Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім



бет9/9
Дата24.07.2017
өлшемі1,84 Mb.
#21958
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Іскерліктер:

- мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау;

- байқау сабақтары мен сабақтан тыс тәрбиелік іс-шараларды өткізу;

- мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие жұмыстарын әдістемелік тұрғыдан талапқа сай ұйымдастырып, өткізу;

- кәсіби іс-әрекетінде теориялық білімдерін практикамен байланыстыру;

- инновациялық педагогикалық технологияларды тиімді қолдану.

- мектепке дейінгі ұйымдар жағдайындағы кәсіби-педагогикалық үрдістің міндеттерін шешудегі арнайы құзыреттіліктер қалыптастыру;

- бөбекжай н/е балалар бақшаларының жылдық оқу-тәрбие жоспары, тәрбиешінің жұмыс жоспары және оқу - әдістемелік құжаттар негізінде оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және тәрбиешімен, әдіскермен бірге талдау;

- мектепке дейінгі жастағы баланы оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру жұмыстарының нысандары мен әдістемелерді түрлендіріп қолдану

- курстық жұмысқа материал жинақтау.


КҚ 3.1.1

КҚ 3.1.2


КҚ 3.1.3

КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.7


КҚ 3.1.10

КҚ 3.1.11

КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.2


КҚ 3.2.3

КҚ 3.2.4


КҚ 3.2.5

КҚ 3.2.6


КҚ 3.2.8

КҚ 3.2.10



КҚ 3.2.11

Ескерту: Кесте 1 Базалық құзыреттіліктер

Құзырет

тілік коды

Базалық құзыреттіліктер Қ)

БҚ 1

Тәрбиеші мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну, балаларды сүю; шыдамдылық, төзімділік, балаларға мейірімділік көрсету, сенімдеріне ие болу, коммуникабельділік және жағдайға қарай бейімделе білу;

БҚ 2

Адами қасиеттер үлгілеріне негізделген рухани құндылықтар мен нормаларды түсіну және қолдану

БҚ 3

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын, балалар құқықтары туралы Конвенцияны және нормативтік құжаттарды білу.

БҚ 4

Әртүрлі жағдайдағы мәселелерді анықтай, жауапты шешімдер қабылдау, өз білімін жетілдіру.

БҚ 5

Топта, әртүрлі көзқарастағы адамдармен этикет нормаларына сәйкес байланыс (коммуникация) орната білу.

БҚ 6.

Еңбек заңына сәйкес өз құқығын қорғай алу. Техникалық және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

БҚ 7.

Ауызша және жазбаша еркін қарым-қатынас тәсілдерін меңгеру.

БҚ 8.

Денсаулықты сақтау технологияларын пайдалана білу, өзінің физикалық қабілетін дамыта білу.

БҚ 9.

Ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, Интернетпен, электрондық пошта, АКТ-мен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру.

БҚ 10

Ағымдағы және ұзақ уақытқа арналған жоспарлауды жүзеге асыруды меңгеру.

Кесте 2 Кәсіптік құзыреттіліктер

ТжКБ деңгейі


Біліктілік

Кәсіптік құзыреттіліктер (КҚ)

3.Орта буын маманы



3.1 0101013 - «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»

КҚ 3.1.1. Жалпы және мектепке дейінгі педагогиканы, психологияны, жасерекшелік физиологиясын, гигиены және дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін білу;

КҚ 3.1.2 Қарым – қатынас этикасын, балалардың психологиялық, анатомиялық – физиологиялық даму ерекшеліктерін және балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін экстремальды жағдайларда әрекет ету тәртібін білу;

КҚ 3.1.3. Тәрбие беру жұмысының функциялары мен мазмұнын, балалар ұжымын диагностикалаудың әдістерін білу;

КҚ 3.1.4. Пәндерді оқыту әдістемелерін меңгеруі; тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдіс тәсілдерін, құралдары мен нысандарын қолдану;

КҚ 3.1.5 Балалардың танымдық және ақыл-ой қабілеттерін дамыту, оқу іс –әректін қалыптастыру;

КҚ 3.1.6 Балаларда эстетикалық қабылдау мен пайымдауларын қалыптастыру; көркемдік талғамдары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;

КҚ 3.1.7 Балаларды мәдени ггиеналық дағдыларға үйрету және оларды саналы түрде орындауға тәрбиелеу; шаруашылық – тұрмыстық еңбек ету дағдыларын қалыптастыру;

КҚ 3.1.8. Балаларда қоршаған ортаның қарапайым құбылыстары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру , танымдық психикалық үрдістерін дамыту;

КҚ 3.1.9. Режимдік үрдістерді және оқыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру тәсілдерін меңгеру;

КҚ 3.1.10. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеудің нақты міндеттерін анықтау;

КҚ 3.1.11. Баланы эстетикалық дамытудың тәсілдерін меңгеру, ән айтуға, сурет салуға, би билеуге үйрету, баланың бос уақытын (театрға, киноға, музейлерге жорықтар және т.б.) ұйымдастыру. Музыка, этика және эстетика, бейнелеу өнерін оқыту.

КҚ 3.1.12. Әртүрлі жастағы балаларға арналған, олардың қабілетін дамытатын үстелүстілік, дидактикалық, компьютерлік, интеллектуальдық ойындарды ұйымдастырудың әдістерін меңгеру;

КҚ 3.1.13. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, жеке гигиенаны, балалар өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нұсқаулықты сақтау; медициналық, зертханалық бақылаулардан уақытында тексеріліп отыру;

КҚ 3.1.14. Оқу-бағдарламалық құжаттарын әзірлеу негіздерін меңгеру, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу.



3.2 010102 3 – «Тәрбиеші - ана (патронат тәрбиешісі)»:


КҚ 3.2.1. Баланы отбасында психологиялық - педагогикалық және медициналық – әлеуметтік қолдау және орналастыруды жүзеге асыру;

КҚ 3.2.2. Баланы (бүлдіршінді) олардың пікірлері мен асыраушы, қомқорлық көрсетуші органдардың ұсыныстарын ескере отырып тәрбиелеу тәсілдерін анықтау;

КҚ 3.2.3. ҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес балаларды тәрбиелеу, оның денсаулығына, физикалық, адамгершілік және рухани дамуына қомқорлық жасау;

КҚ 3.2.4. Балаларды жан-жақты физикалық, танымдық, әлеуметтік және эстетикалық жағынан дамыту, жеке тұлғаның базалық негізін қалыптастыру;

КҚ 3.2.5. Балалардың дамуы мен білім алуына жағымды педагогикалық ортаны құруды қамтамасыз ету;

КҚ 3.2.6. Балалар үшін әлеуметтік –психологиялық қайта қалпына келтіру, әлеуметтік және еңбекке бейімдеу үшін қажетті жағдай туғызу, күнделікті жұмыстар жүргізу;

КҚ 3.2.7. Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кеңестер беру, құжаттарды ресімдеуге көмектесу;

КҚ 3.2.8. Балалардың қауіпсіздігі мен шиеленіссіз қарым – қатынастарын қамтамасыз ететін қоғамдық тәртіп ережелеріне үйрету;

КҚ 3.2.9. Мектепке дейінгі ұйымдардағы және отбасындағы баланың психоэмоционалдық комфорт деңгейін анықтайды, ұжыммен және ата-аналармен қарым - қатынаста жағымды мінез-құлық пен этикет нормаларына үйретеді;

КҚ 3.2.10. Отбасында шығармашылық және моральдық - психологиялық климат қалыптастыру, мәдени ойын-сауық іс - шаралар ұйымдастыру;

КҚ 3.2.11. Білім беру мәселелері бойынша ата-аналармен әріптес болуды жүзеге асыру, қажет болған жағдайда ата – аналармен педагогикалық – ағартушылық жұмыстар жүргізу;

КҚ 3.2.12. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, жеке гигиенаны, балалар өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нұсқаулықты сақтау; медициналық, зертханалық бақылаулардан уақытында тексеріліп отыру.






Каталог: images -> ebiblateka
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды мен бейіні
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары
ebiblateka -> Үлгілік оқу жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет