Лексикология Лексика (сөздік қор мен сөздік құрам) · белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы · белгілі бір тілдегі сөз байлығы Лексика-көне гректіктің Lexiros (сөздік) деген сөзі


Тапсырма №1 (Көп мағынаға ие бола алатын сөздің астын сызыңыз.)



бет6/14
Дата15.12.2023
өлшемі117,59 Kb.
#197238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Қазақ тілі - Лексикология

Тапсырма №1 (Көп мағынаға ие бола алатын сөздің астын сызыңыз.)
1. Марат домбыраның құлағын бұрап берді. 
2. Оқуды басынан жақсы оқу керек еді. 
3. Олар ертең жол жүретін болды. 
4. Біз таудың басына шығып келдік. 
5. Олар футбол алаңының оң қанатынаотырды. 
6. Матаның көзі бар екен, байқа. 
7. Көйлектің етегі әдемі етіліп тігілді.
8. Жердің бетінде тыныштық бола бергей! 
9. Майра, жараның аузы ашылып кетпесін. 
10. Иненің көзінен жіпті өткізе алмадым. 
11. Ол – сыныбымыздағы мінезі ауырбала.
12. Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік. 

қ/с

Бастапқы мағына

Ауыспалы мағыналары

1

Сексеуілдің түбірі


2

Есіктің кілті


3

Қыздың белі


4

Ыдыстың түбі


5

Иттің құлағы


6

Келіннің төркіні


7

Тас жол


8

Мысықтың көзі


9

Шөлі қану


10

Баланың беті


11

Адамның жүзі


12

Қаздың мойыны



қ/с

Бастапқы мағына

Ауыспалы мағыналары

1

Інімнің аяғы

Жиналыстың, жұмыстың, отырыстың аяғы

2

Есіктің кілті

Дүниенің, білімнің, табыстың кілті

3

Қыздың белі

Арқаның белі, сыпырғының белі

4

Ыбыстың түбі

Ойдың түбі, сабыр түбі, сөздің түбі

5

Иттің құлағы

Домбыраның, радионың құлағы

6

Келіннің төркіні

Істің, мәселенің, сөздің төркіні

7

Тас жол

Дұрыс жол, тура жол, ақ жол.

8

Мысықтың көзі

Көненің, иненің, терезенің, бұлақтың көзі т.б.

9

Шөлі қану

Айызы қану, ұйқысы қану, ойыны қану.

10

Баланың беті

Сүттің, судың, кітаптың беті.

11

Адамның жүзі

Өткірдің, жердің жүзі

12

Қаздың мойыны

Домбыраның, қобыздың, шөлмектің мойыны

Сөз мағынасы 2-ге бөлінеді:
1. Сөздің тура мағынасы:
· Сөздің заттар мен құбылыстардың және олардың негізгі белгілерінің бейнесімен тікелей байланысты лексикалық мағынасы
· Сөздің затты, не құбылысты атап білдіретін мағынасы;
· Әр заттың өзіне ғана тән жеке мағынасы;
«Қара» сөзі тура мағынасында қолданылып тұрған сөйлем 
а) Шахтерлер қара көмірді тау қылып үиіп тастапты.
ә) Көзімнің қарасы, көңілімнің санасы.
б) Қара тақтаға ақ бормен жазған әдемі көрінеді.
2. Сөздің ауыспалы мағынасы:
· Бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау 
етіп ауыстырып қолданылғанда берілетін мағына.
· Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір
заттың, не құбылыстың атауы мен аталуының негізінде жасалған мағынасы. Мысалы: Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы
«Ашық» сөзі ауыспалы мағынасында қолданылып тұрған сөйлем. 
а) Ашық ауыздық ешкімге жақсылық әкелмейді.
ә) Айгүл – мінезі ашық, сыпайы қыз.
б) Кеше мекемеде ашық жиналыс болды.
· Тура мағынаны ауыспалы мағынаға немесе ауыспалы мағынаны тура мағынаға ауыстырыңыз.
Тапсырма №2

қ/с

Тура мағына

Ауыспалы мағына

1

Терең көл


2

Ауыр жүк


3

Қоңыр көйлек


4

Сары сағат


5

Қызыл сөмке


6

Күміс сақина


7

Қисық ағаш


8

Өткір пышақ


9

Құрғақ жер


10

Таяз су


11

Ашық терезе


12


Қалың ой

13


Денсаулық көзі

14


Биік мансап

15


Жүйрік ой

16


Ой-сананы ояту 

17


Шахматтың әліппесі

18


Үлбіреген келіншек

19


Торқа топырақ

20


Тарамыс денелі

Орындалу үлгісі:

қ/с

Тура мағына

Ауыспалы мағына

1

Терең көл

мағына

2

Ауыр жүк

сөз

3

Қоңыр көйлек

дауыс, салқын

4

Сары сағат

уайым, сарсаң

5

Қызыл сөмке

тіл, кеңірдек

6

Күміс сақина

күлкі, көмей

7

Қисық ағаш

мінез

8

Өткір пышақ

көз, жүз

9

Құрғақ жер

уәде

10

Таяз су

түсінік

11

Ашық терезе

әңгіме

12

Қалың дәптер

Қалың ой

13

Адамның көзі

Денсаулық көзі

14

Биік тау

Биік мансап

15

Жүйрік ат

Жүйрік ой

16

Ұйқыдан ояту

Ой-сананы ояту

17

Әліппе - оқулық

Шахматтың әліппесі

18

Үлбірейді гүл алаңы

Үлбіреген келіншек

19

Торқа мата

Торқа топырақ

20

Тарамыс жіп

Тарамыс денелі

Антоним сөздер – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
Мысалы: кең-тар, ақ-қара, жарық-қараңғы, үлкен-кіші, ыстық-суық, шиеленісу–шешілу, ылғал-құрғақ, бүтін-бөлшек, қысы-жазы, құпия-жария, көз көрім жер–алыс, ат ізін салмады – күн құрғатпады.
Тапсырма №3

1

Жомарт


2

Ылди


3

Зиялы


4

Жайпақ


5

Өткір


6

Жүйрік


7

Күнгей


8

Зейнет


9

Араны ашылды


10

Қыздың жиған жүгіндей


11

Беті бүлк етпеу


12

Аузы-аузына жұқпау


13

Уақ


14

Жүрегі зу ету


15

Көмескі


16

Төр


17

Пәни


18

Ойыс


19

Дөрекі


20

Орашолақ



Дұрыс жауаптары:
Жомарт – сараң
Ылди – өр
Зиялы – надан
Жайпақ – шұңғыл
Өткір – жасық
Жүйрік – шабан
Күнгей – көлеңке
Зейнет – бейнет
Араны ашылды – тәбеті тартпады
Қыздың жиған жүгіндей - ретсіз
Беті бүлк етпеу – бетінің оты шығу
Аузы-аузына жұқпау – жұмған аузын ашпау
Уақ - ірі
Жүрегі зу ету – жүрегі орнына түсу
Көмескі -анық
Төр - босаға
Пәни - бақи
Ойыс – дөңес
Дөрекі – биязы
Орашолақ -епті
Тапсырма №4
1. Кішкентай қателіктен үлкен ... туады
2. ... – төмен үйрек, қаз. 
Ұшып тұрса сымпылдап. 
3.Білім – арзан, білу – ...
4. Адал еңбек елге жеткізер, ... қулық елден кеткізер. 
5.Етегі желпілдеп, ... - кеш атпен шаба береді.
6. Достың орны- төр, ... орны – көр. 
7. ... мен тұщыны татқан білер.
8. ... жомарт емес, алған жомарт.
9. Адам аласы ... , мал аласы сыртында.
10. Басы ... , аяғы қылдай.
11. Өмірде қуаныш пен ... қатар жүреді.
12. Өтірік – қаңбақ, ... – салмақ.
Берілген сөздер: қиындық, жоғары, қымбат, арам, ертелі, дұшпанның, ащы, берген, аласы, реніш, шын.
Омоним сөздер – дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер.
• Дыбысталуы бірдей, мағыналық байланыс жоқ 
• Бірдей дыбысталып, түрлі мағына білдіретін
Мысалы: арық, қара, көш, жаз, атыс, қас, алма, бөлме, қос
Тапсырма №5
(Омонимнің әр түрлі мағынасын табыңыздар)
1. Өлең- 7. Нан -
2. Тез – 8. Абай-
3. Қаңтар 9. Жастық-
4. Жансыз – 10. Ынтымақ -
5. Оқтау- 11. Атыс -
6. Жалын- 12. Жүз -
Жауаптары:
1. Өлең – жыр, шөп.
2. Тез – жылдам, қалып.
3. Қаңтар – ай, атты қаңтару (ет.)
4. Жансыз – өлі дене, тыңшы.
5. Оқтау- зат есім, мылтықты оқтау (ет.)
6. Жалын- оттың жалыны, 
7. Нан – тағам, сөзіме нан (етістік) .
8. Абай- омоним болмайды.
9. Жастық- бас жастық, шақ.
10. Ынтымақ- омоним болмайды.
11. Атыс – ұрыс, төбелесу (ет.)
12. Жүз –сан есім, етістік, зат есім.
Омоним бола алмайтын сөздер: Абай, ынтымақ, қамыр, сүт, қарт, достық, шын, сөз, сақал, бұғаз т.б.
Тапсырма №6 Омонимдердің астын сызыңыз. 
1. Ез басына қиындық түссе, ... береді. (езіле)
2. Ерлерім, ... соңымнан. (ерші)
3. Киіз үйдің ... есігінің алдына жарма төгіліпті. (жарма)
4. Сағынтып ... дәурен желдей өткен, 
Жастаулы қалған екен құс жастығым. (жастық)
5. ... 12 жұп ақын айтысты. ( айтыста)
6. ... ойнауға асықпын. (асық)
7. Алатаудың ... балапанды аяп, ұясына апарып қойды. (аясындағы)
8. Сен тотықұс бақта жүрген, ал мен қойшы мал ... . (баққан)
9. «Бұл дүниеде баян жоқ», - деп жырлайды ... тартқан жігіт. (баян)
10. Нүриланың ... әлдебір мысқыл жүзіп жүр. (жүзінде).
Тапсырма
· Екі әріптен тұратын 10 омоним сөз жазыңыз.
Жауабы: ор, ой, ат, ер, оң, су, ен, ем, ай, ақ, ез, аш.
· Үш әріптен тұратын 10 омоним сөз жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет