Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


ЗӘРДІ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ АЛУ



бет118/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

ЗӘРДІ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ АЛУ
(еркектер үшін)
Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетінше зәрді жинауға үйрету.
Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.
Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған бір рет қолданылатын контейнерді, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы мәліметті беріңіз.
2. Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салыңыз, зәрді жинауға арналған қақпағы бар контейнерді қойыңыз.
3. Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.
Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
4. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
5. Жыныс мүшесінің басын артық теріден босатып, сабындап сумен жуыңыз.
6. салфетканы қолдана отырып, жыныс мүшесінің басын құрғатыңыз.
7. Салфеткаларды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
8. Зәрді жинауға арналған контейнерді алыңыз, оның ішкі бетіне және қалпағына тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақты қағаз сүлгіге ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.
9. Зәрді жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын каналдың тесігіне жақын ұстаңыз.
10. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, сонан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.
11. Контейнерді қойып зәр ағымының «ортаңғы бөлігінен» 10-15 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.
12. Контейнерді қақпақпен жабыңыз және қағаз сүлгінің үстіне қойыңыз.
13. Қолыңызды сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
14. Киініңіз.
15. Зәрі бар контейнерді мейірбикеге беріңіз.
Ескерту:

  • зәрді биксте жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткізіңіз;

  • материалдылабораторияға жібергенге дейін тоңазытқышта t 4-60C температурады сақтайды;

  • микрофлораға зәрді зерттеу антибиотиктерді, урасептиктерді қабылдамас бұрын және қарқынды несеп бөліп шығаруға «диурез» дейін қалыпты су ішу тәртібінде тағайындайды;

  • егер де зәрді табиғи жолмен жинауға мүмкіндік болмаса, дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет