Лекцияның оқыту нәтижелері



бет58/58
Дата12.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#196516
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
1 лекция (1)

Педагогикалық сөздің келесі бір функциясы мұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастың жемісті болуын қамтамасыз ету.
Мұғалім сөзі бұл қарым-қатынаста реттеушілік рөл атқарады. Мұнда мұғалімнің оқушылармен әңгімелесуі, сәлемдесуі, өз талаптарын қоюы, ескерту жасауы, тілегін білдіруі; оның сөзінің мәнерлілік бояуы, интонациясы, бет келбеті, көзқарасы, мәнері қандай, осының барлығының маңызы ерекше.
Көп нәрсе мұғалімнің қарым-қатынастағы дербес стиліне байланысты (қорқытуға негізделген қарым-қатынас, әзілдесу арқылы жасалатын қарым-қатынас, достыққа негізделген қарым-қатынас және т.б.).
Бұл авторитарлық және демократиялық стилдерге де байланысты. Ұлы педагог А.С.Макаренко өзінің тәрбиеленушілерімен қарым-қатынасты “оқушыға қаншалықты талапты көп қойсаң, соншалықты оны құрметте” деген принцип негізінде құрды. Нақты жағдайларға байланысты ол сабырлы және көңілді, әзілкеш және қатал, өктем және жұмсақ бола білді.
Мұғалім оқушылар тобын немесе тұтас ұжымды , оларға көңіл аударып, қабылдау арқылы, сыныптағылардың барлығын сөздің көмегімен басқара отырып, қарым-қатынас жасайды.
Мұғалім сөзінің ерекшеліктерінің бірі көпшілік алдында жариялануы болып табылатын, оның бағыттылығы, оқушыларға арнап айтылуы. Мұғалім сөзі барлық уақытта өз жөнін табады – оның мағыналы қабылдануы оқушылардың түсінігінде таңдап алынады. Байқағыш педагог барлық уақытта өз сөзін тәрбиеленушілерінің қалай қабылдайтынын, қандай реакция білдіретінін, алдын ала көре біледі. Мысалы, ешнәрсеге сенбейтін оқушы қалай қабылдайды, оның сөзін жаны тез жараланғыш оқушыға қалай тиеді, ойлы және білуге құмар тәрбиеленушіден ол қандай баға алады, осының бәрін педагог алдын ала біліп отырады. Осындай алдын ала болжай алу педагогқа өз сөзін шындыққа жанасымды етіп құра білуге, қарым-қатынаста оны түзетуге көмектеседі.
Ауызша сөйлеуді орынды қолдана білу, оқушының өз сөзіне ойланып, ақылмен жауап беру керек екендігін қалыптастыру арқылы мұғалімге көмектеседі.
Ал бұл мұғалім мен оқушыны бірлесіп еңбек етуге жақындастырып, оңтайластырады.
Мұғалім сөзінің бағыттылығы нені білдіреді? Оның сөзінің шыншылдығын. Дана мұғалім үшін оның сөзі балалармен қарым-қатынаста – бұл өз келбетіңнің тәсілі сияқты, В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: “оқушылардың алдында рухани байлығыңды өзің ашу”.
Мұғалім сөзінің бағыттылығы оның өз монологын оқушылармен ішкі диалог ретінде, олардың ақыл-ойына, сезіміне, намысына қозғау салатындай етіп құрастыра білетін икемділігін білдіреді. Оның сөзінде бірлесіп еңбек етуге шақыратындай тіке талап ету (“өздерің ойланып көріңдер”, “қиялдап көрейікші”, “бұл сіздерде қызығу тудырады деп ойлаймын”, “әрине, сіздер еске түсірдіңіздер” және т.б.) және өз бағасының мазмұны, алған әсері, эмоционалдық-экспрессивтік сөзі, дауыс ырғағының мәнерлілігі болады.
Мұғалімнің ауызша сөйлеуіндегі ерекшелігі – оның мазмұны оқушыларда екі жолмен дыбысталу (сөздердің дыбысталуы, дауыс ырғағы арқылы) және көзбен шолу (мұғалім қимыл-қозғалысы, мәнері, мимикасы) арқылы қабылданады. Сөйлеуші мұғалімнің мимикасы, тұрысы, дене қимылы, оның сөзінің эмоционалдық маңыздылығын, мәнерлілігін, мағыналылығын күшейтеді.
Көзбен шолу жолы оқушыларға мұғалімнің жұмыстағы көңіл-күйі туралы, оның оқушылармен қарым-қатынас жасауға, оларға құрмет көрсетуге құлқының бар-жоқтығы туралы ақпарат береді. Сол себепті болашақ студентке университет қабырғасында өз қарым-қатынасының сыртқы келбетіне бақылау жасай білу икемділігін дамыту, өзінің мимикасы, дене қозғалысы, мәнеріндегі ерекшеліктеріне тыңдаушының реакциясының қандай екенін білу өте маңызды.
Мұғалімнің ауызша сөйлеуіндегі жанынан шығаруы – бұл ереже сияқты. Мұнда да оның ерекшелігі көрінеді. Кәсіби-мұғалім барлық уақытта сабақ конспектісіне немесе кітап мәтініне сүйенбей сөйлейді. Оқушылар оны тыңдай отырып, сол кездегі мазмұнның, сөздің туылу сәтіне қатысады. Мұғалім көпшілік алдында ойлау, алғаш өзі үшін оқушылармен бірге шындықты ашу сияқты түйсік туғызады. Бұл үшін ерікті кідіріс жасау, керекті сөзді іздеумен байланысты, сөздерді ауыстыру; оның сөйлеу қарқыны бірде жылдам, бірде баяулауы; мұғалім өз алдына сұрақтар қоюы мүмкін, оларға жауап берудегі пікірталастырудың барысын көрсетуі, осының барлығы мұғалім сөйлеуіне тән сипаттар.
Жанынан шығарып сөйлеу – бір мағыналы ұғым емес. Кейбір жағдайларда бұл ертерек дайындалған, ойластырылған сөз, бірақ мұғалімнің күтпеген жердегі “әп-сәттілік” икемі. Бұл конпектідегі жазылғанды сөзбе-сөз әңгімелеу емес, оны қайта еске түсіру емес, алдын ала оқылғанды қайта жаңғырту емес (бұл барлық уақытта “жанынан шығаруға” ұмтылатынымыз сияқты сезіледі), бұл сөйлеу кезіндегі құрастырылған еш нәрсеге тәуелсіз, айтайын деген ойыңды еркін баяндау, бірақ, баяндаудың көлемін, мазмұнын
таңдау, оның логикасын, тонын, сөйлеу стилін, интонациялық-ритмикалық құрылысын ойластыру сияқты алдын ала дайындық есепке алынады. Бұл жерде мұғалім үшін психологиялық кезеңнің маңызы бар.
Жанынан шығаруға қабілеттілік – бұл қабылданған, таныс және бірде бер рет сабақтағы оқу материалында баяндалмаған жаңашылдықты өзі үшін сақтай білу икемділігі. Бұған өзіңді тексеріп көр: Сіз бүгін оқушыларыңызға (өзіңіздің жолдастарыңызға), сізге мектеп бағдарламасынан таныс материалды, университет көлеміндегі байытылған біліммен, оны беріліп, еліктіріп, қызықтырып, анық, эмоционалды түрдебаяндап, әңгімелеп бере аласыз ба? Сізде бұл материалды қабылдауда жаңа акценттер пайда болған жоқ па?
Басқа жағдайларда мұғалім сөзі - “жанынан шығару” бұл сөздің тікелей мағынасы – ешқандай алдын ала дайындалмаған, мұғалім реакиясын тез талап ететін жағдайда, оқушылармен қарым-қатынас кезінде кездейсоқ пайда болатын сөз. Ол – кең қамтылған жауаппен, әңгімемен, өсиет, ақыл айтумен сезіледі. Мұндай жағдайда мұғалімнің, сөйлеу үлгілерін, сөйлеу тонын таңдап алуында, сөз қолдануында жауапкершілігі арта түседі. Туры осы жерде мұғалімнің сөйлеу мәнерінде жалпы және педагогикалық мәдениеті, оның оқушылармен өзара қарым-қатынасындағы мінез-құлқының ұнамды тәжірибесі пайда болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет