Лекцияның оқыту нәтижелері



бет47/58
Дата12.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#196516
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
Байланысты:
1 лекция (1)

Лекцияның оқыту нәтижелері:

  1. “Тәрбиеші шеберлігі” ұғымын түсінеді.

  2. Шеберлік – теория мен практиканың бірлігі екендігін біледі.

  3. Технологиялық, қарым-қатынас, этикалық жүйе туралы түсініктерді үйренеді.



Лекция мазмұны:
Тәрбиеші шеберлігі” түсінігі.
Республикада ағартушылық саласында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру көбінесе тәрбиеші – оқытушыға жүктеледі, оның ерен еңбегіне байланысты. Жаңа әлеуметтік жағдайда тәлім – тәрбие саласындағы мақсаттарға жету, оқушылардың алуан түрлі еңбегін ұйымдастыру, оларды білімді, әдепті, сезімтал, еңбексүйгіш, жан-жақты кемелденген азамат етіп жетілдіру, қалыптастыру тәрбиеші – оқытушының басты міндеті екендігі көптеген қарар-қаулы, қағидалардан орын алған. Еліміздің ертеңгі, егеменді республиканың болашағы тәрбиеші – оқытушыға, оның білім деңгейіне, дайындығына, адамдығы мен белсенділігіне, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жұмысына, көзқарасына тікелей байланысты. Көптеген оқытушыларда оқыту шеберлігіне қарағанда тәрбие шеберлігін иемдену қиынға соғады. Оның объективті себептері де бар: тәрбие ұғымы – жеке тұлғаны тәрбиелеу, ақыл – ой мүмкіндіктерін дамыту, ақылды және таза эстетикалық сезімі мол, еңбексүйгіш етіп тәрбиелеу факторы ретінде тәлім ұғымына қарағанда кең ұғым. Педагогтарда тәрбиелеу шеберлігінің күрделі де қиындықпен қалыптасуына және де себеп болатын нәрсе: жас оқытушылар тұлғасының кәсіби сипаттағы жүйесін иемдену әрекетімен байланысты субъективтік себептердің болуы.
Бұл нені аңғартады? Еңбек процесін жаңа бастаған жас оқытушылар күрделі педагогикалық жағдайларда өзін ұстай білудің түрлі әдіс-тәсілдерін табуда тәрбие шеберлігімен байланыстырудағы әлсіздігі, тәжірибесіздігі. Сондықтан болар жас тәрбиешілер, көбінесе жазалау әдістерін жиі қолдануға әрекеттенеді. Олардың алдында әрдайым “қалай жазалау керек?” деген мәселесі барлық тәрбие мәселелерін шешудің сұрағы ретінде көлденең тұрады. Сонда тәрбиеші шеберлігінің мәні неде?
А.С.Макаренко, тәрбиеші жұмысын қарастыра отырып, былай дейді: “Тәрбиеші әрекеті, шын мәнінде, бұл ұйымдастырушының әрекеті. Тәрбиеші шеберлігі -балалар өмірін ұйымдастырушы шеберлігі деп түсінуіміз қажет. Шеберлік – бұл мектеп оқушысын дамытушы педагогтың ситуацияларды ұйымдастыра алу дағдысы. Бұл “оқытушы - оқушы” жұптығы мәселелерінің бір мезетте шешілуі емес, ұжым мен тұлғаға тәрбиелік ықпал ететін әлеуметтік шығармашылық еңбекті, іс-әрекетті ұйымдастыру болмақ”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет