Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


эпидермис , ішкі қабаты –  дерма



Pdf көрінісі
бет44/121
Дата23.03.2022
өлшемі0,73 Mb.
#136536
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   121
Байланысты:
Лекциялы саба тар 1-та ырып. Адам организміні суі мен дамуыны
Шомшек Даулет АНАТОМИЯ.docx, 1
эпидермис
, ішкі қабаты – 
дерма 
(нағыз тері) деп аталады. Бұл екі 
қабаттың арасында көптеген қатпарлар бар. Эпидермис көп қабатты эпителий клеткаларынан тұрады да, 
оның сыртқы мүйізді қабатындағы клеткалар үнемі түлеп түсіп отырады. Ал, эпидермистің астыңғы 
бөлігіндегі базальды клеткалар бөліну арқылы көбейіп отырады. 
Нағыз тері қабаты
(кориум) – талшықты дәнекер ұлпасынан түзіледі. Мұның өзі сыртқы 
емізікшелі және ішкі торлы қабаттан тұрады. Нағыз тері қабатының астында тері асты (шел) май қабаты 
орналасады. 
Тері бездеріне
– тер, май және сүт бездері жатады. Тер бездері түтік пішінді болып нағыз тері 
қабатында жатады. Тер арқылы жылу реттеледі, азотты алмасуға, тұздардың алмасуына да қатысады. 
Май бездері де нағыз тері қабатының жоғарғы жағында болады. Олардың өзектері түктердің түбіне 
ашылады. Сүт бездері шығу тегі жөнінен тер бездеріне ұқсас. 
Терінің қосалқы бөлімдеріне - түктер мен тырнақтар да жатады. Түктің өзегін (сояуын) және 
түбірін ажыратады. Түк түбірі түк қалтасының ішінде орналасады, оған түкті көтеретін бұлшық еттер 
байланысады. Түктің төменгі жуандау бөлігі түк жуашығы деп аталады. Түк өзегі милы және қыртысты
заттардан құралады. 


16 
6-тақырып. Ішкі секреция бездері мен гормондар. Жасқа сай ерекшеліктері. Жыныстық тәрбие 
 
Организмдегі бездер екі топқа бөлінеді: экзогендік (сыртқы секрециялық) және эндокриндік (ішкі 
секрециялық) бездер деп. 
Экзогендік
(лат. секреция – сөл, грек.экзо - сыртқа) бездердің өзегі болады, өнімдері қуыс 
мүшелерге (ауыз қуысына сілекей бездер) құйылады немесе дененің сыртына шығады (тері арқылы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет