8. Оқушыларды үйірме және факультативтерге тарту
Оқушының танымдық әрекеті, оқуға ынтасы жоғарылайды
|
Мектептің қаржылық базасының шектеулі болуы үлгерімі төмен оқушыларды тартуға қиындық туғызады
|
9. Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту
|
Кедергілерді жеңе білу
|
Қоғамдық жұмыспен және оқушы арасындағы тікелей байланыстың болмауы оқушыны танымдық және қоғамдық жұмыстарға тартуға қиындық туғызады
|
10. Ата – аналардың педагогикалық деңгейін көтеру жұмыстары
|
Мектеппен ата – аналар арасындағы байланысты нығайту, балаларды тәрбиелеу ісінде бірігіп жұмыс істеу
|
Ата – аналар балаларды тәрбиелеуде өздерін алшақ ұстауы және мектептің ата –
аналардың мінез – құлқын жөндеу мүмкіншілігінің болмауы
|
«Үлгермейтіндерге арналған ереже»:
1. Үлгермейтінге бірден жағдаятты сұрақ қойып, тез жауабын талап етуге болмайды.
2. Оқушының ойлану мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру
3. Міндетті түрде жауап жазбаша болғаны жақсы
4. Аз уақыт ішінде үлкен материалды меңгеріп алулары мүмкін емес, сондықтан қиын материалды шама шарқынша бөлімдерге бөліп беру керек.
5. Жаңа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берулерін талап етпеу керек, одан да келесі сабаққа қалдыру керек
6. Оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін мұғалім жұмыс жүйесін ойластыру керек
7. Мұндай оқушылардың өзіне деген, біліміне, күшіне деген сенімділігін қалыптастыру
Оқыту тиімділігін арттыру үшін берілген психологтың нұсқаулары
1. Әр түрлі жағдайларға сәйкес мұғалім өз жеке ережесін қолдануы керек
2.Мұғалім сынып тазалығын бақылауы керек
3.Мұғалім тәртіпті қадағалауы керек
4.Сыныпта мұғалім үнемі қозғалыста болуы керек
5. Мұғалім ашық және эмоционалды түрде жанжал жағдаяттарын сабақта шешпеуі керек (нұсқау: Көзбе-көз сөйлесу).
6. Мұғалім оқушымен жеке жұмыс жүргізген кезде, берген тапсырмасы оқушыны қызықтырды ма , соған көңіл бөлу керек
7. Мұғалім көбіне оқушыларға тапсырма берген кезде, белгілі бір ережелерге сәйкес , оқушыларға үнемі көмек бермеуі керек
8. Оқушының жіберген қателігі үшін қатты сөкпеуі керек
9. Сұраққа жауап беру кезінде оқушыға қателігін өзі дұрыстауы үшін уақыт беруі керек
Достарыңызбен бөлісу: |