Сабақтың тақырыбы: Бастауыш сынып мұғалімінің лексикалық мәдениеті мен сөйлеу мәнерлілігі.
Сабақтың жоспары:
1. Бастауыш сынып мұғалімінің лексикалық мәдениеті.
2. Сөйлеу мәнерлілігі және оның шарттары.
Теориялық мәліметтер:
Бастауыш сынып мұғалімінің сөйлеу мәнерлілігі сөздің эмоциональдық және экспрессивтік қасиеттеріне, екінші сөзбен айтқанда, сөздің стилистикалық бояуына тікелей байланысты.
Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының тыңдарманын немесе оқырманын қызықтыра білуі, сөзін ұғындыра алу қабілеті.
Мұндай жағымды қасиет көпшілік алдында лекция оқитын оқытушылардың, баяндамашылардың, жазушының, қоғам қайраткерлерінің сөздерінде, баспасөз беттеріндегі материалдарда міндетті түрде болуы керек. Сөздің мәнерлілік қасиетін бойына сіңіре білген адам шешендік өнердің өкілі деп санауға лайық. Таптаурын болған, баршаға талайдан таныс сөз оралымдарын орынсыз қайталап, мезі етпей, сөйлеуші немесе жазушы әр сөздің жаңа қырын, соны тіркесті таба білсе, мақсатына жетері анық. Классиктер мен көрнекті жазушылардың шығармаларын оқығанда, эстетикалық ләззәт алуымыздың бір себебі сөз мәнерлілілігін авторлардың қисынды пайдалануында жатыр.
Профессор Б.Головин сөздің мәнерлілілігінің бірнеше шартын сенімді дәлелдеп көрсетеді. Осы шарттар орындалғанда, ойды барынша – шешен жеткізудің мүмкіндігі туады. Ол шарттар мыналар:
ойлаудың, сөйлеушінің сана қызметінің дербестігі;
не туралы айтылып тұрғанына және ол сөздің кімге бағытталып, арналып тұрғанына назар аудару;
сөздің мәнерлілік құралдарын жақсы білу;
тілдегі дағдыларды қолдануда тәжірибе жасап отыру, жаттығу ісі;
мәнерлілікті сақтау үшін психологиялық қажетті жағдайларды жасау;
мұғалімнің не сөйлеушінің өзінің мәнерлілікті қамтамасыз ететін құралдарды игере білуі де, осы шарттардың барлығы бір жерден шығып, біріккенде ғана, сөздің мәнерлілігінің күш-қуаты, қолданылуының қолайлылығына көз жеткізуге болады.
Осы жайларды аз да болса талдай кетудің орайы келіп тұр.
Ойлаудың дербестігі дейтініміз әр адамның болмысты қабылдау қабілетіне байланысты ұғым екені белгілі. Ал, сөздің мәнерлі болуы көп жағдайда ойлауға және сол ойлаудың өзіндік ерекшелігіне байланысты. Айталық, кей реттерде қайсыбір студенттердің немесе мектеп оқушыларының сынақ кезінде жауаптары талап деңгейінен төмен болып жатады. Оның басты себебі - өтілген материалды толық игере алмайды да, емтихан алдында асығыс оқудың нәтижесінде сол теориялық материалды ой елегінен өткізіп, жан-жақты талдауына уақыттың тарлық ететіні бар. Соның салдарынан сол оқулықтағы тарау немесе параграфтың аумағында түсінгенін баяндаумен шектеледі, соның өзінде әр алуан мысалмен келтіруге де мүмкіндігі болмай жатады. Демек, студент не оқушы (біздің келтіріп отырған мысалымыз жағдайында) материалды толық және жан-жақты игерген болса, еркін, батыл сөйлей алар еді, ол ойлау өрісінің кеңдігінен туып жататыны да түсінікті.
Екінші шарт бойынша қандай мәтін болса да саналы түрде құрылғаны жөн. Былайша айтқанда, мұғалім не сөйлеуші алдын-ала не жайында сөйлемек екенін және кімдерге арнап сөйлейтінін мұқият ойластыруы керек және мәтін де соған лайық құрастырылады.
Мәселен, мектеп жасындағы оқушыларға арналған сабақ пен жоғары білімді ғалымдардың алдында оқылатын материал мен телеарна арқылы берілетін хабар бірдей болмауы керек. Әңгіме олардың мазмұнында ғана емес, сол мәтіндерді қандай тілдік құралдармен жеткізу керектігінде болып отыр.
Сол сияқты, әйтеуір, міндеттен құтылуды мақсат етіп, дайын мәтінді оқып шығу немесе алдын –ала жаттап алған мәтінді қайталап берумен тілдің мәнерлілілігіне қол жеткізу қиын. Ол үшін тіл мәдениетінің осы бір коммуникативтік сапасын танытатын тілдік құралдарды білу қажет. Атап айтқанда, оларға тілдегі сан алуан бейнелегіш сөздер, демек, лексикалық единицалар жатады. Сондай-ақ тілдің мәнерлілігін көрсететін тәсілдер лексикамен, фразеологиямен шектеліп қоймайды, қажетті жерінде сөз тіркесіндегі сөздердің алмасуы, жай, құрмалас сөйлемдердің құрамдас бөліктерін алмастыру, интонация, тіпті оқшау сөздер, сөйлемнің мүшелері де мәнерлілік жасауға қызмет етеді.
Тілдегі мәнерлілікті сақтау үшін функционалдық стильдердің ерекшеліктерін есте ұстау өте қажет, өйткені әр стильде мәнерлілікті тудырудың тәсілдері әр түрлі. Ондай аражікті айыра алмаған жағдайда бір стильдегі мәнерлілік тудыру тәсілдерін екінші стильдегі мұндай тәсілдермен шатастырып алу қаупі туады да, сөйлеушінің салқынқанды сөзі күлкіге айналып кетуі де мүмкін.
Сірә, еңбек етудің қажеттілігі адам өмірінің қай саласында да сезіліп отырады. Дәл осы сөз орайында да соны айтуға болар еді. Демек, сөздің мәнерлі болуын қадалаған адам, яғни мұғалім ерінбей еңбектеніп, ізденуі керек. Бұл және аз күндік емес, дағдыға айналған еңбек болуға тиіс. Дәлірек айтқанда, сөзінің мәнерлі болуын мақсат еткен әр адам көркем, саяси әдебиетті, баспасөз материалдарын үзбей оқып, радио және телехабарларды үздіксіз тыңдап отырғаны ләзім. Жай ғана қабылдап қоймай, риза болу, ескертпе жасау деген сияқты жағымды мағынадағы сыни көзбен бағалап отырудың мәні бар.
Мәнерлілікті сақтау үшін автордың психологиялық жай-күйі қалыпты, салмақты немесе біршама көтеріңкі болғаны жөн. Расында да, қабағы жабыңқы, әлденеге ренішті мұғалімнің сыныпқа не аудиторияға ойын ойдағыдай жеткізе білуі екіталай. Ал, жазба материалдың да нәтижелі болуы күмәнді, бірақ жазба жұмысты қайта-қайта қарап, алдын-ала түзеуге мүмкіндік бар ғой. Дегенмен де, сөздің тартымды шығу үшін психологиялық жай-күйдің атқарар қызметі аз емес.
Мәнерліліктің соңғы шарты бойынша сөйлеушінің немесе мұғалімнің өз мүмкіндігі ескерілуі керек, яғни көп алдында сөйлейтін немесе көпшілікке арнап еңбек жазатын адамның өзінің мәнерлілікті түсініп, бағалайтын қасиеті болуы қажет. Оның үстіне, оның өзінің мәнерлілікке қойылатын шарттардың орындалатындай мүмкіндігі бар болса, таланты керек деп есептеледі. Өзінің болмысында мәнерліліктің шарттарын орындайтын белгісі жоқ адамның мәнерлі сөйлеу немесе жазуы күдік тудырады. Ендеше, бұл қажетті шарттардың бірі болмақ.
Сөз зергерлерінің тәжірибесіне қарағанда, мәнерлі жазудың талай мысалдарын келтіруге болар еді.
Шынайы сөз шеберлері-мұғалімдер әлдебір оқиғаны тыңдаушысына немесе оқырманына жеткізуде ғана емес, табиғат көрінісі оқырманның көз алдына анық жайып салғандай, сурет салуға бейімдегендей етіп бейнелейді.
Көріністі әдеттегі ауызекі сөйлеу түріндегі сөз қолданыспен жеткізсек, бірер сөйлем ғана болар еді және оның тыңдарманды баурап аларлық қасиеті болмас та еді. Ондай қасиет болған күнде де ол көріністің суреті сөзге шешен мұғалімнің шеберлігі арқасында және эмоциональдық сөздердің араласуымен жүзеге асары анық. Табиғат көріністерін қаз-қалпында сөзбен сурет салу арқылы оқырмандарды тамсандыруға болады. Ол бастауыш мектеп мұғалімінің тіл байлығына, сөз мәнерлілігіне байланысты.
Бақылау сұрақтары:
Сөздің мәнерлілігі дегеніміз не?
Сөздің мәнерлілігінің шарттары қандай және оларға сипаттама беріңіз.
Мәнерліліктің мұғалім психологиялық көңіл-күйіне қатысы бар ма?
Мәнерлілікте мұғалімнің өз мүмкіндігі ескеріледі ме?
Студенттердің үй тапсырмасы:
Сурет салғандай етіп қалай сөйлеуге болады?
Сөз мәнерлілігіне қол жеткізу жолдары қандай?
Оқушыларды мәнерлі оқуға, сөйлеуге қалай жаттықтыруға болады?
Мұғалім сөзі мәнерлілігінің оқу-тәрбие үрдісіндегі алатын орны қандай?
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.
Топтастыру жасау.
Әртістікті талқылай келе қандай анықтама берер едіңіз.
Заманауи орыс әдеби тілінің сөздігінде “әртістікті” қалай анықтайды.
Әдебиетті және өзіндік бақылауларды талдау нәтижесінде педагогикаға сай әртістікке берілген анықтама.
К.Леонград әртістік натура үшін үш ынталандыратын кезді бөліп қарастырады, соны атаңыз.
П.М.Ершов сахналық педагогиканың арсеналына “күрес заты” ұғымын ендірді. Оны қалай түсіндіресіз.
Д.И.Узнадзенің әртістік туралы пікірін түсіндіріңіз.
Украин зерттеушісі В.Ф.Моргунның әртістік туралы пікірі.
Белгиялық психолог Ж.Нютеннің бақылауын келтіріңіз.
1. “Адамға қаншалықты көп талап қою мүмкін болса, соншалықты оған құрмет көрсетілуі тиіс”
А. Макаренко А.С.
В. Сухомлинский В.А.
С. Гончарова Т.И.
Д. Крупская Н.К.
Е. Ушинский К.Д.
2. Өзара әрекеттің негізгі формасы – бұйыру, үкім, нұсқау, сөгіс
А. авторитарлық стиль
В. демократиялық стиль
С. дистанциялық-қарым-қатынас стиль
Д. қорқыту стиль
Е. жалбақтау стиль
3. Мұғалім өзі топ әрекетінің бағытын анықтайды, кім-кіммен отыратынын, жұмыс істейтінін көрсетеді, оқушылар жұмбақ әлемде өмір сүреді
А. авторитарлық стиль
В. демократиялық стиль
С. дистанциялық-қарым-қатынас стиль
Д. қорқыту стиль
Е. жалбақтау стиль
4. Мұғалім әрбіреуінің әрекет мақсатына жетуіне көмектеседі, жұмыс барысын талдауда барлығының белсенді қатысуын қарастырады
А. авторитарлық стиль
В. демократиялық стиль
С. дистанциялық-қарым-қатынас стиль
Д. қорқыту стиль
Е. жалбақтау стиль
5. Әрбір оқушы марапатталады, онда өзіне деген сенімділік пайда болады, өзін-өзі басқаруы дамиды
А. авторитарлық стиль
В. демократиялық стиль
С. дистанциялық-қарым-қатынас стиль
Д. қорқыту стиль
Е. жалбақтау стиль
6. Мұндай мұғалімнің қарым-қатынасында негізгі тәсілдері-өтініш, кеңес, ақпарат
А. авторитарлық стиль
В. демократиялық стиль
С. дистанциялық-қарым-қатынас стиль
Д. қорқыту стиль
Е. жалбақтау стиль
7. Мұғалім ұжым өміріне араласпауға тырысады, белсенділік болмайды
А. либералдық стиль
В. демократиялық стиль
С. дистанциялық-қарым-қатынас стиль
Д. қорқыту стиль
Е. жалбақтау стиль
8. “Сіздер білмесеңіздер – мен білемін”, “Мені тыңдаңдар – мен үлкенмін, тәжірибем бар, біздің бағыт теңдесі жоқ”
А. дистанциялық-қарым-қатынас стиль
В. қорқыту-қарым-қатынас стиль
С. жалбақтау стиль
Д. қорқыту стиль
Е. диалогтық-қарым-қатынас стиль
9. Мұндай стиль сабақта ашушаңдық атмосферасын, жағымсыз эмоционалды, шығармашылық іс-әрекетке кедергі жасайды
А. дистанциялық-қарым-қатынас стиль
В. қорқыту-қарым-қатынас стиль
С. жалбақтау стиль
Д. қорқыту стиль
Е. диалогтық-қарым-қатынас стиль
10. Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта дистанциямен шектеледі
А. дистанциялық-қарым-қатынас стиль
В. қорқыту-қарым-қатынас стиль
С. жалбақтау стиль
Д. қорқыту стиль
Е. диалогтық-қарым-қатынас стиль
11. “Зейін қойып тыңдаңыздар немесе тақтаға шығарамын не екі қоямын” және т.б.
А. дистанциялық-қарым-қатынас стиль
В. қорқыту-қарым-қатынас стиль
С. жалбақтау стиль
Д. қорқыту стиль
Е. диалогтық-қарым-қатынас стиль
12. Бір жағынан сыныпқа ұнау ниетімен қарым-қатынас тез орнатуға тырысады, ал екінші жағынан кәсіби қызмет дағдылары жоқтығы
А. дистанциялық-қарым-қатынас стиль
В. қорқыту-қарым-қатынас стиль
С. жалбақтау стиль
Д. қорқыту стиль
Е. диалогтық-қарым-қатынас стиль
13. Өтірік, арзан абырой-атақ алуға ұмтылумен анықталады
А. дистанциялық-қарым-қатынас стиль
В. қорқыту-қарым-қатынас стиль
С. жалбақтау стиль
Д. қорқыту стиль
Е. диалогтық-қарым-қатынас стиль
14. В.А.Сухомлинскийдің “рухани қарым-қатынастық, өзара сенім, сыр бүкпеу, тілектестік” сөздерімен анықталады
А. дистанциялық-қарым-қатынас стиль
В. қорқыту-қарым-қатынас стиль
С. жалбақтау стиль
Д. қорқыту стиль
Е. диалогтық-қарым-қатынас стиль
15. Бұл адамдардың өзара әрекетін басқаруға көмектесетін, ұнамды категория
А. такт
В. педагогикалық такт
С. шектен шығу
Д. динамизм
Е. ұстамдылық
Сабақтың тақырыбы: Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті.
Сабақтың жоспары:
1. Лекторға қойылатын талаптар.
2. Сөйлеу шеберлігінің басты шарттары.
Теориялық мәліметтер:
Лекторлар халыққа қилы-қилы білім нұрын шашумен қатар, оқушыларды тіл мәдениетіне да баулиды. Сондықтан ол қарым-қатынас жасау құралы, жұршылыққа шындықты жеткізу құралы – тілдің ойды білдіру мүмкіншіліктеріне, тіл мәдениетіне қанық болу керек, ол тілді өткір де әсерлі, икемді де бай ету қамын жеу керек.
Жұрт алдында сөйлеу өте жауапты, әрі қиын жұмыс. “Сөйлей-сөйлей шешен болған ” кісілер де кейде үлкенді – кішілі аудиторияға келіп көпшілікке қарап ә деп тіл қатқанда, жүрегі алып-ұшып тұрады. Оның себебі, алдымен айтайын деген ойымды қатесіз, дұрыс айта аламын ба, тыңдаушыларды менің сөзім қанағаттандыра ма?..деген уайым қыстайды, оның үстіне, аузына қадала қарап жаудыраған көп көздердің, әр сөзіңді сынай қабылдайтыны белгілі. Ондай мәдениетті аудиторияның үнсіз сұсы сөйлеушіге әсер етпей қоймайды. Көп алдында сөйлеп ысылмаған кісілер ондайда асып-сасып, булығып, айтайын деген сөзінен жаңылысып та қалады.
Мұндай сәтсіздікке ұшырамау үшін жұрт алдында өзіңе-өзің берік бол, ұстамды бол, қандай да бір қиыншылыққа душар болсаң да, сасқалақтамауға тырыс. Тыңдаушылар алдында өзіңді-өзің дұрыс ұстай алмаған кісінің сөзі де өтімді болмайды. Сондықтан мінбеде ұстамды болу, қобалжымау, сасқалақтамау – сөйлеушілерге қойылатын басты талаптардың бірі.
Аудиторияда ұстамдылықтың қамы – ерте бастан жүргізілген даярлық. Даярлықсыз сөйлеген кісіде батылдық, өзіне сенім болмайды. Сөйлеуге алдын-ала ұқыпты түрде дайындалған кісі, не айтатынын, қалай айтатынын, тілдік амал тәсілдерді қалай пайдаланатынын әбден көңіліне тоқып алған кісі қысталаңның құлы болмайды, өзін-өзі жақсы ұстап, еркін сөйлейтін болады да, тыңдаушыларын бірден өзіне тарта, еліктіре алады.
Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған сөзіне аудара алу – баяндамышыға жүктелген міндеттің нәтижелі болуының басты шарты. Кейбіреулер алды-артына қарамай, төтеп сөйлей береді, ал алдындағы жұрт сөзін тыңдап отыр ма, жоқ па, онда жұмысы болмайды, тыңдамаса қайғырмайды. Тек айтйын дегенін айтып шықса болды. Оқытушының білімі көп, ойы анық болғанымен, сөзі ынжық болмауы керек. Оның үстіне бір сарындылық, өте көмескі, баяу дауыс, сөздері қанша мазмұнды болғанымен, соншалықты тартымсыз келеді. Ондай “жарымжан лекторлар” әр жерден-ақ кездеседі.
Ал, кейбір лектор сөздерін студенттер қит етпей отырып, сүйсіне тыңдайды. Олай, тыңдаушыларын жалықтырмай, қызықтыра, еліктіре сөйлеуге білім керек, шеберлік керек.
Елді аузына қарататын шешендердің толып жатқан басқа да қасиеттері болады. Солардан үйренем деушілер мына қағидаларды ескеру керек.
Дүниеде тыңдаушыларының өзі жақсы білетінін өздеріне тішпіштеп айтып жатудан жаман нәрсе жоқ. Сенің өзгеге айтқаның білім беретіндей, оның жүрегін қозғайтындай нәрі болу керек. Нәрсіз, дәмсіз сөзді сөйлемеген жақсы. Нәрсіз сөз көбінесе өзі жақсы білмеген жайды баяндаудан анық байқалады. Ондайда адам көп қателеседі. Дұрысында адам білмегендіктен қателеспейді, білгішсінгендіктен қателеседі. Сөзінде қате жібермеу үшін білгішсінбеу керек. Білмегенді біліп барып, жұрт алдында сөйлеу керек. “Айтылған сөз атылған оқпен тең”, оны қайтып ала алмайсың.
Өз сөзін қадірлейтін кісі тыңдаушысын да қадірлейді. Оның сөзі тартымды болмақ. Өзін өзгеден артық санап, дандайсып мақтана сөйлеген адамның айтқаны далаға кетеді, отырғандар оны жөнді тыңдамайды, сөзіне күле қарайды.
Сөйлеген сөзің анық, дәл, айқын естілетін болсын. Дауысың булығып шығып, бір сыдырғы әуенмен, жігерсіз, баяу сөйлейтін болсаң, айтқаның қаншама қызықты болғанымен, тыңдаушыларды тез жалықтырады, олардың көңілі басқаға ауып кетеді. Сөйлеушінің даусы құбылмалы, әрі жайдары болуға тиіс. Сенің әуеніңнен байсалдылық, сенім, табандылық, қайрат сезілетін болсын. Құр шіңкілдеп, айқайлап кетудің де, ынжық, күңкіл дауыспен ақырын сөйлеудің де керегі жоқ. Дауысыңның жоғары-төмендігі аудиторияның үлкенді-кішілігімен, тыңдаушылардың аз-көптігімен өлшенуге тиіс.
Сөзің тартымды болсын десең, оған аздап болса да бет-аузыңның, қолыңның қимылын қатыстыр. Сөзіңнің мағынасына, сөйлеміңнің мазмұнына үйлесімді ырғақ тауып, қол қимылдатудың, бас шұлғудың мәні зор. Олар тиісті жерде ойыңның жетегінде жұмсалса, сөзіңді жандандыра түседі. Бірақ, жөн-жосықсыз оңды-солды қолды сермеу беру де келіспейді. Кейбіреулер сөйлеп тұрып, әрлі-берлі жүреді, не аударылып-төнкеріліп, қолын қалтасына салады немесе желкесін қасып дамыл таппайды. Ондайлар тыңдаушыларын алаңдатып, көңілін басқа жаққа аударуға себепші болады. Ең керегі – байсалдылық және байсалдылық.
Тыңдаушыларға көз қырын да салмай, екі көзін қағаздан алмай сөйлетін адамды жұрт онша ұнатпайды, біреу жазып берген сөзді оқып, алдап тұрғандай болады. Көпшілік алдында сөйлеген кезде алдындағыларға да қарап қойып, сендер отырсыңдар дегендей көз тастаса, тыңдаушы да саған қарап, сөзіңе зейін қойып тыңдайды.
Айтайын деген ойыңды өз сөзіңмен әдеби тілге тән сөздермен, әсерлі, қызықты етіп жеткізуге тырыс. Сөз арасында мақал-мәтелді, кейбір өлең жолдарын, нақыл сөздер мен тұрақты тіркестерді келтіріп отырсаң, оларың нысанаға дәл тиіп жатса, мазмұнды сөзіңді өзгелер тамсана құптайды.
Ұзақ сөз дәмдә болғанымен, адамды жалықтырады, тыңдау, айтқанды қабылдау қабілеті нашарлайды. Сондайда, шамаң келсе, елеусіз юмор, аздап тақырыптан ауытқып, тыңдаушыларды күлдіріп алу керек-ақ. Солай еткенде, аудитория сергіп, жадырап, бір көтеріліп қалады, сөзіңді қайтадан ынта қойып, тыңдайтын болады. Бірақ тақырыптан ауытқу жөнімен әрі қысқа болуға тиіс.
“Жүйелі сөз жөнін табады”. Лектордың сөзінде жүйе болмаса, онда ешқандай береке болмайды. Жүйелі сөз белгілі мазмұнға, өзара тығыз байланысты желіге құрылады. Бір ойды айтып, екіншіге көшерде берік байланыс болмай, әрдеңенің басын бір шалып, айтқан сөзде табан тірердей тиянақ болмай, оны тыңдау да қиын болмақ.
Жұрт сөзіңді бағалап, өзіңді қадір тұтып тыңдау үшін ойыңды белгілі логикалық байланыста, сөйлемдердің бірін-бірі тудырып тұрғандай сөйле. Сөйлем мен сөйлем арасында, сөйлеу мен сөйлеу арасында табиғи байланыс болмаса, тыңдушы ондай сөзден баһар ала алмайды.
Бұлар көпшілік алдында сөйлеу шеберлігінің басты шарттары.
Бақылау сұрақтары:
1. Тыңдаушыларды өз сөзіңе қалай еліктіруге болады?
2. Қандай атақты шешендерді білесіз?
3. “Айтылған сөз атылған оқпен тең” дегенді қалай түсінесіз?
4. Көпшілік алдында сөйлеушілерге қойылатын басты талаптар қандай?
Студенттердің үй тапсырмасы:
“Сөзді сазына келтіріп сөйлеу” тақырыбына ЭССЕ жазып келу.
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.
- Топтастыру жасау.
Оқушыны тұлға деп қабылдап, оны сендіре білу, жағдайларға бейімделгіш, ұйымдастыра білуі, болжам жасай білуі, көрегендігі.
А. мұғалім этикасы
В. педагог такты
С. мұғалім тұлғалық сапалары
Д. педагог сезімталдығы
2. Оқушы жауабынан жақсы айрықша нәрсені іздеп, тауып отыруы
А. ұстаз борышы
В. педагог қабелеті
С. кәсіби білім
Д. педагог сезімталдығы
3. Қиын қалыптастырылатын немесе қалыптастыру мүмкін емес жеке бастың сапалары жатады
А. 2-тұлғалық сапалар
В. 1-топтағы тұлғалық сапалар
С. 3-топтық сапалар
Д. тактика
4. Оқушымен екі арадағы психологиялық механизмге негізделеді
А. 1-топтағы тұлғалық сапалар
В. 2-тұлғалық сапалар
С. 3-топтық сапалар
Д. пантомимика
5. Педагогикалық қабілеттің рефлексивтік деңгейіне негізделеді
А. 3-топтағы тұлғалық сапалар
В. 2-топ сапалары
С. 1-топтық сапалар
Д. эмпатия
6. Қайырымдылық, ізгілік, көңіл-күйін дөп басу, қабілетін тану, оқудағы қиындықтарды көру, дер кезінде көмек беру.
А. педагог шығармашылығы
В. педагог ұстамдылығы
С. шыншылдығы
Д. мұғалімнің жан дүниесінің қағілездігі
7. Оқушы тұлғасын өзін жетілдіруге рух, дем беруіне, оң көңіл күйін ұстап тұра білу қабілетіне негізделеді
А. педагогтың юморлық сезімі
В. педагог тактикасы
С. педагог этикасы
Д. педагог білімі
8. Белгілі жағдайларда ғана емес, тосын жағдайларда да педагогтың оқушыны басқара алуы
А. рефлексия
В. идентификация
С. интуиция сезімі
Д. эмпатия
9. Рефлексия, идентификация, эмпатия және децентрация
А. рефлексивтік деңгейге негізделген 3-топ тұлға сапалары
В. 1-топ тұлға сапалары
С. педагогикалық процесс
Д. психологиялық механизмге негізделген 2-топ тұлға сапалары
10. Оқушыларға, өзіне сырт көзбен қарау
А. децентрация
В. рефлексия
С. эмпатия
Д. эстетика
11. Оқушының мәселелерін, мінез-құлығын түсіну мақсатында өзін оқушының орнына қоя білу
А. идентификация
В. рефлексия
С. децентрация
Д. эмпатия
12. Әрбір оқушының эмоционалдық күйіне ене білу қабілеті
А. рефлексия
В. эмпатия
С. децентраия
Д. такт
13. Оқушыны бағалау кезінде, өзінің эгоцентрлік бағасынан бас тартып, оқушының көзімен бағалай білу қабілеті
А. эмпатия
В. рефлексия
С. децентрация
Д. идентификация
14. Нысанды сезіну, такт сезімі, әр нәрсенің шегін білу сезімі, өзінің қатысы барын сезіну, бағдарлай білу сезімі
А. нысанды сезіну
В. шегін білу
С. рефлексивтік деңгей
Д. мимика
15. Педагогтің оқушыларды ең күшті эмоционалды күй туғызатын қызықты мәліметтерді таңдай білуі
А. шегін білу
В. этика
С. такт
Д. нысанды сезіну
16. Педагогтің оқушы тұлғасының әр түрлі әсерлерден қандай өзгерістерге ұшырайтындығын алдын-ала білуге көмектеседі
А. дикция
В. шегін білу сезімі
С. юморлық сезім
Д. ұстаздық борыш
Педагогтің өзінің әрекетіне оқушының реакциясын алдын ала біліп отыруы
А. юморлық сезім
В. такт сезімі
С. өзінің қатысы барын сезінуі
Д. педагог этикасы
18. Педагогтің оқушының жақсы жақтарына сүйеніп және оны ескере отырып, оқушыларды жоғары деңгейге көтеру әдістерін меңгеруіне мүмкіндік береді
А. бағдарлау сезімі
В. такт сезімі
С. шегін білу сезімі
Д. тактика
19. Педагогтік әрекеттің мақсатына, оқу-тәрбие ақпараттарының мазмұны композициясына, беделге ие болу тәсілдерін меңгеруде, жақсы нәтижеге жеткізуге жұмылдыру, өз кемшілігін жоя білуі
А. 2-топ сапалары
В. 1-топ сапалары
С. проективтік деңгей
Д. рефлексивтік деңгей
20. Қатаң талап қоя білу, мадақтау, мейірімді болу, өзінің қатысы барын сезіну, оқушының эмоционалдық күйін алдын ала болжай білу, оқушыны назарда ұстау
А. юморлық сезім
В. такт сезімі
С. ұстаздық борыш
Д. педагог әдебі
Сабақтың тақырыбы: Мұғалім шеберлігінің мінездемесі.
Сабақтың жоспары:
Әр түрлі педагог-ғалымдардың ұстаз рөлін зерттеуі.
В.Симоновтың мамандық шеберлігінің мінездемесі.
Теориялық мәліметтер:
Я.А.Коменскийдің айтуынша, мектептегі оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары тікелей мұғалімге байланысты. Мұғалім қазіргі кезеңде мектептің негізгі басты тұлғасы болып есептеледі. Мектеп мұғалімі қандай болса, болашақта қоғам сондай болады.
Қоғамда ұстаз рөлінің төмендеуі оқу сапасына әсерін тигізгені анық. Р.Безделина зерттеуі бойынша 85 пайыз мұғалім өзінің функциясын білімді беруде, ал А.Орловтың пікірінше 10 пайызы мұғалім өздерінің оқушылары арқылы жеке тұлғаны бағалайды. С.Рескина 85 пайыз мұғалім өздерінің оқушыларын танып білмеу салдарынан оларға мамандық таңдауда ешқандай кеңес бере алмайды десе, И.Скрипюк 70 пайыз мұғалім оқушылармендұрыс қарым-қатынас орната алмайтынын, Е.Захарова 60 пайыз мұғалімнің авторитарлық бағытты таңдағанын айтады. Сабақтың 90 пайызы мұғалімнің монологы болып табылады. Осы факторлардың бәрі педагог кадрларының біліктілігін арттыруды қажет етеді.
Өзгермелі әлеуметтік-мәдени жағдайда адам өзінің рухани болмысын жаңа жағдаяттарға сай өзгертеді.
Қазіргі жастарды тәрбиелеуде үлкен орын алатын мәселе мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Осыған байланысты В.Симоновтың мамандық шеберлігінің мінездемесін қарастыруға болады. Ол мына төмендегідей:
№
|
Оңтайлы деңгейі
|
Қалыпты деңгейі
|
Сыни деңгейі
|
1. Жеке тұлға ретіндегі индивидуалдық мінез бітісі
|
1.1
|
Жоғарғы жүйке жүйесінің күшті, тепе-тең типі.
|
Жоғарғы жүйке жүйесінің күшті, тепе-теңдігі қозғалмалы.
|
Жоғары жүйке жүйесі инертті, әлсіз тип.
|
1.2.
|
Басшылыққа ұмтылу.
|
Қаталдық.
|
Шамадан тыс қаталдық.
|
1.3.
|
Өзіне сенімділік.
|
Өз-өзіне сенімділік.
|
Өзін-өзі жақсы көру.
|
1.4.
|
Қатаң талап қоюшылық.
|
Талапқа бағынбау.
|
Қаталдық.
|
1.5.
|
Тілектестілік, ықыластылық.
|
Дербестіліктің жеткіліксіздігі.
|
Шамадан тыс конформизм.
|
1.6
|
Гипертимдік.
|
Тақуалық.
|
Демонстративтілік, қызбалық.
|
1.7
|
Эмотивтілік.
|
Бөгелуші.
|
Дистимділік, қобалжушылық.
|
2. Қарым-қатынас құрылысындағы мінез бітістері.
|
2.1.
|
Демократиялық қарым-қатынас.
|
Авторитарлық қарым-қатынас.
|
Либералды қарым-қатынас.
|
2.2.
|
Ұстанымды сұрақтарға байланысты конструктивті дау-жанжал.
|
Оқушылармен, ұжым мүшелерімен дау-жанжалға түспеу.
|
Көптеген сұрақтарға байланысты деструктивті дау-жанжал.
|
2.3.
|
Ұжым мүшелерімен бірлесуге ұмтылу.
|
Ұжым мүшелерімен қарсылықта болу.
|
Компромисс, үнемі бейімделу.
|
2.4
|
Өзін-өзі бағалауы қалыпты.
|
Өзін-өзі бағалауы төмен.
|
Өзін-өзі бағалауы жоғары.
|
2.5
|
Ұжымда бөлектену деңгейі 0-ге тең.
|
Бөлектену деңгейі 10 пайыз.
|
Бөлектену деңгейі 10 пайыз жоғары.
|
3. Оқытушының мамандық шеберлігінің бітістері.
|
3.1
|
Материалды еркін жеткізе біледі.
|
Тек өз пәнін ғана біледі.
|
Тек қана конспект бойынша жұмыс жүргізеді.
|
3.2
|
Оқушының психологиялық, жас ерекшелігімен, іскерлігімен санасады.
|
Оқушының жас ерекшелігі, педагогикалық психологиясы туралы білімі бар.
|
Жас ерекшелік және педагогикалық білімі болмайды.
|
3.3
|
Сөйлеу қарқыны 1мин. 120-130 сөз.
|
Сөйлеу қарқыны 1 мин.120 сөзден төмен, дауысы ақырын, қыстырма сөздерді көп пайдаланады.
|
1мин. 150 сөзден жоғары, сөзі ұғынықсыз, сөздердің аяғын жұтады.
|
3.4
|
Қимыл-қозғалысы мәнерлі,сыртқы пішіні әдемі.
|
Қимыл-қозғалысы мәнерсіз, киім пішіні стандартты.
|
Қимыл-қозғалысы шамадан көп, киім пішіні қисынсыз, салақ.
|
3.5
|
Оқушылардың атын атайды.
|
Оқушылардың фамилиясын атайды.
|
Оқушыларға қарым-қатынасы төмен.
|
3.6
|
Жағдаятқа тез жауап қайтара алады, шешім таба біледі.
|
Жауапқа шешім табудағы реакциясы, абдырап қалады.
|
Реакциясы әлсіз, шешімділігі жоқтың қасы.
|
3.7
|
Нақты мақсатты анық бағдарлай алады.
|
Жалпы мақсатты ғана бағдарлай алады.
|
Мақсат тұтастығы болмайды.
|
3.8
|
Барлық оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыра алады.
|
Көптеген оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыра алады.
|
Көпшілікпен пассив, тек қана жеке оқушылармен ғана жұмыс жүргізе алады.
|
3.9
|
Оқу материалын түсінгенін үнемі тексеріп отырады.
|
Түсіну деңгейін үнемі тексермейді.
|
Түсіну деңгейін ешқашан тексермейді (түсіндірі барысында).
|
4. Мамандық іс-әрекетінің тиімділігі
|
4.1
|
Оқу әрекетінің нәтижелілігі 85 пайыз, одан жоғары.
|
Оқу әрекетінің нәтижелілігі 65-84 пайыз.
|
Оқу әрекетінің нәтижелілігі 45-64 пайыз.
|
4.2
|
Өзіне талапты жоғары деңгейге қояды.
|
Өзіне талапты орташа деңгейде қояды.
|
Өзіне талап қою деңгейі өте төмен.
|
4.3
|
Үйрену деңгейі 64-100пайыз.
|
Үйрену деңгейі 36-63пайыз.
|
Үйрену деңгейі 36пайыздан төмен.
|
4.4
|
Оқытушы рейтінгісінің ұпайы 4,4 одан жоғары.
|
Оқытушы рейтінгісінің ұпайы 3,8-4,3 ұпай.
|
Оқытушы рейтінгісінің ұпайы 3,8 төмен.
|
Ұпай саны
|
100
|
75
|
50
|
Осындай теориялық жіктемелер мен эмпирикалық әдістемелерді танып білу оқытушының біліктілігін арттырады.
Бақылау сұрақтары:
1. Мектептің оқу-тәрбие жұмысын неге мұғаліммен байланыстырамыз?
2. Қазіргі кезде мектепте басты тұлға кім деп ойлайсыз?
3. Қоғамда ұстаз рөлінің төмендеуі неліктен деп ойлайсыз?
4. Ұстаз рөлін анықтаудадағы педагог-ғалымдардың зерттеулерін келтіріңіз.
Студенттердің үй тапсырмасы:
В. Симоновтың мамандық шеберлігінің мінездемесін пайдаланып “Венн диаграммасын” жасау.
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.
- Топтастыру жасау.
№2. Педагог этикасы мен әдептілігі педагог қарым – қатынасының негізін салушы элемент ретінде
Мұғалімнің оқушылармен қарым – қатынасына қойылатын талаптардың межесін сақтау, оқу және оқудан тыс уақыттарды олармен дұрыс қатынастың бабын табу білігі
А. педагогтік тәуекелдік
В. педагогтік әдептілік
С. педагогтік шеберлік
Д. педагогтік мәдениет
Психология және педагогикадан, қоғамның адамға қоятын талаптарына байланысты терең білім
А. педагогтік техника
В. педагогтік әдептіліктің өзекті мәселесі
С. педагогтік әдептіліктің негізі
Д. педагогтік шеберлік
Адамға, оның ар-ожданына, құрмет, тұлғаның психикалық қасиеттерін, осы сәттегі психикалық күйін есепке алу
А. педагогтік әдептіліктің өзекті мәселесі
В. педагог этикасы
С. ұстаздық борыш
Д. шыншылдық
4. Бұл мұғалім мен оқушының рухани жақындығының пайда болуына және тереңдей түсуіне көмектеседі, тәрбиелік міндеттерді нәтижелі шешуге ықпал жасайды
А. педагог этикасының ерекшелігі
В. қарым-қатынас
С. педагогикалық такт
Д. педагогтік әдептіліктің өзекті мәселесі
Мұнда оның ішкі мәдениеті, жан-жақты теориялық дайындығы, кең саяси көзқарасы, терең сенімі, бай өмір тәжірибесі көрінеді
А. мұғалімнің тұлғалық сапалары
В. мұғалім беделі
С. ұстаздық борыш
Д. тактика
Оқытушы мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуы жүзеге асады
А. жеке әңгімелесуде
В. ата-анамен біргелікте
С. сабақ үрдісінде
Д. жиындарда
Жалпы моральдың принциптері мен нормаларының мұғалімнің жұмысының ерекшелігіне байланысты көрінісі
А. педагогикалық такт
В. педагогикалық этика
С. педагогикалық мәдениет
Д. педагогикалық ұстам
Педагогикалық такт, педагогикалық оптизм, мұғалімнің қылықтары, мұғалімнің қасиеттері, педагогтің сезімдері, оқытушының жұмысын бағалау т.т.
А. педагогикалық этиканың негізгі ұғымдары
В. педагогиканың негізгі ұғымдары
С. психологияның негізгі ұғымдары
Д. экономиканың негізгі ұғымдары
Педагогтың тәртібінің қандай болуы туралы ғылым
А. педагогикалық психология
В. педагогикалық деонтология
С. педагогика
Д. жас ерекшелік психологиясы
“Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймау керек, сонымен қатар тәрбиеші және адал, әділетті, шыншыл адам болуға тиісті”,-деген
А. Абай
В. Коменский Я.А.
С. Шоқан
Д. Ушинский К.Д.
Педагогикалық этиканың мазмұны, негізінен, мына екі фактор арқылы анықталады
А. оқу мен тәрбие
В. қоғам мен саясат
С. қоғамның белегілі бір жағдайдағы дамуы және мұғалім еңбегінің ерекшелігі
Д. білім мен білік
Мораль туралы ілім
Достарыңызбен бөлісу: |