектілері



1.Қалыптастырушыбағалауүдерісі.
Мәліметтер қалыптастырушы бағалаудың бес негізгі стратегиялардан тұратынын көрсетеді:

  • Бағалау критерийлері мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру;

  • Оқушылардың түсінгені туралы дәлелді көрсететін сыныптағы өзара әрекет пен тиімді тәсілді қалыптастыру;

  • Оқушыларды нәтижеге жетуге ынталандыратын кері байланыс беру;

  • Оқушыларды өзара оқу ресурстары, дереккөздері ретінде қатыстыру;

  • Оқушыларды өз білімдерін өздері «жасаушылар/құрушылар» ретінде қалыптастыру.

Қалыптастырушы бағалау құрылымы



Осылайша, ұсынылған қалыптастырушы бағалаудың құрылымынан жалпы мынадай элементтерді атап көрсетуге болады: білім алушыларды бағалау үдерісіне белсенді қатыстыру, білім алушылардың қабілеттеріне қарай оқытуды бейімдеу, сапалы және сындарлы (конструктивті) кері байланыс беру. Яғни, қалыптастырушы бағалау – көптеген өзара байланыстағы элементтер арқылы оқу мен бағалауды кіріктіруге мүмкіндік беретін мұғалімнің тәжірибесі.


Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
• қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
• қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
• кері байланыс беру;
• қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау.
2.Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Қалыптастырушы бағалау үдерісін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге оның формасын, мазмұнын, жиілігін, сондай-ақ құралдарын өз бетінше анықтау мүмкіндігі беріледі.
Мұғалім оқу үдерісіне және қалыптастырушы бағалауға оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу мақсаттарын енгізуі қажет. Сол үшін мұғалімге көмек ретінде оқу мақсаттары бойынша бағалау критерийлері, дескрипторлары бар тапсырмалар үлгілері берілген қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалды. Қалыптастырушы бағалаудың жинақтары сабақты жоспарлау кезінде тапсырмаларды іріктеу үшін дереккөздері ретінде қолданылады және басып шығару талап етілмейді.
Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге:
• оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;
• оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;
• тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
• бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
• әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады. Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады.
Мұғалімнің шешімі объективті болу үшін тапсырмаларда қолданылатын дескрипторлар анық, нақты болуы қажет. Дескрипторлар білім алушыларда тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындықтар туындағанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушыларға кері байланыс беруге мүмкіндік туғызады. Қалыптастырушы бағалау теориясына сәйкес (Уильям, 2007) үдеріске қатысушыларды есепке ала отырып, үш позицияны ұйымдастыру қарастырылады: мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.
3.Қалыптастырушы бағалаудың әдістері
Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б.
Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін, оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырманы орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың ажырамас элементі мұғалім тарапынан және білім алушылар арасында қойылатын сұрақтар (сауал, диалог, әңгімелесу және т.б.) болып табылады. Сондықтан сұрақтарды тиімді құрастыру техникасын меңгеруі, сыныпта диалогті қолдану мәдениетін дамытуы маңызды. Сұрақтардың түрлеріне қарай көптеген топтастырулар бар. Көбінесе қолданылатын сұрақтар тобы: ашық және жабық сұрақтар. Ашық сұрақтар талдауды және бағалау ақпараттарын талап етеді, қиялдауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ынталандырады. Жабық сұрақтар қысқа жауапты қажет етеді, мысалы, деректің, оқиғаның кезеңін атау, түсінгенін анықтау және т.б. Сұрақты дұрыс қойғанда өз ойын айтуға, ақпарат алмасуға, диалогтік оқуды дамытуға, маңызды кезеңдерге назар аудартуға, оқудағы бастамашылдығын қолдауға мүмкіндік беруі, қызықтыруы мүмкін.
Осылайша, сұрақ білім алушы қалайтындай, жауап бере алатындай немесе оқуда, жауап іздеуде қызықтыратындай берілуі қажет. Алайда сұрақты қолдану кезінде кейбір пікір білдірілмейтін, толықтырылмайтын, жауап алу ұзаққа созылатын сұрақтар механикалық түрде қайталана берген жағдайда қиындықтар туындауы мүмкін (Геффрой Э. К., 1997).
Осындай қателіктердің алдын алу үшін:
• негізгі және екінші кезектегі мәселелер көтерілген, жетекші және басқа да сұрақтарды қою;
• егер білім алушылар тапсырма жауабын білетінін алдын ала білсеңіз ондай сұрақтарды қоймау;
• сұрақты қысқа етіп құрастыру, әр білім алушы үшін түсінікті, қисынды болуын қамтамасыз ету;
• әлсіз тұстарын анықтауға бағытталған, білім алушыларға өздерінің қателескен тұстарын анықтай алуға мүмкіндік беретін сұрақтар құрастыру;
• оқытудың тиімділігін арттыратындай сұрақтарды алдын ала жоспарлау ұсынылады. Сондай-ақ, қашан, қандай сұрақтарды қоюды, мүмкін жауаптарды, қате жауаптарды қалай жөндеуге болатынын, күтпеген сұрақтарды қалай қабылдайтынын, жауапты қалай жақсартуға болатынын анықтау да ұсынылады. Қалыптастырушы бағалау әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарда қолдануға болады.
4.Кері байланыс беру. Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау
Кері байланыс сабақтың əр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара əрекет етуін жүзеге асыруға, нəтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты əрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:
• білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі;
• тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы;
• білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі;
• кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға ақылың қалай жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауы ұсынылады. Кері байланыс беру кезінде мұғалім де, білім алушы да 3-кестеде ұсынылған сұрақтарды негізге алғаны дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді.
3-кесте Кері байланыс тиімділігін тексеру сұрақтары



Қажет болған жағдайда кері байланыс ауызша, жазбаша, графикалық немесе кез келген басқа түрде берілуі мүмкін. Аталған үдеріс құжаттаманы қажет етпейді. Төменде кері байланыс беру үлгілері ұсынылған (1-сурет).

1-сүрет Кері байланыс беру үлгілері





Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау


Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы маңызды кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау. Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім алушыларда кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Мысалы, тексерілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау:
• белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын балалар тобын;
• бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар туындайтын жеке білім алушыларды;
• білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар, тапсырмалар, тақырыптарды айқындап береді. Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тәжірибесіне оң әсер етуі үшін:
• әрекет ету мен шешімді талап ететін нақты, маңызды, тәжірибелік бағыттағы мәселелерді анықтау;
• орындалған тапсырмалар мен нақты мақсаттарға жету үшін талдау жүргізу;
• талдауда дәйектерді, дәлелдерді негізге алу;
• шешімнің сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мәселені шешудің жоспарлылығын, баламалылығын (альтернативтілігін), жетістігін, кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау;
• мәселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тәжірибесін нақты қалай өзгертуге болатыны туралы іс-әрекеттің толық жоспарын құру;
• талдау нәтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану (күнделік, портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б.);
• ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу;
• ұжымға көмектесу, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып, сабақтастықты сақтай отырып, жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.
Мәліметтерді жинау және талдау жасау үшін мұғалімге бақылау парағын, журналды, күнделікті, басқа да қалыптастырушы бағалау нәтижелерін тіркеудің формаларын жүргізу ұсынылады. Бұл мұғалім әрекетінің тиімділігін, оқудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау мұғалімнің өз шешіміне қарай жүзеге асырылатынын және есеп беру құжаттарын толтыруды қажет етпейтінін атап көрсетуге болады. Сондықтан қалыптастырушы бағалау үдерісін жүзеге асыру үшін мұғалім:
• сыныптағы мәдениетті сақтауға және тиімді өзара әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлуі;
• қалыптастырушы бағалауда қолданылатын әдістердің әр түрлілігін және сапасын арттыруы;
• кері байланыстың тиімді формасын қолдануы; • қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ жоспарын құруы;
• рефлексия және тәжірибені жетілдіру үшін сабаққа талдау жасауы (білім алушылар жұмысының сапасы, бағалау құралдарының сапасы, білім алушылардан, әріптестерден, кері байланыс, ата-аналармен әңгімелесу және т.б.) қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет