Сабақтың тақырыбы: Мұғалімнің педагогикалық еңбегінің мәдениеті.
Сабақтың жоспары:
1. Сабақтың психологиялық аспектісін есепке алу.
2. Мұғалімнің оқушыларға қоятын талаптарының мінездемесі.
Теориялық мәліметтер:
Педагогикалық шеберлікті меңгеру үшін тек қана өз пәнін ғана жетік біліп қоймай, сонымен қатар барлық адамдарды толғандыратын саясат, ғылым, өнер, техника спорт және т.б. қызығушылығы болуы керек.
Сабақ та барлық уақытта оқу-тәрбие процесі сияқты саяси бағыттылық элементін ұстанады. Сабақ – бұл мұғалімнің өзінің және әлемге қарым-қатынасын анықтайтын, әрі кафедра, әрі трибуна, жалпы алғанда – бағыты. Кәсібилікті жүзеге асыратын, азаматтық жоғары дәрежедегі, педагогикалық шеберліктің кілті де осында.
Мұғалім барлық уақытта оқушысының дамыту деңгейіне сынақ жүргізіп отырады, оның есін, зейінін, еркін жинақылығын дамытуда. ОЛ ешқашан асығыс қорытынды жасамауы және өзінің оқушысы туралы, адам туралы жаман ойламауы керек. Оның басты міндеті – оқушыны барлық жағынан мүмкіндіктерін танып, түсінуге ұмтылуы тиіс. Мұғалімдік кәсіп баланың жан дүниесіне терең бойламайынша, ойламай тірлік етуге жол бермейді.
Сабақта психологиялық тәртіпті қалай сақтауға болады? Бірінші кезекте оқушының назарын басқа жаққа аударатын тітіркендіргіштерді жою, болдырмау, олардың зейінін керек нәрсеге аудара білу.
Әсіресе жас мұғалімдер зейінін бүкіл сыныпқа аударып отыруы керек, сабаққа қатыспай отырған оқушы бар ма, жоқ па? Кемшілік болады, себебі, мұғалімде әлі де болса педагогикалық шеберлік жетіспегендіктен, оқушыға ықпал ете алмағандықтан. Ал оқушыны көп нәрсе алаңдатады: математикадан дайындалмағаны, енді ғана оқылған кітаптағы қызықты оқиға, сүйікті футбол немесе хоккей командасының ойыны, жолдасымен ұрысып қалғаны және т.б. Сондықтан мұғалімге арнайы психологиялық білімдермен және практикалық дағдылармен қарулану маңызды, себебі оқушының бет әлпетінен барлығын байқай білуге және олардың зейінін басқара білуге, оятып әрі іске қоса білуге икемділігі болуы керек.
Қарапайым ғана есеп, 45 минуттық сабақта мұғалім оқушыларға 100 – ге жуық талаптар қояды екен. Бұл аз ба немесе көп па? Бұл сұраққа жауап табу үшін, А.С.Макаренко не дегенін еске алайық: “Егер кімде-кім менің педагогикалық тәжірибемнің қысқаша формуласын сұраса, мен былай жауап берген болар едім, адамға қаншалықты талап қойсаң, соншалықты құрмет ете біл”. Бірақ әңгіме сіздің қаншалықты талап қойғаныңызда емес, оны қалай жүзеге асырғаныңызда болып отыр.
Талап етуді қалай үйренуге болады? Мүмкін сыныпқа кіріп, мұғалімнің талапты қалай қойғаны мен оны оқушы қалай орындағанын бақылау керек шығар? Иә, бұл керек, мұнсыз ешқайда бара алмайсың. Бірақ істі осылай бастаудың да керегі жоқ шығар. Біз әртүрлі, күрделі әрі көп жоспарлы фактілерге тап боламыз. Талап қоя білудің табиғатын білу керек, олардың сипаттарын ажырата білуіміз керек.
Шебер мұғалімдер қай оқушыға қалай талап қоюды біледі. Оқушылар оны орындай отырып, белгілі бір мінез-құлық стиліне үйренеді.
Маңыздысы сонда, қойған талабың белгілі бір жағдайдағы педагогикалық ситуациядан шығуға көмектесетіндей болуы керек. Ең бастысы - педагогтың талабы позитивті, айқын, күшті және істі аяғына дейін жеткізетіндей болуы керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Сабақтың психологиялық аспектілерін есепке алу дегеніміз не?
2. Сабақты неге педагогикалық шеберліктің кілті дейміз?
3. Оқушыларға мұғалім тарапынан қандай талаптар қойылуы мүмкін?
4. Талап қойылатын тәртіп қандай болуы керек?
Студенттердің үй тапсырмасы:
“Мұғалім қызметіндегі талаптар” тақырыбына ЭССЕ жазып келу.
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.
-Топтастыру жасау.
Жоспары
1.“Рефлексия” ұғымының мәні.
Рефлексия педагогиканың өзекті мәселесі.
Рефлексиялық мәдениет-қазіргі білімнің басты идеясының бірі.
Рефлексияның түрлері және оларға сипаттама.
Рефлексиялық диагностика.
Өзіндік бағалау – мұғалімнің кәсіби шығармашылығының дамуы.
Қолданылатын әдебиеттер:
Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое творчество. М., 1990
Загвязинский В.И. Педагогическое творчество учителя. М., 1987
Вульфов Б.З., Харькин В.И. Педагогика рефлексии. М., 1997
Педагогикалық шеберлік негіздері / И.А.Зязюнаның түзетуінде – М., 1989
Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов на Дону, 2003.
Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.
Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.
Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е.В.Бондареваның түзетуімен – Ростов на дону, 1995.
Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990
1. Мұғалімдердің “қиын” оқушылармен тіл табыса алмауы, жеке педагогикалық ықпал жасай алмауы салдарынан ұрсу, баланы кемсіту
А. кемшілік
В. жазалау
С. мадақтау
Д. марапаттау
Е. артықшылық
2.”Сенім” әдісі
А. санаға ықпал ету
В. үлгі ету
С. түсіндіру
Д. әңгімелеу
Е. сұхбат құру
3. Кейбір педагогтардың кәсіптік деңгейлерінің төмен болуы және балалармен жұмыс жүргізуге дайындығының жеткіліксіздігі, білімдерінің таяздығы т.б.
А. кемшілік
В. жазалау
С. мадақтау
Д. марапаттау
Е. артықшылық
4. Сендіру мен иландыру
А. сөзбен әсер ету тәсілі
В. көрнекілікпен
С. кинофильмдермен
Д. кітаппен
Е. шығармамен
5. Білім, сезім, мінез-құлық
А. сенімнің үш компоненті
В. кемшіліктің үш тобы
С. жетістіктер
Д. артықшылықтар
Е. жарыс түрлері
6. Сендіру формалары
А. диспут, дискуссия, үлгі, сұхбат
В. әдіс, тәсіл, құрал
С. пікір, ұғым, ой қорытындылары
Д. білім, білік, дағды
Е. ес, қиял
7. Тезис дегеніміз
А. дәлелдеуді керек ететін ой
В. дәлел
С. аннотация
Д. пікір
Е. ұғым
8. Аргумент дегеніміз
А. дәлел
В. дәлелді керек ететін ой
С. аннотация
Д. пікір
Е. ұғым
9. Мұғалім мен қиын баллар қарым-қатынасындағы кемшіліктерді 3 топқа бөлген
а. Керімов Л.
в. Ушинский К.Д.
с. Абай
д. Ыбырай
е. Шоқан
10. Макаренко А.С. кімді өзіне ұстаз тұтқан
А. Горький М.
В. Абай
С. Шоқан
Д. Ыбырай
Е. Ушинский К.Д.
11. Макаренко А.С. қандай кәсіппен шұғылданған
А. заң бұзушы жеткіншектерді қайта тәрбиелеген
В. өлең жазған
С. ақын болған
Д. жай мұғалім
Е. мұғалім
12. Макаренко А.С. нешінші жылдары заң бұзушы жас балалар колониясын басқарды
А. 1920-1939ж.ж.
В.1941-1945ж.ж.
С. 1960-1965ж.ж.
Д. 1999-2006ж.ж.
Е. 1970-1924ж.ж.
13. Қазақстандық ғалым Керімов Л.зерттеді
А. қиын оқушыларды қайта тәрбиелеуді
В. оқыту әдістерін
С. оқыту формаларын
Д. оқыту тәсілдерін
Е. білім беруді
14. Жалбақтау қарым-қатынас стилі
А. арзан абырой-атақ алуға ұмтылу
В. сенім, сыр бүкпеу, тілектестік
С. ұрсу, сөгу, жекіру
Д. мадақтау, жазалау, жарыс
Е. әдіс, тәсіл, құрал
15. Қорқыту –қарым-қатынас стилі
А. “тыңдар мені немесе екі қоямын”
В. “сен білмесең, мен білемін”
С. өтініш, кеңес беру
Д. жарамсақтану
Е. мадақтау
Достарыңызбен бөлісу: |