Лекцияның оқыту нәтижелері:
Сыныпта педагогикалық қарым-қатынас, ынтымақтастық орнатудың ерекшеліктерін түсінеді.
Оқушылардың білім алу процесінің тиімділігін арттыруды біледі.
Лекция мазмұны:
Сабақ процесінде оқытушыға үлкен тапсырмалар жүктеледі. Оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыра алу, оларға өздері орындаған тапсырмалардың нәтижесін көрсете алу, кемелдендіруге үндеу және дамыту.
Педагогикалық ынтымақтастық дәстүрлі тәсілдерден ерекшелеген түрде оқытушы мен оқушының бірлескен еңбегі арқылы білім алуға ынтаны күшейттіреді.
Педагогикалық ынтымақтастық мәні және ерекшелігі – ол әлеуметтік өмір, құрылым өзгеруіне байланысты жаңаланып, күрделеніп, нығайып барады.
Педагогикалық ынтымақтастық білім алуда оқушылардың еркін, өз қалауына тән әрекетету қағидалары мен әрекетке сүйенеді. Педагогикалық ынтымақтастық оқушылардың алдына жоспарланған мақсаттарына жетуге бағыттайды, үйретеді, оларды өзінше, өз бетімен жұмыс істеуге өз қимыл - әрекетін талдауға, анализ жасауға ынталандырады.
Педагогикалық ынтымақтастық процесінде оқушы өзін сынып ұжымының ажырамас бір бөлшегі ретінде сезінеді. Шебер оқытушы әрбір оқушы сабақта өз-өзіне тапсырма белгілеп алуына, өз бағасын өзі белгілеуіне жол таптырады.
Қазіргі күнгі сабақ өзінің тәсілі, формасы, мазмұнымен шектеліп, шекараланып қалмайды. Қазіргі күнгі сабақтың мақсаты білім, тәрбие және дамытуды көздейді. Мұнда оқушы мен оқытушының ынтымақтастығының енбегі зор мәнге ие.
Оқытушы сабақ процесіне дайындық көруде тәлім құралдарынан өнімді пайдалануы қажет. Қазіргі күнгі сабақ оқытушыдан саяси, экономикалық, рухани, психологиялық - әлеуметтік, педагогикалық жағынан жете дайындықты талап етеді. Яғни, сабаққа дайындық шебер оқытушыдан әрдайым оқулықтар, психологиялық – педагогикалық және әдістемелік сипаттарға ие болған кітаптарды оқып-үйретуді талап етеді.
Оқытушының қолында сабаққа қажет болған әдебиеттер тізімі болуы керек. Мұндай әдебиетті оқып-үйрену, олардың мазмұнымен танысу оқытушының сабақ үстіндегі
шеберлігін шыңдайды. Оқытушы сабағының нәтижелілігін арттыру үшін әр түрлі арнайы диафильм, кинофильм және бейнелегіш ерекше орын алады. Әрқандай сабақ тәрбие, тәлім және дамыту мақсаттарын көздеуі қажет.
Тәрбие мақсаты – оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады, әлеуметтік саяси өзгерістер, жаңалықтармен таныстырады, оқушыларды отанға сүйіспеншілігін, жетілген, адам болып тәрбиеленуіне ақылды, саналы азамат болып жетілуіне қаратылған болуы қажет.
Тәлімдік мақсаты – оқушыларда оқу бағдарламаларында белгіленген білім, дағды, іскерлік қабілеттерін дамытуға, қалыптастыруға қаратылған.
Дамытушылық мақсаты – оқушыларда өз бетімен пікірлерді дамытуы, қиыншылықтарды жеңуге, оқу процесі барысында алған білімдерінің негізін анықтай алуға бағыттайды.
Оқытушы өз сабағының авторы болып саналады. Сабақты қай деңгейде ұйымдастыру оның тек білімі емес, шеберлігіне тікелей байланысты.
Шебер мұғалім өз сабағын ұйымдастыруда төмендегі элементтерге көңіл бөлуі қажет:
мемелекет тарапынан белгіленген бағдарламаға сәйкестігіне;
оқу материалы заман талабына және оқушылардың даму деңгейіне сәйкес келуіне;
оқытушының рухани жағдайының сәйкес болуына;
оқу материалының өтілген сабақтармен байланыстылығына;
оқу материалының сынып психологиясына сәйкестігіне.
Оқушылардың білімді игеру тиімділігін арттыру.
Сабақтың нәтижелілігін арттыру үшін оқытушы сабақтың әдістемесі мен технологиясын терең игеруі қажет. Сабақта оқытушының шеберлігі оның сабаққа деген талабы, дайындық деңгейімен белгіленеді.
Бірінші кезекте сабақтың мақсатын сабақ барысында орындалатын анық міндеттерді, тапсырмаларды белгілеп алуы қажет.
Сабақтың мақсаты: тәлім-тәрбие беретін қабілеттерді өсіру, дамыту міндеттерін көздеу. Ол үшін сол сабақ мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруда қажет болатын сабақтың формасы мен түрлерін анықтап алған жөн.
Қазіргі заман сабағын ұйымдастырудың негізгі қағидалары төмендегідей: мақсатты анықтап алу, сол мақсатқа сай оқу материалының мазмұнын анықтау, тәлім процесінде тапсырма мен міндеттердің құрылымы, тиімді тәлім әдістерін таңдау, оқушы мен оқытушының еңбегін дұрыс ұйымдастыра білу, сабақ түрі мен оның жүйесін анықтап алу. Оның сабақ құрылымы негізінде сабақ жоспары құрылады. Құрылған жоспарға негізделіп сабақтың конспектісі жазылады. Сабақтың нәтижелі және мақсатқа сай ұйымдастырылуы, өткізілуі көбінесе таңдалған тақырып пен дұрыс әдіс таңдауға байланысты.
Өтілетін сабақ нәтижелі болуы үшін оқытушы дәстүрлі емес сабақтардан да пайдалануы мүмкін. Сабақ сынатын дәстүрлі тәртіпте анықтау мүмкін: сұрақ, түсіндіру, пысықтау, үй тапсырмасы және т.б. Бірақ сабақ дидактикалық талаптарға жауап беруі үшін төмендегі дидактикалық категорияларды таңдауымыз және оларға жауап таба білуіміз қажет:
Сабақтың дидактикалық принциптерге, оқу-тәрбие процесі талаптарына жауап беруі;
Сабақтың өтілуі мен нәтижесі оқу бағдарламалары мен дидактикалық мақсаттарға сәйкестігі;
Сабақтың дидактикалық міндеті тапсырмалары және оқушыға берілетін білім, дағды, іскерлік, сонымен қатар жаңа білімдерді игеруге қол жетті ме?
Сабақтың бірізділігі мен жүйелілігіне қол жетті ме?
Сабақта көрнекілік құралдар, сонғы жаңа құралдар мақсатқа сай практикада қолданыс тапты ма?
Бұл сабақтың өмірмен байланыстылығының мәні неде?
Бұл критериилер оқытушыдан сабақты бір қалыпта емес, жаңа педагогикалық технология негізінде алып баруға бағыттайды.
Бірінші кезекте оқытушы сабақ барысында ақыл-ой еңбегін басқара алуы қажет. Яғни, оқытушы өз сабағын оқушыларға қызықты етіп ұйымдастыру қажет. Сабақ қаншалықты қызықты өтсе, оқушыларда сабақта берілген материалдарды игеру жеңіл өтеді.
Сабақ барысында оқушыларға сұрақтар беруде оқытушы оның дұрыс құрылғанына мән беруі қажет. Оқытушы тарапынан құрастырылған сұраққа оқушы тек жауап іздеп ғана емес, олардан пікір, дүниетанымның кеңеюінен күш-қуат, әсер алуы қажет болады.
№13 Лекция тақырыбы: Тәрбиеші шеберлігінің құрамды бөліктері
Достарыңызбен бөлісу: |