Үлестімелі материал



Дата30.05.2020
өлшемі327,25 Kb.
#71665

Үлестімелі материал




Хирургиялық ауруларда қолданылатын ЕДШ. Емдік дене тәрбиесінің жас ерекшеліктері

3 курс, күндізгі бөлім

ОСФ


ЕДШ және массаж мамандандыруы

Дәріс13

2019 -2020 ж.

Семестр: 6


Тақырып: “Балалардың жүйке жүйесі ауруларында қолданылатын ЕДШ ”

М.ғ.к., профессор

Улукбекова А. О.,

оқытушы Ерданова Г.С.






Дәріс мақсаты: балалардың жүйке жүйесі ауруларында қолданылатын ЕДШ әдістерінің ерекшеліктерін таныстыру
Дәріс мақсаты:

1. Балалар жұлын ауруларының жіктелуі

2. Паралич және парез туралы түсінік. Ішкі мүшелердің сегментарлық иннервациясы.

3. Балалар церебралды сал аурулары. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көріністері

4. Жүйке жүйесі ауруларында қолданылатын физикалық реабилитация.

Балалардың церебралдық сал ауруы – бұл әртүрлі қимыл-қозғалыстардың дұрыс орындалмауымен сол арқылы қимылдар тепе-теңдігі бұзылып, епсіз қозағалыстар пайда болатын ауру. Балалар емдік дене тәрбиесінің мақсаты БЦС-мен ауыратындарға жалпы дамытушы, түзету, тәрбие жұмыстарын жүргізу.



Бейімделу дене тәрбиесі – бұл дене тәрбиесінің денсаулықтарында ауытқулары, кемістіктері бар адамдарға, мүгедектерге бағытталған түрі. Бұл тәрбиелеу түрі денсаулықтарында кемістіктері бар адамдарды жан – жақты дайындауды; жағдайын оңтайландырып, кешенді реабилитациялау процесінде дамытуды; денсаулықтарында кемістіктері бар мүгедектерді жан– жақты жетілдіріп, үйлесімді етуде (физикалық, интеллектуалдық, эмоционалық, эстетикалық, этикалық) дене жаттығуларын, табиғи және гигиеналық факторларды қолданады.

Жүйке жүйесінің аурулары ми құрылысында органикалық өзгерістер бар деп және ми қызметінде өзгерістер жоқ деп бөледі. Олардың себептері: жарақаттар, инфекциялар, зат алмасуының бұзылуы, асыра шаршау, эмоционалдық зорығулар. Жүйке жүйесінің аурулары: қимылдың, сезімталдықтың, қоректену қызметінің бұзылуынан басталады. ЕДШ жүйке жүйесінің көптеген ауруларында қолданылады. Жаттығулар әсерінен жүйке өткізгіштігі артады, қимыл белсенділігі дамиды, жаңа шартты рефлекстер қалыптасады.

Бейімделу дене тәрбиесінің тәсілдеріне: қимыл режимдері, физикалық жаттығулар, спорттық ойындар, шынығу жатады. Қимыл белсенділігі жалпы дене тәрбиелеу барысында дамиды.

БДТ тәсілдері әдістері және формалары төмендегідей жағдайларда, ауруларда қолданылады: ақыл ес кемістігінде, балалар церебральді сал ауруында, ампутациядан кейін, аяқ-қол ампутациясынан кейін және ақыл-есі шала жетілгендерге, жұлыны зақымданған адамдарға, нашар көретін адамдарға, суқараңғылық та, есту қызметінде ақаулары бар адамдарға, жұлындары зақымдан ған және құлақтары нашар еститіндермен, көру қабілеті нашарларға.

Бейімделу дене тәрбиесі төмендегі айтылған қасиеттерді қалыптастыруы керек:

- физикалық және интеллектуалдық қабілеттерін жоғарылату;

- жеке тұлғалық қасиеттерін жақсарту;

- қоғам өміріне өзінің жеке тұлғалық көмегі, пайдасы бар деген қажеттілікті сезіну;

- мүмкіндігінше сау болуға деген ұмтылыс, салауатты өмір салтын сүру;

- қоғамда толыққанды өмір сүру үшін қажетті дене жүктемелерін орындай алу, жеңе алу қабілеті;



БДТ-де спорт түрлері де емдік тәсіл ретінде жиі қолданылады, мысалы: иппотерапия. Иппотерапия – атқа міну, серуендеу. Иппотерапияның реабилитациялық бағыты оның әрбір техникасынан көрінеді. Иппотерапиялық бағдарлама – адамды табиғи ортаға әкелгендей болады, таза ауа, табиғат сұлулығы, қимыл-қозғалыс, іс-әрекет оның барлығы адамға қуаныш сыйлайды. Бұл мүгедекке физикалық реабилитациядан баска өзін жаңа жағдайда көруге, сынауға мүмкіндік береді.

БЦС сал ауруларында жақсы әсерлерге қол жеткізу үшін балалармен бар күшін салу жұмыс істеу керек.

ЕДШ негізгі міндеттері:

- әлсіреген бұлшық еттерге күш беру, бұлшық еттердің гипертонусын бәсеңдету;

- буындардың қозғалғыштығын арттыру;

- қимыл тепе-теңдігі мен координациясын жақсарту;

- жамбас буынын қалыптасыру, өз бетінше тұруға уйрету;

- баланың жалпы қимыл белсенділігін кеңейту, қимыл дағдыларын қалыптастыру;

- өзінің тұрмыстық қажеттіліктерін орындап үйрену;

Осы айтылған міндеттерді шешу үшін төмендегі жаттығулар қолданылады:

1) босаңсытуға арналған жаттығулар, ырғақты қимылдар, сермеу жаттығулары, динамикалық жаттығулар;

2) енжар-белсенді, белсенді-енжар жаттығулар, отырып – жатып жасалады, үлкен допқа отырып жаттығулар орындауға болады;

3) құрал-жабдықтармен жаттығулар, музыканың сүймелдеуімен жаттығулар, әртүрлі жүру жаттығулары жасалады;

4) айнаға қарап тұрып, дұрыс дене мүсінін бақылау және арнайы жаттығулар жасау;

5) әртүрлі жас кезеңдеріне сәйкес қимыл дағдыларын дамыту: еңбектеу, өрмелеу, жүру, жүгіру, секіру, лақтыру т.б.

6) ойын жаттығулары: «мен әдемі киінемін», «мен шашымды тараймын» және т.б.

Жаттығулар бір ретпен, жүйелікпен орындалуы керек: алдымен бас, мойын-иық бөлігі, дене, аяқ-қолдарға жасалады. Қолға орындалатын жаттығулар алдымен үлкен буындарға (жамбас, иық буындары) кейін орта буындар (шынтақ, тізе) кейінірек тобық және білезік буындары қосылады.

Қайта қалпына келтірудің келесі кезеңдерінде емдік дене тәрбиесінің тәсілдері кеңейтіледі. Физикалық реабилитация кезеңдеріне спорттық-қоданбалы жаттығулармен қатар, еңбек терапиясы, гидрокинезотерапия, физиотерапия қосылады. Физиотерапия тәсілдерінің ішінде: жылумен емдеу, электрофорез, УВЧ және иппотерапия, ортопедия (лонгета таңғыштар, ортопедиялық ботинкалар ұсынылады).

Баланың дамуы мен өсу деңгейіне орай, қимыл белсенділігі біртіндеп артады. 2 жастағы бала қимыл белсенділігін 2 сағат 30 минут орындауы керек, ал 3-7 жаста алты сағат көлемінде. Дене жүктемесінің апталық көлемі 19 және 43 сағат көлемінде.

Интеллектуалдық қабілеті сақталған 4-7 жастағы балдар мектепке дейінгі арнайы оқытатын бөлімдерде, логопЕДШік курстарға қатыстырылады.

Баланың дамуы мен өсу деңгейіне орай, қимыл белсенділігі біртіндеп артады. 2 жастағы бала қимыл белсенділігін 2 сағат 30 минут орындауы керек, ал 3-7 жаста алты сағат көлемінде. Дене жүктемесінің апталық көлемі 19 және 43 сағат көлемінде.

Интеллектуалдық қабілеті сақталған 4-7 жастағы балдар мектепке дейінгі арнайы оқытатын бөлімдерде, логопЕДШік курстарға қатыстырылады.

Сабақта әртүрлі құралдар қолданылады: доптар, физиорлар (үлкен үрленген гантельдер), іздер (табанның ізі салынған суреттер), әртүрлі дәрежедегі қаттылығымен кілемшелер.

Жүзуді жыл бойына қолданады, аптасына 2 рет. Суда бала арнайы жаттығуларды орындап үйренеді: табанды дұрыс қойып жүру, сермеу қимылдары.


Глоссарий

На русском языке

На казахском языке

На английском языке

Повреждение, травма

Зақым жарақат

Damage trauma

Спинной мозг

Жұлын

Spinal cord

Паралич

Сал ауруы

Paralysis

Церебральный

Церебралді

Cerebral

Невроз

Жүйкесі тозу

Neurosis

Тяжелая форма

Ауыр пішінді

High-gravity form

Адаптивная физическая культура

Бейімделу дене шынықтыру

Physical adapted exercise

Лечебная физическая культура




Physiotherapy exercise

Лечебная гимнастика

Емдік гимнастика

Therapy qymnastics


Үй тапсырмасы

Өз бетінше сұрақтарға дайындық:

1.Неврологиялық патологиясы бар науқастарға жүргізілетін емдік гимнастика әдістерінің ерекшеліктері

2. Жүйке жүйесі ауруларында кешенді реабилитацияның құрамына енетін ЕДШ

3. Арнайы координациялық қабілетерді, икемділікті, қолдардың ұсақ моторикасын жетілдіруге арналған жаттығулар.


Дәріс материалдарына дайындалып, төмендегі сұрақтарға жауап беру:

1. Паралич және парез дегеніміз не?

2. Балалардың церебралді сал ауруы пайда болу себептері қандай?

3. Балалардың церебралді сал ауруында пайдаланылатын ЕДШ әдістері

4. Балабақшада қолданылатын физикалық реабилитация ерекшеліктері
Әдебиеттер:

1. Дубровский В.И. Лечебная физическая культура. Учебник для вузов – М., 2001, с. 561-580



2. Физическая реабилитация. Учебник для вузов под ред. проф. С.Н. Попов – Ростов н/Дону, 2005, с.472-484

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет