Лекцияның оқыту нәтижелері



бет4/58
Дата12.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#196516
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
1 лекция (1)

Қосымша:


  1. Қожагелдиева С., Тоққулова Г. Педагогикалық қарым-қатынас. Оқу құралы,

  • Түркістан, 2015

  1. Педагогические стереотипы. Педагогический имидж. Под.ред. Г. К. Ахметовой.

  • А.: Қазақ университеті, 2013

  1. Жүсіпова Ж.А. Педагогикалық шеберлік: Оқулық. -Алматы, 2011 РМЭБ

2 Лекция тақырыбы: Педагог мамандығындағы актерлік және режиссерлік шеберлікэлементтері




Лекцияның оқыту нәтижелері:
1. Педагог мамандығындағы жеке шығармашылық қабілетті іскеасыруды үйренеді. 2.К. С. Станиславскийдің педагог дайындауда театрлық жүйесінің принциптерімен
танысады.


Лекция мазмұны:
Педагогикалық қабілеттілік – мұғалімнің педагогикалық іс- әрекетте жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін жеке-дара психологиялық ерекшеліктері мен кәсіби маңызды сапасыныңқорытынды жиынтығы.
Педагогикалық шеберліктің элементтері

Гуманистік бағытталған- дығы

Кәсіптікбілімдері

Педагогикалық қабілеттері

Педагогикалық техника

Қызығушылығы Құндылықтары Мұраттары

өз пәнін, оны оқытудың
әдістемесін, педагогиканы, психологияны білу

Коммуникатив-
тілігі: адамға деген оң қатынасы,тілектестігі, пер- цептивтігі, кәсіптік байқағыштығы,
педагогикалық интуициясы.
Динамизмі: еріктік әрекетке,логикалық сендіруге қабілеттілігі.
Эмоционал-дық
орнықтылығы: өзін-өзі меңгеруі, оптимистік болжау.Креативті-лігі: шығармашылыққа
қабілеті

Өзін-өзі басқара
білу іскерлігі, өзара әрекет жасау іскерлігі

Мынадай түрлерге ажыратылады:



  • гностикалық (тани білу және танымнан қанағат алу бірлігі);

  • дидактикалық (білімді түсіндіру, бере білу және оқыту білігі);

  • коммуникативтік (қарым-қатынас жасау, ынтымақтасу білігі);

  • ұйымдастырушылық (тәрбиеленушілерді алуан түрлі іс-әре- кеттерге қосу, оларда оған деген қызығушылықты шақыру,өкілеттікберу, барлық қатысушыларды біріктіру және олардың қызы- ғушылығын қойылған мақсаттарды іске асыруға бағыттау білігі);

  • перцептивті (баланың ішкі әлеміне ену, олардың қобалжыған сезімін және күйін, қабілеті мен эмоциясын түсіну білігі);

  • болжамдық (педагогикалық болжай білуді жүзеге асыру, педагогикалық іс-әрекетте өзара әрекет нәтижесін болжамдау білігі);

  • суггестивті (мұғалімнің эмоционалды-жігерлі иландыруы, оның бекем қайратты сөзі көмегімен ықпал етудің қажетті нәтижесіне жету білігі);

  • экспрессивті (өзінің білімі мен нанымын эмоционалды және мәнерлі етіп бере алу, мұғалімнің әртістігі, сөйлеудің көп бейнелі интонациясын, ымды, қозғалысты, икемділікті меңгеру білігі).

Педагогикалық шеберліктің бар немесе жоқтығын анықтау үшінИ. А. Зязюн мынадай
критерийлерді белгілеген:

  • мақсатқа лайықтылығы (бағытталғандығына қарай)

  • өнімділігі (нәтижесіне қарай білімдік, тәрбиеленгендік дәрежесі)

  • оптимальдылығы (әдістерді, құралдарды таңдауына қарай )

  • шығармашылығы (іс-әрекеттің мамұнына қарай)

Сонымен, болашақ мұғалімдердің кәсіби білімін қалыптастыру қазіргі кезеңде кәсіби білім беру жүйесін дамытудың мазмұнды сұраныстары және даярлық жұйесіндегі сәйкес мазмұнды қарастыруға, кездесетін қайшылықтарды жеңуге бағытталады.
Тұлғаның өзін-өзі кәсіби – шығармашылық дамыту мұғалімнің өзіне маңызды және шығармашылықпен қабылданған сыртқы факторларға негізделген саналы тұлғалық қалыптасу үрдісі болып табылады. Ол мұғалімнің өзін-өзі тану, өзін-өзі ұйымдастыру, өз бетімен білім алу механизмдері арқылы жүзеге асырылады. Мұнда шығармашылық пен ой-өріс осы үрдісте үдету тәсілдері ретінде қолданылады.
Мұғалімнің кәсіби білімі – мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін- өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет