Қиялдың физиологиялық негізі
Қиялдың жаратылыстық - физиологиялық негізі – мидағы оңашаланған орталықтар емес, мидың үлкен жарты шарларының қабығы. Адамның қиялдау әрекетіне қозу мен тежелудің іздік процестері, иррадиация мен концентрация, оң және теріс индукциялар, талдағыштардың ми бөлігіндегі талдау мен біріктіру қатысып отырады. Сөйтіп, көптеген жүйке процестерінің түйісуі нәтижесінде адамның нақты қабылдауында бұрын болмаған жаңа образдар мен елестер туады.
Мұндай жүйелік байланыстар екі түрлі: 1) сананың қатысуынсыз-ақ, кездейсоқ тітіркендіргіштердің әсерінен ми қабығының жоғары бөліктерінің бақылауы бәсеңдеп, әлсірегенде туатын жүйелік байланыстар. Мысалы, түс көру, галлюцинациялар. 2) адамның өз алдына саналы түрде мақсат қоюы мен ми қабығының тиісті орталықтарындағы қозудың басқа орталықтар қызметімен үйлесуі нәтижесінде туатын жүйкелік байланыстар. Бұл - ырықты қиял. Осы саладағы қиялға жетекші болатын нәрсе – екінші сигнал жүйесі. Ол – сөз. Сөз бұрынғы байланыссыз, уақытша жүйкелік байланыстарды жаңғыртып, заттың сипатын айқын ажыратуға, жаңадан байланыстар тудыруға, қиялды дамытып, елестетуге жәрдемдеседі. Қиялдың бұл түрінің физиологиялық негізі доминанта принципіне бағынады.
Қиялдың түрлері
Қиялдың ерекшеліктері мен онан туатын себептер екі түрге бөлінеді: бірі - ырықсыз, пассив қиял; екіншісі – ырықты, актив қиял. Актив қиял үшке бөлінеді: қайта жасау, жасампаздық және арман. Қиялдың ең жоғары түрі –жасампаздық қиял.
Достарыңызбен бөлісу: |