Лекцияның оқыту нәтижелері



бет53/58
Дата12.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#196516
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
1 лекция (1)

«Батырманы» іздеңіз
Эмоцияны басқару әрекеттері «жедел» түрде бола алады, сонымен қатар ұзақ мерзімді қолданысқа енгізуге болады. Сезіміңізге тоқсауыл қоя алған соң және оны біреумен бөлісіп, басқа арнаға ауыстыра алған соң, сіздің эмоционалдық триггеріңізді оятатын, яғни қызуқандылығыңызды оятатын «батырманы» іздеуге тырысыңыз. Көбіне қате тұжырымдар жағымсыз эмоциялар тудырады. Мысалы, біреу сіздің сөзіңіз, не ісіңізді жөндегенді ұнатпауыңыз мүмкін, өйткені бірдеңені дұрыс жасай алмайтындарды өзгелер бейбақ деп қабылдайды. Бірақ әрдайым мінсіз болу мүмкін емес қой, соны есіңізден шығармаңыз. Біреулер қолдауға зәру болып, ренішін білдіреді. Эмоцияны басқара алу – эмоционалды интеллектісі дамыған адамның басты қасиеті.
Бүлдіру мен қиратуға негізделген ойлардан қашыңыз. Өз эмоциясын басқара алмайтын адамдар төменде келтірілген бүлдіргіш өмірлік тұжырымдарды басшылыққа алады:

  • бәрін алу немесе ештеңе алмау;

  • бәріне мен кінәлі;

  • адамдар менің сезімімді біледі;

  • жаман пікірлер ғана ақиқат.

Эмоционалдық денсаулығыңызды қадағалаңыз
Физикалық денсаулық сияқты эмоционалдық денсаулық та маңызды. Егер жүдеп кетсеңіз, уланған болсаңыз, жағымсыз ортада жүрсеңіз, демек ауырып жүрсіз. Әрдайым жабыңқы көңіл-күйде, өзіңізді бақытсыз сезінсеңіз, зорға жүрсеңіз, жағымсыз эмоциялар бөлінетіні сөзсіз. Емделу үшін «психологиялық гигиена ережелерін» ұстану қажет. Жеке шекараңыз белгіленген, өз айналаңызда қауіпсіз орта тудыруға тырысыңыз: біліктілігіңізді көрсете алатын іс, өзіңізге сенімділігіңізді арттыратын жұмыс табыңыз.
Өміріңіз өз бақылауыңызда екенін біліңіз және сіз ортақ әлемнің бір бөлшегісіз. Бірақ соған орай, эмоционалды сезімдеріңізді шығара алатын, жаныңызға жақын кішкентай «әлеміңіздің» болғаны дұрыс. Сонда ғана тоқырау мен зерігудің алдын аласыз және бұл сезімдер де жағымсыз эмоциялар тудыратынын ұмытпаңыз.
Жағымсыз эмоцияларды басқаруға болатын 9 кеңес.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет