Зейіннің түрлері
Зейін адамның еркіне қарай ырықты, ырықсыз және үйреншікті зейін болып бөлінеді.
Зейіннің өзгешеліктері
Зейіннің өзіндік ерекшеліктері болады: көлемі, күші, тұрақтылығы, бірнеше нәрсеге бөлінуі, алаңдауы, толқуы, бір нәрседен екінші нәрсеге ауысуы, бытыраңқылығы. Бір нәрсеге түсіп, қадалған зейінді түйілген зейін дейміз.
Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған тапсырмалар:
А.А Ухтомскийдің доминанта теориясы мен И.П.Павловтың жүйке жүйесі туралы теориялары мен танысып, талдау жасау.
13 - тақырып: Темперамент
Сабақтың жоспары:
1 .Темперамент туралы ұғым
Темпераменттің физиологиялық негіздері
Темперамент — нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Адамдардың қозғыштығы, қимыл-қозғалысы, жалпы белсенділігі темпераменттерден көрінеді.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.э.д. 460-365) еңбектерінде айтылған. Гиппократ айтуынша, адамдар мен жануарлар денесінде 4 түрлі сұйық зат бар. Темперамент сол сұйықтардың басымдығына байланысты,-дейді.
1. Денені жылытып тұратын қан басым болса сангвиникалық
(латынша «сангиус» «қан») темпераменті;
2. Шырын басым болса (грекше «флегма» - «шырын») флегматик
темпераменті;
Организмде қара өт басым болса, меланхолик (грекше «мсланхолс»
- қара от) темпераменті;
Сары өт (грекше «сһоіс» - өт) басым болса, холерик темпераменті;
Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге жарайды,-дейді.
Темпераменттің физиологиялық негіздерін шартты рефлекетер арқылы ғылыми тұрғыдан түсіндірген академик И.П.Павлов болды. «Нерв жүйесінің типтері» деген еңбегінде Павлов былай деп жазды: «Нерв жүйесінің типтері мен қабығындағы қозу, тежелу процсетерінің 3 негізгі белгісінің (күші, тепе-тендігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады. Нерв процесінің күші — бүкіл нерв жүйесі мен нерв клеткаларының жүмыс қабілеттілігінің кәрсеткіші. Күшті нерв жүйесі түрлі тітіркендіргіштерге төзімді келсе, әлсізі мұндайға шамасы келмей «мәрт сынып» жатады».
Нерв процесінің тепе-теңдігі — бұл қозу мен тежелудің бұл сайма-сайлығын көрсетеді. бұл процестер кейде бір-бірімен тепе-тең келіп, кейде тең келмей, біреуі екіншісінен күшті болады.
Нерв процесінің қозғалғыштығы — бір процестің 2-ші процеспен алмасу, шапшаңдығы. бұл мидың кездейсоқ және қолайсыз өзгерістерге бейімделуіне мүмкіндік береді. Осы қасиеттердің түрліше араласып, қосылуы жоғары нерв қызметінің түрлі типтерін сипаттайды.
Осылардың ішінде 4 тип жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін И.П.Павлов күшті типке, біреуін-әлсіз типке жатқызады.
Павлов ашқан нерв жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді ширақ, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам — холериктерді ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; Флематиктерді нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді — нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттайды.
Адам темпераменті эмоциялық, ақыл-ой және ерік процсетерінен көрінеді. (Үйге тапсырма: темпераменттің 4 типінің сипаттамасын конспектілеу).
Күнбе-күнгі өмірде адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дәрекі, батыл не жігерсіз, табанды, ер жүрек не күйгелек болып сипатталады. бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (мәральдық қасиеттер), не мінез-құлық амалына (жеке адамның ерік сапалары) қатысы аталады. Яғни, мінез негізінде жеке адамның мәральдық-еріктік қасиеттеріне жатады. Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым-қатынастар, мінез-құлық пен қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс-әрекетінде, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу процесінде қалыптасады. Нақты адамның мінезін талқылағанда өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайды еске ала отырып, тәрбиелену бағытын да ескерген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |