Тапсырма №8 (Көп нүктенің орнына синоним сөздерді койыңыз.)
1. Бекет от басында қалғып, ... отыр. (мүлгіп)
2. Қазыбек қарттың көзі қарауытып, ... , қараң қалған үйге түсті (иесіз)
3. Есен өздері өтуге ыңғайлы, ... жер іздеді. (қолайлы)
4. Біреуді мұқату, ... дұрыс емес. (кекету)
5. Надан, ... адамдардан аулақ болу керек. (топас)
6. Жаратушы сана, ... , ес берсін десейші. (ой)
7. Олжа, пайда, ... құйылып жатыр. (кіріс)
8. Жап-жас жігітті танып-біліп болмай, ұрда-жық, ... деп қалай айтарсың?(сотқар)
Эвфемизм · Бір нәрсенің, құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естілсе, орнына қолданылатын сыпайы, жағымды сөздер.
· Кейбір заттың, не құбылыстың атын айту қолайсыздау болған жағдайда орнына қолданылатын сыпайы сөздер. Мысалы:
Мылжың– сөзуарлау, өтірік айту-қосып айту, ұрлық жасама- ала жібін аттамау. Дисфемизм · Ауызекі сөйлеу тілінде әдепті сөздерді алмастырып, орнына дөрекі сөздерді қолдану
· Әдеби тілге жат, тек ауызекі сөйлеу тілінде жақсы ұғымды сөздерді нашар ұғымды сөздерге алмастыру Мысалы: боқмұрын, қырт, айуан
Тапсырма №9 «Сыпайы сөйлеп үйренейік!»
Тұрақты тіркес: · Екі немесе біреше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына беретін сөз тіркесі.
· Құрамын өзгертіп айтуға болмайтын сөздер тіркесі.
· Құрамындағы сөздердің жеке дара лексикалық мағыналары емес, тек тұтас күйіндегі мағыналары түсінілетін сөздер тіркесі.
· Бір сөз табы, бір сөйлем мүшесі болады.
Мысалы: төбе шашы тік тұру, үмітін үзу, жүрек жұту.
Идиомалық тіркес – сөздердің байланысы берік болып, олардың тұтас топ болып тұрғандағы мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына қатысты болмай, мүлде бөтен мағынаны білдіреді. (Қой аузынан шөп алмайтын, салы суға кетіп отыр, тісін қайрап жүр)
Фразалық тіркес – тұрақты тіркестерінің бірқатарының мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса, бірінің лексикалық мағынасымен байланысты болады.(Таяқ жеу, жаны ашу, үрейін ұшыру)
Тапсырма №10 «Бір сөзбен атаңдар» ойыны · Берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын табыңыз.