Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні



бет7/17
Дата06.07.2018
өлшемі1,88 Mb.
#47484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17


Ескерту: ЖБП – жалпы білім беретін пәндер; ЖГП – жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП – әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП – білім беру ұйымы анықтайтын пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ - кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К – консультациялар; Ф – факультативтік сабақтар.

*Семестр бойынша бөлу мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқа байланысты өзгертіледі


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы «____»___________

№_____ бұйрығына

қосымша 307


1504000 – Фермер шаруашылығы (бейіндері бойынша) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары
Пәндер циклі және кәсіптік практика бойынша білім бағдарламасының мазмұны (белгіленген деңгей)

Біліктілігі: 150403 2 – Жеміс-көкөніс өсіруші

150404 2 – Аспазшы

150405 2 – Сатушы

150408 2 – Автомобиль жүргізуші

150410 2 – Жөндеуші-дәнекерлеуші


Циклдің индексі

Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, Біліктіліктер мен дағдылар

Қалыптасатын құзыреттер коды

ЖБП.00

Жалпы білім беру пәндері




Біліктілігі: 150403 2 – Жеміс-көкөніс өсіруші

ЖКП.00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП. 01

Ауыл шаруашылық мелиорациясы

Геодезия туралы негізгі мәліметтер. Топырақтың белсенді қабатының су режимі. Суғару мелиорациясы. Ылғалды және батпақты жерлерді құрғату шаралары. Топырақты қопсыту және оның құнарлығын арттыру, сақтау.



Білімі:

Геодезия жұмыстары. Масштаб, жоспар, карта, профиль, жергілікті геодезиялық белгілер, азимут, румб, дирекциялы бұрыш түсініктерін және олардың байланысын. Геодезиялық құралдары. Топырақтың белсенді қабатының су балансын және оның құрамын анықтауды.топырақтағы тұз бен судың механизмі туралы түсінігі. Суару жүйесі, оның элементтері мен қойылатын талаптары. Суару үшін арналған су көздерін. Жер асты суларының жіктелуін. өзендер режимі туралы түсінік. Ағындар және олардың жіктелуін. Гидротехникалық ғимараттар мен суару желілерінің конструкциясын. Сумұнаралары, олардың типтері мен насосты станциялар түрлері. Ауылшаруашылық дақылдарын суару тәсілдері. Үстімен суару әдісін. Жаңбырлатып суаруды. Өнімді бағдарламалау кезінде суды жоспарлап пайдалану. Ағынды сумен суару. Ылғалды және батпақты жерлердің мелиорациясы бойынша жалпы мәліметтер. Құрақтау жүйесі мен элементтері. Құрғақтату жүйесінің түрлері мен типтері. Құрғақ жерлерде су режимін реттеу тәсілдерін. өнімді бағдарламалау кезде су режимін реттеу жоспарын. Топырақ эрозиясы мен онымен күресу шараларын.



Іскерлігі:

Жоспарлар мен карталарды оқи білу керек. Мелиорацияда қолданатын топырақтардың физикалық су көрсеткіштері. Гидромелиораторларлық жүйені жөндеу және құрылысында геодезиялық құралдарды пайдалануды. Жергілікті ағынды суды қолдануды. Жергілікті су ағынында суқоймаларын жобалау кезінде сушаруашылығы мен гидрологиялық есептеулерді жүргізуді, суармалы топырақтарда топырақтың құнарлығын жоғарлату және сақтау бойынша шараларды. Насосты құралдарды таңдай білу. Өнімді бағдарламалау кезінде су режимін реттеуді. Гидромелиораторлы жүйені пайдалануды. Құрғақ және ылғалды жерлерді игеру бойынша мәдени және техникалық шараларды жүргізуді. Орман өсіру жолымен топырақ эрозиясына және алқапты қорғау шараларын жүргізуін.



БҚ 1, БҚ 3, БҚ 6, КҚ 1.1.1;

КҚ 1.1.2;

КҚ 1.1.5;


ЖКП.02

Ботаника және физиология Цитология. Протопласт. Клетка мен ядроның бөлінуі. Өндірісті протопласт. Гистология. Түзілу және бүркемелі ұлпалар. Органография және өсімдіктің көбеюі. Вегативті мүшелер. Тамыр, сабақ, өркен, жапырақ. Репродуктивті мүшелер. Гүл, тозаңдану. Жеміс беру. Тұқым морфологиясы. Құрғақ және шырынды жемістер. өсімдіктің көбеюі. өсімдіктің жүйелігі, төмен өсімдіктер. Жүйелікке ену. Бактериялар, вирустар, фаги. Саңырауқұлақтар, балдырлар, шараналы саңырауқұлақтар. Жоғары өсімдіктер. Бөлімдер. Өсімдік географиясының элементтері. Флоралы география, экономикалық география. Өсімдік физиологиясы, өсімдік клеткасы. Фотосинтез. Өсімдіктің тыныс алуы, су режимі.

Өсімдіктің тамырлы қоректенуінің физиологиялық ерекшеліктері. Өсу және даму. Өсімдік отогенезі. Жағымсыз ортаға өсімдіктің төзімділігі. Өсімдік физиологиясы.




Білімі:

Өсімдік клеткасының құлысын, ядро мен клетканың бөлінуін, түсті микроскоптың құлрылымын және онымен жұмыс істеу тәртібін, түзілу протопластына жататын клетканың негізгі компоненттерін, (қор өнімдері, вакуоль, клеткалы қабырға). Ұлпа туралы түсігінік, өсімдіктің вегативтік (тамыр, сабақ, жапырақ, өркен), репродуктивті (гүл, жемісі, тұқымы) мүшелерін, олардың макро және микроскопиялық құрылымы мен фунцияларын, дамуы мен морфологиялық сипаты, фотосинтезбен байланысын. Микро және мегаспорогенездің мәні, тозаңдануды, өсімдік түрлерін; көбею мен өркендеуі, адамның шаруашылық қызметіндегі маңызы, отнтогенез және филогенез түсінігі, олардың байланысын, бактериялар, вирустар, балдырлар, саңыорауқұлақтар және шаранлы саңырауқұлақтар сипатын және олардың құрылымын, қоректену мен көбеюін, шаруашылық қызметтегі және табиғаттағы маңызын. өсімдіктің әр түлісінің айрықша ерекшеліктерін, мәдени, жабайы және арам өсімдіктерді. Флора, өсімділіктің, фитоценоз, агрофитоценоз, флора патшалығы, көлденең және к ең аймақтылық, экологиялық фактор түсініктерін және олардың өсімдік өміріне тигізетін әсерін. Өсімдіктің физиологиясы, фотосинтез, өсімдіктің тыныс алуы, су режимі, өсімдік қоректенуінің физиологиялық негіздері. Өсімдік тұрақтылығын.



Іскерлігі: өсімдіктің морфологиялық сипатын және жүйелігін анықтайтын құралмен жұмыс істеуді, уақытша микроқұралдарды дайындауды, микроскоппен жұмыс істеуді, микропрепараттарда клетканың қор өнімін ажыратуды, өсімдік ұлпаларының байланысын мысал ретінде көрсетуді, микропрепараттарда ұлпаларды ажыратуды. Тамыр жүйесіне, өсімдіктің әр түлісініе морфологиялық сипаттама беруді, тамырды өзгеруін ажыратуды және гүлдің формуласын оқуды.

БҚ 1, БҚ 3, БҚ 5,

КҚ 1.1.1;

КҚ 1.1.3;

КҚ 1.1.4;



ЖКП. 03

Егіншілік топырақтану негіздерімен

Жердің шығу тегі мен құрылысы. Жер қабатының құрамы мен пайда болуы. Топырақ және оның құнарлығы туралы түсінік. Топырақтың пайда болу процесі және оның факторлары. Топырақ профилі және морфологилық нышандары. Топырақтың шығу тегі мен минералды бөлігінің құрамы. Топырақтың классикалық құрамы. Топырақ коллоиды. Топырақтың сіңіргіш қасиеті мен әсері. Топырақтың сулы қасиеті мен су режимі. Топырақ ауа және жылу режимі. Қазақстандағы топырақтың аймақтық сипаты мен диагностикасы. Қаратопырақты аймақ. Қызғылт топырақты аймақ. Сұр топырақты аймақ. Интроаймақтық топырақ. Сор тапырақты жерлер. Сортаң жерлер. Кермекті сұр топырақтар. Өзен жағалауы мен таулы аймақтағы топырақ. Құм. Топырақ картасы мен картограмма. Жер шаруашылығы аймақтары мен өсімдік өмірінің факторлары. Қарқынды жер шаруашылығындағы топырақ құнарлығын өндіру. Арам шөптердің биологиялық ерекшеліктері мен жіктелуі және олармен күресу шаралары. Ауыспалы егіс және оның агрономиялық маңызы. Ауыспалы егістің жіктелуі мен сызбасы. Топырақты өңдеудің ғылыми негіздері. Ауылшаруашылық дақылдарына топырақты өңдеу схемасы. Егіс жұмыстарының негізгі түрлеріне сапасын бақылау.



Білімі: Минерология, геология және топырақтанудың бір бірімен байланысын. Қазақстан территориясында топырақ құралу процесінің. Топырақ және құнарлығы. Топырақ профилінің құралуы және оның шығу тегін. Топырақтың қасиеті және оның маңызын. Топырақтың заңдылығы мен жіктелуін.Қазақстандағы топырақтың орналасуы мен оның факторларын. Топырақ картасы және картограмма. Жер шаруашылығының ғылыми негіздері. Жер шаруашылығының заңдары мен оларды тәжірибеде қолдану. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері және олармен күресу шаралары. Ауыспалы егіс түсінігі және оның маңызын. Ауыспалы егістің түрлері мен артықшылығын. Топырақты өңдеу жүйесінің маңызын. әр түрлі дақылдарға топырақты өңдеу әдістері мен тәсілдерін. Эрозия туралы және оның болу себептерін. Эрозиямен күресу шараларын. Жер шаруашылығы жүйесінің маңызын, мәнін және мақсатын. Жер шаруашылығының негізгі зенолары мен оны игеру жолдарын.

Іскерлігі: Топырақты дұрыс пайдалану, оның кұнарлылығын көтеру, мелиоративтік және мәдениет-техникалық шараларды өткізу. Топырақты танаптық зерттеу материалдарын камералық және лабораториялық өндеу. Ластанған танаптың картасын кұру. Ауыспалы егісті енгізу және меңгеру. Танаптық жұмыстар сапасын бақылауды жүзіге асыру. Егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін дайындауды.

БҚ 3,

КҚ 1.1.1;

КҚ 1.1.3;

КҚ 1.1.7;



ЖКП. 04

Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

өрт қауіпсізідігі.

Құрал жабдықтардың жіктелуі:

Белгілері, құрылысының ерекшеліктері, таңдау критерилері, пайдаланудағы қауіпсіздік ережелерін, еңбекті қорғау, құқықтық және нормативтік база; өндірістік аурулар мен зақымдану; еңбек жағдайына әсерін тигізетін факторлар, еңбекті қорғау бойынша шаралар, техника қауіпсіздігі, сақтандыру шаралары, түрлері және құралдары.



Білімі:

-өндірістік санитария туралы жалпы түсінік;

-қауіпсіздік техникасын;

-электроқауіпсіздік негізін;

-өрт қауіпсіздігі туралы жалпы түсінік.

Іскерлігі:

- тазалық ережелері мен техника қауіпсізідігін сақтай білуді;

-электроқауіпсізідікті сақтай білуді;

- өндірістік заықмдану кезінде көмек көрсетуді;

-өрт қауіпсіздігін сақтауды.


БҚ 3, БҚ 5,

КҚ 1.1.1;

КҚ 1.1.4;

КҚ 1.1.6;



АП. 00

Арнайы пәндер

АП. 01

Жеміс-көкөніс шаруашылығы

Көкөніс дақылдарының жіктелуі мен биологиялық ерекшеліктері. Жабық грунт ғимаратының құрылысы мен жылыту.жабық және ашық грунттарда көкөніс дақылдарын өсіру. Ашық грунттағы ауыспалы егіс және жабық грунттағы дақыл айналымы. Жеміс-жидек шаруашылығы. Жеміс дақылдарының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері. Жеміс өсімдіктерінің екпе материалдарын өсіру технологиясы.жас бақтарды күтіп баптау. Жидек дақылдары. Көкөніс пен жемістерді өңдеу және сақтау. Көкөністер мен жемістерді өңдеудің қарапайым тәсілдері.



Білімі:

Көкөніс дақылдарының жіктелуін. Көкөніс дақылдарының қарқынды өсіру жолдарын. Жеміс-жидек дақылдарының ерекшеліктері. Екпе материалдарын өсіру технологиясы және оларды көбейту әдістері. Бақтарды өсіру технологиясы. Көкөністерді, жеміс пен жидектерді өңдеу және сақтау технологиясы.



Іскерлігі:

Ауыспалы егістің әр түрлілігін құрастыруды. Жас бақты күтіп баптауды. Жидектерді отырғызу мен күтуді.



БҚ 5,

КҚ 1.1.1;

КҚ 1.1.2;

КҚ 1.1.5;

КҚ 1.1.6;

КҚ 1.1.7;



АП. 02

Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру

Тракторлар мен қозғалтқыштар туралы негізгі мәліметтер. Ішкі қозғалтқыш жүйесі мен механизмі. Ауылшаруашылық машиналар. Ауылшаруашылық машиналар мен қондырғылар жайлы жалпы мәлімет. өсімдіктерді күтіп баптау үшін және топырақты қопсытуға арналған машиналар мен қондырғылар, екпе және себу машиналары, тыңайтқыш енгізу машиналары, зиянкестермен, арамшөптермен күресуге арналған машиналар. Ауылшаруашылық дақылдарын жинауға арналған машиналар.

Агротехникалық талапқа сай машиналарды дайындау. Ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру мен автоматтандыру.

Ауыл шаруашылығындағы электроқондырғыларды автоматты басқару аппараттары.

өсімдік шаруашылығының өндіріс процесін атоматтандыру және электрлендірудегі жарықтандыру құрылғылары. Ауыл шаруашылығында жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігі.


Білімі:

Тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрылымы мен жіктелуін; қозғалтқыштардың жалпы құрылысы мен негізгі принциптері; шатунды және газды механизмдердің құрылысы мен жұмыстарын және оларды реттеуді, қоректену және майлау жүйесінің жұмысы мен құрылымын;

Қозғалтқыштарды іске қосу мен суыту жүйесін, тракторлар мен автомобильдердің электроқұрылғысын, тракторлар мен автомобильдердің басқару органдары мен жүргізу бөлігін, тракторлар мен автомобильдердің техникалық пайдалану ережелерін, тракторлар мен қозғалтқыштардың жалпы құрылысы мен жіктелуін. Ішкі жану қозғалтқышының жұмыс істеу принципін.

Іскерлігі: Шатунды механизмді жинау және шашуды.

Газ тарату механизмін шашу және жинауды. Газтарату механизмін реттеуді.

Форсункалардың жағдайын тексеруді. Майды тарату қысымын анықтауды. Қалыпты қысымға форсунканы реттеуді.

Майлау жүйесінің клапандарын реттеп, жұмыс істеуін.

Майлау цетрофигураның реактивті жұмыс істеуін тексеру.

Қозғалтқыштың магнето және тарату құрылғыларын.

Магнетоның байланысытын. Култиватор мен плугтың жұмысқа дайындығын.


БҚ 12,

КҚ 1.1.1;

КҚ 1.1.2;

КҚ 1.1.4;

КҚ 1.1.6;


АП. 03

Агрохимия

Өсімдіктің химиялық құрамы мен өнімнің сапасы. Өсімдіктің қоректенуі. Топырақтың құрамы және сіңіргіштігі. Топырақтың құнарлығының тиімділігі. Қазақстандағы негізгі топырақ түрлерінің агрохимиялық сипаты. Тыңайтқыштардың жіктелуі, олардың Қазақстанда шығарылуы мен пайдалану. Азотты, фосфорлы, калий, микротыңайтқыштар және кешенді тыңайтқыштар. Минералды тыңайтқыштарды қолдану технологиясы. Органикалық тыңайтқыштар және оларды қолдану технологиясы. Тыңайтқыштар жүйесінің құрылымының негізгі принциптері. Ауылшаруашылық дақылдарын қарқынды өсіруде және қоршаған ортаны қорғау кезінде тыңайтқыштарды қолдану. Ауыспалы егіс кезінде тыңайтқыштардың жүйесі. Ауыл шаруашылықтағы кешенді агрохимиялық қызмет көрсету жүйесі. Агрохимиялық зерттеу әдістері.




Білімі: Ауылшаруашылық дақылдарының химиялық құрамының ерекшеліктерін және оның өнім сапасына тигізетін әсерін. Өсімдіктердің қоректенуінің негізгі элементтерінің ролі және олардың ауыл шаруашылық дақылдарының құралуындағы қажеттілік. Өсімдік қоректенуінің химиялық диагностика негіздерін. Ауыл шаруашылық дақылдарына гипстеудің әсерін және тыңайтқыштың тиімділігін. Минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың сапасына қойылатын стандарт талапатарын. Азотты, фосфорлы, калий, микротыңайтқыштар, кешенді тыңайтқыштар және Қазақстандағы олардың ассортименті, оларды алу тәсілдерін. Минералды тыңайтқыштардың негізгі түрлерінің ерекшеліктерін, қасиетін, құрамын және топырақпен байланыстылығын. Минералды тыңайтқыштарды енгізуді, босатуды, сақтау және тасымалдау ережелерін. Тыңайтқыштардың сапасын төмендетпеу шаралар жүйесін. Минералды, органикалық тыңайтқыштарды қолдану кезінде табиғатты қорғау бойынша шараларды және техника қауіпсіздігін. Органикалық тыңайтқыштың маңызын, мәнін, құрамын және оны енгізу тиімділігін, сақтау ережесін. Органкиалық тыңайтқыштарды қолданатын аудандарды.сидераттарды қолдану тәсілдерін. Органикалық тыңайтқыштарды пайдалану тиімділігін және технологиясын. Тыңайтқыштар жүйесінің міндеттерін. Тыңайтқыштардың мөлшерін анықтауды. Тыңайтқыштарды енгізу тәсілдерін.

Іскерлігі: «Экспресс - метод» нәтижесі мен арнайы нышандары бойынша ауылшаруашылық дақылдарының қоректенуінің негізгі элементтерінің қамтамасыздануын анықтауды. Талдау жасау кезінде техника қауіпсізідігін сақтай отырып зертхана құралдарын дұрыс қолдана білуді. ЭЕМ қолдана отырып жобалы құжаттарды құрастыру үшін шығыс материалдарын дайындауды. Минералды тыңайтқыштарды қолданудың тиімділігін анықтауды. Тыңайтқыштарды дұрыс енгізу мен сақтауды ұйымдастыруды. Агрохимиялық талдау бойынша органикалық тыңайтқыштың сапасын анықтауды. Тыңайтқыштың мөлшерлі дозасын анықтауды.

БҚ 10,

КҚ 1.1.1;

КҚ 1.1.2;

КҚ 1.1.4;



АП. 04

Өсімдіктерді қорғау

Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары туралы жадпы мәлімет. Жалпы энтомология жайлы түсінік. Өсімдіктің ауруға төзімділігі мен жалпы фитопатология жайлы негізгі түсініктер. Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестерімен күресудің әдістері. Күресудің агротехникалық, биологиялық, механикалық, физикалық әдістері. Химиялық әдіс, пестицидтермен жұмыс істеу кезіндегіқорғану шаралары. Өсімдік карантині. Қарқынды өсімдік қорғау туралы түсінік. Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестері және олардан қорғану шаралары. Көпулы зиянкестер және олармен күресу. Дәнді дақылдардың аурулары мен зиянкестері және олардан қорғау жүйесі. Бидай аурулары мен зиянкестері, оларды сақтау кезіндегі қайта өңдеу және қорғау шаралары.бұршақ тұқымдас, техникалық дақылдарының, қызылша, картоп, көкөніс және жеміс дақылдарының аурулары мен зиянкестері және қорғау шаралар жүйесі. Сақтау кезіндегі көкөністер мен картоптың аурулары және олармен күресу шаралары. Орман және көшеттердің аурулары және олармен күресу шаралары.



Білімі:

Жәндіктер мен кенелердің, нематодтар мен кеміргіштердің жіктелуі мен морфологилық, анатомиялық құрылысын және жүйелілік принципін. Жәндіктердің биологиялық даму ерекшеліктерін. Жәндіктердің басты отрядтарының сипаттамасын. Зиянкестерге әсерін тигізетін экологиялық факторлар. Өсімдік ауруларының жіктелуін және аурулардың себептерін, паразит және оның түрлерін. Өсімдіктің жұқпалы ауруларын туғызатын морфологиялық, биологиялық, экологиялық микроорганизмдер жіне олардың жүйелігін.Өсімдіктерді зиянкестерден қорғаудың негізгі әдістерін және құралдарын. Пестицидтармен жұмыс істеу кезінде қорғану шаралары мен құралдарын. Көпулы зиянкестердің көптараған түрлерін, олардың биологиясын, олармен күресу шараларын. Ауыл шаруашылық дақылдары зиянкестерінің көп тараған түрлерін, таралуын, зиякестігін, биологиясын. Ауылшаруашылық дақылдарының аурулар түрлерін және олармен күресу шараларын. Арамшөптермен күресуді. Тұқымдарды ауруға шалдыққандығын сараптау тәсілдерін.ауылшаруашылық дақылдарының зиякестерінің түрлері және олардың өнімдерін сақтау кезінде қайта өңдеу, күресу шараларын. көшеттер мен егістікті қорғау ормандарының негізгі аурулары мен зиянкестерін.



Іскерлігі: жәндіктерді жас фазалары, типтері, гербаридің зақымдануы, материалдар арқылы отрядтарын анықтауды. Жәндіктерді, нематодтарды, кенелерді, кеміргіштерді сыртқы құрылысы бойынша ажырата білуді. Өсімдіктің ауруға төзімділігін анықтауды. Аурулардың негізгі түрлерін анықтауды. Ауру туғызғыштар тобының әр түрлілігіне микроскопиялық дайындауды. Пестицидтердің мөлшерін анықтауды. Өсімдікті өңдеу үшін сұйық заттар дайындауды.ауылшаруашылықтағы көпулы зиянкестерді морфологиялық және зақымдану мөлшеріне қарай анықтауды. Ауру туғызғыштарының меңгерудің микроскопиялық құралдарын дайындауды. Зиянкестермен және аурулармен күресу кезінде алдын алу шараларын жүргізуді.

БҚ 5, БҚ 10,

КҚ 1.1.1;

КҚ 1.1.2;

КҚ 1.1.4;

КҚ 1.1.5;

КҚ 1.1.7;



АП. 05

Тұқым шаруашылығы

Цитология негіздері. Клетка және оны компоненттері. Тұқымқуалаушы және өзгергіштік. Полиплоид туралы түсінік. Тұқымқуалаушылық коды. Сорт туралы түсінік. Ауылшаруашылық дақылдарының негізгі материалдары. Селекция жұмысындағы негізгі бағыттар мен принциптер. Селекция жұмыстарында полиплоидты, гаплодты және мутагенезді қолдану. Селекция жұмысында гетеразисті қолдану. Сұрыптау әдістері.селекция материалдарын бағалау. Селекция процесін ұйымдастыру мен техникасы. Тұқым шаруашылығының мәселесі мен даму тарихы. Сорт жаңарту. Өнеркәсіптік негізде тұқымдарды дайындау. Тұқым шаруашылығында егіс дақылдарына мемлекеттік және тұқымдық бақылау.егіс дақылдарының тұқым шаруашылығы. Бақша және көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығы.



Білімі:

Цитология негіздері. Клетка және оны компоненттері. Тұқымқуалаушы және өзгергіштік. Сорттардың маңызын және селекциялы процестің негізгі бағыттарын. Селекция әдістері және будандастыру түрлері. Гетерозис туралы түсінік және оның заңдылықтарын. Селкция материалдарын бағалауды. Тұқымшараушылығының ғылыми ұйымдастыруды.ізде тұқымдарды өндіру.



Іскерлігі:

Тұқымдарды өндіру бойынша селекция процестерін ұйымдастырды.



БҚ 1, БҚ 3,

КҚ 1.1.1;

КҚ 1.1.2;





Біліктілігі: 150404 2 – Аспаз

ЖКП. 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП. 01

Калькуляция және есеп негіздері

Қаржы есебі: ұғымы, міндеттері, әдісі. Шаруашылық операцияларын механикаландыру; қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы есепті ұйымдастырудың жалпы қағидаттары; материалдық жауапкершілік; есеп құжаттары туралы ұғым; тағам және аспаздық бұйымдардың рецептураларының жинағы; қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына арналған ұн кондитерлік және бөлке өнімдерінің рецептуралар жинағы; қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы баға құрылымы және калькуляция; қоғамдық тамақтандырудағы баға құрылымы; калькуляция туралы ұғым.



Білімі:

Қаржы есебі: ұғымын, міндеттерін, әдісін. Шаруашылық операцияларын механикаландыруды. Баға және баға құрылымын. Калькуляция, нормативтер бойынша шикізат мөлшерін есептеу туралы ұғымдарды. Өндірістегі және кондитерлік цехтағы шикізат пен дайын өнім сапасының есебін. Құжаттық ресімдеуді, тізімнен шығару тәртібін.



Іскерлігі:

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындардағы есепті ұйымдастыру. Шаруашылық есептеуін жүргізуді. Калькуляциялық карточкалар құрастыруды. Шикізаттық және дайын өнім есебі бойынша құжат ресімдеуді. Материалдық-техникалық жарақтандыру заттарына есеп жүргізуді.



БҚ 5, БҚ 10,

КҚ 1.2.1;

КҚ 1.2.2;

КҚ 1.2.4;

КҚ 1.2.5;


ЖКП. 02

Тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру Келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Тұтынушылық сұраныс. Үйжайдың сипаттамасы. Залдарды жабдықтау және ресімдеу. Келушілерге қызмет көрсету нысандары, түрлері, сипаттамасы. Асханалық ыдыс пен саймандардың жіктелуі және тағайыны. Үстел жасау.

Білімі:

Үй-жайды жинастыру, жиһазды қою, асханалық ыдыс пен саймандарды алу туралы; Дәмдеуіштер мен дәмтатымдарды, үстел жасау ережесі, қызмет көрсету нысандарын, түрлерін. Үйлену тойлары мен мерекелік дастарқандарды ұйымдастыру мен қызмет көрсету ерекшеліктерін.

Келушілерді қарсы ал

тәртібін және ережесін,

сусындарды және

тағамдарды ұсыну

тәртібін.

Іскерлігі:

Арақ-шарап және темекі абак өнімдерін ұсыну ережелері мен тәртібін сақтау, бақылау-кассалық машиналармен жұмыс істеу бойынша. Банкет түрлерін, банкетке келішілерді қарсы алу тәртібін және ережелерін.



БҚ 3, БҚ 8,

КҚ 1.2.1;

КҚ 1.2.2;

КҚ 1.2.4;




Каталог: images -> ebiblateka -> 1kaz
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды мен бейіні
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет