Өндірістік мәні бар есептердің мектеп оқулықтарындағы жайы
Әр кезеңде орта мектептің алдына қойылған әлеуметтік сұраныстың талаптарына сәйкес химия пәнінен оқылатын өндірістік оқу материалының мазмұны үздіксіз өзгеріске ұшырайды. Бұл салада академик Д.А.Эпштейн және оның шәкірттері елеулі еңбек сіңірген. Ол орта мектепке арналған оқулық және әдістемелік құралдар авторларының бірі ретінде химиялық өндіріспен байланысты материалдарды сұрыптау, орналастыру, жетілдіру және тиімді әдістерін табу мәселелерін зерттеген.
Өндірістік мәні бар есептер орта мектепте VIII сыныптан бастап, XI сынып оқулықтарында тақырыпқа сай беріліп отырады.
Жалпы білім беретін орта мектептің 9–сыныбына арналған оқулығында (Авторы Н.Нұрахметов және т.б.) өндірістік мазмұндағы есептер берілген. Сол есептермен қатар әрбір тақырыпта мектеп оқулығынан тыс кітаптардан есептер шығарылып отырылды. Мысалы, Л. С. Гузей, В. В. Лунин; Ә. Е. Темірболатова; И. Нұғыманов, Р. Жұмаділова, Ж. Аганина; Қ. Бекішев; Г.М. Байназарова және басқа да авторлардың есептер жинағын пайдаландық.
IX сынып бағдарламасында берілген тақырыптардың көпшілігіне дерлік өндірістік мазмұндағы есептерді шығартуға болады. Солардың кейбіреулеріне тоқталайық.
“Атом құрылысы. Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі және периодтық заңы” тақырыбы мен бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын қайталауға берілген кітаптағы есептерден тыс өндірістік мәні бар мынадай есептерді шығартуға болады.
1 – мысал. CI2 , Br 2 , Rb, Cs, KCI, NaCI, MgCI2, HCI, MgO мына заттарды түзетін элементтер Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінде қай топта орналасқан?
2 – мысал. Азотты тыңайтқыштар өндірісінде келесі қосылыстар шикізат ретінде қолданылса: HNO3, H2SO4, KCI, KOH, NaOH, CaCO3, Ca(OH)2, Na2CO3, осы заттар түзетін элементтер периодтық жүйенің қай тобында орналасқан? Металдар мен бейметалдарды бөлек жазыңыздар.
3 – мысал. Мұнай көмірсутектерін каталитикалық өңдеу процесі кезінде катализаторлар ретінде қолданылатын қосылыстардың құрамына мынадай заттар кіреді: MnO, FeO ( метанның конверсиясы); CuO, KMnO4 ( синтетикалық май қышқылының өндірісінде); H2SO4 (фенолды алкилдеу); Pt, Ni (риформинг). Осы бейорганикалық қосылыстар қай класқа жатады?
Достарыңызбен бөлісу: |