Лекцияның оқыту нәтижелері



бет48/58
Дата12.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#196516
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58
Байланысты:
1 лекция (1)

Шеберлік теория мен практиканың бірлігі
Тәрбиеші шеберлігі – бұл тек білім ғана болмай, тәрбие заңдылықтары, балалар ұжымы өмірін ұйымдастыру заңдылықтарынан туындайтын әдіс-тәсілдердің практикада, тәжірибеде қолданыс табуы.
А.С.Макаренко былай тұжырымдайды: Тәрбиелей білу – бұл қандай да бір өнер, ол сондай бір өнер, роялде немесе скрипкада жақсы ойнай білу сияқты, картинаны жақсы сала білу сияқты, жақсы токарь немес фрезеровщик болу сияқты. Адамды жақсы суретші, музыкант, фрезоеровщик болуға үйрету мүмкін емес, егер оған қолына тек кітап берсек, егер ол бояуды көрмесе, аспапты алмайды, станок қасына бармайды. Тәрбиелеу өнерінің қиындығы сонда, тәрбиелеуге үйрету мүмкін тек қана практикада ... Адам, мейлі ол жоғары оқу орнын табысты, жақсы бітірсін, мейлі ол талантты болсын, егер тәжірибеде оқып үйренбесе, ешқашан жақсы педагог бола алмайды ”.
Тәрбиешінің негізгі дағдылары
Білім және оған негізделген дағды, іскерліктер – тәрбиеші шеберлігінің негізі болып саналады. Тәрбиешінің қабілетіне:

  • әртүрлі педагогикалық ситуацияларда әрбір бала әлемінде көрініс табатын процестерді дұрыс түсіне алу тәжірибесі;

  • жылдам сезу және оған назар аудару қабілеті;

  • сенім мен талап қоя білу;

  • балалар ойын ұйымдастыра білу қабілеті;

  • ситуацияны жан-жақты бақылай, бағалай білу қабілеті;

  • әртүрлі педагогикалық фактілерден ең негізгісін таңдай білу қабілеті;

  • кездейсоқ фактілерден негізгісін көре білу қабілеті;

  • ситуацияларда ықпал етудің түрлі әдістерін қолдана білу қабілеті;

  • сезім, көңіл-күй және өз пікірлерін сөз, мимика және пантомимикамен анық жеткізе алу қабілеті жатады.

Сонымен қатар,

  • оқу, еңбек, спорт, көркемөнер іс-әрекеттерде балалармен қатынас, байланыс орната алу қабілеті;

  • ерекше тіл таба білу, жақындасу;

  • балалар белсенділігін арттыра алу қабілеті;

  • қиын, күрделі жағдайларда балаларға көмек бере алу;

  • оқушылармен әрдайым кеңесу;

  • ұйымдастырылатын шаралар жөнінде балалардың пікірлерін үйрену;

  • өзді-өзін басқарудың түрлі формаларынан өнімді пайдалану;

  • әрбір оқушыда ұнамды қасиеттерді көре алу;

  • оқушыларды “сүйкімді, сүйкімсіз” деп бөлмеу;

  • оқушыларда өз көзқарас, пікірлдерінде тұра алу қабілеттерін қалыптастыру да үлкен мәнге ие.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет