МАҚАЛ
|
Мысалы
|
МӘТЕЛ
|
мысалы
|
Мақалдың мазмұнында істің себебі мен салдары бірге айтылып, шарты мен нәтижесі қатар беріледі.
|
(Егер) ісім өнсін десең, (онда) еңбек ет.
|
Ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды.
|
Сабыр түбі – сары алтын.
|
Мақал құрылы-
сы жағынан көбінесе құрма-
лас сөйлем болып келеді.
|
Еңбек етпесең, елге өкпелеме; егін екпесең, жерге өкпелеме.
|
Ал мәтел құрылысы жағынан көбінесе жай сөйлемге құрылады.
|
Басқа пәле тілден.
|
Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды, түйінді пікір түрінде айтылады
|
Кең болсаң, кем болмайсың.
Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы.
|
Мәтелдерде ой – пікір мақалдағы-
дай, тікелей кесіп айту түрінде емес, жанамалап тұспалдап ым – ишара түрінде айтылады
|
Баяғы жартас – бір жартас. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма.
|