Лекцияның оқыту нәтижелері



бет50/58
Дата12.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#196516
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58
Байланысты:
1 лекция (1)

Этикалық жүйе
Егер тәрбие құралдары, әдіс-тәсілдер негізінде жетекші идея болмаса, технологиялық жүйе де, қатынастар жүйесі де көздеген нәтижені бермейді.
Педагог және ұжым арасында мотивтер болуы қажет. Бұл мотивтер үшін әрбір оқушы, сынып, мектеп әрекеттенеді. Үлкен ұлы мақсаттар педагогтың ұнамды әсер ету факторлар жүйесіне сүйеніп талап етеді. 0лар мыналар: тәрбие мен тұрмыстың, тіршіліктің бірлігі; балалар еркіндігі мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі; азаматтық пен адамгершіліктің бірлігі; эстетика мен этиканың байланысы; талап қою мен сенім бірлігі; оқушы тұлғасына сергектік қатынас; жас ерекшеліктерін есепке алу; балалардың ақыл-ой, мінез-құлық денсаулық тәрбиесі жайлы жағдай жасау; критерийлерге мойынсұну принциптері.
Этикалық ұғымның тәрбие технологиясымен үздіксіз байланыста болуы үшін,
педагогтар төмендегі тақырыптарда сұхбат, әңгімелер ұйымдастыруы жөн: “борыш және ата-аналар алдындағы міндеттер”; “борыш және тілек бірлігі”; “тілектер мен қажеттіліктер бірлігі”; “жан, жан күйініші” түсініктерінің адамгершілік мәні және т.б.

14 Лекция тақырыбы: Педагогикалық бағыттылық және педагогтың сыртқы пішіні




Лекцияның оқыту нәтижелері:

  1. Педагогтың сыртқы келбеті туралы сипаттайды.

  2. Эмоциялық жағдайды басқара білу техникасын үйренеді.



Лекция мазмұны:
Педагогтың сыртқы келбеті туралы.
Мұғалімнің сыртқы пішіні эстетикалық талапқа сай мәнерлі болуы керек. Өзінің сыртқы пішініне ұқыпты қарамаған адам кешірімсіз, бірақ оған шектен тыс мән беруге де болмайды.
Шаштың сәні де, костюмі де, әшекей бұйымдары да мұғалім киіміндегі барлық уақытта педагогикалық міндеттерді шешуде бағынышты болуы керек – тәрбиеленушінің тұлғасына қалыптасуына нәтижелі ықпал етуі тиіс. Косметикаға, сәнді киім кию құқын иемдене отырып, мұғалім барлығына да шектен аспай, жағдайды түсініп тәртіп сақтауы керек. Тәрбиешінің эстетикалық мәнерлілігі оның бет әлпетінің қаншалықты жылылығын, қимыл-қозғалыстағы ұстамдылығын, сыртқы келбетіндегі және жүрісіндегі жинақтылығын білдіреді. Оларға қарама-қарсы құбылмалылығы, әбіржушілік, жасандылық және немқұрайдылық. Керек десеңіз, сіз балаларға қалай кіріп келесіз, қалай қарайсыз, қалай сәлемдесесіз, қалай орындықты жылжытасыз, қалай сынып ішінде жүресіз – осы бір майда әрекеттердің өзінде сіздің балаға әсер ететін күшіңіз бар. Сіздің барлық қимыл-қозғалысыңыздан, мәнеріңізден, көзқарасыңыздан балалар өзіне деген өте үлкен сенімділікті, ұстамдылықтың күшін сезіне білетіндей болуы керек. Ұстамды, мейірімді, сенімді болудың арқасында – сіз мәнеріңіз жеткілікті адамсыз және осындай болу арқылы - сіз тәрбиеші ретінде күштісіз.
Мұғалімнің сыртқы көрінісіне тұлғасына, мимикасына, пантомимикасына, киіміне қойылатын нақты талаптар қандай? Оларды қалай басқаруға болады? Осы айтылған элементтердің барлығы адамның ішкі қалпынан өндірістік болып табылады, оларды педагогтың шығармашылық көңіл-күйін өзі реттеу техникасы ұғымымен бастап басқара білу керек.
Әр оқушыға жол сілтеп, оның бойына жақсы қасиеттер сіңіретін бірден-бір жан болса, ол – ұстаз. «Шәкірттің жақсы болмағы – ұстазынан» деп дана халқымыз айтқандай, ұстаз оқушыларды білім нәрімен сусындатып, қолынан келгенін үйретіп, бағыт-бағдар беріп қана қоймай, сыртқы келбетімен, киім киісімен, өзін ұстау әдебімен үлгі бола білуі тиіс. Себебі, оқушылар мұғалімнің біліміне ғана емес, жоғарыда аталған қасиеттеріне де ерекше көңіл бөліп, тәлім алады.
Бүгін біз қазіргі заман мұғалімінің киіну мәдениеті мен келбетіне тоқталмақпыз.

  1. Түстерді дұрыс үйлестіре білген жөн. Ұстаз киіміндегі құптауға лайық түстер ақ және қара түс болып есептеледі. Сонымен қатар ақ сары, қошқыл көк, қоңыр түстерді де қолдануға болады. Өте ашық түстер аталған салада ерсі көрінеді.

  2. Егер де киімде өрнектер болса, олар классикалық киім үлгісіне сай болуы тиіс. Мысалы, торкөздер немесе түзу сызықтар. Киімдегі жазулар, көз тартатын шимай-шатпақ өрнектерден бас тартуға тура келеді.

  3. Мұғалімнің өзіне сенімді, білімді, тәжірибелі екені қоғамда өзін ұстау әдебінен, өзгелермен сыпайы сөйлесе білуінен көрініп тұрғаны жөн. Сонымен қатар бұл бейнеңізді сәнді көзілдірік, сағатпен, талғаммен таңдалған сөмкемен толықтыра түссеңіз – нұр үстіне нұр.

  4. Мұғалімнің шаш үлгісі өзіне жарасымды болғаны дұрыс. Психологтардың пайымдауынша, өз келбетінің артықшылығын толықтырып, кемшілігін жасыра білетін адамдарды айналасындағылар жоғары жетістікке жеткен, өзіне сенімді тұлға ретінде қабылдайды.

  5. Мұғалім мамандығына сай талғаммен киініп, ұқыпты келбетімен үлгі бола отырып, ішкі жан-дүниесінің көркемдігімен, шәкірт жанын ұғына алар кеңпейіл мінезімен көрінуі керек. Адамдар үйлесімділікке баса назар аударатынын есте сақтаңыз. Мәселен, қалай болса солай жасалған шаш үлгісі талғамға сай жейдеңіздің сәнін кетіреді.

Осы нәрселерді шебер үйлестіре білген білікті ұстаз шәкірттерді білім нәрімен сусындатып қана қоймай, өскелең ұрпақтың өзіне қарап дұрыс бой түзеуіне, тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет