Лекциялық кешен 1- тақырып. Психология туралы түсінік



бет44/48
Дата07.02.2022
өлшемі114,12 Kb.
#83855
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Дәрістер

14 - тақырып: Мінез
Сабақтың жоспары



  1. Мінез туралы жалпы түсінік

  2. Ұлттық мінез

  3. Мінез және темперамент

«Мінез» гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мағынасы- із қалдыру.


Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әр қилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері - адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адамның бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл-ойының тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайтынды.
Мінезді классификациялауға алғаш қадам жасаған Платон болатын. Ол мінездің типологиясын этикалық принциптерге сүйене отырып жасады.
Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған ертедегі грек философы Теофраст (б.з.д. ІУ-ІІІ ғғ). Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Алғашқы кезде мінез адамның әлеуметік-адамгершілік ерекшеліктерін білдірген.
ХІХ ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т. Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, орыс медигі әрі педагог П.Ф. Лесгафт ерік қасиеті деді.
И. Кант (18 ғ) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сонымен қатар ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайа болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетті. Мінез жөніндегі осында йекі түрлі көзқарас әлі күнге өзара тартыс туғызып келеді.
Ұлттық мінез
Ұлттық мінез адамарддың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың , ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп тұратын өзіндік сипат-қасиеттері бар. Ұлттық мінездің қалыптасуына тарихи, климаттық, географиялық, саяси, экономикалық және т.б. факторлар әсер етеді (жағымды және жағымсыз қасиеттер).
Мінездің физиологиялық негізі. Адам мінезіндегі әрбір ерекшелік белгілі жағдайларға сәйкес көрініс беріп отырады. Мұндай ерекшеліктердің өзіндік физиологиялық механизмі бар. Сондай механизмдердің бірі - динамикалық стереотип – жүйке жүйесінің таптаурын болып қалыптасатын қызметі. Бұл – жоғары жүйке қызметіндегі шартты рефлекстердің жасалу жүйесі. (Шартты рефлекстер жүйесі мінездің физиологиялық негізі). Ол үнемі болып отыратын шартты тітіркендіргіштердің жүйелі түрдегі қызметіне байланысты. Бұл нақты жағдайдың өзгеруіне сәйкес орталық жүйке жүйесінде әрқилы қалып пайда болуында.
Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып көрсетуде ерекше орын алатын жайт - жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс. И.П. Павлов қандай сигнал жүйесінің басым екендігіне орай адам мінезінің типтерін мынадай үш түрге бөледі:
1. Ойшыл тип – бұл негізінен сөзбен байланысты екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы.
2. Көркем тип - бірінші сигналдық шартты рефлекстің басымдылылығы.
3. Орташа тип - мұнда екі сигнал жүйесінің бір де бірі басымдық көрсете алмайды. Адамдардың көпшілігі осы орташа типке жатады.
Мінездің құрылымы мен қасиеттері. Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған бір тұтас бірлікті мінез құрылымы дейді.
Мінездегі қасиеттер жүйесі. Психологияда мінез топтастырылып мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады:
1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, жауапкершілікпен қарау, жалқаулық , немқұрайдылық т.б.
2. Ұжымға, адамдарға қатысты ққасиеттері: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік.
3. Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, , даңғойлық, тәкәппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілдік.
4. Заттарға қатысты: ұқыптылық, салддыр-салақтық, заттарды ұстап-тұтуы мен ұқыпсыздығы.
Мінез құрылымындағы қасиеттерге келетін болсақ: 1. Мінезің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді. 2. Адамны ңжеке басының белсенділіг. Бұл қасиет мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді. 3. Мінезддің тұрақтылығының ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әр түрлі қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінезінің күшін аңғартады.
Мінездің қалыптасу заңдылықтары. Мінездің жекелеген қасиеттері адамзаттың сыртқы ортамен және өзге адамдармен қарым-қатынасында байқалады. Адамның өзінің материалдық мұқтаждықтарын қамтамассыз етуі, жұмыссыздығы не болмаса болашаққа деген сенімділігі немесе сенімсіздігі, әлеуметтік теңсіздік – мұның бәрі де адам мінезінде терең із қалдырады. Әрбір адамның мінез-құлқының сипатына әсер етеді.
Мінездің өзіндік ерекшеліктері отбасында қалыптасып, дамиды. Отбасындағы климаттық ахуал балалардың мінезінің қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Мінез және темперамент. Мінез бен темпераменттің өзара байланысы олардың физиологиялық негізі арқылы анықталады. Жүйке жүйесінің типтері адамның іс-әрекеттерінен, мінез ерекшеліктерінен анық байқалады. Мсалы, сангвиник басқалармен қарым-қатынаста әңгімені бірінші бастайды, ал флегматик керісінше өзін-өзі тежеп, әңгімені тыңдадуға ықыласты болады. Сангвиниктер бөтен адамдармен тез танысын кетеді, оның таныстары өте көп болады, бірақ олардың барлығымен бірдей қарым-қатынас жасамайды, кейбірін тіптен тез ұмытып та қалады. Темпераменттер адамның ұнамды және ұнамсыз жақтарының дамуына да ықпал етіп отырады.
Түлі іс-әрекеттің жүзеге сауы адам мінезінддегі қылықтар мен икемділікке байланысты. Өйткені адам іс-әрекет үстінде түрлі қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалай да жеңіп шығу тәсілдерін іздестіреді. Бұл адамның жағымды мінезін ұнамды қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады. Оның түпкі мәні адам бойындағы жағымды мінез-құлық пен игі қасиеттер бала кезден бастап қалыптасады дегенге саяды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет