Ой болжамы арқылы жұмбақ нәрселерді шешу
Ой болжамы ғылымда гипотеза деп аталады. Гипотеза дегеніміз - әр түрлі деректер негізінде объектілер мен құбылыстардың байланысы, олардың себебі туралы қорытынды жасау.
Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған тапсырмалар:
Ойлау туралы теорияларға талдау жасау.(Реферет)
10-тақырып: Сөйлеу процесі
Сабақтың жоспары:
Сөйлеудің анықтамасы жалпы сипаттама, сөйлеудің физиологиялық негіздері;
Сөйлеудің түрлері;
Сөйлеудің атқаратын қызметі
Афазия, түрлері
Тіл, қатынас және сөйлеу
Адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс-әрекетінің бір және өзіндік қасиеті – оның дыбысты анық тілі. Дыбысты тіл арқылы адамзат өзара қарым-қатынас жасап, іс-қимылы мен өмір - тіршілігінің бейнесін қалыптастырады, өмір тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады.
Тіл. Тіл дегеніміз - өзіндік бейнелердің жүйесі. Ол белгілі шындық пен болмысты білдіретін бөлшек. Осы белгінің қасиеттеріне орай әр алуан іс-әрекеттер орындалып, жүзеге асады. Белгілердің немесе тілдің екі түрлі мәні бар. Жалпы тілдік белгілерді психологиялық фактор әрі құрал деуге де болады. Тілдік белгінің бірінші мәні – оның қоғамдық - әлеуметтік мәні.
Тілдік белгілердің екінші мәні- олар арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, пікір алысатындығы. Соған орай дара адам үшін әрбір белгінің мәні бар, олар оның саналы түрдегі іс-әрекетіне әсер етеді.
Тіл үш түрлі қызмет атқарады:
Адамзаттың қоғамдық тәжірибесі. Бұл қызмет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз етеді.
Тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір-бірімен түсініседі. Тілідің мұндай қызметін ғылыми атауды коммуникативті қызмет деп атайды.
Әрбір адамның өз мінез – құлқы мен іс-әрекетіндегі даралық тәжірибелерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы, сөйтіп сыртқы орта мен жағдайлардың өзгеруіне бейімделуі. Адамның өзінің ғана емес, өзгелердің де тәжірибелерін қолданады, алға қойған мақсат-міндеттерін шешеді.
Сөйлеу әрекеті психология ғылымындағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Соған орай сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері ғылыми тұрғыдан мынадай үш түрлі салаға топтастырылып қарастырылады:
Сөйлеудің коммуникатитік қызметі. Мұның мән жайы жоғарыда баяндалады.
Сөйлеудің сигнификативтік қызметі. Бұл латынның «сигнал» - белгі, таңба деген сөзінен шыққан. Сигнификативтік қызмет бойынша сөйлеуде адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Мәселен, қауіпті жағдай туғанда берілетін белгі, адамдардың түрлі қимыл - қозғалыстары мен ым-ишаралары, зат алмасулары арқылы қарым-қатынас жасау – сөйлеудің сигнификативті қызметін білдіреді.
Сөйлеудің экспрессивтік қызметі - әр алуан хабарлар мен жай жоспарлардың мәнерлі сөзбен, құлаққа жағымды үнмен, дауыс ырғағымен адамның жан дүниесін тебірентіп, өзгелерге жеткізілу тәсілі. Экспрессивті сөйлеуде әрбір сөз бен сөйлем адамның сезіміне әсер етіп, тұла бойын шымырлатып жібереді. Сондықтан сөйлеу әрекетінің бұл түрі сөздерді нақыштап етеді. Сөйлеген сөз, айтылған ой- адам психикасына күшті әсер ететін тітіркендіргіш.
Достарыңызбен бөлісу: |