Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ТІКЕЛЕЙ



бет123/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ТІКЕЛЕЙ
ТІК ІШЕКТЕН НӘЖІСТІ АЛУ


Мақсаты: диагностикалық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын анықтау, жедел ішек инфекциялары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған пробирканы, материалды алуға арналған өзекке бұрап оралған құрғақ мақта тампонын, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдаманы, клеенканы, стеклографты, штативті, тасымалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Халатты, масканы және қолғапты киіңіз.
3. Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.
4. Жолдама нөмеріне сәйкес нөмерді пробиркаға стеклографпен белгілеңіз.
5. Пробирканы штативке орнатыңыз.
6. Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз.
7. Оң қолымен тік ішектік ілгекті пробиркадан шығарып алыңыз.
8. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілгекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқаға қатарластыра ілгекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз.
9. Тік ішектің қабырғасынан (өзегінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.
10. Пробирканың шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.
11. Пробирканы штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз.
12. Биксті «кілтке» жабыңыз.
13. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
14. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияларға жеткізіңіз.
Ескерту:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет