ОҚО, Созақ ауданы
Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейі
«Лексикология тарауы бойынша
ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері»
(әдістемелік - көмекші құрал)
Авторы: Дәулеткелдіқызы Фатима
Шолаққорған - 2016
Түсінік хат
Қазақ тілі – біртұтас, жалпы халыққа ортақ тіл. Ол түрлі стильді көріністе өмір сүреді, жұмсалады. Қазақ тілін оқыту бір-бірімен тығыз байланысты екі мәселені шешеді:
· Білімді, салауатты, тіл мәдениеті дамыған, бәсекеге қабілетті болашақ жас ұрпақ дайындау;
· Тіліміздің байлығын, оның көркемдігі мен өрнегін, ойын шебер, анық және еркін жеткізе білуді үйрету.
Жұмыстың мақсаты – оқушыға лексика тарауы жайлы кеңінен түсінік береді. Семантикалық кесте, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушы білімі толығады. Сөздің әр түрлі мағынасын түсіне білуге үйретеді. Тұрақты тіркестердің мағынасын аша біледі. Мақал мен мәтелдің айырмашылығын ұғынып, тиісті жерде қолдана білуге қалыптасады. Ұсынылған жұмыс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, қазақ тілінен білім деңгейін көтереді. ҰБТ-да кездесетін тапсырмаларды білуге үйретеді. Жалпы жұмыс оқушының өздігінен білім алуына негізделген. Бұл курс ҰБТ-дан сәтті өтуге ықпал етеді.
Жұмыстың міндеті:
v Оқушылардың тест жұмыстарын шешуде анықтамалық әдебиетті өз бетінше қолдануын ұйымдастыру;
v ҰБТ-ны сәтті тапсыру үшін қазақ тілінен білім деңгейін анықтау;
v Оқушылардың ұмытып қалған, не түсінбей қалған тақырыптарын түсіндіру, қайталау.
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
v Тапсырманы орындаудың тиімді тәсілдерін таңдай білу;
v Оқушының ойлау, есте сақтау, іздену дағдыларын қалыптастыру белсенділігін арттыру;
v Оқушыға әрбір тақырыпты, өтілген материалдарды жан-жақты меңгеруге жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже:
v Оқушылар қазақ тілі пәнінен лексика тарауы бойынша тестті еркін тапсыра алады;
v Берілген тапсырмалардың мазмұнын түсіне алады;
v Өздігінен білім алуға үйрету функциясы қалыптасады;
v Алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйренеді.
Лексикология
Лексика (сөздік қор мен сөздік құрам)
· белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы
· белгілі бір тілдегі сөз байлығы
Лексика-көне гректіктің Lexiros (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халықтар тілінің көпшілігінде термин болып қалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арқылы келіп орнықты. Бұл термин - бір тілдегі барлық сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Лексикологияның ең басты зерттеу объектісі - сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |