Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


СУППОЗИТОРИЙДІ (БАЛАУЫЗДЫ) ТІК ІШЕК АРҚЫЛЫ ЕНГІЗУ



бет72/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

СУППОЗИТОРИЙДІ (БАЛАУЫЗДЫ) ТІК ІШЕК АРҚЫЛЫ ЕНГІЗУ
Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: анус сызаты, тік ішек айналуы (геморрой).
Дайындаңыз: тік ішектік суппозиторийді, қайшыны, мақта шариктерін, залалсыздандырылған қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ)


Іс – әрекет алгоритмі:
1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
2. Дәрігердің ем тағайындайтын прағына сәйкес, суппозиторийдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).
3. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік перпарат туралы мәліметті беріңіз.
4. Науқасты сол жақ қырына қаратып жатқызып, тізе буыннан аяғын бүгіп ішіне келтіріңіз.
5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
6. Суппозиторийді енгізер алдында, оның орауының жіңішке шеті жағын қайшымен киіңіз.
7. Сол қолмен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен
суппозиторийдің жіңішке шетін анал тесігіне енгізіп, оны ораудан сығызыңыз, ол толық тік ішектің сыртқы қысқышына (сфинктеріне) 2-3 см тереңдікке енуі керек (балауыздың қабығы қолда қалады).
8. Мақта шаригін бөксе арасына қаттастырып салыңыз.
9. Бірнеше минуттай науқастың төсектен тұрмауын сұраңыз.
10. Қолғапты шешіп, Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту:



ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ ТЕРІГЕ ЖАҒУ
Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Дайындығы: дәрілік ерітінідіні, залалсыздандырылған дәке тампондары, пинцетті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ)
Іс – әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрілік ерітіндіні

науқасқа таңдаңыз.

  1. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын,

сақталу мерзімін оқыңыз).

  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік

ерітінді туралы қажетті мәліметті науқасқа түсіндіріңіз.

  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  2. Дәке тампонын қажетті ерітіндіге сулаңыз.

  3. Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні ұзына бойы жеңіл

қозғалыспен (шаштың өсу бағыты бойынша) жағыңыз.

  1. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  2. Пайдаланған тампондарды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған

контейнерге салыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет