Лекцияның мақсаты: Бастауыш сыныптарда есімдікті, сын есімді, сан есімді оқыту әдістемесін үйрету. Әдебиеттер тізімі



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі17,58 Kb.
#97358
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
Лекция 11.ап

«Сан есім» тақырыбы оқушыларға 2-сыныптан жақсы таныс. Ал 3-сыныпта сол білімдері одан әрі тереңдетіліп, бекітіле түседі. Сан есімдердің есептік және реттік болып бөлінетінін оларды өзара салыстыру және оларға сұрақ қойғызу арқылы, мағыналарындағы өзгешелікті байқату жолымен ұғындырылады.
Бұл оқушыларды ойландыратын жаттығу. Жаттығуды орындау барысында оқушылар нешеу? сұрағына жауап беретін сөздердің саны жетіден аспайтынын байқайды және мағынасына назар аудара бастайды.
Сын есім. Бұл сыныпта оқушылардың сын есім туралы білетіндері еске түсіріліп, жинақталады, қарсы мәндес сын есімдер және сын есімнің дара, күрделі түрлері таныстырылады.
«Дара және күрделi сын есiмдi» оқытқанда ескеретiн негiзгi нәрсе – күрделi сын есiм екi, үш сөзден құралғанмен, бiр түстi бiлдiретiнi, бiр ғана сұраққа жауап берiп, сөйлемде бiр мүшенiң қызметiн атқаратыны. Бұларды дара сын есiм мен күрделi сын есiмдердi өзара салыстырту арқылы оңай меңгертуге болады.
Сондай-ақ, күрделi сын есiмдердiң емлесiне ерекше назар аударған жөн. Бұлардың айтылуы мен жазылуын салыстыра отырып, күрделi сын есiмнiң құрамындағы сөздiң бөлек жазылатыны ескертiледi. Бұл тұста дыбыс үндестiгiне байланысты берiлген ұғымдар еске түсiрiледi:
1) сөз тiркестерi аралығында екi дауысты дыбыс қатар келгенде, бiрi түсiрiлiп айтылатыны (сары ала – сарала);
2) сөз тiркестерiнiң аралығында дауысты немесе үндi дауыссыз дыбыс пен қатаң дауыссыз дыбыс қатар келсе, олардың ұяң айтылатыны (қара қоңыр – қарағоңыр).
Жоғарыда айтылғандармен қоса мәтiннен дара, күрделi және қарсы мәндес сын есiмдердi тапқызу, сын есiмдердi қолданып берiлген заттарды сипаттау жұмыстары жүргiзiлгенi жөн.
Сан есім тақырыбы оқушыларға екінші сыныптан бастап жақсы таныс. Сан есімнің өтілген түрлері еске түсіріліп, оның дара және күрделі түрлері таныстырылады. Бұл тақырыпты меңгерту қиындық келтірмейді.
Есімдік. Есiмдер тобына жататын сөз табының бiрi – есiмдiк. Есiмдiктер заттың атын, сынын немесе санын бiлдiрмейдi, бiрақ солардың орнына жұмсалады.
Есiмдiкпен оқушылар 4-сыныпта алғаш рет танысады. Бұл тақырыпты оқытудың негiзгi мiндеттерi мынадай:
1) есiмдiк туралы алғашқы түсiнiк беру, есiмдiктiң тiлде атқаратын қызметiн байқату, оқушыларды есiмдiктi сөйлеу тәжiрибелерiнде саналы түрде қолдана бiлуге үйрету;
2) оқушыларды қажет жағдайда зат есiмдердi есiмдiкпен алмастырып қолдануға дағдыландыру;
3) жiктеу есiмдiктерiмен таныстыру, олардың үш жақта айтылатынын бiлдiру;
4) жiктеу есiмдiктерiнiң септелуiн меңгерту.
Ең алдымен есiмдiктiң зат есiм, сын есiм, сан есiмдердiң орнына қолданылатын сөз табы екенiнен мағлұмат берiледi. Есiмдiк осы аталған сөз таптарының орнына жұмсалатындықтан, оған қойылатын сұрақтар да солардың сұрақтарымен бiрдей болып келетiнi байқатылады. Бұл үшiн мынадай сөйлемдер талданады: 1. Сәуле дүкенге келдi. Ол кiтап сатып алды. 2. Бұл кiсiнi жақсы танимын. 3. Асқар кiтапханадан бiрнеше кiтап алды.
Бiрiншi сөйлемдегi ой иесi – Сәуле екендiгi, оған жалғас сөйлемдегi ол сөзi Сәуле сөзiнiң орнына жұмсалып тұрғаны түсiндiрiлiп, оған кiм? сұрағы қойылатыны байқатылады. Екiншi сөйлемде бұл сөзiне назар аударылып, оның қай? сұрағына жауап берiп, сын есiмнiң орнына қолданылып тұрғаны, ал үшiншi сөйлемдегi бiрнеше сөзi қанша? сұрағына жауап берiп, сан есiм орнына жұмсалып тұрғаны сұрақ-жауап әдiсiмен түсiндiрiледi. Осы мысалдарды талдау нәтижесiнде оқушылар есiмдердiң орнына жұмсалатын сөздер есiмдiк деп аталады деген қорытындыға келуi қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет