Лекциялық кешен 1- тақырып. Психология туралы түсінік


Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар



бет29/48
Дата07.02.2022
өлшемі114,12 Kb.
#83855
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48
Байланысты:
Дәрістер

Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
1. Ес туралы теорияларды оқып, танысып, талдау. (конспектілеу)


9-тақырып: Ойлау процесі


Сабақтың жоспары:
1. Ойлаудың анықтамасы, ойлаудың физиологиялық негіздері;
2. Ойлаудың түрлері;
3. Ойлау формалары,
4. Ойлау операциялары.
Түйсіктер, қабылдаулар мен елестер адамның түрлі анализаторларына бетпе-бет әсер еткен заттар мен құбылыстардың өзін, я жеке сипаттарын бейнелейтінін анықтадық. Бұл психикалық процестер біздің дүние тануымыздың сезімдік негізі болады. Бірақ адам баласы өзінің айналадағы шындықты бейнелеу әрекетінде танымның бұл сатысымен қанағат етіп отырмайды, оның таным өрісі де, өресі де бұл алғашқы сатыдан әлдеқайда кең және биік.
Ойлау – заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық процесс. Ойлау - таным процестерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғары процесс. Дәлдеп айтқанда, ойлау - адам баласына ғана меншікті психикалық процесс. Рас, адамға биология сатысында жақынырақ тұрған омыртқалы жануарларда да ойлаудың элементтері кездеседі. Мәселен, маймылдар өздерінің күнделікті өмірінде шешу тілейтін мәселе туса, белгілі түрде әрекет жасап оны шешуге тырысады, кейде шешеді де. Бірақ хайуандардың ойлауы - кездейсоқ ситуация да ғана оянатын ойлау. Мұндай әлдеқайда жағдайда ғана туатын ситуациялық ойлау олардың шындықты бейнелеу сатысын жоғары көтеру процесі емес. Негізінде, жануарлардың дүниені сәулелендіруі танымның қарапайым сатысы, яғни сезімдік таным дәрежесінде ғана өтіп жататын саты. Бұл процесс түйсік, қабылдау, елестер арқылы іске асады. Ал адамның дүние танымы, жануарлармен салыстырғанда, үздік ілгері кеткен, жоғары процесс.
Таным дегеніміз - көп жақты өзіндік айырмалшылығы бар бірнеше сатыларды қамтитын процесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет